Акционерлік Қоғамның қаржылық жағдайын басқару стратегиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 15:38, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2009 жылғы наурыз айындағы «Дағдарыстан − жаңару мен дамуға» атты жолдауы баршамызға үлкен әсер етті. Біз қазір барлық ірі құрылыс кәсіп-орындарын адамдарды басқа мамандық-тарға оқыту үшін қарыз бөлуге міндет-тейміз. Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін біз банктерге қосымша өтімділік бердік. Тұрғын үй құрылысына және үлес-керлер проблемаларын шешуге қолдау білдіруге 545 миллиард теңге жұмсалды

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3
І БӨЛІМ ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Құрылыстық ұйымдар мен олардың қаржы ресурстарының
қалыптасуы..............................................................................................................6
1.2 Құрылыстық ұйымдардың қаржы ресурстарын басқару саясаты................. .................................................................................................................................12
1.3 Құрылыс ұйымдарының қаржылық тұрақтылығы мен
қаржылық нәтижелігін бағалау әдістері.............................................................21
ІІ БӨЛІМ «BI-GROUP» АҚ ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
2.1 «BI-Group» АҚ құрылыс ұйымының құқықтық мәртебесі және
оның қаржылық-шаруашылық қызметінің жағдайына сипаттама ..................29
2.2 «BI-Group» АҚ құрылыс ұйымының негізгі қаржылық
жағдайын талдау ...................................................................................................37
2.3 «BI-Group» АҚ құрылыс ұйымының қаржылық
коэффициенттерін есептеу .................................................................................45
ІІI БӨЛІМ ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТИІМДІ БАСҚАРУ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Акционерлік Қоғамның қаржылық тұрақтылығын жетілдіру
жолдары ..............................................................................................................62
3.2 Акционерлік Қоғамның қаржылық жағдайын басқару стратегиясы........... ...............................................................................................................................67
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................78
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................

Работа состоит из  1 файл

МАЗМҰНЫ1.doc

— 124.50 Кб (Скачать документ)


МАЗМҰНЫ

ҚЫСҚАРТУЛАР

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

І БӨЛІМ ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН  БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Құрылыстық ұйымдар мен олардың қаржы ресурстарының

қалыптасуы..............................................................................................................6

1.2  Құрылыстық ұйымдардың қаржы ресурстарын басқару саясаты................. .................................................................................................................................12

1.3 Құрылыс ұйымдарының қаржылық тұрақтылығы мен

қаржылық нәтижелігін  бағалау әдістері.............................................................21

ІІ БӨЛІМ «BI-GROUP» АҚ ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

2.1 «BI-Group» АҚ құрылыс ұйымының құқықтық мәртебесі және

оның қаржылық-шаруашылық қызметінің жағдайына сипаттама ..................29

2.2 «BI-Group» АҚ құрылыс ұйымының негізгі қаржылық

жағдайын талдау ...................................................................................................37

2.3 «BI-Group» АҚ құрылыс ұйымының қаржылық

коэффициенттерін есептеу .................................................................................45

ІІI БӨЛІМ ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТИІМДІ БАСҚАРУ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Акционерлік Қоғамның қаржылық тұрақтылығын жетілдіру

жолдары ..............................................................................................................62

3.2 Акционерлік Қоғамның қаржылық жағдайын  басқару стратегиясы........... ...............................................................................................................................67

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................78

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................81

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Қазақстан − 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы: Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауы» стратегиясының 3-ұзақ мерзімді басымдықта: «Біздің салауатты экономикалық өрлеу стратегиямыз мықты нарықтық экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және айтарлықтай шетел инвестициаларын тартуға негізделеді» делінген [1].

Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2009 жылғы наурыз айындағы «Дағдарыстан − жаңару мен дамуға» атты жолдауы баршамызға үлкен әсер етті. Біз қазір барлық ірі құрылыс кәсіп-орындарын адамдарды басқа мамандық-тарға оқыту үшін қарыз бөлуге міндет-тейміз. Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін біз банктерге қосымша өтімділік бердік. Тұрғын үй құрылысына және үлес-керлер проблемаларын шешуге қолдау білдіруге 545 миллиард теңге жұмсалды [2].

Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік-әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкершіліксіздікті, іскерлік, басқарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру — нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.

Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше іс − әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды. Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу келмеске кетеді. Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объек-тивті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі − оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.

Құрылыс ұйымдарының қаржылық стратегиясының болуы халықаралық қатынастарда да үлкен рөл ойнайды. Еліміздің беделді қаржыгерлердің бірі Аблязов М. өзінің бір сөзінде: «Халықаралық нарықтарда Қазақстанның қаржылық институттарының белсенді қызметі әмбебап тәжірибе алуға мүмкіндік береді, елімізге деген инвестициялық қызығушылықты арттырады және арзан және ұзақ мерзімді қаржылық қаражаттарды тарту мүмкіндіктерін кеңейтеді», - деп отанымыздың қаржылық нарығының тұрақтылығы мен экономикамыздағы ұйымдардың орнын көрсетті [4].

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі Қазақстан Республикасы экономикалық салаларын дамытудың негізгі бағыттарын анықтай отырып, экономикалық дамудың концепциясы және модельдерін таңдады.  Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі кезінде кәсіпорындардың тәуелсіздігін, олардың экономикалық және құқықтық жауапкершіліктерін, шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығы мәнінің өзгерісін негізге алды.

Нарықтық экономика жағдайында құрылыс ұйымдарының қаржылық өмірінде күрделі өзгерістер жүруде. Қаржы жұмыстарын ұйымдастырудың бұрынғы тәсілдері жаңа тәсілдермен сәйкес келмеді, кәсіпорындардың қаржылық қызметтерінің алдына жаңа талаптар қойыла бастады. Оның маңызды себептерінің бірі экономиканың нақты секторларындағы реформаның «тежелуі».

Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты   жүргізуші   субъект   ретінде   құқық   жағдайларын   едәуір

нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айқанда, ішкі және сыртқы нарықта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс - әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, салып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Бір сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субьектілердің қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің обьективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.

Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады. Қазіргі нарықтық жағдайда табыс рөлі зор. Жоспарлы-директивті экономика жағдайында оның маңызының төмендетілгені бәрімізге мәлім.

Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасындағы құрылыс ұйымдарының климатын, процестерді, жағдайды, жалпы құрылыс ұйымдарының қаржылық жағдайын талдау және тұрақтылығын бағалаудың жекелеген аспектілерін қарастыру.

Дипломдық  жұмыстың міндеттері:

Құрылыс ұйымдары жұмысының теориялық аспектілерін зерттеу, яғни олардың мәнін, ұйымдастыру нысанының түрлерін, сондай-ақ қаржылық тұрақтылығы мен қаржы нәтижесін бағалау әдістері;

«BI-Group» АҚ құрылыс ұйымының қаржылық жағдайын басқару, талдау және бағалау;

Қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық материалдарды жинақтау және өңдеу;

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша  жетіспеушіліктерді анықтау және оларды жою жолдарын ұсыну.

«BI-Group» АҚ құрылыс ұйымынының қаржылық стратегиясын жетілдіру жолдарын анықтау.

Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні болып кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту мен жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыру  есептеледі.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі болып «BI-Group» АҚ құрылыс ұйымынының қаржылық жағдайын басқару, тұрақтылығын бағалау нысандары табылады.

Жұмыстың ақпараттық негіздері болып ҚР заңдары, 1997 жылғы ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  «Қазақстан − 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы: Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауы», ҚР Президентінің 06.03.2009 жылғы «Дағдарыстан − жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауы. Қарастырылған тақырыптың теориялық аспектілерін мазмұндауда көптеген отандық және ресейлік авторлардың әдебиеттері, сондай-ақ жұмыстың тәжірибелік бөлімін жазу барысында  «BI-Group» АҚ құрылыс ұйымының қаржылық есептері мен мерзімдік басылымдардағы және «BI-Group» АҚ құрылыс ұйымының электрондық  порталындағы ақпараттар  пайдаланылды.

Дипломдық  жұмыстың құрылымы кіріспе, үш негізгі бөлімнен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан құралған.

 

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурс жариялайды

Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 18, ақпарат телефоны (8-7252) 21-30-71, 23-31-12, факс 21-17-84

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
D-3 санаты үшін: білімі - жоғары кәсіптік; мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, не мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда (бакалавриат) бір жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілінің, не мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілінің, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда үш жылдан кем емес, оның ішінде бір жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды (магистратура) аяқтауы.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Әкімшілік рәсімдер туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері), осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Ќазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын білуі.
D-4 санаты үшін: білімі - жоғары кәсіптік; мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы, не мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды (бакалавриат) аяқтауы.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері), осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын білуі.
D-5 санаты үшін: білімі - жоғары кәсіптік. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері), осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын білуі.
Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары

Санаты Қызмет істеген жылдарына қарай
min max
D-3 94813 128126
D-4 71751 96735
D-5 64063 86485
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы, 160012, Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 18, ақпарат телефоны (8-7252) 21-30-71, 23-31-12, факс 21-17-84, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
1. Құқықтық бөлімінің меңгерушісі, (D-3, 1 бірлік)
Функционалдық міндеттері: Бөлімнің қызметін жалпы басқару, бөлім жұмысының бағыттарын айқындау; бөлімнің құзырлығына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен әрекеттестік жасау; тексеру комиссиясының қызметінде заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету; тексеру комиссиясының заңнаманы қолдануын қорыту; сотта, сондай-ақ тексеру комиссиясы қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіпке сәйкес тексеру комиссиясының мүдделерін білдіру; нормативтік-құқықтық актілер әзірлеуге және тексеру комиссиясы төрағасының тапсырмасы бойынша комиссияның құқықтық мәселелері бойынша құжаттарды дайындау; бөлімнің жұмыс жоспарларының орындалуын бақылау; бөлімнің ережесін және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеу; бөлім құзырлығына кіретін іс-қағаздарды әзірлеу; жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды дайындау. Үйлестіру функциялары: бөлімнің және тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын құқықтық мәселелері жөнінде үйлестіреді. Бақылау функциялары: тексеру комиссиясының бақылау актілерінің, бұйрықтарының, қаулыларының заңдылығын бақылайды.
Конкурсқа катысушыларға қойылатын талаптар: заңгерлік мамандық бойынша; компьютерде Word, Excel бағдарламаларымен, Internet-пен жұмыс істей алуы; мемлекеттік тілді, ҚР Бюджет, Салық, әкімшілік, азаматтық, еңбек заңнамаларын, қаржылық бақылау стандарттарын, сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу ережелері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақты дамыту бағдарламаларын бағалау жүргізу ережесін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын және жергілікті бюджеттің атқарылуына қатысты басқа да заңнамалық актілерді білуі.

2. Құқықтық бөлімнің бас маманы, (D-4, 1 бірлік)
Функционалдық міндеттері: Бөлімнің құзырлығына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен әрекеттестік жасау; тексеру комиссиясының қызметінде заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету; тексеру комиссиясының заңнаманы қолдануын қорыту; сотта, сондай-ақ тексеру комиссиясы қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіпке сәйкес тексеру комиссиясының мүдделерін білдіру; нормативтік-құқықтық актілер әзірлеуге және тексеру комиссиясы төрағасының тапсырмасы бойынша комиссияның құқықтық мәселелері бойынша құжаттарды дайындау; бөлімнің жұмыс жоспарларының орындалуын бақылау; бөлімнің ережесін және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеу; бөлім құзырлығына кіретін іс-қағаздарды әзірлеу; жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды дайындау. Үйлестіру функциялары: тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын құқықтық мәселелері жөнінде үйлестіреді. Бақылау функциялары: тексеру комиссиясының бақылау актілерінің, бұйрықтарының, қаулыларының заңдылығын бақылайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Заңгерлік мамандық бойынша; компьютерде Word, Excel бағдарламаларымен, Internet-пен жұмыс істей алуы; мемлекеттік тілді, ҚР Бюджет, Салық, әкімшілік, азаматтық, еңбек заңнамаларын, қаржылық бақылау стандарттарын, сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу ережелері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақты дамыту бағдарламаларын бағалау жүргізу ережесін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын және жергілікті бюджеттің атқарылуына қатысты басқа да заңнамалық актілерді білуі. 
3. Әкімшілік бөлімінің бас маманы, (D-4, 2 бірлік) 
Функционалдық міндеттері: Бөлімнің құзырлығына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен әрекеттестік жасау; аттестациядан өтуге қажетті құжаттарды дайындау; мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік қызметті өткеруге қажетті тексеру комиссиясының шешімдерін рәсімдеу, қызметкерлердің жеке іс парағын жүргізу, мемлекеттік қызметкерлердің еңбек кітапшаларына (қызметтік тізімдеріне) қажетті жазуларды енгізу, мемлекеттік қызметкерлердің заңда қаралған шектеулерге келісімін (өзіне қабылдаған шектеулерді бұзған жағдайда құқықтық жазалар туралы айтылады) жазбаша түрде алу; мемлекеттік қызметкерлерге олардың құқықтық жағдайы туралы кеңес беру, мемлекеттік қызметке қатысты шектеулердің сақталуын қадағалау; құзырлы органға ұсыну үшін бос лауазымдар тізімін, бос лауазымдарды толтыру бойынша ұсынымдарды және басқа да қажетті құжаттарды дайындау; мемлекеттік қызметкерлерді оқыту мен қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру; құпия іс-қағаздары бойынша жұмыс жүргізу; тексеру комиссиясының іс-қағаздарын жүргізу; нормативтік-құқықтық актілер әзірлеуге және тексеру комиссиясы төрағасының, бөлім меңгерушісінің тапсырмасы бойынша комиссияның әкімшілік мәселелері бойынша құжаттарды дайындау; бөлімнің жұмыс жоспарларының орындалуын қамтамасыз ету; тексеру комиссиясының құрылымдық ережесі мен қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын жасауға қатысу; бөлім құзырлығына кіретін іс-қағаздарды әзірлеу; жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды дайындау. Үйлестіру функциялары: тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын кадр мәселелері жөнінде үйлестіреді. Бақылау функциялары: мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты шектеулердің сақталуын бақылайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика, қаржы, заңгерлік, мемлекеттік және жергілікті басқару, педагогика мамандықтары бойынша ; компьютерде Word, Excel бағдарламаларымен, Internet-пен жұмыс істей алуы; мемлекеттік тілді, ҚР Бюджет, Салық, әкімшілік, азаматтық, еңбек заңнамаларын, қаржылық бақылау стандарттарын, сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу ережелері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақты дамыту бағдарламаларын бағалау жүргізу ережесін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын және жергілікті бюджеттің атқарылуына қатысты басқа да заңнамалық актілерді білуі. 

4. Әкімшілік бөлімінің жетекші маманы (D-5, 1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің құзырлығына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен әрекеттестік жасау; тексеру комиссиясындағы мұрағат ісін жүргізеді; мұрағатқа түскен құжаттарды сақтауды ұйымдастырады және олардың сақталуын қамтамасыз етеді; құрылымдық бөлімшелерден түскен аяқталған құжаттарды қабылдап, тіркейді; іс номенклатурасын жасауға қатысады, оларды мұрағатқа өткізілуі мен рәсімделуінің дұрыстығын тексереді; ағымдағы ережелерге сәйкес сақтау бірліктерін шифрлайды, жұмысты жүйелеп, бөледі, олардың есептіліктігін жүргізеді; тұрақты және уақытша сақтау мерзімге сақтау бірліктерінің жинағын жасайды, сондай-ақ мемлекеттік сақтауға арналған құжаттардың, сақтау мерзімі аяқталған іс-қағаздардың өткізу актілерін жасайды; құжаттар бойынша анықтамалық аппарат жасайды, олардың жылдам және оңай іздеуді қамтамасыз етеді; мұрағат құжаттарының ғылыми және қолданбалық құндылығына сараптама жасайды; құжаттардың жағдайын, оларды қайта қалпына келтірудің уақтылылығын бақылап отырады, мұрағаттағы құжаттардың сақталу жағдайларын сақталуын қамтамасыз етеді; мұрағат бөлмелеріндегі өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылайды; келіп түскен сұраныстарға сәйкес құжаттар мен мұрағаттық көшірмелерді береді, мұрағат құжаттарындағы мәліметтер негізінде қажетті анықтамаларды жасайды, мұрағаттың жұмысы жөнінде есептілікті жасауға мәліметтерді дайындайды; жұмыс барысында замануи техникалық құралдарды пайдалануға қажетті шараларды қабылдайды; бөлім құзырлығына кіретін мәселелер бойынша іс-қағаздарды дайындау; жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды дайындау. Үйлестіру функциялары: тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын мұрағат мәселелері жөнінде үйлестіреді. Бақылау функциялары: жоқ.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика, қаржы, заңгерлік, мемлекеттік және жергілікті басқару, педагогика мамандықтары бойынша; компьютерде Word, Excel бағдарламаларымен, Internet-пен жұмыс істей алуы; мемлекеттік тілді, ҚР Бюджет, Салық, әкімшілік, азаматтық, еңбек заңнамаларын, қаржылық бақылау стандарттарын, сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу ережелері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақты дамыту бағдарламаларын бағалау жүргізу ережесін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын және жергілікті бюджеттің атқарылуына қатысты басқа да заңнамалық актілерді білуі.

5. Талдау жұмысы бөлімінің бас маман, (D-4, 3 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Жергілікті бюджеттердің атқарылуын талдау, жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарына енгізілетін мәселелер тізімін жасауға қатысу, жұмыс жоспарларының орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ тексеру комиссиясының отырыстарында қойылатын мәселелерді дайындау; жергілікті бюджеттің орындалуы туралы тексеру комиссиясының есебінің құрылым жобасын әзірлеу; есеп жобасының жұмыс кестесін әзірлеу; жергілікті бюджеттің орындалуына ішкі бақылау жүргізу актілеріне талдау жасау; бөлімнің құзырлығына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен әрекеттестік жасау; мемлекеттік қаржылық бақылаудың тиімділігін арттыру бойынша, қызметкерлердің біліктілігін арттыру мен оқыту бойынша ұсынымдар жасау үшін бақылау құжаттарын бағалау мен талдау жүргізу; нормативтік-құқықтық актілерді жасауға, мемлекеттік қаржылық бақылау мәселелері бойынша талдау және әдістемелік материалдарды жасауға қатысу, тексеру комиссиясының жұмысы туралы ақпаратты және облыстық, аудандық (облыстық маңызы бар қала) мәслихатқа берілетін жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есепті дайындайды, стратегиялық және жұмыс жоспарына енгізілетін мәселелер тізімін жасау, тексеру комиссиясының барлық құрылымдық бөлімшелерінің жоспарды орындауын бақылау; тексеру комиссиясының ақпараттық жүйелерінің қызметін ұйымдастыру, бөлімнің құрылымдық бөлімшелерінің ережесін және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеу; жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды дайындау. Үйлестіру функциялары: тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді. Бақылау функциялары: тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелерінің жұмысына мониторинг жүргізу, тексеру комиссиясымен жүргізілетін бақылау шараларына қатысу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика, қаржы, есеп және аудит мамандықтары бойынша; компьютерде Word, Excel бағдарламаларымен, Internet-пен жұмыс істей алуы; мемлекеттік тілді, ҚР Бюджет, Салық, әкімшілік, азаматтық, еңбек заңнамаларын, қаржылық бақылау стандарттарын, сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу ережелері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақты дамыту бағдарламаларын бағалау жүргізу ережесін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын және жергілікті бюджеттің атқарылуына қатысты басқа да заңнамалық актілерді білуі.

6. Талдау жұмысы бөлімінің бас маман,(D-4, 1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Жергілікті бюджеттердің атқарылуын талдау, жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарына енгізілетін мәселелер тізімін жасауға қатысу, жұмыс жоспарларының орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ тексеру комиссиясының отырыстарында қойылатын мәселелерді дайындау; жергілікті бюджеттің орындалуы туралы тексеру комиссиясының есебінің құрылым жобасын әзірлеу; есеп жобасының жұмыс кестесін әзірлеу; жергілікті бюджеттің орындалуына ішкі бақылау жүргізу актілеріне талдау жасау; бөлімнің құзырлығына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен әрекеттестік жасау; мемлекеттік қаржылық бақылаудың тиімділігін арттыру бойынша, қызметкерлердің біліктілігін арттыру мен оқыту бойынша ұсынымдар жасау үшін бақылау құжаттарын бағалау мен талдау жүргізу; нормативтік-құқықтық актілерді жасауға, мемлекеттік қаржылық бақылау мәселелері бойынша талдау және әдістемелік материалдарды жасауға қатысу, тексеру комиссиясының жұмысы туралы ақпаратты және облыстық, аудандық (облыстық маңызы бар қала) мәслихатқа берілетін жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есепті дайындайды, стратегиялық және жұмыс жоспарына енгізілетін мәселелер тізімін жасау, тексеру комиссиясының барлық құрылымдық бөлімшелерінің жоспарды орындауын бақылау; тексеру комиссиясының ақпараттық жүйелерінің қызметін ұйымдастыру, бөлімнің құрылымдық бөлімшелерінің ережесін және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеу; жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды дайындау. Үйлестіру функциялары: тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді. Бақылау функциялары: тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын бақылайды, тексеру комиссиясымен жүргізілетін бақылау шараларына қатысады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика, қаржы, есеп және аудит, жергілікті мемлекеттік басқару мамандықтары бойынша; компьютерде Word, Excel бағдарламаларымен, Internet-пен жұмыс істей алуы; мемлекеттік тілді, ҚР Бюджет, Салық, әкімшілік, азаматтық, еңбек заңнамаларын, қаржылық бақылау стандарттарын, сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу ережелері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақты дамыту бағдарламаларын бағалау жүргізу ережесін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын және жергілікті бюджеттің атқарылуына қатысты басқа да заңнамалық актілерді білуі.

7. Талдау жұмысы бөлімінің бас маман, (D-4, 1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Денсаулық сақтау саласы бойынша жергілікті бюджеттердің атқарылуын талдау, жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарына енгізілетін мәселелер тізімін жасауға қатысу, жұмыс жоспарларының орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ тексеру комиссиясының отырыстарында қойылатын мәселелерді дайындау; жергілікті бюджеттің орындалуы туралы тексеру комиссиясының есебінің құрылым жобасын әзірлеу; есеп жобасының жұмыс кестесін әзірлеу; денсаулық сақтау мәселелері бойынша жергілікті бюджеттің орындалуына ішкі бақылау жүргізу актілеріне талдау жасау; бөлімнің құзырлығына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен әрекеттестік жасау; денсаулық сақтау қызметінде сыртқы қаржылық бақылау кезінде туындайтын мәселелер бойынша анықтамалар мен қорытындылар беру; медицина саласына бөлінген қаражаттардың қолданыстағы заңнамаларға сәйкес пайдалануы жөніндегі құжаттарын бағалау жасау; денсаулық сақтау саласындағы нормативтердің бақылау нысандарымен сақталуын талдау; нормативтік-құқықтық актілерді жасауға, мемлекеттік қаржылық бақылау мәселелері бойынша талдау және әдістемелік материалдарды жасауға қатысу, тексеру комиссиясының жұмысы туралы ақпаратты және облыстық, аудандық (облыстық маңызы бар қала) мәслихатқа берілетін жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есепті дайындайды, стратегиялық және жұмыс жоспарына енгізілетін мәселелер тізімін жасау, тексеру комиссиясының барлық құрылымдық бөлімшелерінің жоспарды орындауын бақылау; тексеру комиссиясының ақпараттық жүйелерінің қызметін ұйымдастыру; жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды дайындау. Үйлестіру функциялары: тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді. Бақылау функциялары: тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін бақылайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: денсаулық сақтау мамандықтары бойынша; компьютерде Word, Excel бағдарламаларымен, Internet-пен жұмыс істей алуы; мемлекеттік тілді, ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» бюджет, салық, әкімшілік, азаматтық, еңбек заңнамаларын, қаржылық бақылау стандарттарын, сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу ережелері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақты дамыту бағдарламаларын бағалау жүргізу ережесін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын және жергілікті бюджеттің атқарылуына қатысты басқа да заңнамалық актілерді білуі. 

8. Талдау жұмысы бөлімінің бас маман, (D-4, 1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Құрлыс қызметі бойынша жергілікті бюджеттердің атқарылуын талдау, жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарына енгізілетін мәселелер тізімін жасауға қатысу, жұмыс жоспарларының орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ тексеру комиссиясының отырыстарында қойылатын мәселелерді дайындау; жергілікті бюджеттің орындалуы туралы тексеру комиссиясының есебінің құрылым жобасын әзірлеу; есеп жобасының жұмыс кестесін әзірлеу; жергілікті бюджеттің орындалуына ішкі бақылау жүргізу актілеріне талдау жасау; бөлімнің құзырлығына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен әрекеттестік жасау; жобалық құрылыс құжаттамасы, құрылыс жобасы, сәулет жобасы, қауіпті ықтимал құрылыс объектілері, құрылыс-монтаж жұмыстары, құрылыс қызметі және құрылыс өнімі, оның сапасы бойынша анықтамалар мен қорытындылар беру; бақылау құжаттарын бағалау мен талдау жүргізу; нормативтік-құқықтық актілерді жасауға, мемлекеттік қаржылық бақылау мәселелері бойынша талдау және әдістемелік материалдарды жасауға қатысу, тексеру комиссиясының жұмысы туралы ақпаратты және облыстық, аудандық (облыстық маңызы бар қала) мәслихатқа берілетін жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есепті дайындайды, стратегиялық және жұмыс жоспарына енгізілетін мәселелер тізімін жасау, тексеру комиссиясының барлық құрылымдық бөлімшелерінің жоспарды орындауын бақылау; тексеру комиссиясының ақпараттық жүйелерінің қызметін ұйымдастыру; жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды дайындау. Үйлестіру функциялары: тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді. Бақылау функциялары: тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін бақылайды. 
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құрылыс мамандықтары бойынша; компьютерде Word, Excel бағдарламаларымен, Internet-пен жұмыс істей алуы; мемлекеттік тілді, ҚР «Сәулет, құрылыс және қала құрылысы туралы», Бюджет, Салық, әкімшілік, азаматтық, еңбек заңнамаларын, қаржылық бақылау стандарттарын, сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу ережелері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақты дамыту бағдарламаларын бағалау жүргізу ережесін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын және жергілікті бюджеттің атқарылуына қатысты басқа да заңнамалық актілерді білуі. 

9. №1 шығындарды бақылау бөлімінің бас маман - бас тексерушісі, (D-4, 6 бірлік) 

Функционалдық міндеттері: Жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарына енгізілетін мәселелер тізімін жасауға қатысу, жұмыс жоспарларының орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ тексеру комиссиясының отырыстарында қойылатын мәселелерді дайындау; тексеру комиссиясының стратегиялық жоспарын жасауға қатысу және оны орындауға қатысу, бөлімнің құзырлығына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен әрекеттестік жасау; өз қызметінің бағыттары бойынша тиімділікті; бақылау объектілерінің есепке алу мен есептілікті жүргізуінің анықтығы мен дұрыстығын; жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер, байланысты гранттар, жергілікті атқарушы органдардың қарыздары, мемлекет активтері түрінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке бөлінген қаражатты пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін; жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығының қамтамасыз етілуін, сондай-ақ жергілікті бюджеттен түсетін түсімдер сомаларының қайтарылуын; Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру; жергілікті бюджеттердің, оның ішінде Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің принциптеріне сәйкес атқарылуын; жергілікті мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, аумақтарды дамыту бағдарламаларының және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалауды жүзеге асыру; мемлекеттік органдарға және бақылау объектілеріне жіберілген ұсыныстар мен тапсырмалардың орындалуына бақылау және мониторинг жасау. Үйлестіру функциялары: бақылау нысандарының қызметін үйлестіреді. Бақылау функциялары: сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды іске асырады. 
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика, қаржы, есеп және аудит, жергілікті мемлекеттік басқару мамандықтары бойынша; компьютерде Word, Excel бағдарламаларымен, Internet-пен жұмыс істей алуы; мемлекеттік тілді, ҚР Бюджет, Салық, әкімшілік, азаматтық, еңбек заңнамаларын, қаржылық бақылау стандарттарын, сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу ережелері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақты дамыту бағдарламаларын бағалау жүргізу ережесін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын және жергілікті бюджеттің атқарылуына қатысты басқа да заңнамалық актілерді білуі.

10. №2 шығындарды бақылау бөлімінің бас маман - бас тексерушісі, (D-4, 6 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарына енгізілетін мәселелер тізімін жасауға қатысу, жұмыс жоспарларының орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ тексеру комиссиясының отырыстарында қойылатын мәселелерді дайындау; тексеру комиссиясының стратегиялық жоспарын жасауға қатысу және оны орындауға қатысу, бөлімнің құзырлығына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен әрекеттестік жасау; өз қызметінің бағыттары бойынша тиімділікті; бақылау объектілерінің есепке алу мен есептілікті жүргізуінің анықтығы мен дұрыстығын; жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер, байланысты гранттар, жергілікті атқарушы органдардың қарыздары, мемлекет активтері түрінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке бөлінген қаражатты пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін; жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығының қамтамасыз етілуін, сондай-ақ жергілікті бюджеттен түсетін түсімдер сомаларының қайтарылуын; Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру; жергілікті бюджеттердің, оның ішінде Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің принциптеріне сәйкес атқарылуын; жергілікті мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, аумақтарды дамыту бағдарламаларының және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалауды жүзеге асыру; мемлекеттік органдарға және бақылау объектілеріне жіберілген ұсыныстар мен тапсырмалардың орындалуына бақылау және мониторинг жасау. Үйлестіру функциялары: бақылау нысандарының қызметін үйлестіреді. Бақылау функциялары: сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды іске асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика, қаржы, есеп және аудит, жергілікті мемлекеттік басқару мамандықтары бойынша; компьютерде Word, Excel бағдарламаларымен, Internet-пен жұмыс істей алуы; мемлекеттік тілді, ҚР Бюджет, Салық, әкімшілік, азаматтық, еңбек заңнамаларын, қаржылық бақылау стандарттарын, сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу ережелері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақты дамыту бағдарламаларын бағалау жүргізу ережесін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын және жергілікті бюджеттің атқарылуына қатысты басқа да заңнамалық актілерді білуі.

11. Қаржы, есеп және материалдық қамсыздандыру бөлімінің бас маманы, (D-4, 1 бірлік) 

Функционалдық міндеттері: Тексеру комиссиясының стратегиялық жоспарын әзірлеуге және орындауға қатысу; құжаттардың өз уақытында және дұрыс рәсімделуін және жасалынатын іс-әрекеттердің заңдылығын алдын-ала бақылау; тиісті қаржылық жылға арналған міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарында бекітілген сомалар шеңберінде міндеттемелердің және жоспарлық кезеңнің екінші және үшінші жылына негізгі шығындардың қабылдануын қамтамасыз ету; қаржылардың белгіленген тәртіпке сәйкес енгізілген өзгерістерді ескере отырып төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес қаржыларды дұрыс, тиімді және мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етілуін, сондай-ақ қаржылық және материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау; қызметкерлер мен жұмысшыларға жалақының өз уақытында аудару және беру; қаржыландыру жоспарын орындауда заңды және жеке тұлғалармен болатын есеп айырысуларды мензімінде жасау; қаржылық, материалдық құндылықтардың, есептерді түгендеуге қатысу, түгендеу қорытындыларын дер кезінде және дұрыс айқындап, оларды есепте көрсету; материалдық жауапкершілігі бар қызметкерлерге олардың жауапкершілігінде сақталатын құндылықтарды есепке алу және сақтау бойынша нұсқаулар беру; бухгалтерлік есептіліктің мерзімінде әзірлеп, ұсыну; қаржыландыру жоспарын және оның есептерін дайындап, тексеру комиссиясының төрағасының келісімін алу; активтердің, аса бағалы емес және тез тозатын және басқа да материалдық құндылықтардың сақталу немесе пайдалану орнында бақылау; есеп және есептілік жөніндегі ережелер, нұсқаулықтар, әдістемелік нұсқаулар, бухгалтерлік қызметтің құзырына кіретін басқа да нормативтік құжаттарды жүйелі түрде есепке алу; бастапқы құжаттарды, бухгалтерлік есептіліктің регистрлерін қағаз жүзінде және электрондық тасымалдаушыларда сақтау, есептілікті, есепке алу саясатын, есептегі мәліметтерді, олардың есептерін электрондық өңдеу, басқа да құжаттарды сақтау және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес мұрағатқа өткі

 

 



Информация о работе Акционерлік Қоғамның қаржылық жағдайын басқару стратегиясы