Салық саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 18:17, реферат

Описание

Салық саясаты — мемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі. Салық негізін, мөлшерлемесін, жеңілдіктерін және шегерімдерін өзгерту жолымен іске асырылады. Салық саясаты экономикаға мемлекеттің араласуы нәтижесінде мемлекеттік бюджетті қалыптастырады және жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) ауқымымен, экономиканың жеке секторларына салық шараларын қолдану дәрежесімен айқындалады. Мәселен, жеңілдіктер мен шегерімдердің болмашы көлемімен ұштастырылатын кең ауқымды салық негізі салық салудың біркелкі мөлшерде болуын қамтамасыз етіп, экономиканың жекеше секторына ресурстарды орналастыру үдерісіне мемлекеттің араласуы ауқымын төмендетеді. Салық саясаты дискрециялық (лауазымды адамның қайсыбір мәселені өз қалауынша шешуі) және бейдискрециялық негіздерге сүйенуі мүмкін.

Работа состоит из  1 файл

макро.doc

— 66.00 Кб (Скачать документ)

                                   Салық саясаты

Салық саясаты — мемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі. Салық негізін, мөлшерлемесін, жеңілдіктерін және шегерімдерін өзгерту жолымен іске асырылады. Салық саясаты экономикаға мемлекеттің араласуы нәтижесінде мемлекеттік бюджетті қалыптастырады және жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) ауқымымен, экономиканың жеке секторларына салық шараларын қолдану дәрежесімен айқындалады. Мәселен, жеңілдіктер мен шегерімдердің болмашы көлемімен ұштастырылатын кең ауқымды салық негізі салық салудың біркелкі мөлшерде болуын қамтамасыз етіп, экономиканың жекеше секторына ресурстарды орналастыру үдерісіне мемлекеттің араласуы ауқымын төмендетеді. Салық саясаты дискрециялық (лауазымды адамның қайсыбір мәселені өз қалауынша шешуі) және бейдискрециялық негіздерге сүйенуі мүмкін. Дискрециялық негіз өзгеріп отыратын экономикалық жағдайға сәйкес салық заңнамасына түзетулер енгізуді: салық мөлшерлемесін өзгертуді, салық жеңілдіктерін енгізуді немесе алып тастауды, т.б. шараларды көздейді. Ол мемлекетке реттеу құралдарын кең көлемде таңдау мүмкіндігін береді. Алайда бұл мемлекеттің экономикалық үдерісті немесе жағдаятты танып-білуіне, шешім қабылдауына және ықпал етуіне теріс әсерін тигізеді. Бейдискрециялық салық саясаты негізінен орта мерзімдік циклді кезеңділікті реттеуге бағытталған реттеуіштер элементтері болып табылады. Саясаттың бұл түрінің негізі — жеке табыс салығында және корпорациялардың пайдасына салынатын салықта үдемелі табыс салығын салу: экономикалық өрлеу кезеңінде — шаруашылық субъектілерінің табысынан бюджетке алу нормасын арттыру, дағдарыс пен тұралау кезеңінде — осы норманы төмендету. Сөйтіп, өрлеу кезеңінде жиынтық сұранымның мөлшеріне тиісінше ықпал ету есебінен экономикалық өсу тежеледі және дағдарыс кезеңінде ынталандырылады. Бейдискрециялық салық саясатында жоғарыда аталған кешеуілдеулер болмайды, бірақ мұнда мемлекеттің қолында реттеуші құралдардың саны аз болады. Түрлі елдердің салық саясаты түрлі элементтердің ұштастырылуымен сипатталады: тікелей салықтар бөлігінде табыстарды өздігінен реттеу жағдайларын жасау үшін үдемелі шекілдер пайдаланылады, жанама салықтар бөлігінде дискрец. саясат қолданылады. Инфляциялық үдерістер кезінде бейдискрециялық салық саясатының пәрменділігі төмен: табыстың ұдайы өсуіне қарай инфляция салдарынан салық салу нормасы да ұдайы жоғарылап отырады. Қазақстанда жаңа салық жүйесі қатаң саяси, экономикалық және құрылымдық өзгерістер жағдайында қалыптасты. Салық жүйесінің өзгертілуі Салық кодексінде қарастырылған, ол, жалпы мемлекеттік мүдде мен жеке меншік мүдделерінің теңдестірілуін қамтамасыз ететін, кәсіпкерлікті дамытуға, инвестициялық қызметті жандандыруға, еліміздің ұлттық байлығын молайтуға, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға, салықтың санын азайтуға және жалпы салық ауыртпалығын азайтуға септігін тигізетін ұтымды салық жүйесін құру міндетін шешуге бағытталған.

Бюджет тапшылығы  инфляция басылғаннан кейін ел экономикасының шешуші проблемалары бола бастайды. Бюджет тапшылығы сөз жок, инфляция, дағдарыс, жұмыссыздық сияқты «жағымсыз экономикалық категориялар» деп аталатындарға жатады, алайда олар экономикалық жүйенің ажырағысыз элементтері болып табылады. Бюджетті әзірлеу кезінде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының балансына тепе-теңдігіне жету болып табылады. Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған дұрыс. Жалпы түсінікте кірістердің шығыстардан асып түсуі бюджет артығын - профицитті, ал шығыстардың кірістерден асып түсуімемлекеттік бюджеттің тапшылығын құрайды

Бюджет тапшылығы экономиканың жай-күйін бейнелеп көрсетеді, ал оның болуы мына себептерге байланысты:

  1. елдің экономикасында өндірістің жалпы құлдырауы;
  2. қоғамдық өндіріс шығындарынық өсуі;
  3. айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны шектен тыс шығару;
  4. бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін едәуір әлеуметтік шығыстардың басымдығы;
  5. әскери-өнеркәсіп кешенін ұстауга жұмсалатын әскери шығыстарды, басқару шығыстарын қаржыландырудын комақты ауқымы;
  6. «көлеңкелі» экономиканың ірі ауқымды айналымы;
  7. ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз шығыстар мен ысыраптар.

Ақша эмиссиясы есебінен бюджет тапшылығын жабуға болмайды. Бюджет тапшылығын жабудың негізгі нысандары мыналар болып табылады: мемлекеттік қарыздар шығару; кредиттік ресурстарды пайдалану. Тапшылықты азайту немесе оны жою мақсатымен секвестр - ағымдағы қаржы жылының қалған уақыты ішінде барлық баптар бойынша (қорғаландарынан басқа) белгілі бір пайызға мемлекеттің шығыстарын үйлесімді қысқарту пайдаланылады. Қорғалған баптардың құрамын республика Парламенті мен биліктің жергілікті орғандары анықтайды. 
Бюджет тапшылығын төмендетудін мынандай әдістері болады:

  1. шығыстар тұракты, кірістер өседі;
  2. кірістер тұрақты, шығыстар азаяды;
  3. кірістер өседі, шығыстар азаяды (тапшылық 2 еседен жылдамырак төмендейді).

Тапшылықты қаржыландыру - оны жабу үшін қосымша ақшалай қаражаттарды іздестіру. 
Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары:

  1. Ақша белгілерін шығару. Бұл жол теріс әлуметтік-экономикалық салдарлары болатын инфляцияға жеткізеді. Өз кезегінде ақша эмиссиясы айналысқа ақша белгілерін тікелей шығаруда да, жанама түрде мемлекеттік бағалы кағаздар шығару және оларды коммерциялық банктерге өткізу арқылы да тұлғалануы мүмкін, коммерциялық банктер өзінің резервтерін көбейтеді және банктік мультипликатордың аркасында айналыстағы ақшаның санын көбейтеді.
  2. Мемлекеттік қарыздар. Бұл жағдайда қаржыландыруға бос ақшалай қаражаттары бар компаниялар, банктер және т.б. қатысады.
  3. Шетелдікқарыздар.Оларды Дүниежүзілік валюта қорық басқа халықаралық қаржы ұйымдары, үкіметтер, банктер береді.
  4. Ұлттық байлықты пайдалану. Бұл ретте мемлекет басқа субъектілерге өзінің активтерін сатады.

Информация о работе Салық саясаты