Қазақстанның инвестициялық саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 17:21, курсовая работа

Описание

Инвестиция - пайда табу, дивиденд алу не болмаса басқандай кіріс кіргізу мақсатыменкәсіпорындарға, құрылыс жұмыстарына, ауыл шаруашылық өндірістеріне ұзақ мерзімдік күрделі қаржы, немесе құнды қағаз жұмсау.
Күрделі қаржыны жұмсау орнына байланысты инвестиция:
• ішкі (өз елінде пайдаланатын), сыртқы (шет елге шығарылатын) болып бөлінеді. Ішкі инвестициялар нақтылы және қаржылы болып бөлінеді;

Содержание

І. Кіріспе ..................................................................................................... 3
ІІ. Негізгі бөлім
1. Экономикалық ой және инвестиция ........................................... 4
2. Қазақстанның инвестициялық саясаты ...................................... 9
3. Тікелей шет ел инвестициялары ................................................ 17
4. Инвестициялық қорлардың бөлінуі............................................. 20
ІІІ. Қорытынды ........................................................................................... 27
Қолданылған әдебиеттер тізімі............

Работа состоит из  1 файл

реферат.docx

— 53.65 Кб (Скачать документ)

- меншік акцияларды  сату және сатып алудың пирамидалық жүйесін құруға;

- таза активтердің 10%-нан артық мөлшерде кепіл зат мәмілесін жасауға және кез-келген кепілдіктер мен басқа да шектеулер беруге.

 Портфельді басқару – бұл инвестициялық қорлардың инвестициялық декларациясына сәйкес компания басшысының нысаналы қызметі. Компанияның басшысы бағалы қағаздардың ұлттық уәкілетті органдарының берген лицензиясы бар және инвестициялық қормен оны басқару туралы жасалған шарт негізінде жұмыс істейтін заңды тұлға болуы мүмкін.

 Қаржы нарығының ажырамас бөлігінің бірі бағалы қағаздар нарығы (БҚН) болып табылады. Инвестицияны (Бағалы қағаздарды) есепке алуды қарастырмас бұрын инвестиция, инвестор, эмитент т.с.с. түсініктерді анықтау керек.

 Эмитенттер –  бұл нақты өндірістік немесе әлеуметтік жобаларды қаржыландыру үшін қаражаттарды тарту мақсатында бағалы қағаздар шығаратын және бағалы қағаздардың иеленушілерінің алдында өз атына міндеттемелер алатын субъектілер.

 Бағалы қағаздар акциялар, облигациялар, туынды бағалы қағаздар, сонымен қатар Қ.Р. заңыеа сәйкес бағалы қағаздардың статусы бар ипотекалық куәліктер, коносаменттер және құжаттардың басқа да түрлері болып табылады.

 Мемлекеттік бағалы қағаздар – бұл Қ.Р. Үкіметі мен Ұлттық Банкінің ішкі және сыртқы борыштық міндеттемелері. Үкімет Қаржы Министрлігінің атынан бюджет тапшылығын инфляциялық емес жабу мақсатында мемлекеттік борыш шегінде бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асырады. Ұлттық банк айналыстағы ақша массасын реттеу мақсатында бағалы қағаздарды эмиссиялайды.

 Қазіргі уақытта Қаржы Министрлігі мемлекеттік ішкі заемнің ұлттық жинақ облигацияларын, айналыс мерзімі 3, 6, 9,12 айлық мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер, айналыс мерзімі 1 жыл және одан жоғары индекстелген қазынашылық міндеттемелерін , айналыс мерзімі 5 жылдық арнайы мемлекеттік валюталық облигацияларын, Ұлттық Банк – қысқа мерзімді валюталық ноталар, айналыс мерзімі 90 күндік қысқа мерзімді ноталар шығарады.

 Муниципалдық бағалы қағаздар – бұл жергілікті атқарушы органдардың қарыз міндеттемесі. Ол жергілікті бюджетпен және коммуналдық меншікпен кепілдікбереді. Муниципалдық бағалы қағаз аймақтық әлеуметтік бағдарламаны орындау мақсатында шығарылады. Ол құрылыс, ауруханалар мен бала-бақшасын және үйлер мен мектептерді, жолдарды жөндеу, керекті мүліктер сатып алу үшін пайдаланады.

 Кооперативтік  бағалы қағаздар – субъектінің заңға сәйкес жарғылық капиталды қалыптастыру немесе шаруашылық қызметін іске асыру үшін қаражаттарды тарту мақсатында шығаратын бағалы қағаздары.

 Инвесторлар – ұзақ мерзімді пайдаланылатын активтер құру, өз қаражаттарын инфляциядан сақтау мен акциядан дивиденд түрінде, облигациялардан сыйақы түрінде табыс алу мақсатында өз қаражаттарын бағалы қағаздарға салатын субъектілер.

 Егер эмитенттер  – меншік және айналысатын қызметімен сала түрлеріне қарамастанәр уақытта тек заңды тұлғалар болса, инвесторлар өз алдына 2 топқа бөлінеді:

1. Жеке инвесторлар,  яғни жеке және заңды тұлғалар;

2. Институттандырылған инвесторлар, яғни қаржы институттары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қорлары, сақтандыру ұйымдары т.б.

 Инвестициялық мақсаттарын шешуге байланысты төте және портфелдік инвесторларға ажыратылады.

 Венчурлік инвесторлар  – қауіпті тәуекелге байланысты және тез қайтарымды күрделі салым инвесторлары. Бұл жаңа құрылып жатқан мұнай және газ компанияларына, жаңа компьютерлік жүйелер мен бағдарламалық өнімдерге, технологияларға т.б. салынатын салымдар.

 Төте (тура) инвесторлар - белсенді басқару және табыс табу мақсатымен шаруашылық субъектісінің жарғылық капиталына қаражаттарын тура салатын инвесторлар.

 Портфельдік инвестициялар  – қауіпті тәуекелдік жағдайында өте жоғары табыс алуды қамтамасыз ету немесе төменгі тәуелділікпен белгіленген нормадағы табыс алу мақсатында активтерін тиімді үйлестіре отырып орналастыру, яғни әртүрлі санды инвестицияларға иемдене отырып оптималды табыс табу.

Информация о работе Қазақстанның инвестициялық саясаты