Аудит жүргізуді ұйымдастыру және оның негізгі кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 15:38, курсовая работа

Описание

Оқытушылық, ғылыми және өзге де қызметті қоспағанда, аудиторлардың кәсіпкерлік қызметтің басқа түрлерімен айналысуына тыйым салынады.
Курстық жұмыстың міндеттері. Жұмыс мақсатына байланысты мынадай міндеттерді қарастыруға болады:
- аудиторлық қызметтің мәні, принциптері, түрлерін;
- аудиторлық қызметті жүзеге асыруды;
- аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігін т.б. зерттеу.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
І. Аудит жүргізуді ұйымдастыру
1.1 Аудиторлық қызметтің мәні, принциптері, түрлері...........................................5
1.2 Аудитор, аудиторлық ұйымдар мен аудиторлар палатасы...............................9
1.3 Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау және аудиторлық қызметті лицензиялау................................................................................................................11
1.4 Аудиторларға және аудиторлық ұйымдарға лицензия беру...........................12

ІІ. Аудиторлық қызметті жүзеге асыру
2.1 Аудит жүргізу шартты, аудиттің стандарттары...............................................14
2.2 Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі...........................................................................................................15
2.3 Аудит жүргізу құқығын шектеу.........................................................................16
2.4 Аудит жүргізу сатылары.....................................................................................18

ІІІ. Аудиторлық қызметті ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесі
3.1 Аудиторлық қызметті ұйымдастырудың алыс шетелдегі тәжірибесі...................................................................................................................21
3.2 Аудиторлық қызметті ұйымдастырудың жақын шетелдегі тәжірибесі...................................................................................................................24

Қорытынды.................................................................................................................30
Қолданылған әдебиеттер...........................................................................................33

Работа состоит из  1 файл

Курстық Жұмыс Умбетова Г..doc

— 166.50 Кб (Скачать документ)

Аудиттелетін субъектінің:

аудитордан немесе аудиторлық ұйымнан аудит жүргізуге қатысты заңдардың талаптары туралы егжей-тегжейлі аппарат алуга;

аудитордың немесе аудиторлық ұйымның ескертпелері мен қорытындыларына негіз болған нормативтік құқықтық актілермен танысуға;

аудитордан немесе аудиторлық ұйымнан қаржылық есептіліктің және өзге де құжаттардың қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келмейтіні анықталғаны туралы ұсыныстар, ақпарат алуға;

аудиторлар немесе аудиторлық ұйымдар шарт талаптарын бұзған жағдайда олардың көрсететін қызметінен бас тартуға құқығы бар.

Аудиттелетін субъектінің міндеттері

1. Аудиттелетін субъект:

1) аудиторға немесе аудиторлық ұйымға уақтылы және сапалы аудит жүргізу үшін жағдай жасауға, қажетті құжаттамаларды табыс етуге, ауызша немесе жазбаша түрде түсіндірме және түсінік беруге;

2) егер шартта өзгеше көзделмесе, аудитке тиісті мәселелер ауқымын шектеу мақсатында аудитордың немесе аудиторлық ұйымның қызметіне араласпауға;

3) аудитордың немесе аудиторлық ұйымның талап етуі бойынша қажетті ақпарат алу үшін үшінші бір тұлғалардың атына өз атынан жазбаша сауал салуға міндетті.

2. Аудитордың немесе аудиторлық ұйымның шарт бойынша міңдеттемелерден туындайтын талаптарын орындау аудиттелетін субъект үшін міндетті.

Аудиттелетін субъектінің жауапкершілігі

1. Аудиттелетін субъект аудиторға немесе аудиторлық ұйымға аудит жүргізу үшін берген құжаттар мен басқа да ақпараттың толықтығы мен дұрыстығы үшін жауапты болады.

2. Занды тұлғаның міндетті аудит жүргізуден жалтаратын не оны жүргізуге кедергі жасайтын басшысы Қазақстан Республикасының зандарында сәйкес жауапты болады.

3. Аудит жүргізу аудиттелетін субъектіні табыс етілген қаржылық есептіліктің және өзге де құжаттардың Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келмегені үшін жауапкершіліктерін босатпайды.

Аудиторлар, аудиторлық ұйымдар арасында, сондай-ақ олар мен олардың аудиттелетін субъектілер арасында туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.

1. Осы Заң күшіне енгенге дейін берілген лицензиялар мен біліктілік куәліктері жарамды болады.

2. Осы Занда көзделген Біліктілік комиссиясы құрылғанға дейін біліктілік куәліктері осы Заң күшіне енгенге дейін қолданылған тәртіп пен шарттарда беріледі.

 

2.4 Аудит жүргізу сатылары

 

Аудит жұмысы - бір жүйеге келтірілген белгілі құжаттар арқылы сатылып жүргізілетін тиянақты жұмыс.

Аудит теориясында оның жүргізілуі бірнеше сатыға бөлінеді:

Бірінші сатысы: Жалпы қарастыру. Тапсырушылармен жұмыс істеу, аудитор ұйымдары үшін шарт жасау кезеңінен басталады. Олай дейтін себебіміз: аудитор ұйымы өзінің тапсырушының аудит жүргізерден бұрын оның қаржы-шаруашылығына толық зерттеу жасап, алдын-ала өз пікірін тұжырымдайды. Сонымен қатар нақты материалдарға сүйене отырып, оның маркетинг жұмысын, құрал-жабдықтық жағдайын, өндірістік жағдайын, өнім сату процесін толық зерттейді.

Екінші сатысы: Алдын-ала танысу (зерттеу). Аудитор ұйымы шарт жасасқан шаруашылық субъекгісі мен аудит жұмысын бастаудан бұрын оның қаржы-шаруашылық жағдайымен танысу мен зерттеуден бастайды. Осы кезде аудитор субъектінің қаржы есебін басылымға шыққан көрсеткіштерін зерттеп қана қоймай, сол субъекті туралы әр түрлі сұрастырулар жүргізеді (анкеталық қарастыру). Яғни, субъект шаруашьшығы күрделі болса оны зерттеу, танысу процесі де күрделі болады. Аудит жұмысын сәтті, жедел, тиімді жүргізу үшін танысу, зерттеу жұмысын өте тиянақты, жан-жақты жүргізу қажет. Танысу, зерттеу процесін жүйеге келтіретін болсақ оның өзі де күрделі жұмыс.

Аудит жұмысын сәтті жүргізу үшін аудитор алдымен сол субъектінің құқықтық құжаттарын толық зерттеуі қажет. Ол оның жарғылығы, құрылтайшаларымен келісім-шарты, мемлекеттік тіркеу куәлігі, сыбайлас кәсіпорындары мен келісім-шарты, өз шаруашылығы туралы және шет елмен қатынасқа лицензия куәлігі, тағы басқа құжаттары. Одан кейін сол субъектідегі бухгалтерлік жұмысын ұйымдастыру тәртібін, қаржы есебін жасау әдістерін қарастыру қажет. Сонымен қатар шаруашылық субъектілерінің технологиялық ерекшелігіне сәйкес шаруашылық операцияларын құжаттау ерекшеліктерін, бухгалтерлік есеп мамандарының, әрбір цех басшыларының біліктілік деңгейлерін зерттеу қажет.

Осы айтылған танысу - зерттеу процесінен кейін аудитор тапсырушы субъект басшысымен жүргізілетін аудит жұмысы туралы пікір алысып, нақты аудит объектісі туралы мақсаттарына келісу қажет. Содан кейін аудит жұмысынын бағдарламасын жасайды.

Үшінші сатысы: Аудит жұмысына бағдарлама.

Қандай жұмыс болмасын оның тиянақтылығы және жүйелі орындалуы үшін сол жұмысқа бағдарлама, жоспар жасауы қажет. Қазақстанның аудит стандарты (7-шісінде) аудит жұмысының жоспарлануы, оның тиімділігін, сапалылығын және белгіленген уақытта орындалатындығын атап көрсеткен. Аудит жұмысының бағдарламасын жасау дегеніміз оның мағынасын және мақсатын тапсырушы талабына сәйкес, оның шаруашылық процесін түгелдей қарастырып тексеру жасауды тиянақты жүргізуге негіз болады. Аудит бағдарламасында аудит объектісі түгелдей анықталуы қажет.

Бағдарламаның түрі мен мазмұны шаруашылық субъектісінің технологиялық ерекшелігіне сәйкес, аудит жұмысының объектісіне байланысты, аудит методологиясы мен аудит қолданатын техникалық әдісінің түріне қарай әр түрлі болады.

Жалпы бағдарламада қарастырылатын мәселелер:

-   тапсырушы субьектінің шаруашылық жағдайын түгелдей зерттеу

есеп саясатының негізін және ішкі аудит жұмысының негізін анықтау

аудит мазмұнына жоспар жасау және аудит көлемін, орындалатын мерзімін анықтау

аудитор  тобының жұмысына  жүйелі  түрде   басшылық жасауды ұйымдастыру. Аудит бағдарламасында шаруашылық субъектісінің есеп саясаты ерекше орын алады. Біріншіден, есеп саясаты субъектілеріндегі бухгалтерлік есепті ұйымдастыру негізін құрайды. Оның ішінде өте күрделі бухгалтерлік есеп жұмысындағы материалдар есебі, еңбек ақы төлеу принциптері, өндіріс өнімінің өзіндік құнын анықтау әдісінің өндіріс процесінің есебін ұйымдастыру жұмыстарын жан-жақты қарастырады.

Екіншіден, есеп саясаты субъектісінің қаржылық есептерінің мазмұнын анықтайды, сонымен қатар оның бухгалтерлік есебін, салықтық есебін жүргізу жолын бір жүйеге келтіріп, салық төлеу жолын, онын мерзімін уақтылы салық мекемелерімен есеп-анықтау жолын, әдісін бекітеді.

Үшіншіден, есеп саясаты бухгалтерлік есеп процесіндегі құқылық негіздеріне жаңа есеп жоспар заңына есеп стандартына, аудит стандартына мемлекет есеп заңына тағы басқа нормативтік құжаттарға талдау жасап, сол субъектінің технологиялық ерекшелігіне сәйкес есеп саясатының мазмұнын анықтайды.

Енді аудит бағдарламасының мазмұнын қарастырамыз: шаруашылық субъектісінің технологиялық ерекшелігіне байланысты аудит жұмысының көлемі, оның күрделілігі аудит тобының жұмысына нақты талап, міндеттер қояды. Сондықтан, аудит жүргізуші өз жұмысының бағытын, әр бір аудитордың міндетін, жұмыс көлемін анықтауы қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Аудиторлық қызметті ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесі

3.1 Аудиторлық қызметті ұйымдастырудың алыс шетелдегі тәжірибесі

 

Аудиторлық қызметті ұйымдастырудың алыс шетелдегі тәжірибесі туралы анықтама берген авторларды қарастыратан болсақ, Англия ғалымы Рой Додж өзінің "Краткое руководство по стандартам и нормами аудита" кітабында "аудит - тәуелсіз, дербес тексеру және табыстылық ақпарат туралы өз пікірін айту", - деп анықтама берген. Басқа бір Англиядағы белгілі бухгалтерлік есеп, аудит маманы Роджер Адамс "Аудит негізінде кәсіпкерлік ретінде қызмет көрсету, қоғам үшін өте қажет мәліметтердің дұрыстығын анықтаумен, кәсіпорынның табыстылық ақпаратын тексеріп, басылымға шыққан мәліметтердің шындығын анықтау" - деп анықтама берген.

Америкалық профессор Джек Робертсон өзінің монографиясында "Аудит - ол кәсіпорын ақпаратындағы мәліметтердің, пайдаланушылар үшін табыстылық ақпарат көрсеткіштеріндегі мәліметтік күдікті барынша азайту" - деп анықтама береді. Осы аты аталған үш автордың ойын қорытындылайтын болсақ, Англиялық аудит және есеп маманы Роджер Адамс өз анықтамасында аудиттің мағынасына қоғамдық тұрғыдан қарайтынын көрсетеді. Бұл ойдың мемлекеттер үшін, әр елдің экономикасының дамуына аудит жұмысының атқаратын рөлін өте жоғары деп бағалау. Себебі, аудит кәсіпорын шаруашылығының тиянақты дамуына кепілдік беретіні анық. Яғни, кәсіпорындардың тиянақты дамуы қамтамасыз етілген жағдайда ол елдің экономикасы даму жолында болады деген сөз.

Белгілі, АҚШ-тың аудит теориясын және аудит жұмысының даму жолына көп еңбек сіңірген профессор Джек Робертсон екі анықтама береді. Оның біреуінде жоғарыда айтылған "мәліметтік күдік" - деген түсініктің мазмұнын бухгалтерлік есеп, аудит тұрғысынан қарастыратын болсақ, ол бухгалтерлік есеп жасауда жіберілген қателердің салдарынан мәлімет пайдаланушылардың кәсіпкерлігіне зиян келтіру әсерін айтады. Яғни, аудитордың міндеті сол "Мәліметтік күдікті" бар мүмкіншілігінше азайтып, кәсіпкерлердің сенімділігін арттыру. Барлық саладағы кәсіпкерлер өздерінің экономикалық мәселелерін шешу барысында басылымға шыққан мәліметтерді күдіксіз пайдалануына аудит кепілдік беруі қажет. Осы өзінің ойын қорытындылай келе профессор Джек Робертсон аудиттің ең негізгі міндетінің бірі осы деп атап көрсеткен.

АҚШ-тың аудит мамандары Э.А. Аренс және Дж. К. Лоббск өздерінің жазған оқулықтарында мынадай анықтама береді: "Аудит - ол процесс, арнайы мамандар арқылы дербес тәуелсіздік жолымен кәсіпорын шаруашылық операцияларының дұрыстығына тексеру жүргізіп, сол мәліметтер белгіленген нормативтік үлгіге сай екенін анықтап, өзінің аудиторлық қорытындысын беру". Шетел мамандарының аудит мазмұнына берген анықтамаларын қорытындылайтын болсақ, осы соңғы анықтама басқаларына қарағанда біздің ойымызша аудитті толық қарастырған сияқты.

   Кәсіби аудиттің халықаралық озық тәжірибесін зерделеуге кіріспес бұрын нарықтық экономикалық елдердегі әр түрлі бизнес-құрылымның қызметін қаржылық бақылаудагы өзіндік ерекшелігі бар әрі тәуелсіз жүйесі ретінде оның қалыптасуының маңызды кезеңдеріне ерекше назар аударған жөн. Тәуелсіз аудиттің негізгі міндеті - көптеген компаниялар, банктер, биржалар, инвесторлар, кредиторлар, кәсіпкерлер, акционерлер және т.б пайдаланатын экономикалық ақпараттың анықтығын тексеріп, өзінің қорытындысын шығаруы болып табылады.

Дамыған елдерде аудиторлық кәсіптің әр түрлі атауы бар. Мысалы, АҚШ-та бухгалтер-аудитор қоғамдық немесе мамандандырылған бухгалтер деп аталады. Францияда - сараптаушы бухгалтер немесе есепшот бойынша комиссар, ал Германияда - шаруашылықты бақылаушы немесе кітапты бақылаушы, Ұлыбритания мен ағылшынсаксондық елдерде - ревизор немесе алқалы бухгалтерлер және т.б. деп атайды.

Кәсіби аудит батыс елдерінде алғаш рет Ұлыбританияда XIX ғасырдың ортасында пайда болды. 1844 жылдан бастап Англияда акционерлердің алдында есеп берулер мен есепшоттарды тексеру үшін тэуелсіз бухгалтерлерді «жылына әдетте 1 мәрте» шақыратын акционерлік компаниялар басшыларына міндет жүктейтін заң сериялары шықты.

Алдыңғы катарлы елдерде міндетті аудит туралы құқықтық-нормативті актілердің қабылдануына байланысты тәуелсіз қаржылық бақылау саласы айтарлықтай дәрежеде ұлғайып келеді. Мәселен, Англияда міндетті аудит туралы заң 1862 жылы шықса, Францияда - 1867 ж., ал АҚШ-та - 1937 ж. қабылданды. Бухгалтерлер мен аудиторлардың кәсіби ұйымы әлемнің көптеген елдерінде құрылған. Атап айтқанда Ұлыбританияда, Англия мен Уәльстің Алқалы (присяжный ант берген) бухгалтерлер институты құрылды (1980 ж.), АҚШ-та - Маманданған бухгалтерлер институты (1887 ж.), Германияда - Аудиторлар институты (1932 ж.) және Аудиторлар палатасы, ал Францияда - Сарапшы бухгалтерлер палатасы (1942ж.) мен Есепшот бойынша комиссарлардың ұлттық компаниясы құрылды. Италияда кәсіби аудиторлық қызметті Әділет министрлігінің бақылауында болатын арнайы атаулы тізілімге енгізілген адам ғана жүзеге асыра алады .

1887 жылы Американың аудиторлар ассоциациясы құрылды, сонан соң 1896 жылы Нью-Йорк штатында заңды жолмен аудиторлық қызмет реттелінді. Сол кездің өзінде-ақ аудиторлық лауазымды мамандық бойынша емтиханнан сүрінбей өткен және аудиторлық қызметпен айналысу құқығына арнайы лицензия алған маманданған бухгалтер атқара алатын еді.

АҚШ-та мамандандырылған және мамандандырылмаған қоғамдық бухгалтерлер мен аудиторлар институттары бар. Дайындау және біліктілік емтиханы сияқты міндеттері бар осындай жалпыға бірдей ассоциациялармен қатар америкалық кәсіби ұйымдар жағымды тәжірибелерді жалпылауға, журнал арқылы дәлелдеуге, аудит саласындағы монографиялық әдебиеттерді басып шығаруға және ғылыми зерттеулерді жүргізуге көп көңіл бөледі. Олар ғылыми зерттеу күн тәртібіндегі күрделі мәселелерді шешумен ғана емес, болашақта пайда болуы ықтимал мәселелерді де анықтаумен айналысып, оны ой жүгіртіп дұрыс шешімін табуға әзірлік ерте бастан жүргізеді.

Алғашқы кәсіби аудит Ұлыбританияда шамамен XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды. 1862 жылы қабылданған британдық компаниялар туралы заң сол кездің өзінде бухгалтерлік есеп пен қаржылық бақылау бойынша мамандарға ең аз дегенде жылына бір мэрте компаниялардың есепшоттарын белгілі бір тәртіппен тексеріп тұруын міндеттейді. Әсіресе Шотландияның, Англияның және Уэльстің алқалы бухгалтерлер институты, сондай-ақ Ұлыбританияның маманданған және корпоративтік бухгалтерлер ассоциациясы бүкіл әлемге әйгілі болды. Осы Ұлыбританиядағы ассоциацияға тек британ аралдарының тұрғындары ғана мүше болып қана коймай, сонымен бірге британдық доминион, колниялар мен мандаттық аумақтардың (территориялардың) өкілдері де оған кірді. Одан әрі бұл елдердегі ұлт-азаттық козғалысының дамуы мен тәуелсіздік алуынан кейін аудиторлық кәсіп өкілдерінің басын қосып біріктірген өздерінің ұлттық ұйымдары құрыла бастады.

Информация о работе Аудит жүргізуді ұйымдастыру және оның негізгі кезеңдері