Өндірістік есепті ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 17:00, курсовая работа

Описание

Ұйымдастырушылық - есеп дамуының осы заманғы деңгейі және келешегі.
Қазіргі заманда мемлекеттің дамуы үшін өндірістік есепті ұйымдастырға үлкен мән беріледі. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев кәсіпкерлерге үндеуінде өндірістік есепті ұйымдастырып, есеп беруді жетілдіріп, халықаралық стандартқа көшудің маңыздылығына тоқталды. Ол өзінің бұл үндеуінде қаржылық есепті ұйымдастыруды, қаржылық есеп беруді, есеп жасауды және ұсынуды ғана білдіріп қойған жоқ, сондай-ақ әр түрлі экономикалық шешімдерді қабылдай білуге шақырды.

Содержание

КІРІСПЕ

1. ӨНДІРІСТІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Өндірістік есепті ұйымдастыру
1.2 Өнім өндіру есебі және оның жүйелері

2. БАСҚАРУ ЕСЕБІНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІКТЕРІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ.
2.1.Өндірістік есептің әдістері мен тәсілдері
2.2.Өндірістің ұйымдастырушылық құрылымының басқару есебі жүйесін құруға ықпалы
2.3.Өндірістегі басқару есебінің құрамдас бөліктері мен принциптері
2.4. Ұйымдастырылған өндірістік есептің технологиясы

3.ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІНІҢ ТҮСІНІГІ
3.1.Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

Өндірістік есепті ұйымдастыру.doc

— 483.00 Кб (Скачать документ)

Шығындар орталығы екі бағытта  жұмыс істей алады:

- берілген қаржы деңгейінен ең көп шамада нәтиже алу;

- берілген нәтижеге жету үшін қажетті қаржыны ең аз шамаға жеткізу.

Алайда шығындар орталығы басшыларына  өндіріс бағасы мен көлемін өз бетінше белгілеуге рұқсат етілмейді.

Кіріс орталығы-жауапкершілік орталығы, мұнда менеджер кірістерді алу үшін жауап береді, бірақ шығындар үшін (мысалы, сауда ұйымының көтерме сауда бөлімі және т.с.с.) жауап бермейді, оның басшыларының іс-әрекеті алынған кірістер негізінде бағаланады. Осы жағдайдағы басқару есебінің міндеті- жауапкершілік орталығының қызмет қорытындылары шығарда нәтижелерді кесімді белгілеу.

Пайда орталығы – бұл да жауапкершілік  орталығы. Оның басшысы бір уақытта  өзінің бөлімшесінің кірістері үшін де, шығындары үшін де жауап береді, тұтынылатын ресурстар саны және күтілетін бүкіл мөлшері жөнінде шешім қабылдайды. Іс-әрекетті бағалаудың белгісі- алынған пайда мөлшері. Сондықтан басқару есебі жауапкершілік орталығына кірер шығындардың құны, осы орталық ішіндегі шығындар және сегмент іс-әрекетінің қорытындылары шығарда түпкілікті нәтижелер туралы ақпарат ұсынуға тиісті.

Инвестиция орталықтары – кәсіпорын  сегменттері, бұлардың менеджерлері өз бөлімшелерінің шығындары мен кірістерін бақылап қана қоймайды, басқа орталық  басшылары шұғылданбайтын, инвестицияланған қаржыны тиімді пайдалануды да қадағалайды. Басқаруда ең үлкен өкілеттіктері бар инвестиция орталығының басшылары қабылданатын шешімдер үшін кәсіпорын әкімшілігі жекелеген жобалар бойынша бөлген қаражатты бөлу ең жоғары жауапкершілік көтереді.

Басқару есебінің мәні- шығындар мен кірістерді, мөлшерлеуді, жоспарлауды, бақылауды және кәсіпорынның болашақ  даму мәселелерін үйлестіру мен  шұғыл басқару шешімдері үшін ақпаратты жүйелендіретін талдауға есеп жүйесін біріктіріп кіріктіру ( интеграциялау).

Ұйымды жауапкершілік  орталықтарына бөлу мен оларды маңызына қарай іріктеуді кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы деп атайды.

Менеджерлерге жүктелген  жауапкершілік дәрежесіне байланысты кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы орталықтандырылған немесе орталықтандырылмаған болып сипатталуы мүмкін.

Орталықтанған ұйымдар  функциональды принциптер бойынша (әкімшілік, қаржы, жабдықтау, өндіріс, маркетинг және т.с.с) құрылған және олардың басқару есебі жүйесі шығындар орталығына негізделген. Басқарудың мұндай жүйесі шын мәнісінде консервативті болып табылады, ең көп шамада мәжбүрлікті көздейді және өз қызметкерлеріне іс-қимыл бостандығын бермейді.

Орталықтандырылмаған  құрылым пайда мен инвестиция орталықтары бар болуымен сипатталады. Шығын орталықтарының менеджерлерімен салыстырғанда олардың басшыларының мол құқықтары мен міндеттері бар, кәсіпорын әкімшілігінің алдын-ала келісуінсіз шешімдердің едәуір бөлігін қабылдай алады.

Дегенмен орталықтандырылмаған жүйенің табысты жұмыс істеуі тым болмағанда, екі шартты сақтағанда болуы мүмкін:

    • жоғары мамандандырылған басқару құрамының бар болуы;
    • тұтастай ұйымның және оның жеке құрылымдық бөлімшелерінің мақсаттары мен мүдделерінің үндесуі.

Таңдалған ұйымдастырулық құрылым түріне қарамастан, тұтастай компанияны қаржыландыру үшін жауапкершілік, әдетте жоғары басшылықта болады.

 

 

2.3.Өндірістегі  басқару есебінің құрамдас бөліктері  мен принциптері.

 

Кәсіпорынның өндірістік ресурстары – талдаудың және қаржылық басқару есебінің объектілері. Өндіріс  процесінде жұмыс істейтін өндірістік ресурстардың құрамдас бөліктері статистикалық болып қалмайды, олар айналым жасайды, түрі өзгереді, өнімге айналады, үнемі қозғалыста болады, тозады және басқа өзгерістерге ұшырайды.

Нарыққа көшетін кезеңде  кәсіпорындар өндірістік ресурстарды  пайдалануды, оларға инвестициялаудың мақсатқа сәйкестілігін, инвестицияның табыстылығын сипаттайтын талдаушы ақпаратқа мұқтаж. Бұл міндеттерді басқару есебі шешеді, экономикалық жағынан дамыған елдерде бар практика осыны дәлелдейді.

Өндіріс құралдарының айналымының  барлық кезеңдерінде өндірістік ресурстар (жабдықтау-дайындау қызметі, өндіріс пен өткізу) жүйелі бухгалтерлік есепте көрініс табады. Алайда бұл көрсету ерекшелікті, ол қозғалысты (мысалы, кәсіпорын қоймаларындағы материалдық ресурстардың есебі,жабдықтаушыларындағы түсім мен өндіріске беру, цехтағы, цех қоймаларындағы материалдардың қалдығы), негізінде, ресурстардың жағдайы мен бар жоғына қатысты болады.

Материалдық ресурстар  мен негізгі қорлардың сақталуы үшін материалдарға жауапты адамдар  жауапкершілігі ғана қарастырылған. Өндірістік ресурстарды пайдалану тиімділігі үшін жауапкершілік жүктелмейді. Сонымен қатар бұл ресурстар кәсіпорынның әр түрлі саладағы қызметінің белгілі бір операцияларын атқаратын әр қилы құрылымдық бөлімшелерінде қолданылады. Мұндайда олардың әрқайсысына тиімділікті сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі сәйкес келеді.

Қаржылық есеп тұтастай кәсіпорын, өнім түрлері мен топтары, тапсырыстар бойынша өндіріске  жұмсалған материалдық, еңбек және қаржылық шығындар туралы ақпаратты  жинақтап қорытады.

Басшылардың хабардар болуы – басқарудың барлық төменнен жоғарыға дейінгі жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін арттырудың ең маңызды факторы.

Бұрын айтылғандай, қазіргі  жағдайда басқару есебін ұйымдастыру  мен жүргізу жөнінде өзіндік  шешімдер болуы мүмкін. Ішкі қажеттіліктер үшін есепке тіркеуді реттейтін құжаттардың болмауы, ұйымдастыру мен есептегі техниканың бар болуы өндірістік есепті басқару есебі етіп қайта құруға мүмкіндік береді.

Басқару есебінің жүйесін  жасағанда әрбір саланың тиімділігін  анықтаумен бөлінгісіз байланыстағы  іс-әрекет өрістері бойынша шығыстарды есептеу негіз қалаушы белгі болып шығады. Басқару есебін ұйымдастыруға деген мұндай көзқарас оның құрамдас бөлігі ретінде бөлінуіне жол береді:

  • жабдықтау-дайындау қызметі;
  • өндірістік қызмет;
  • қаржылық-өткізу қызметінің есебі;
  • ұйымдастыру іс-әрекетінің басқару есебі.

Басқару жүйесіндегі  жабдықтау – дайындау іс-әрекеті  басым орын алуы тиіс, өйткені  ол өндірісті алғашқы бөлу. Мұнда  мынадай бағыттар көрініс табады: көтерме сауданы ұлғайту, жекелеген  бұйымдар өндірісінің көлемін ұлғайту, сатып алу тәсілін таңдау ( өзі өндіру немесе жабдықтаушыдан сатып алу), кәсіпорынның айналым құралдарына және жабдықтау- дайындау бөлімшелеріне күрделі қаржы инвестициялаудың тиімділігі.

Осы мақсатпен жұмыс  түрлері мен қоймалар бойынша шығындар, материалдар бағасы, жартылай өнімдерді дайындаудың өзіндік құны, өндіріске берілген материалдық ресурстарды бағалау туралы ақпарат жиналады және жинақтап қорытылады. Процестер бойынша- алу, тиеу мен тасу, іріктеу мен сапалы бағалау, сақтау, жұмыс  орындарын қамтамасыз ету мен олардың орындалуын бақылау шығындарының сметасын жасауға ерекше рол бөлінеді.

Жабдықтау- дайындау қызметі  туралы қорытынды жиынтық ақпарат  жабдықтаудың ауыспалы көлемін есептеу  үшін қолданылады.

Өндірістік қызметтің  басқару есебі- басқару есебі  жүйесінің орталық буыны. Мұнда  мақсат міндетті іс бойынша жұмсалатын шығындары мен тәртіп туралы ақпарат  топтастырылған. Өндірістік есепте материалдық, еңбек және қосымша шығындарды мөлшерлеуге, сондай-ақ нақты болған және нормативті шығындарды көрсету тәсілдерін мөлшерлеуге (нормалауға) елеулі рөл бөлінеді. Мұндайда өндірістік есеп шығындар мен калькуляциялауды есептеудің бірыңғай процесі ұйымдастырылады.

Әрбір кәсіпорын технология, техника, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, шығарылатын өнімнің күрделілігі номенклатура ерекшеліктерін тиісті тәсілдерді қолдана отырып, өндіріс есебін ұйымдастыру үлгісін таңдай алады. Есептің бұл тарауында басқарудың әр түрлі мақсаттарына арналған өнімдердің өзіндік құны анықталады.

Қаржы - өткізушілік іс-әрекеттің  есебі көмегімен өнімнің ассортименті, оның пайдалылығы, нарықтық тенденциялар жарнамаға, маркетингке, буып-түю, орауға, дайын өнім қоймасында сақтау мерзімі  мен сапасы туралы ақпарат жиналады, өңделеді және қалыптасады. Бөлімдер мен қаржы-өткізу іс-әрекетінің сегменттері бойынша шығыстар сметасы жасалады және оларды орындау барысы бақыланады. Есептің бұл учаскесінде өндіріс үшін ең пайдалы өнім, тұтастай өндіріс көлеміне де, жеке өнімдерден де түсетін материалдық кіріс мөлшеріне әсер ететін факторлар анықталады.

Басшыларға қысқа мерзімде пайданы өте көп шамада көбейтуге  мүмкіндік беретін шешімдерді қабылдау үшін ақпарат беріледі.

Ұйымдастырушылық іс-әрекеттің  басқару есебі талаптарын қанағаттандыру үшін басқарудың әр түрлі деңгейіндегі менеджерлердің өзіндік шығындары, трасферттік бағаларды қалыптастыру принциптері, мамандандырудың орынды деңгейі «шығындар-шикізат өңдеу көлемі-пайда» принципін қолданатын өндірістік бөлімшелерге қатысты негізділікті, бөлімше мөлшерін таңдаудың дұрыстығы туралы ақпарат қажет.

Мұнда ұйымдастыру қызметі  туралы шығыстар сметасы жасалып, атқарылуы  бақыланады: өндірістің ауыспалы көлемі, өзгермелі және тұрақты шығыстар, трансферттік бағалардың өзіндік құнының, пайданың есептік-талдамалы есептеулері жүргізіледі. Есептің бұл тарауы жауапкершілік орталықтары- рентабельділік шығындары бойынша жиынтық ақпаратты қалыптастырады.

Басқару есебінің барлық құрамдас бөліктері өзара байланысқан, оларда жасалатын ақпараттар тізбесі  кәсіпорындағы басқару есебі  мен тұтастай басқару жүйесінің ұйымдастырылу және жетілдіру деңгейін сипаттайды.

Басқару есебінің принциптеріне  мыналар жатады: кәсіпорын қызметінің үздіксіздігі; жоспарлау мен есептеу (жоспарлы-есептік) үшін кәсіпорын бөлімшелерінің іс-әрекет нәтижелерін бағаларын өлшеу бірдей бірлігін пайдалану; басқару мақсатымен алғашқы және аралық ақпараттың жалғастығы, сабақтастығы және бірнеше рет пайдалану; ішкі есеп беру көрсеткіштеріне басқару деңгейлері арасындағы қатынастық байланыс негізі ретінде қалыптастыру; шығындарды, қаржыны, коммерциялық қызметті басқарудың бюджеттік (сметалық) тәсілдерін қолдану; есеп объектілері                                                                                         туралы тура ақпаратты қамтамасыз етудің толықтығы мен талдаушылығы; есеп саясаты белгіленген кәсіпорынның өндірістік және коммерциялық   циклдарын көрсететін мерзімділік. Аталған принциптердің жиынтығы басқару есебі жүйесінің ықпалдылығын қамтамасыз етуі, бірақ есептік процесті бір ізге салмайды.

Кәсіпорын қызметінің үзіліссіздігі кәсіпорынның болашақта дамитындығын білдіретін, өндіріс ауқымын қысқаратын және өзінен-өзі тарайтын ниеті жоқтығымен бейнеленеді. Бұл принцип бухгалтерлерді ұзақ мерзімді проблемаларды шешуге; өнімді өндірудің бәсекеге қабілеттілігін талдау, шикізатпен материалдарды, ассортиментті өзгерту мен жаңа өнімді игеру, инвестициялар және т.с.с. ақпараттық қызмет етуді жасауға бағыттайды.

Өндірісті жоспарлау  мен есептеуде бірыңғай жоспарлы-есептік  өлшем бірліктерін пайдалану, олардың  арасындағы тікелей кері байланысты қамтамасыз етеді.

Жоспарлы-есептік бірліктер  жедел (оперативті) өндірістік жоспарлау  жүйесінің әр түрлі деңгейіндегі мәнін ашады, олардың көмегімен  өндірістің басқару есебі мен  шығындардың бухгалтерлік есебі  көрсеткіштердің өзара тығыз байланысына негізделген барлық есеп жүйесінің методологиясын әзірлеу үшін, жекелеген құрылымдық бөлімшелердің шаруашылық жүргізу нәтижелерін анықтау үшін нақты мүмкіндіктер пайда болады.Өндірістің басқару есебінің жоспарлы-есептік бірліктері мен бухгалтерлік есеп қолданылатын, қоймаға тапсырылған дайын өнімді өлшеу бірліктері бірдей. Солар арқылы басқарумен орындалған тапсырыстардың қаржылық есептері арасында байланыс байқалады.

Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері қызметінің нәтижелерін  бағалау – басқару есебі жүйесін құрудың негізін қалайтын принциптердің бірі. Кәсіпорындағы ұйымдастыру формаларының бір-біріне ұқсамайтын барлық өзгерістері болсада , басқару есебі оперативті-өндірістік және техникалық-экономикалық жоспарлау мен байланысты болуға тиіс. Басқару есебі жоспарлау мен бақылау жүйесі мен біріккенде цехтың, участоктың, бригаданың шаруашылық жүргізу механизмін білдіреді. Іс-қызмет нәтижелерін бағалау әрбір бөлімшенің өндірісте өнімде өткізуге дейінгі кәсіпорынның пайдасын қалыптастыру тенденциялары мен келешектерін анықтауды көздейді.

Кәсіпорынның шаруашылық тетігі бөлімшелердегі және олардың  ішіндегі оралымды басқару қажеттіліктеріне бейімделуге тиісті.

Алғашқы мәліметтерді жинау, өңдеу және тарату процесінде сабақтастық  пен көп қолданыс принциптерін сақтау есеп жүйесін қарапайымдандырады және оны тиімді етеді, аз шамадағы мәліметтерден басқару шешімдеріне арналған ақпараттың ең көп қажетті санын (аз шығын-бухгалтер – талдаушының алдына қойылған мақсатты шешуде атқаратын зор маңызы) алуға мүмкіндік береді.

Басқару есебі алғашқы  бастапқы есеп мәліметтері бойынша  ішкі есеп берудің көрсеткіштерін соншалықты қалыптастыру мүмкіндіктеріне ие болғандықтан, олар кәсіпорын ішіндегі қатынас  жүйесіне айналады. Есептік ақпарат  алғашқы құжаттарда негізгі және қосалқы цехтардың есебінде нолдік деңгейде пайда болады, бірінші деңгейде ақпарат жабдықтау бөлімінің, ішкі кооперация , өндірістік бөлімшелердің, бухгалтерияны өткізу және қаржылық бөлімдерінің, қойма шаруашылығының құрама құжаттарында топтастырылады. Кейінгі деңгейлерде завод басқармасының (бас конструктордың, бас технологтың, бас механиктің, кадр, өндірістік бөлімдерінің және т.с.с.) бөлімдеріндегі есептік құрама құжаттаманы жинақтап қорыту мен қалыптастыру жасалады.

Информация о работе Өндірістік есепті ұйымдастыру