Инвестиция есебі
Реферат, 26 Февраля 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Қаржылық инвестиция есебі» болып табылады. Бұл тақырыпты таңдаған себебім, қазіргі кезде Қазақстан
Республикасының экономикасына инвестицияны жұмылдыру, әсіресе отандық және шетелдік инвесторларды тарту өзекті мәселе болып отыр. Жалпы Қазақстан Республикасының экономикасын көтеру үшін белгілі бір бағытта ақша қаражаттарын салуды қажет етеді. Былай делінген: «Қазақстанда ең жоғарғы деңгейдегі осы заманғы клиникалар құру мен оларды басқару үшін шетелдік жетекші компанияларды тарту қажет» .
Содержание
КІРІСПЕ: ............................................................................................5
I.Негізгі бөлім: Инвестиция есебі...................................................6
Инвестиция түсінігі және жіктелуі........................................6
Инвестицияның бағалануы...................................................10
II. Бөлім: Қаржылық инвестиция есебі......................................17
2.1 Қаржылық инвестиция есебі...............................................17
2.2 Қаржылық инвестицияның бағалануы және қайта
бағалануы...........................................................................................30
2.3 Инвестицияның синтетикалық есебі ..................................39
Қорытынды: .....................................................................................43
Қолданылған әдебиеттер тізімі: ....................................................44
Қосымша: ..........................................................................................45
Работа состоит из 1 файл
айдархан.docx
— 74.84 Кб (Скачать документ)
КІРІСПЕ: ..............................
I.Негізгі бөлім:
Инвестиция есебі..............
- Инвестиция түсінігі және жіктелуі......................
..................6 - Инвестицияның бағалануы.....................
.............................. 10
II. Бөлім: Қаржылық
инвестиция есебі..............
2.1 Қаржылық
инвестиция есебі..............
2.2 Қаржылық инвестицияның бағалануы және қайта
бағалануы.....................
2.3 Инвестицияның
синтетикалық есебі ...........
Қорытынды: ..............................
Қолданылған
әдебиеттер тізімі: ..............................
Қосымша: ..............................
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Қаржылық инвестиция есебі» болып табылады. Бұл тақырыпты таңдаған себебім, қазіргі кезде Қазақстан
Республикасының экономикасына инвестицияны жұмылдыру, әсіресе отандық және шетелдік инвесторларды тарту өзекті мәселе болып отыр. Жалпы Қазақстан Республикасының экономикасын көтеру үшін белгілі бір бағытта ақша қаражаттарын салуды қажет етеді. Былай делінген: «Қазақстанда ең жоғарғы деңгейдегі осы заманғы клиникалар құру мен оларды басқару үшін шетелдік жетекші компанияларды тарту қажет» .
Қазақстандық бизнес қазірдің
өзінде аяғынан нық тұрды, өзінің
әлеуметтік жауапкершілігін пайымдай
бастады және өз қызметін соған сәйкес
құруда. Бұл істе ұлттық компаниялар
мен ірі инвесторлар
Олар қысқа мерзімді (12 ай ішінде айналымда болатын) және ұзақ мерзімді (12 айдан астам мерзім) болып танылады.
Қаржылық инвистициялардын есебі ХҚЕС сәйкес №32 <<Қаржылық құралдар: танылып және ақпарат беру>>, №39 <<Қаржылық құралдар:мойындауы және бағалануы>>,және №2 ҰҚЕС стандартында қарастырылған.
Қаржылық инвистициялардың
ақпараттау барысында бухгалтерлік есеп
шоттарының жұмыс жоспарында 1 және 2 бөлімдерінде
1100-1150, 2000-2040 шоттар қарастырылған.
1.1 Инвестиция түсінігі және жіктелуі
Инвестициялар деп өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субьектісіне мүліктей, заттай, сондай ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.
Жалпылай алғанда, инвестиция дегеніміз бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі-уақыт, ал екіншісі-тәуекелділік (тәуекелге бару).
Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.
Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның,
яғни таза табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі саналады.
Басқаша айтатын болсақ, инвестиция көзі-жаңадан жасалынған құн немесе таза табыстың сақталатын бөлігі болып табылады.
Шаруашылық субьектілері немесе кәсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен, өзін-өзі қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды. Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақты және қаржылық инвестиция болып екі түрге бөлінеді.
Нақты инвестиция дегеніміз
– шаруашылық субьектісіндегі белгілі
бір материалдық, өндірістік қорлардың,
яғни активтердің (жер, жабдық, құрылыс)
өсуіне, дамуына жұмсалыну үшін салынатын
салымдар болып табылады. Қаржылық инвестициялар — бұл
Барлық бағалы (құнды)
кағаздар екі топка бөлінеді
— ақшалай және күрделі (
(бір жылдан аспайтын уакытқа) беріледі.
Инвестиция мыналарға бөлінеді:
- үлестік – жай және артықшылықты акциялар ;
- борышқорлық –облигациялар, қазыналы вексель, депозиттік сертификаттар және т.б.
Инвестиция көздері:
а) жаңадан жасалған құн (таза табыстың жиналған бөлігі );
ә) амортизацияның қорлануы
(накапливаемая амортизация);
б) кредиттік ресурстар.
Инвестицияны мына топтарға жіктеуге болады:
1.Жұмсау мерзімі бойынша:
- қысқа мерзімді –бір жылға дейін иемдену мерзімі (бұл еркін ақшалай қаражатты уақытша орналастыру мақсатында оңай өткізілетін бағалы қағаздардағы компанияның инвестициясы);
- ұзақ мерзімді –бір жылдан көп иемдену мерзімі;
- мерзімсіз инвестициялар.
Ұзақ мерзімді және мерзімсіз инвестициялар-
бұл қосымша пайда алу
2. Тағайындалуы бойынша:
- қаржылық-құнды қағаздарға жұмсау;
- нақты (мүліктік жұмсау)- субьектінің негізгі капиталына жұмсау және материалдық-өндірістік қордың өсуіне жұмсау.
3. Шығу тегі бойынша- бірінші, екінші.
4. Болу формасы бойынша- құжаттық, құжатсыз.
5. Ұлттық тегі бойынша- отандық, шетелдік.
6. Қолдану түрі бойынша-
7. Иемдену қатары бойынша- жеке, жалпы.
8. Шығарылым формасы бойынша-
9. Меншік формасы бойынша-
10. Айналыс сипаты бойынша- нарықтық, нарықтық емес.
11. Тәуекелдік деңгейі бойынша-
Тәуекелдік түрлерін мынаған бөлуге болады:
- капиталды тәуекелдік – бұл барлық жұмсалымға арналған жалпы тәуекелдік, инвестор өзінің инвестициясын ысырапсыз қайтара алмайтын, толық босатып ала алмайтын тәуекелдік;
- уақытша тәуекелдік- міндетті түрде ысырапқа ұшырататын қолайсыз уақыттағы инвестицияны сату және сатып алуға байланысты тәуекелділік;
- заңдық өзгерістер тәуекелділігі- шығын мен ысырапқа ұрындыруы мүмкін тәуекелдік;
- өтімділік тәуекелділігі(риск ликвидности)- инвестицияны өткізу барсындағы болуы мүмкін ысырапқа ұрындыратын тәуекелдік;
- нарықтық тәуекелдік- нарықтың жалпы құлдырауы мен байланысты инвестиция құнының төмендеуінен ысырапқа ұрындыратын тәуекелдік;
- кредиттік және іскерлік тәуекелдік- борыштық құнды қағаздар шығарушы (эмитент) негізгі қарыз сомасын немесе сол бойынша сыйақы төлеуге жағдайын болдырмайтын тәуекелдік;
- пайыздық тәуекелдік- нарықтағы пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне байланысты инвесторға ысырап әкелуі мүмкін тәуекелдік;
- валюталық тәуекелдік- шет елдік валютадағы инвестициямен байланысты тәуекелдік.
12. Қолма-қол табыс бойынша-
13. Қаражатты жұмсау формасы
- борыштық – құнды қағаздардағы немесе міндеттердегі инвестиция;
- иелі үлестік (владельческие долевые)- нарықты субьектінің капиталындағы үлестер немесе уақытша шектеулермен байланысы жоқ (еншілес және тәуелді компаниялардағы инвестиция) мүліктегі үлес;
- жеке жобалар (кенішті игеру).
14. Экономикалық мәні (құқық түрі) бойынша- мүліктік, міндеттік.
15. Халықаралық стандарт бойынша бухгалтерлік есепте инвестиция мыналарға бөлінеді:
- №27 ХҚЕС « Бірлескен қаржылық есеп және еншілес компанияларға инвестицияның есебі»;
- №28 ХҚЕС «Қаумдастырылған компанияларға берілген инвестицияларды есепке алу»;
- №39 ХҚЕС « Қаржы құралдарды: тану және бағалау»;
- № 40 ХҚЕС «Жылжымайтын мүлік инвестициясы».
Бұған қоса, инвестиция мыналарға бөлінеді:
- тікелей- басқа субьектілердің жарғылық капиталындағы инвестициялар;
- портфельдік- субьект иелігіндегі құнды қағаздар жиынтығы;
- венчурлік (тәуекелшіл)- жаңадан пайда болған субьектілердегі (мұнай және газ компаниялары, ғылыми-техникалық жобалар) тәуекелді және тез өтелімді инвестициялық салым ақшалар.
1.2 Инвестицияның бағалануы
Инвестиция мына 2 әдіске салынады:
- Үлестік қатысу әдісі;
- Құндық әдіс (немесе құн әдісі).
Үлестік қатысу әдісі - бұл әдіс бойынша инвестиция сатып алған кезде сатып алынған күні бойынша есептелінген, кейін тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза активіндегі өзгерістерді инвестордың үлесінің мойындалуына қарай оның, яғни инвестицияның құны өсіп немесе кеміп отырады.
Инвестордың тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза табысындағы немесе зиянындағы үлесінің өзгеруі оның қаржы шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есебінде табыс немесе зиян ретінде мойындалады. Үлестік қатысу әдісін қолданған жағдайда инвестицияның баланстағы құны инвестициялардың тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза табысындағы немесе зиянындағы үлесінің мойындалған бөлігінде өсіп немесе кеміп отырады және де ол табыс немесе змян ретінде танылады.
Үлестік қатысу әдісі-инвестицияларды иеленген мезетте сатып алу құнымен көрсетіп, кейінірек тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза активтеріндегі өзгерістерде инвестордың үлесі мойындалуына байланысты олардың құнының өсуімен (кемуімен) есепке алу әдісі. Тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза кірісінде (шығысында) инвестор үлесінің өзгеруі қаржылық-шаруашылық қызмет туралы есептегі табысқа (шығынға) жатқызылады.
Тәуелді шаруашылық серіктестігінің жинақталған таза табысының жалпы сомасынан тиісті дивидендттер инвестициялардың баланстық құнын кемітеді.
Егер де инвестордың салған инвестициясының баланстық құны тәуелді шаруашылық серіктестеріндегі алған зиянына тең немесе артық болса, онда мұндай зияндар келешекте есепке алынбайды. Инвестицияның нөлдік құны бойынша көрініс табады.
Тәуелді шаруашылық серіктестігінің активтерінің қайта бағалауына байланысты инвестордың үлесінің өзгеруі инвестициялардың баланстық құнын көтереді (кемітеді) және ол меншік капиталының бөлімшесінде көрсетіледі.
Инвестор өзінің тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза табысында үлестік қатысын қайта жаңғырту үшін таза табыс пен таза шығындар тең болуы керек.
Егер де тәуелді серіктестіктердің
“Топар” АҚ қоғамы “Арко” АҚ-ның 33%және “Күнгей” АҚ-ның 28% акциясын сатып алған, сол сатып алынған акцияға сәйкес олардың құны: 3110 мың теңге және 4600 мың теңге құраған.