Шығындар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 20:44, реферат

Описание

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) айырбастау пункттері – шетел валютасымен айырбастау операциялары жүргізілетін арнайы жабдықталған орындар;
2) валюта – мемлекеттер заңды төлем құралы ретінде қабылдаған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазынашылық билеттері және монеталар, оның ішінде қымбат металдардан жасалған монеталар (айналыстан алынғандарын немесе алынатындарын, бірақ айналыста жүрген ақша белгілеріне айырбасталуға жататындарын қоса алғанда) түріндегі, қолма-қол және қолма-қол емес нысандардағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, оның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражат;

Работа состоит из  1 файл

валюталык реттеу заны.docx

— 61.32 Кб (Скачать документ)

 

7 бап 2006 ж. 31 желтоқсанды қоса алған мерзiм бойынша қолданылады   

7-бап. Валюталық операцияларды лицензиялау

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы Заңның 4-тарауында көзделген валюталық операцияларға лицензиялар бередi.

2. Валюталық операцияларға қатысушы резидент шоты ашылғанға дейін немесе тараптардың бiрi шарт бойынша мiндеттемелердi орындауды бастағанға дейiн не осы Заңның 20-бабы 5-тармағының екiншi бөлігінде, 7-тармағында және 25-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген мерзiм өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күн iшiнде лицензия алуға өтініш жасауға міндеттi.

3. Резиденттер лицензия алу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген құжаттардан басқа осы Заңның 10-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1)-8), 10) тармақшаларында көзделген құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісiнде белгіленген шарттармен және тәртiппен ұсынады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi ұсынылған құжаттарда сілтеме жасалған құжаттарды қосымша сұратуға құқылы.

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі нормативтік құқықтық актiде:

1) осы Заңның 22-бабының 3-тармағына сәйкес лицензиялануға тиiс валюталық операциялардың көлемдеріне қатысты талаптарды;

2) осы Заңның 22-бабының 2-тармағына сәйкес лицензиялануға тиiс операцияларды резидент-клиенттің тапсырмасы бойынша оның мүддесiне және оның есебінен резидент еместің жүргiзуi көзделетiн, ол тiркелген мемлекеттiң заңнамасы бойынша бағалы қағаздар нарығындағы кәсiби қызметтi жүзеге асыруға құқығы бар резидент пен резидент емес арасындағы мәміле шарттарына қатысты талаптарды;

3) осы Заңның 25-бабына сәйкес лицензиялануға тиiс операциялар бойынша уәкілетті банктердегі шоттар арқылы валюталық операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндіктің жоқтығына негіздеме ұсынудың талаптарын белгілейдi.

5. Лицензия беруден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

1) осы Заңға сәйкес көзделген құжаттарды не өзге де ақпаратты ұсынбау;

2) жүргiзiлетiн операцияның Қазақстан Республикасының заңнамасына сай келмеуі;

3) жүргiзiлетiн валюталық операцияның және (немесе) өтiнiш берушiнiң осы Заңға сәйкес белгiленген талаптарға сай келмеуi;

4) осы Заңның 22 және 25-баптарына сәйкес лицензиялануға тиiс валюталық операцияларға қатысты салықтық берешектiң, бюджет қаражатының, үкіметтік сыртқы қарыздардың есебінен берілген кредиттер бойынша және мемлекеттік кепілдіктерді орындауға байланысты туындаған талаптар бойынша мерзімі өткен берешектің болуы;

5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер.

Өтініш берушіге лицензия беруден бас тартылған жағдайда, бас тарту себептері көрсетіле отырып, жазбаша нысанда дәлелді жауап беріледі.

6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде лицензиялануға тиіс валюталық операциялардың ең аз сомасы, сондай-ақ берілген лицензияға сәйкес валюталық операция бойынша ақпарат ұсынудың нысандары мен тәртібі белгіленеді.  

 

8-бап. Валюталық операцияларды тіркеу

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы Заңның 4-тарауында аталған валюталық операцияларды тіркеуді жүзеге асырады.

2. Тіркеу режимі валюталық шартты тіркеуді және тіркелген валюталық шарт бойынша резиденттің кейiннен мәлiметтер беруін қамтиды.

2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Валюталық операцияға қатысушы резидент Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тіркеу үшін:

1) егер валюталық шартқа тіркеу режимі басынан бастап қолданылған жағдайда – тараптардың бірінің міндеттемелерді орындауы басталғанға дейін;

2) егер тараптардың бірінің міндеттемелерді орындауы валюталық шартқа тіркеу режимін қолдануға әкеп соққан жағдайда – осындай міндеттемені орындау басталғанға дейін;

3) егер тіркеу режимі валюталық шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу нәтижесінде және валюталық шартқа тіркеу режимі қолданылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде тараптардың бірінің міндеттемелерді орындауы қажет болған кезде қолданылған жағдайда – осындай міндеттемелерді орындау басталғанға дейін;

4) өзге жағдайларда – валюталық шартқа тіркеу режимі қолданылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей өтініш беруге міндетті.

4. Резиденттер валюталық операцияларды тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне осы Заңның 10-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1)-4), 6), 7), 10) тармақшаларында көзделген құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген шарттармен және тәртiппен тапсырады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi ұсынылған құжаттарда сiлтеме жасалған құжаттарды қосымша сұратуға құқылы.

5. Резидент құжаттардың толық топтамасын тапсырған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде тіркеу жүзеге асырылады.

Валюталық шартты тiркеген кезде өтiнiш берушiге белгiленген үлгiдегi құжат - тiркеу куәлігі беріледi.

6. Тiркеуден бас тарту мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

1) дұрыс емес ақпарат ұсыну не осы Заңға сәйкес көзделген ақпаратты ұсынбау;

2) жүргiзiлетiн операцияның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеуi.

2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде мәміленің сомасына қатысты шекті мән белгіленіп, одан асып кеткен кезде валюталық шарт тіркелуге жатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі оларға қатысты хабарлама режимін белгілеуге құқылы тіркеу режимінен ерекше жағдайлар белгіленеді. 

 

 

 

2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9-бап. Валюталық операциялар туралы хабарлама

1. Хабарлама режимі валюталық операцияларға қатысушы резиденттердің және (немесе) уәкілетті банктердің, сондай-ақ клиенттер тапсырмасы бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне валюталық шарт бойынша белгіленген нысанда ақпарат ұсынуын және жүргізілген операциялар мен валюталық шарттың өзгерістері туралы кейіннен ақпарат ұсынуын қамтиды.

Уәкілетті банктер және бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген өзге де жағдайларда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тұрақты негізде есептер беру нысанында жүзеге асырылған валюталық операциялар туралы хабарлама беруге рұқсат етіледі.

2. Егер хабардар етілуге жататын валюталық операцияларға қатысты тұрақты негізде есептер беру талабы белгіленбесе, валюталық операцияға қатысушы резидент валюталық шарт жасалғаннан кейін, бірақ ол бойынша міндеттемелерді тараптардың бірі орындауды бастаған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін хабардар етуге міндетті. Егер хабарлама тәртібі валюталық шартқа ол бойынша міндеттемелерді орындау процесінде қолданылған болса – валюталық шарт бойынша жүзеге асырылатын валюталық операциялар хабарлануға тиісті күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлайды.

Шетелдік банкте шот ашқан жағдайда хабардар ету осы Заңның 25-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайлар мен мерзімде жүзеге асырылады.

3. Тұрақты негізде есептер беру нысанында хабардар ету жағдайларын қоспағанда, хабарламаны растауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі резиденттің валюталық шарт туралы ақпаратты табыс еткен күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Бұл ретте, валюталық операцияға қатысушы резидентке белгіленген үлгідегі құжат – хабарлама туралы куәлік беріледі.

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталық операциялардың жасалу мән-жайларын нақтылау мақсатында соның негізінде валюталық операциялар жүзеге асырылатын валюталық шартты талап етуге құқылы.

5. Уәкілетті банктер және (немесе) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары хабарлама туралы куәлік болмаған жағдайда клиенттердің валюталық операцияларын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне хабарлай отырып жүргізеді.

6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде мәміленің сомасына қатысты шекті мәні белгіленіп, одан асып кеткен кезде валюталық шарт хабарлануға жатады, хабарламаның нысаны мен тәртібі, сондай-ақ хабарлама режимінен ерекше жағдайлар белгіленеді. 

 

 

 

2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10-бап. Лицензия мен тіркеу куәлігін алу үшін талап

етілетін құжаттар

Резиденттер шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптарға сәйкес, сондай-ақ осы Заңда белгiленген валюталық peттеу режимдерiнiң талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне мынадай құжаттарды ұсынады:

1) өтініш;

2) тiгілiп, қол қойылып (жеке және заңды тұлғалар үшін) және мөр басылып (заңды тұлғалар үшiн) куәландырылған валюталық шарттың көшiрмесi;

3) жеке басты куәландыратын құжаттың көшiрмесi (валюталық операцияны жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін);

4) заңды тұлғаның мемлекеттік тiркелгенi туралы куәлiктiң көшiрмесi (заңды тұлғалаp үшiн);

5) құрылтай құжаттарының нотариатпен куәландырылған көшiрмесi (заңды тұлғалap үшiн);

6) 2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

7) салық төлеушiнiң мемлекеттік тiркелгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

8) өтінiш берушінiң талаптарға, оның iшiнде осы Заңда және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген біліктілiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар;

9) резиденттiң шетел валютасы шотының бар екендігі туралы банктің анықтамасы;

10) валюталық шарт бойынша мiндеттемелердiң туындауын, орындалуын және тоқтатылуын растайтын құжаттардың көшiрмесi.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi танысу үшiн осы бапта аталған құжаттардың түпнұсқаларын резиденттен сұратуға құқылы.

Шет тілінде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне мемлекеттік тілге немесе орыс тіліне аударылып ұсынылады. 

 

 

 

11-бап. Валюталық мониторинг

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi валюталық мониторингтi Қазақстан Республикасының төлем балансының тұрақтылығын бағалау мақсатында жүзеге асырады.

Валюталық мониторингтің негізгі міндеттерi:

1) валюталық мониторинг объектілерi жүзеге асыратын валюталық операциялар бойынша ақпарат базасын жасау;

2) Қазақстан Республикасы төлем балансының, сыртқы борышының және халықаралық инвестициялық позициясының статистикасын, оларды талдау мен болжауды жетiлдiру болып табылады.

2. Резидент емес заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында бiр жылдан астам жұмыс iстейтін филиалдары мен өкілдiктерi валюталық мониторинг объектiлерi болып табылады, Валюталық мониторинг қолданылатын қызметтiң түрлерiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.

3. Валюталық мониторинг белгіленген есептілік нысандарына сәйкес валюталық мониторинг объектiлерiнiң резиденттермен және резидент еместермен iске асыратын жобалары бойынша олардан ақпарат жинау әдiсiмен жүзеге асырылады.

4. Валюталық мониторинг жүргiзу үшiн есептілік мерзiмдерi мен нысандары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актісiнде белгіленедi.  

 

2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12-бап. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялау

1. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялау уәкілетті банктердегі банк шоттарына:

1) тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) экспортынан ұлттық және шетел валютасындағы түсімдерді;

2) резидент емес міндеттемелерін орындамаған немесе толық орындамаған жағдайда, резиденттің тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) импорты бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін резидент еместің пайдасына аударған ұлттық және шетел валютасын есептеуді білдіреді.

Резидент ұлттық және шетел валютасын репатриациялау талабының репатриациялау мерзімінде орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. Репатриациялау мерзімі тараптардың валюталық шарт бойынша міндеттемелерін орындау талаптары негізінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен резидент есептейтін уақыт кезеңі болып табылады.

Информация о работе Шығындар есебі