Қысқа мерзімді міндеттемелер есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 00:30, реферат

Описание

Еліміздің даму кездерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.

Содержание

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Қысқа мерзімді міндеттемелердің экономикалық мазмұны, теориялық негіздері
2 Міндеттемелердің жіктелуі
3 Салық және міндетті зейнетақы қоры
4 Банктік несие
5 Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қысқа мерзімді міндеттемелер есебі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

Қысқа мерзімді міндеттемелер есебі.doc

— 237.50 Кб (Скачать документ)

мемлекеттің жалпы ұлттық өнімді қайта бөлу барысында экономикалық агенттерге өтеусіз төлем төлеуі;

демографияда – азаматтардың бір елден екінші елге көшуі; халықты  мемлекеттер арасында халықаралық  келісім негізінде алмасу, азаматтықты бірден өзгерту; туристерді әуежайдан мейманханаға, қалалар арасына тасымалдау;

банк ісінде – мәміле бойынша төлемақыны, қаражатты бір шоттан екінші шотқа көшіру.

      Трансферттер (нормативтік үлестік жәрдемқаржы) - бұл қайтарусыз және өтеусіз негізде нақтылы мақсаты көрсетілмей бюджеттік реттеу ретінде бір деңгейдің бюджеттерінен (жоғарғы) басқа деңгейдің бюджеттеріне (төменгі) бөлінетін қаражаттар. Бюджеттер деңгейлері арасындағы трансферттер жалпы сипаттағы трансферттерге, ағымдағы нысаналы трансферттерге, дамудың нысаналы трансферттеріне бөлінеді. Бюджеттік реттеудің отандық практикасында реттеу механизміне бюджеттік субвенциялар мен бюджеттік алынымдар жатады және олар жалпы сипаттағы трансферттер болып табылады. Бюджеттік субвенциялар - жоғарғы бюджеттерден төменгі бюджеттерге республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген сомалар шегінде берілетін трансферттер. Бюджеттік алынымдар республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген сомалар шегінде төменгі бюджеттерден жоғарғы бюджеттерге берілетін трансферттері болып табылады.

 Жалпы сипаттағы  трансферттердің көлемі абсолюттік  мәнімен жылдар бойынша бөліне  отырып, үш жылдық кезеңге: республикалық  бюджет пен облыстық, республикалық  маңызы бар кала, астана бюджеттерінің  арасында қазақстан Республикасы заңымен; облыстықбюджетпенаудандар(облыстықмаңызыбар калалар)бюджеттерінің арасында- облыстық мәслихаттың шешімімен белгіленеді. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері әрбір үш жыл сайын өзгертілуге жатады.

 Жалпы сипаттағы  трансферттер бюджеттің әрбір деңгейі үшін Салықтық кодексте бекітілген шығыстардың бағыттарына сәйкес мемлекет кепілдендірген қызметтерді ұсыну үшін өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейін теңестіруге және тең фискалдық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған. Жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау кезінде өңірдің салықтық әулеті, өңірдегі мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар саны, мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттары және сол немесе өзге өңірдің өзіндік ерекшелігіне қарай мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша шығыстарға әсер ететін факторлар ескеріледі. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі тиісті жергілікті бюджеттің кірістері (трансферттерді шегергенде) мен шығындарының болжамды көлемдері арасындағы айырма ретінде айқындалады. Жалпы сипаттағы трансферттерді аудару тәртібі мен кезеңділігін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде ескерілмейтін ағымдағы жекелеген бюджеттік бағдарламаларды немесе бюджеттік даму бағдарламаларын жүзеге асыру үшін республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген сомалар шегінде жоғарғы бюджеттердің төменгі бюджеттерге берілетін трансферттері, сонымен бірге жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылуы кезеңінде мемлекеттік орғандар функцияларының мемлекеттік басқарудың төменгі деңгейінен жоғарғы деңгейіне берілуіне байланысты шығыстардың ұлғаюына ұрындыратын заңнамалық актілерді қабылдаудан туындайтын, жоғарғы бюджеттердің шығындарын өтеуге бөлінетін трансферттер нысаналы трансферттер болып табылады. Ағымдағы нысаналы трансферттер - жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисабы кезінде ескерілмейтін, ағымдағы жекелеген бюджеттік бағдарламаларды іске асыру үшін республикалық немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген сомалар шегінде жоғарғы бюджеттердің төменгі бюджеттерге берілетін трансферттері.

 Дамуга арналған  нысаналы трансферттер жоғарғы  бюджеттерден Қазақстан Республикасының  стратегиялық және бағдарламалық  құжаттары негізінде жергілікті  атқарушы орғандар ұсынатын жергілікті  бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға және стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың жоғарғы мемлекеттік басқару орғандарының құзырына жататын, экономикалық пайда алуға немесе әлеуметтік-экономикалық тиімділікке кол жеткізуге бағытталған іс шараларын төменгі мемлекеттік басқару орғандарының орындауына арналған республикалық немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген сомалар шегінде төменгі бюджеттерге берілетін трансферттер болып табылады.

 Республикалық бюджеттен  және облыстық бюджеттерден бюджеттік  кредиттер тиісінше облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар кала, астана бюджеттеріне және аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне каржы жылы ішінде бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға және қолма-қол ақшаның болжамды тапшылығы жағдайында берілуі мүмкін.

 Бюджетаралық қатынастарда  түрлі деңгейлер бюджеттерінің  қаржы өкілеттіктерінін келісілмегендік  және олардың өкілеттіктері мен  кірістерін қамтамасыз ету проблемалары  бар: аумақтық бюджеттердің нашар  салық базасы; қайта бөлу саясатындағы  тұрлаусыздық. Бюджет аралық қатынастар жоғарғы бюджеттердің төменгі деңгейдің бюджетгерін орталықтандырып нығайту кегізінде құрылады. Мұндай саясат аумақтарды шығыстардың негұрлым жоғары нормативтерін каққылауға багдарлайды. Жоғарғы орғандар «тағдырды шешушіге» айналады, Бұл жемқорлықка негіз калайды. Бұл жағдаятта биліктің жергілікті орғандарының құқықтарын кеңейту қажет,ол үшін олардың үш топтағы өздерінің салықтары болуы керек:

негізгі рөлді ойнайтын салықтар: а) тура салықтар: мүлік, жер,көлік  құралдары салықтары; ә) жанама салықтар: сатып алуға сапынатын салық, көпшілік түтынатын тауарларға салынатын акциздер;

жергілікті орғандардың  аумақтарында жиналатын мемлекеттік  салықтарға биліктің орталық орғандары  белгілі бір пайызбен белгілейтін  салықтар;

басқадай жергілікті салықтар, алымдар және төлемдер, салықтық емес кірістер (жерді жалға беру және сату; орман массивтерін жалга беру; басқадай түсімдер).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазіргі өмірдің талабына сай дамып тұрған өркениетті елдердің қайсысы болмасын, кезінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыта отырып, айтарлықтай экономикалық өсу дәрежесіне жеткендігі баршаға мәлім.

Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі дамуы бухгалтерлік есеп жүйесін реформалаумен сипатталады. Елдегі нарықтық қатынастар дамуының стратегиялық бағыты есеп пен есептік ақпараттың сапасына айрықша талаптар қоюда. Сондықтан кәсіпорындардың бухгалтерлік есебінің теориялық негіздерін жас мамандардың жақсы меңгеруі олардың кәсіби дайындығы мен іскерлік қабілеттерін қалыптастыруда маңызы зор болмақ. Осы проблемалардың шешімі кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің теориялық және әдістемелік қағидаларының бұдан былайғы дамуымен байланысты.

Міндеттемелер-бұл ұйымның  осы есепті уақытында бар нақты  берешегі оны өтеу үшін қарсы жақтың наразылығын қанағаттандыруда ресурсың жылыстауы түріндегі  экономикалық пайданың  кемуіне алып келеді.

       Міндеттемелер-өткен мәмілелердің немесе өткен оқиғалардың нәтижелері болып табылады және қысқа мерзімді(ағымдағы)және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.Міндеттемелер егер ұйымның қалыпты операциялық циклы кезінде төлеу балансынан кейін 12 ай ішінде жүргізіледі деп болжанса,ағымдағы мерзімді деп жіктелуі тиіс.Барлық басқа міндеттемелер ұзақ мерзімді деп жіктеледі.Шаруашылық субьекті есептеушінің  қабылданған есеп саясаты  мен қолданылатын нысанына қарай әртүрлі талдамалық есеп-карточкалары ведомостар журнал және т.б.регистрін қолдана алады.Жан-жақты ойластырылған жіне жақсы қойылған талдамалық есеп тексерушіге  кәсіпорын міндеттемелері үшін ішкі бақылау жүйесі жағдайына дұрыс баға беруге көмектеседі.Ағымдағы міндеттемелерге банктің қысқа мерзімді қарыздары,шаруашылық  субьектінің кредиторлық берешегі жатады.Банктің қысқа  мерзімді  қарыздары бір жылдан аса уақытқа қолданылатын нормативтік құжаттарға сәйкес беріледі,мысалы,жөнелтілген тауарлардың  нақтылы құжат айналымы уақытына тең,бірақ 30 күннен аспайды.Қысқа мерзімді кредиттерді  алу және  өтеумен байланысты  есепшоттық-кредиттік операциялар 3010-3020«Қысқа мерзімді қарыздар»және 4010-4020«Ұзақ мерзімді қарыздар»шоттарында есепке лынады

     Әрбір кәсіпкерліктің алдында тұрған мәселе, бұл табыс табу екені бәрімізге белгілі және әр кәсіпкерліктің дамуы мемлекет бюджетіне әсерін тигізеді. Мекемелер алға қойған мақсаттарға жету үшін, жаңа технологиялар алу әрдайым қаржыны талап етеді. Бұндай қаржыларды қазіргі кезде банк мекемелерінен, өзге де мекемелерден алуға болады.

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі Жалпы бөлім. –  

Алматы: Жеті жарғы, 1995. №486 ҚРЗ 13.10.2003.

2.Финансовый учет 1. Учебное пособие с практическими заданиями,

разработанное по программе  САР на основе международных стандартов

финансовой отчетности 2010г

3. ҚР 27 ақпан 2010 жылғы № 234 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық

есептілік туралы» Заңы

4. ҚР 20.11.1998 жылғы №304-1 «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы

(2010 жылғы өзгерістерімен толықтыруларымен қоса)

5. Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары. Қазақстан

Республикасы Қаржы  министрінің 2010 жылғы 23 мамырдағы № 185

бұйрығымен бекітілген

6. Бухгалтерлік есептің стандарттары және әдістемелік ұсынымдары. –

Алматы: Кәусәр бұлақ, 2003. – 522 б

7.Халықаралық қаржылық  есеп стандарттары- www.Минфин.kz

8.Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржылық

есептілікті жасайтын ұйымдар үшін бухгалтерлік есеп шоттарының

жұмыс жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулық (негіз) - www.Минфин.kz

9. Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ғ. Аудит: Оқулық.-

Алматы: 2009, 601 б.

10.Қазіргі замандағы бухгалтерлік есеп: оқу құралы/Ф.С. Сейдахметова.- Алматы: LEM, 2008,286-291 бет

11. В.Ф. Палий  «Международные стандарты финансовой отчетности» Инфра-М, Мәскеу, 2007 жыл

 




Информация о работе Қысқа мерзімді міндеттемелер есебі