ҚР салық салу ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 09:22, курсовая работа

Описание

Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар - бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.

Содержание

Кіріспе
1. Салық және салық салудың есебі
1.1 Салық туралы түсінік
1.2 Қазақстан Республикасының салық заңдылықтарының дамуы
1.3 Тікелей салық бойынша есеп айырысудың есебі
2. Бюджетпен есеп айырысу есебі
2.1 Жанама салық бойынша есеп айырысудың есебі
2.2 Басқа да алымдар мен міндетті төлемдер бойынша есеп айырысудың есебі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Қр салық салу ерекшеліктеріКурсовой.doc

— 383.00 Кб (Скачать документ)

Жер салығы олардың меншік құқын, тұрақты пайдалану кұқын, уақытша тегін пайдалану құқын растайтын құжаттардың негізінде есептелінеді және әр жылдың 1 қаңтарына жердің сапасы бойынша есебі мен мемлекеттің үлесі бойынша мәліметін жер ресурстарын басқаратын өкілетті органдарға ұсынады.

1

 



 

 

 

1

 



 

Жер салығын төлеушілер

Салық салынатын объектісі

Салық мөлшерлемесі

Салық кезені

Салық салынатын жер объектілері бар заңды тұлға (заңмен қарастырылған, кейбір жеке категорияларын коспағанда): - меншік құқына; - жерді тұрақты пайдалану құқына;

- жерді уақытша пайдалану құқына

Жер төлімдері және олардың көлемі, салық салуды анықтаудың базасы болып табылады.

 

 

Салық мөлшерлемесінің базасы жердің сапасына, бонитетіне, жер төлімдерінің арналымына тәуелді болып келеді

 

 

Календарлық жыл

 

 

Салық салынатын жер объектілері бар жеке тұлға (заңмен қарастырылған кейбір жеке категорияларын қоспағанда):

- меншік құқына;

- жерді тұрақты пайдалану құқына;

- жерді уақытша пайдалану құқына

 

Темір жол транспортын ұйымдастыру үшін: заңмен белгіленген  тәртіпте темір жол транспортын ұйымдастыру объектілеріне берілген жер төлімдері, темір жол қарауына алынған жерлері, станциясы, вокзалы, жолдары салық салынатын объекті болып табылады.

Энергетика мен электростанция жүйесін ұйымдастыру үшін: заңмен белгіленген тәртіпте осы ұйымның жұмысын ұйымдастыру объектілеріне берілген жер төлімдері, электр сымдарын ұстап тұратын бағаналармен байланысты жер телімдері, станциялары салық салынатын объекті болып табылады.

Қазба байлықты, газ бен мұнай өнімдерін тасмалдайтын кәсіпорындардың жұмысын ұйымдастыру үшін: заңмен белгіленген тәртіпте осы ұйымға берілген жер төлімдері, газ бен мүнай құбырларымен байланысты жер төлімдері, салық салынатын объекті болып табылады.

Байланыс сферасының балансында тұрған жер төлімдері салық салынатын объектісі болып табылады.

Жердің әрбір теліміне тиесілі салық мөлшерлемесін пайдаланады.

Жер салығын есептегенде 821 шоты дебеттеліп, 636 шоты кредиттеледі. Салықты төлеу салықтық кезеңнің 1-ші шілдесінен кешіктірмей тіркелген объектілер бойынша жергілікті бюджетке төленеді. Ол кезде 636 шоты дебеттеліп, 441 шоты кредиттеледі.

д) Көлік құралдарына салынатын салық. Мемлекеттік есепте тұрған меншік және меншікті сенімді басқаруға, шаруашылықты жүргізуге алғандар және жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады.

Көлік құралдарына салынатын салық жыл сайын төленеді және Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген кезінде төлем жасалады және олар көлік құралдары қуатының әр киловатынан алынатын айлық есептеу көрсеткіші бойынша алынады (салық кодексінің 146-147 беттеріне қараңыз).

40 тонналық және одан да жоғары жүк кетеретін самосвалдар және арнайы жабдықталған медициналық транспорттық құралдары салық салу объектісі болып табылмайды.

Көлік құралдарына салынатын салықты есептеген кезде 821 "Жалпы және әкімшілік шығыстарының" шоты дебеттеледі де және 638 "Көлік құралдарына салынатын салықтар" деп аталатын шоты кредиттеледі.

Салық бюджетке аударылады, ол кезде 638  шоты дебеттеліп, және 441 "Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша" шоты кредиттеледі.

 

Көлік құралдарына салынатын салықты төлеушілер

Салық салынатын объектісі

Салык мөлшерлемесі

Салық кезені

Меншігінде және шаруашылығын жүргізуіне немесе оперативті басқаруына алған (заңмен қарастырылған, кейбір жеке категорияларын қоспағанда) салық салынатын объектілері бар, заңды тұлғалар

Салық салынатын объектісіне көлік (транспорт) құралдары жатады, тек мемлекеттік тіркеуге жататын тіркемелерін және өкілетті органдарда есепте тұратындарын қоспағанда

 

 

Салық Кодексі белгілеген айлық есептік көрсеткіштік негізінде есептелген тузету коэффициенттері мен салық мөлшерлемесі көлік түрлеріне, қуаттылығына, двигательдің көлеміне, жүкті көтеру сыйымдылығына, пайдалану мерзіміне байланысты алынады

 

 

Календарлық жыл

 

 

Меншігінде және шаруашылығын жүргізуіне немесе оперативті басқаруына алған (заңмен қарастырылған, кейбір жеке категорияларын қоспағанда) салық салынатын объектілері бар, жеке тұлғалар

 

Мүлік салығын төлеушілер

Салық салынатын объектісі

Салық мөлшерлемесі

Салық кезеңі

Заңды тұлға-резиденттерінің меншігіндегі салық салынатын обьектілері (заңмен белгіленген кейбір категориясынан басқасы)

Салық салынатын объектісі: негізгі құралдар (үй-пәтер қорларын қоса алғанда) және материалдық емес активтер болып саналатындар жатады. Заңды және жеке кәсіпкерлердің балансында тұрған объектілердің бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша анықталған орташа жылдық қалдық құны

 

 

 

Салық салынатын объектінің жылдық орташа құнынан 0,1% алынады: коммерциялық емес ұймдардан, әлеуметтік сферадан, кітапхана саласымен байланысты қызметтерден;   мемлекеттік ғылыми кадрлерді аттестациялаудан; су қоймаларымен шұғылданатын заңды тұлғалардан; мемлекеттік бюджеттің есебінен қаржыландырылатын ұйымдардан

 

 

Календарлық жыл

 

 

 

 

Заңды тұлға-резидент еместердің меншігіндегі салық салынатын объектілері (заңмен белгіленген кейбір категориясынан басқасы)

Жеке кәсіпкерлердің меншігіндегі салық салынатын объектілері

Салық салынатын объектінің жылдық орташа құнынан 1% мөлшерінде алынады

Жеке тұлғалардың меншігіндегі салық салынатын обьектілері (заңмен белгіленген кейбір категориясынан басқасы)

Салық салынатын объектісіне, кәсіпкерлердің меншігіндегі және меншігінде емес мүліктері жатады:

- үй-пәтер қорлары, саяжайы, гаражы т.б.

-аяқталмаған құрылыс обьектілері.Жеке тұлға үшін,әр жылдың басына анықталған обьектінің құны салық салынатын обьектісі болып табылады.

Салық мөлшерлемесін, салық салынатын обьектісінің құнына қарап,Салық Кодексі белгілейді

е) Мүлікке салынатын салық. Бюджетке төленетін мүлік бойынша салынатын салықтың есебі 637 шотында көрініс табады.

 

 

Салық салынбайтын объектісі болып:

жер салығы салынатын объектілері;

көлік құралдарының салығы салынатын объектілері;

Қазақстан Республикасының үкіметінің шешімімен консервацияға жатқызылған, негізгі құралдары;

мемлекеттік автомобиль жолдары;

-инвестициялық жобаның айсында пайдалануға берілген, негізгі құралдар.

Объектінің орташа құнын анықтау үшін бір мысал келтіріп көрейік.

Мысал. Негізгі құралдың қалдық құны 01.01.2002 ж. 11160 мың теңге, ал материалдық емес активтердің құны 200 мың теңге құраған. Ағымдағы жылы келіп түскен негізгі құралдың құны 1200 мың теңге болса, ал олардың есептен шыққаны 800 мың теңге құраған.

 

 

 

 

Күні

 

 

Негізгі құралдар мен  материалдық  емес активтердің қалдық құны

Келіп түскені

Есептен шыққаны

Есептелген

амортизациясы

1.01.2004 ж.

11360000

 

 

94665

1.02.2004 ж.

1165335

500000

 

122000

1.03.2004 ж.

11643335

 

250000

115000

1.04.2004 ж.

11278335

 

 

115000

1.05.2004 ж.

11163335

 

350000

95250

1.06.2004 ж.

10718085

 

 

95250

1.07.2004 ж.

10622835

300000

 

95250

1.08.2004 ж.

10527585

 

 

108500

1.09.2004 ж.

10719085

 

 

108500

1.10.2004 ж.

10610585

400000

 

134300

1.11.2004 ж.

10876285

 

 

134300

1.12.2004 ж.

10741985

 

200000

127900

1.01.2005 ж.

01.2005 ж.

10414085

 

 

 

Жиыны

141940870

1200000

     800000

1345915

Енді біз осы негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің қозғалысын көрсететін кестені құрастырып көрейік.

 

 

Ағымдағы кезеңде объектілердің орташа жылдық құны 10918528 теңге (141940870:13) құраған, сәйкесінше, мүлік салығының сомасы -109185,28 теңгеге тең болған (10918528 х 0,1).

Әрбір салық төлеуші салықты өздігінше есептейді, бірақ ол кезде салық базасына тиесілі салық мөлшерлемесін пайдаланады. Есептелген салыққа 821 шоты дебеттеледі де, 637 шоты кредиттеледі. Салықты бюджетке төлеу сол объектілердің тұрған жерлері бойынша жасалынады.

и) Жер қойнауына салынатын салықтар. Мұндай арнайы салықтардың қатарына:

Үстеме пайдаға салынатын салық;

Жер қойнауына салынатын арнаулы төлемдер:

 

Бонустар (қол қойылған және коммерциялық);

Роялтилер;

3. Өнімді бөлу бойынша ҚР үлесі жатады.

1.Үстеме пайдаға салынатын салық. Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық онда жасалатын контрактының мазмұнына байланысты болып келеді, соңдықтан оны шартты түрде екі модельге бөлуге болады:

біріншісі - Салық Кодексі белгілеген міндетті төлемдерімен қоса салықтың барлық түрін төлеуді қарастырады;

екіншісі — тек Қазақстан Республикасының үлесінде жер қойнауына тиесілі міндетті төлемдерімен қоса барлық салықтарды төлеуді қарастырады, тек шикі мұнай өнімдеріне төленетін акциздерді, үстеме пайдаға салынатын салықты, жер салығын, мүлік салығын қоспағанда.

Үстеме пайдаға салынатын салық пайданың ішкі нормасының салықтық кезеңінің соңына жеткен деңгейінен есептелінеді.

2.1 Бонустар. Жер қойнауын пайдаланушылардың белгіленген төлемдері болып табылады және жерді пайдалануға жасаған келісім-шартта белгіленген мөлшерлемесі мен тәртіп бойынша ақша түрінде төленеді. Жер қойнауын пайдалануды жүргізудің жеке шарттарын негізге ала отырып, бонустардың мына төмендегі түрлерін төлейді: қол кою бонусы; коммерциялық табу бонусы.

Қол қою бонусы жер қойнауын пайдаланушылардың заңда белгіленген тәртіпке сай келісім-шарт жасау кезінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметін жүзеге асыру құқығын беру үшін бір жолғы тіркелген (тұрақты) төлемі болып табылады. Қол қою бонустарының бастапқы мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Өкілетті оргаңдары белгілейді, не тендер өткізудің шарттары бойынша белгіленеді. Қол қою бонусының түпкілікті мөлшері жер қойнауын пайдалану үшін берілетін кен орындарының (аумақтардың) экономикалық құндылығына қарай келісім-шарт негізінде белгіленеді. Қол қою бонусын төлеу мерзімі тараптардың келісім-шартымен немесе келісімімен белгіленеді, бірақ ол келісім-шарт жасалған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірілмеуі керек.

Информация о работе ҚР салық салу ерекшеліктері