Үстеме шығындарды бөліп тарату әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 23:29, реферат

Описание

Экономикалық теорияның зерттеу пәні, зерттеу пәні бойынша көзқарастар эволюциясы.Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Бірақ ғылымға да, оқу пәніне де әдістеме бірдей қажет. Әдістеме дегеніміз- ғылыми танудың нысаны, әдісі, ұйымдастыру қағидалары туралы ілім.

Работа состоит из  1 файл

экон теория 2010ж.docx

— 95.39 Кб (Скачать документ)

Экономикалық  теорияның зерттеу  пәні, зерттеу пәні бойынша көзқарастар эволюциясы.Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Бірақ ғылымға да, оқу пәніне де әдістеме бірдей қажет. Әдістеме дегеніміз- ғылыми танудың нысаны, әдісі, ұйымдастыру қағидалары туралы ілім.                                                                                                           

Экономикалық  теорияның пәні – адамдар мен әртүрлі әлеуметтік топтар арасында игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процестері барысында қалыптасатын экономикалық қатынастар. Нобель сыйлығының лауреаты П. Самуэльсон экономикалық теория пәнін өзінің «Экономика» атты еңбегінде тұтыну және өндіруді жүзеге асыру, адамдар арасындағы айырбаспен, ақшалай келісім-шартпен байланысты қызмет түрлері деп түсіндірген. П. Самуэльсон көптеген мысалдар келтіріп, экономикалық теория пәні тек осы және ол өзгермейді, ол нақты деп айту қиын деген. Ол экономикалық теорияның бірнеше анықтамаларын берді.Олар:

адамдар арасында ақшалай келісім-шарттар  мен айырбасқа байланысты қызмет түрін зерттейтін ғылым;

әртүрлі тауарды өндіру үшін және оларды қоғам  мүшелері арасында бөлу үшін қажетті  шект.еулі ресурстарды пайдалану туралы ғылым;

адамның күнделікті өмірде тұтыну мен өндіріс  саласындағы міндеттерін жүзеге асыруды қарастыратын ғылым;

байлық  туралы ғылым.

2. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтың  формалары. 

Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-құқықтық нысандары  ҚРң Азаматтық кодексінде белгіленген. Кәсіпорынның ұйымдық нысаны-кәсіпорын  серіктестерінің ішкі қатынастары  мен мемлекеттік органдар ж/е  басқа да кәсіпорындармен қатынастарда болады. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандарын дұрыс таңдау көптеген факторларға  тәуелді болады, оның ішінде: жеке капитал  мен оны тұтыну мүмкіндігінің  болуы, кәсіпкерлік қызмет сипаты мен  масштабы, кәсіпкерлік жобаны іске асыру мерзімі, кәсіпкердің жеке тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілеті, рынок жағдайы ж/е т.б.

Кәсіпкерліктің  ұйымдық-құқық нысандары: 1. серіктестік: толық, сенім, жауапкершілігі шектеулі, қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер. 2. акционерлік қоғам. 3. м емлекеттік кәсіпорын.

1. Толық серіктестік-қатысушылары кәсіпорынның міндеттемесі бойынша өзіне тиесілі барлық барлық мүлкімен ортақтасып жауап беретін серікткстік б.т. Т.с. құрылтай шарты негізінде құрылады ж/е әрекет етеді. Т.с.қызметі барлық қатысушылардыңжалпы келісімі бойынша басқарылады, серіктестіктің әрбір қатысушысы серіктестік атынан әрекет етеді. Серіктестіктің пайдасы мен шеккен зияны қатысушылары арасында жарғылық қордағы үлесіне қарай бөлінеді.

Сенім серіктестігі-серіктестіктің міндеттемелері бойыншаөзінің бүкіл мүлкімен жауап беретін қатысушылармен қатар, міндеттемеге өзінің салымының көлемінде жауап беретін, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын бір н/е бірнеше қатысушылардан тұратын серіктестік сенім серіктестігі б.т. 

Жауапкершілігі  шектеулі серіктестік-бір н/е бірнеше адам құрған жарғылық қоры құрылтай құжаттарында белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік б.т. Оның мүшелері қоғам міндеттемелері бойынша жауап бермейді, серіктестіктің зияндарына тек өз үлестерінің мөлшерінде тәуекел етеді.

Қосымша жауапкершілігі бар  сер/к-тің қатысушыларысеріктестік міндеттемелеріне өздерінің салымымен ал бұл жеткіліксіз болса, салымдарының еселенген мөлшерінде қосымша мүлікпен жауап береді. Қоғамның бір қатысушысы банкротқа ұшыраған жағдайда оның жауапкершілігі қатысушылар арасында салымдарына қарай бөлінеді.

2. Акционерлік қоғам-Бұл өз қызметін асыру үшін акциялар шығаратын заңды тұлға. Акция д/з-оның иесі акционерлік қоғамның жалпы капиталында өз үлесін қосқандығын дәлелдейтін ж/е оның пайдасынан белгілі бір үлесін алуға құқық беретін құжат. Қоғам өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлікті иеленеді, ал акционерлер қоғам міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Акц/к қоғамды құру үшін сер/к келісім шартн жасау керек, оны қоғамның жарғысы д.а.Бұл қордың мөлшерін сол елдің ұлттық заң шығарушы органы анықтайды.

3. Мемлекеттік кәсіпорындар. Бюджеттік кәсіпорынға-заңды, шар/қ дербестігі жоқ кәсіпорындар жатады. Олар пайдадан салық төлемейді, олардың бүкіл табысы мен шығысы мемл/к бюджет арқылы өтеледі. Мемелекеттік корпорациялар-кең тараған түр. Олар белгілі бір құқық суб/рі ж/е өзіндік меншікте мүліктері бар кәсіпорындар. Олар мемлекет иелік ететін акциялар арқылы акционерлік қоғам нысанында да құрылуы мүмкін. Кәсіпорын қызметінің эк/қ негізін мемл/к қорлар есебінен құралатын өзіндік капитал, акционерлік капитал, пайда құрайды. Аралас компаниялар-акционерлік қоғам ж/е жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында құрылады, акциялары мемлекет пен жеке салымшылардың қолында болады.

3.   Капитал: мәні, әртүрлі көзқарастар.

     Капитал-бұл тауарлар мен қызметтер өндіруде қолданылатын адамдардың жасап шығарған өндіріс құрал-жабдықтары мен ақшалай жинақтары.

Марстік теорияда өндігріс факторлары өзгеше сипатталынады: заттық факторлар мен  жеке фактор.марксизм үшін бұлайша  бөлу аса маңызды, өйткені ол барлық заттық факторлар қосымша құн  өндірмейтіндігі, ал тек жеке фактор-жұмыс  күшінің құн, қосымша құн өндіретінін  көрсетеді.Өндірістің дамуының әрбір  жаңа кезеңінде оларсыз өндіріс  жемісті түрде дами алмайтын жаңа факторлар пайда болып отырады. Қазіргі заманғы өндірісті, мысалы, кәсіпкерлік ақпарат, технология, экология және т.с.с. факторларсыз елестету қиынға түседі. Алайда жүйенің негізін құрушылар  болып еңбек, жер, капитал қалады.

Капитал (ағылшынша — бас мүлік, бас сома, латынша — ең басты) — экономикалық ғылымның ең маңызды категорияларының бірі, нарықтық шаруашылықтың қажетті элементі. Капитал котегориясына ең толық, жан-жақты зерттеуді өзінің  «Капитал» деп аталған еңбегінде К.Маркс жүргізген. Капиталдың қызмет етуінің    нақты формаларын зертеумен қатар, ол онын мәнін, мазмұнын айқындап көрсетеді.К.Маркс капиталды зат деп қоймай, ол оны қозғалыс деп тұжырымдайды. «Капитал» экономикалық ғылымның тарихында капиталды капиталистер мен жалдамалы жұмысшылар арасындағы ерекше белгілі тарихи қоғамдық қатынастар деп көрсетті. Осымен қатар Маркс капиталдың заттық түрі болады деп көрсетті – станок, машина, шикізат т.б. түрінде.

Экономикалық  теорияның классиктері капиталдың алғашқы қорлануын, капитализмның  қалыптасуының бастапқы қезеңі деп  тұжырымдады.

Заттық  немесе натуралдық концепция: Капитал - өндіріс құрал –жабдықтары н/е сатуға арналған тауарлар.

А.Смит: Капитал – заттардың қорланған запасы ретінде.

Д.Рикардо: Капитал - өндіріс құрал-жабдықтары ретінде.

А.Маршал: Капитал - өндіріс алғышарттарын жинайтын заттар.

Дж.Кларк: Капитал – еңбекпен қатар өндірістің мәңгі бастауын көрсететін өндірістік игіліктердің запасы дейді.

П.Самуэльсон: Капитал – ірі фабрикалардың дайын өнімі ж/е жартылай өңделген шикізат қоймаларының өндірістік құрал-жабдықтары ретінде анықтайды.

Ақшалай немесе монетарлық концепция: Капитал – процент әкелетін ақша.

Дж.Кейнс: Капитал – бұл ақша н/е оның ауыстырушысы – несиелік ақша деген қөзқарастарды қарастырады. Алайда басқалар капиталды табыс алумен байланыстырады

4.      Кіші, орта және  ірі фирмалардың  экономикадағы рөлі.

Осы заманда  батыс эк/да кіші бизнес шаруаш/ң ең ірі секторын құрайды.Бұнда барлық жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі еңбек етеді. Кіші бизнестің типтік нормасына франчайзинг мен венчурлік кәсіпкерлігі жатады. Франчайзингке ұсақ жеке фирмалар жатады. Белгілі жерде, белгілі сферада, өздерінің қызметтердінде ірі фирмалардың фабрикалық маркасын пайдалану құқығына ие болу үшін, олар бір-бірімен контранкт жасайды. Бұлардың баға жағынан тауарды жеткізуде, жабдықтармен қамтылу жеңілдіктері болады. Кіші фирмалар ірі компаниялардың өнімдерін бөлшек саудада сатушы қызметтері арқылы атқарады. Бұндай контрактар екі жаққа пайдалы: ұсақ фирмалар ірілерден қамқорлыққа ие болады, олардын сауда жасайтын аймақ алады, ал ірі фирмалар өнімдерін өткізуге жұмсалатын ақшаны үнемдейді ж/е қамқорына алғандардан ұдайы төлемдер алып отырады. Венчурлік фирма. Бұл ғылыми зерттеумен ж/е оны әрі дамытумен айналысатын коммерциялық ұйым. Олар ғылыми жаңалықтарды иемденетін компанияларды қаржыландырады ж/е консультация жүргізеді. Олар жаңалық енгізуден бизнес жасайды. Венчурлік кәсіпкерлік 2-ші дүнжүз. Соғыстан кейін тұңғыш рет АҚШ-да п.б. Венчурлік фирма Қазақстанда құрыла бастады, бірақ жалпы шағын кәсіпкерлікке ұқсас, кең тарамай отыр. Ал Қазақстан үшін шағын кәсіпкерліктің маңызы өте зор, өйткені ол көп мәселені шешеші:1.Қазақстан халқының елеулі бөлігін құратын жағдайы төмен адамдар үшін соншама көлемді капитал салымынсыз тұтыну тауарлары мен қызметтер өндірісін кеңейтуге ат салысады;2.халықтың материалдық ж/е қаржылық қаражаттарын өндіріске тартуға көмектеседі;т.б.Орташа бизнестің рөлі аз емес. Бұл ірі кәсіпкерлікпен де, ұсақ кәсіпкерлікпен де бәсекелес болады. Нәтижесінде ірілер қатарына шығуы мүмкін, н/е мүлде күйрейді. Тек кейбір ерекше монополистік өнім шығаратын болса жағдайы жөнді болуы мүмкін. Ірі бизнес, көбінесе бизнестің ең тұрақтысы. Оның нарықтағы монополдық болмысы көпшілік тұтынуына арналған арзан ж/е мол өнім өндіруге мүмкіндік береді.

5.    Ақшаның капиталға айналуы. Капиталдың жалпыға бірдей формуласы.

Кәсіпкерлік сфераның қандайында болмасын, кәсіпкер капитал жұмсап өзіне тезірек  пайда табуды (алғашқы жүмсалған  сомадан артық сомаға ие болуды) мақсат етіп қояды. Ол үнемі пайда  табуды көздейді. Бұл үшін ол өндірісті  үзбей, жалғастыра жүргізуі керек, яғни ұдайы өндіріс болуы қажет.

Ұдайы өндіріс өнеркәсіптік капиталды  пайдалану негізінде жүреді. Осы  процесте өнеркәсіп капиталы үш функционалдық  форма алады. Ұдайы өндірістік процесті, осыған қатынасатын өнеркәсіптік капиталдың функционалдық формаларының өзгеруі  бағытынан қарасақ, оны мынадай  түрде бейнелеуге болады:

A - T   ... O ... T1- A1

Бұл мынадай  заңды сатылардан тұрады:

A - Т ...

Өндіріс факторлары нарығында тауар формасын алған өндіріс факторларына ақша капиталы жұмсалады.Сөйтіп, осы ақша капиталы өндіргіш капиталға айналады. Бұл капиталдың функциясы — өндіріске жағдайлар жасау:... Ө ...Өндіріс процесінде өндіргіш капитал тауарлық капиталға айналады және ол үстеме (қосымша) құн өндіру функциясьш атқарады:

... Т1 - А1 -

Тауарларға  сіңген үстеме құн, оны нарықта өткізген соң, кәсіпкердің қарамағына түседі. Бұл сатыда тауар капиталы тағы да жаңадан ақша капиталына айналады. Тауар капиталының функ-циясы — үстеме (қосымша) құнды өткізу, сату.

6.  Өндірістік шығындар теориясы Шығындарды зерттеумен саяси экономия классиктері айналысқан. А.Смит абсолюттік шығындар деген түсінік енгізген, ал Д.Рикардо салыстырмалы шығындар теориясының авторы. «Шығында»р деген терминді олар, бірлікке жұмсалған орташа қоғамдық шығындар деп түсінген,н/е, өнімнің жеке бірлігі орташа кәсіпорын үшін не тұрады,н/е, саладағы кәсіпорындардың барлығына бірдей орташа шығындар көлемі қандай шамада болады. Классиктер шығындарды ренталық төлемдермен есептескендегі өндіріс бағасы деп те дәлелдейді. Марксистук теория бойынша өндіріс шығындары капиталиске тауардың не тұратынын көрсетеді: өндіріс құралдары мен жұмысшы күшіне жұмсалған сомасы болады. Шығындарды зерттеумен саяси экономия классиктері айналысқан. А.Смит абсолюттік шығындар деген түсінік енгізген, ал Д.Рикардо салыстырмалы шығындар теориясының авторы. «Шығында»р деген терминді олар, бірлікке жұмсалған орташа қоғамдық шығындар деп түсінген,н/е, өнімнің жеке бірлігі орташа кәсіпорын үшін не тұрады,н/е, саладағы кәсіпорындардың барлығына бірдей орташа шығындар көлемі қандай шамада болады. Классиктер шығындарды ренталық төлемдермен есептескендегі өндіріс бағасы деп те дәлелдейді. Марксистук теория бойынша өндіріс шығындары капиталиске тауардың не тұратынын көрсетеді: өндіріс құралдары мен жұмысшы күшіне жұмсалған сомасы болады.

7. Экономикалық теория қызметтері.

Эк теория ресурстардың шектелген жағдайында қажеттіліктерді қамтамасыз етуді  көздеген, адамдар мен топтардың  материалдық игіліктер мен қызметтерді  өндіру, бөлу, айырбастау ж/е тұтынудағы іс-әрекеттерін зерттеп, талдайтын  қоғамдық ғылым. Эк теория бұл:

- ұдайы  өндірістің фазалық динамикасы  ж/е ұзын толқындар динамикасы  арқылы жүріп отыратын, эк өсудің  заңдылықтары мен факторлары  туралы ғылым, ұлттық байлық  туралы ғылым;

- қажеттіліктерді  қамтамасыз ету үшін тауарлар  өндірісінде, оны айырбастауға  шектелген ресурстарды пайдалану  туралы ғылым;

- өндіріс  пен айырбас әрекетінің түрлері  туралы, адамдардың күнделікті іскерлік  өмірі туралы ж/е өмір сүруге  қажет заттар туралы ғылым.

Қызметтері: алдымен, ол танып білу, өйткені ол қоғамдық эк-қ өмірдегі проценстер мен көріністерді зерттеп, түсіндіре  білуі керек. Бірақ осы, н/е, басқа  болмыстарда тек атап өту жетімсіз болады. Олардың мәніне бойлап, даму заңдылықтарын айқындап, соларды  практикада қолдану бағыттарын белгілеу қажет. Екінші қызметі, практикалық  д.а. – бұл рационалды шаруашылық жүргізудің принциптері мен әдістерін  жасау, эк-қ өмірді реформалаудың  эк-қ стратегиясын ғылыми тұрғыдан дәлелдеу, т.б. Үшінші қызметі, қоғамлдық  дамудың ғылыми болжамын ж/е перспективасын жасауды қамтиды.

 Эк-қ  теорияның осы аталған қызметтері  өркениетті қоғамның күнделікті  өмірінде жүзеге асырылып отырады.  Эк ортаның қалыптасуында, эк  динамиканың көлемі мен бағыттарын  анықтауда өндіріс пен айырбастың  салааралық құрылымын жетілдіруде,  адамдардың жалпы өмір дәрежесін  ұлттық деңгейге жоғарылатуда, - оысның бәрәнде эк-қ теорияның  маңызы өте зор. 

8.           Қаржы жүйесі, мәні, құрылымы. Мемлекеттік бюджет. Салық.

Қазіргі жағдайда қандай мемлекеттің де экономикалық құрылымын зерделеу оның қаржы жүйесін  талдаусыз мүмкін емес. Бұл жүйе қаржы қатынастары жиынтығынан  және оны реттейтін институттардан тұрады. Қаржы қатынастары кез  келген қоғамдық жүйеде орын алатын жалпы  экономикалық қатынастардың құрамды  бөлігі. Мемлекет қаржы жүйесі арқылы саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті  қаражаттарды жинақтап, пайдаланады.

Информация о работе Үстеме шығындарды бөліп тарату әдістері