Шағын бизнес

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 20:15, курсовая работа

Описание

Тәуелсіздік алумен Қазақстанда нарықтық экономикаға ауысуға бағытталған ірі реформалар жүргізіле бастады. Мемлекеттің халық шаруашылығын басқару мен реттеуде Үкімет ролі азайып, Адам Смиттің айтып өткен «көрінбейтін қол» нарықтық қатынастарды орнатуға мүмкіндік жасады. Тиісті саяси-әлеуметтік жағдай мен КСРО-дан мұрагерлікке қалған инфраструктура, дәмі татылмаған ішкі нарық, төмен бәсекелестік Қазақстан Республикасындағы жаңа кәсіпкерліктің дамуына жағдай туғызды.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................3
1.Кәсіпкерлікті дамытудың теориялық негіздері.................................6
1.1. Кәсіпкерлік түсінігі және оның мәні...............................................6
1.2. Шағын кәсіпкерліктің нарықтық экономикадағы маңызы мен оның ерекшеліктері.........................................................................................8
1.3. Шағын бизнес құрудың өзекті формалары......................................13
1.4. Шағын инновациялық кәсіпкерліктің формалары............................15
2.Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы..........................19
2.1. Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің деңгейін талдау........19
2.2. Қазақстан Республикасында шағын бизнесті дамыту мәселелері....25
2.3. Отандық шағын кәсіпкерліктің құқықтық қамтамасыз ету көздері..................................................................................................27
3.Қазақстан Республикасында шағын бизнесті жетілдіру жолдары......28.
Қорытынды...........................................................................................40
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................44

Работа состоит из  1 файл

ШАҒЫН БИЗНЕС.doc

— 522.00 Кб (Скачать документ)

    Кәсіпкерлікті қолдаудағы мемлекеттің қызметінің екінші бағыты қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету. Еуропалық Одақтың барлық елдері шағын және орта бизнеске қаржыландыру көзіне қол жеткізуде әртүрлі тетіктерді қолдана отырып мәселелерді шешуге  тырысады. Кейбір елдер (Ұлыбритания, Нидерланды және т.б.) негізінен займ кепілдігін қамтамасыз ету жүйесіне тірек етеді. Еуропалық Одақ елдерінің басым бөлігі шағын бизнесті қолдау мақсатында төлемақылар, жәрдемақылар немесе займдардың жеңілдетілген түрін, инвестицияға фискалдық жеңілдіктер сияқты ерекше резерв құрады. Бельгия, Франция елдерінде шағын бизнеске тәуекелділік капиталын ұсыну тәжірибеленуде. Осы елдердің үкіметтері тәуекелділік қорының болуы мүмкін шығындарын өтеуге кепілденеді. Шағын және орта бизнесті қолдау бойынша инвестициялық Қорды қалыптастыру.Қазақстан Республикасында қызметі конкурстық негізде шағын бизнес жобаларын қаржыландыруды (5 миллион тенгеге дейін) жүзеге асыруға бағытталған 1997 жылдың 24 сәуірінің №665-ші Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысымен  “Шағын кәсіпкерліктің даму Қоры” құрылды. Оның негізгі мақсаты:

    • Несие мен займдар алуда мемлекеттік кепілділікті қамтамасыз ету.
    • Қоршаған ортаны қорғау құралы - өте қымбат құрылғыларды сатып алуда шағын бизнесті қаржыландыру.
    • Инвесторлар мен фирмалар арасында делдалдық қызметті атқару. Республикада Президент Жарлығымен мемлекеттік және екінші деңгейдегі банктерде тегін есеп жүргізу шоттарын ашу, коммерциялық банктердің шағын кәсіпкерлерге бірінші қызмет көрсетуіне ынталандыру құралдарын  қолдану жүзеге асуда.
    • Кәсіпорындарға тікелей инвестиция жүргізу. Қазақстан Республикасының Президентінің шешімімен экономиканың шағын секторының дамуына 100 миллион доллар көлемінде инвестиция салымдарын жүргізіп, жалпы саны 30 мың жұмыс орнын құрайтын 50-60 кәсіпорындарды қалыптастыру қарастырылып, іске асырылуда.

         Шағын және орта бизнесті қолдау  бойынша көмек көрсетудің үшінші бағытында мемлекеттің қызметі кәсіпорындарды басқарудың, яғни менеджментін құруда тиімді жүйесін қалыптастыру. Жаңа кәсіпорындардың қызметін қайта тоқтатып жатуының бір себебі тиімсіз менеджмент болып саналуда. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде шағын бизнес саласындағы кәсіпорындар келесідей факторлармен ұшырасқанда қиыншылықа ұрынады: өндіріс (технологиялар, “ноу-хау”), маркетинг (өндіріс және сату жоспарын құру, іске асыру), қаржылық менеджмент және бақылау, ұйымдастырушылық құрылым және басқарушылық шеберлік.

    Жоғарыда  тізбектелген кәсіпкерлікті демеу  жолдарымен қатар мемлекет келесідей  кеңестік қызметтерді ұсына алады: бухгалтерлік қызметтер, заңдық кеңестер, жаңа кәсіпорындарды құру бойынша, және де қызметтердің басқа түрлерін тегін не төмен бағамен  атқару. Мұндай консалтингтік бағдарламалар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жоғарғы деңгейдегі ынталандырушылықты қамтамасыз етіп, серпінділік береді.

       Мемлекеттің төртінші қызметі – бизнеске жан-жақты ақпараттық қызмет көрсету, ол өзіне келесілерді енгізеді: нарық туралы, тұтынушы қажеттіліктері, технологиялық жаңа енгізілімдер, жаңартуды қажетсініп тұрған өндіріс және тауарлар туралы ақпараттар. Мұндай ақпараттар болашақ кәсіпкерлерге нарықтың жаңа “қуыстарын”, өндіріс пен өнімдерді жетілдіру мүмкіншіліктерін, бизнесті ұйымдастырудың жаңа тәсілдемесін игеруге мүмкіндік береді.

        Мемлекеттік көмектің бесінші бағыты – салықсалу жүйесі арқылы кәсіпкерлердің белсенділігін арттыру. Салықсалу жүйесі арқылы мемлекет кәсіпкерлік қызметті сауда-саттық, коммерция саласынан өндіріс саласына бағдарлай алады. Мемлекеттік органдар тарапынан әртүрлі тексеріс, шектеулер көлемінің қысқаруы кәсіпкерлердің белсенділігін арттырып, олардың қызметінің ашық, жариялы түрде бағыт алуына, сонымен қатар бюджеттік төлемдердің түсімін тұрақты қамтамасыз етеді.

    Мемлекеттік көмектің алтыншы бағыты – қоғамда кәсіпкерлік климатты қалыптастыру, бұл өз кезегінде қоғамда іргелі өзгерістерді талап етеді, қоғамдық ой-пікірдің жаңа бағытын қамтамасыз етеді.  

    “Шағын  кәсіпкерлікті дамыту Қоры” филиалдары бойынша 2004 жылға қаржыландырылған бизнес жобалар:

  • Астана қаласындағы филиалы 289,5 млн. теңгеге 32 жоба қаржыландырылды;
  • Алматы қаласы бойынша 983,0 млн. теңгеге 113 жоба қаржыландырылды;
  • Ақмола облысы бойынша филиалы 107,0 млн. теңгеге 14 жоба қаржыландырылды;  
  • Ақтөбе облысы бойынша филиалында 45,5 млн. теңгеге 11 жоба қаржыландырылды;
  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалында 94,2 млн. теңгеге 20 жоба қаржыландырылды;
  • Жамбыл облысы филиалы 205,3 млн. теңгеге 44 жоба қаржыландырылды;
  • Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында 96,6 млн. теңгеге 13 жоба қаржыландырылды;
  • Қарағанды облысы бойынша 378,9 млн. теңгеге 43 жоба қаржыландырылды;
  • Қостанай облысы бойынша 277,5 млн. теңгеге 34 жоба қаржыландырылды;
  • Павлодар облысы филиалы бойынша 484,7 млн. теңгеге 31 жоба қаржыландырылды;
  • Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 321,3 млн. теңгеге 41 жоба қаржыландырылды;
  • Маңғыстау облысы филиалы бойынша 32,0 млн. теңгеге 1 жоба қаржыландырылды;
  • Алматы облысы филиалы бойынша 398,1 млн. теңгеге 43 жоба  қаржыландырылды;
  • Қызылорда  облысы бойынша 13,8 млн. теңгеге 5 жоба қаржыландырылды;
  • Семейдегі өкілдік бойынша  40,0 млн. теңгеге 4 жоба қаржыландырылды.

    Қазақстанда шағын кәсіпкерлік субъектілерін қорғау механизмдерін құруда келесі міндеттер шешімін қарастыру керек:

    • Құқық қорғау органдарында шағын кәсіпкерлікті қорғау міндеттерімен айналысатын бөлімшелер құру;
    • Нарықтық инфрақұрылым элементтері үшін кәсіпкерлікті қорғау функцияларын ынталандыру;
    • Кәсіпкерлер құқығын салалық, салааралық және территориялық белгілері бойынша қорғауды жүргізу үшін арнайы ассоциацияларды құру;
    • Қазақстан Респубикасында әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға көмектесу,
    • “Сот және соттардың мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасы заңының шеңберінде мамандандырылған салық соттарын құру процесін тездету,
    • Шағын кәсіпкерлікті қолдау институттарын құру схемасын жасау, оның ішінде: Республикалық ақпараттық көрме орталығын құру,
    • Заң және нормативтік актілерді жүйелеу, шағын кәсіпкерлік саласында заңдарды қолдануда соттық-прокуратуралық тәжірибені талдап, қорыту.

    Заң және нормативтік базаны жетілдіру  келесі міндеттерден тұрады:

    • “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы” ҚР заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу,
    • “Лизинг туралы” 1989 ж. Бүкіл әлемдік Оттава конценвациясына қосылу,
    • Алтын іздеуші артельдердің қызметін құқықтық реттеу бойынша ұсыныстар жасау,
    • Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдік жасау жөнінде қолданыстағы салық және кеден заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу,
    • ҚР “Қол өнер кәсібі және қол өнеркәсібімен шұғылданушылық туралы” заңының жобасын дайындау,
    • ҚР Президентінің 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2721 “Жекешелендіру туралы” заң күші бар жарлығына өзгертулер енгізу.

    Шағын кәсіпкерлікті кадрлық және ғылыми-әдіснамалық қамтамасыз ету бағдарламасы келесілерден тұрады:

    • Кадрларға деген қажеттілікті зерттеп үйрену,
    • Кәсіпкерлікті қорғауға бағытталған оқыту бағдарламаларын жасау және олардың базасында кәсіпкерлікті қорғау мәселесі бойынша кеңес беру қызметтерін ұйымдастыру,
    • Шағын кәсіпкерлікті қорғау  инфрақұрылымының білім беру органдарын жан-жақты қолдауды қамтамасыз ету,
    • Бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, жалпы кәсіпкерлікті  оқытуды жүзеге асыру,
    • Шағын кәсіпкерлік бойынша заң және нормативтік –құқықтық актілер мен оларға енгізілген өзгерістер туралы кәсіпкерлер арасында түсіндіру жұмысын жүргізу,
    • Кәсіпкерлік қызметіндегі өнеге мен этика негіздері бойынша оқыту бағдарламаларын дайындау,
    • Республикалық және аймақтық құрылымдарда қызметкерлер мен жетекшілерді дайындау және қайта дайындауды ұйымдастыру,
    • Оқыту орталықтары арасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселесі бойынша ең жақсы авторлық бағдарламаға конкурстар өткізу,
    • Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бойынша кәсіпкерлер кітапшаларын жинақтарын және т.б. материялдарды дайындау және шығару,
    • Кәсіпкерлік қызметінің негізі бойынша жастарды, әйелдерді және қолы бос азаматтарды оқытуды ұйымдастыру. 

       Қазіргі таңда Шағын кәсіпкерлікті  қолдау бойынша барлық жұмысты  мемлекеттік деңгейде Сауда және  индустрия Министрлігіне қарасты шағын кәсіпкерлікті қолдау Комитетіне жүктелген.

              Әртүрлі министрліктер, ведомостер  және мемлекеттік органдар бағдарламаны  іске асыруға белсенді түрде  қатысады, соның ішінде:шағын кәсіпкерлікті  дамыту қоры, Қаржы министрлігі, Әділет министрлігі, Республикалық ақпараттық көрме орталығы, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, энергетика  индустрия және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі, ауылшаруашылық министрлігі, Бас Прокуратурасы, Іскер әйелдер  қауымдастығы және басқалар.

                                        Қорытынды 

         Бірінші тарауда  көрсетілгендей шағын бизнестің  нарықтық экономикада маңызы зор. Шағын  бизнестің нақты ролі келісілерде  айқындалады:

  • жаңа жұмыс орындарын құрады;
  • жаңа тауарлар мен қызметтерді ендіреді;
  • ірі кәсіпорындардың қажеттіліктерін өтейді;

арнайы  тауарлар мен қызметтерді  қамтамасыз етеді

   Жаңа  жұмыс орындарын  құру – шағын бизнес өзімен алып жүретін маңызды факторы. Тұрғындардың негізгі бөлігінің тіршілігін қамтамасыз ететін фактор болып қана қоймай, сонымен қатар, қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге себеп болатын маңызды фактор. АҚШ –да 7 млн. шағын фирмалар 100 млн. адамды жұмыспен қамтамасыз етуде.

         Жаңа  тауарлар мен қызметтерді  ендіру – шағын бизнес бұл саладағы лайықты қызметі қауіпсіз бритваны, электрондық қол сағатын, вертолеттарды, тот баспайтын құрыштарды, көшіретін аппараттарды және тағы басқалар болып табылады. Мысалға АҚШ-да шағын бизнес барлық қызметтердің 60% өндірген,  барлық өнімдердің жартысын, барлық идея мен жаңа енгізілімдердің жартысына жуығын ұсынады.  

   Шағын кәсіпорындар тек қана жаңа жұмыс  орындары мен тауарларды даярлап  ұсынып қана қоймай, сонымен қатар, клиенттердің айрықша қажеттіліктерін  қанағаттандырады. Мысалы, ескі сағаттар мен антиквариаттық тауарларды жөндеуге шағын бизнес икемдірек болады.

  Бүгінгі таңда шағын бизнес өнімдерін  өткізудің қазіргі жағдайы шектелген. Оны кеңейту үшін келесі іс-шаралар  ұсынылады:

  1. Ірі және шағын бизнес интеграциясы, атап айтқанда ірі компаниялар құрылымында шағын кәсіпорындарды біріктіру. Бұл жағдайда ірі бизнес өзінің бөлімшелерінен бөлек, арендаторлар мен иегерлерімен басқарылынатын, бірқатар ұсақ  дербес шаруашылық бірліктерін құрады. Франчайзинг.
  2. Лизингтік қызметтерді құру ;
  3. Өнімді өндіруде ғылымды қажет ететін технологиялардың көмегімен, зертхана мен ғылыми-зерттеушілік фирмалардың ашылуымен өндірісті ендіру. Олар идеялар мен жаңа әзірлемелерді  барлық мүдделілерге сатушы ролінде жеке және тәуелсіз болуы мүмкін.
  4. Венчурлік бизнестің дамуы. Мемлекетпен венчурлік бизнесті демеу келесі формада:
  • Инновациялық және венчурлік қызметпен байланысты ғылыми-зерттеушілік, тәжірибелі-конструкторлық, технологиялық  жұмыстарды қаржыландыру;
  • Венчурлік қызметті қамтамасыз ететін, жобаларды және іс-шараларды, бағдарламаларды қаржыландыру, венчурлік қызметтің инфрақұрылымы субъектілерін қалыптастыру мен дамыту. 

          Статистикалық тіркелім деректерінде  Республика бойынша 2005жылы қаңтар  айының 1 жұлдызына дейін шағын  бизнеспен айналысатын 145,1 мыңнан  астам шағын кәсіпорын тіркелген, бұл көрсеткіш 2004 жылғы қаңтар айының 1 жұлдызындағы деңгейден 10,9 пайызға жоғары.

Шағын кәсіпорын өзінің іс-әрекетінде көптеген қиындықтарға кездеседі.

1. Шағын  кәсіпорындардың негізгі проблемасы- ресурстық базасының жетіспеушідігі: материал-техникалық және қаржылық. Шын мәнінде халық шаруашылығында бос жерге кең жаңа сектор құру көзделіп отыр.Ондаған жылдар бойы шағын кәсіпорын секторы болған емес.Олай болса осындай жұмысты ұйымдастырып алып, кететіндей кәсіпкерлер де болған жоқ.Тұрғындардың көпшілігінің басы артық ақшасы болмады,ал өз ісін бастап кәсіпер болу үшін өзінің қаражаты жоқ.Сақтық кассаларындағы ақшалар күйіп кетті.Сондықтан өз ісін жүргізу үшін тек қана несие керек.

2. Шағын  кәсіпкерліктің заңға сүйенерлік  базасы жоқ деуге болады.

3. Шағын  кәсіпкерліктің іс- әрекеттерін  терең талдау жасайтын жүйе  жоқ.

Олардың істеген жұмысынан қорыиынды  табу қиын,қандай көрсеткіштер арқылы талдау жасап мемлекеттік жеңілдік беру керек екендігін анықтау  қиын.

Информация о работе Шағын бизнес