Несие ресурстары оларды қалыптастыру мен орналастыру тәртібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 16:32, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты - банктің несие ресурстарының құрылуы мен бөлінуіне сипаттама бере отырып, талдау. Несиенің мәні мен қажеттілігін, формалары мен түрлерін, жеке және заңды тұлғалар үшін несиенің өте қажеттігін, олардың төлем қабілеттілігін, қайтарымдылығын, тиімділігін қарастырамыз.

Содержание

КІРІСПЕ 6

1 НЕСИЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ 7

1.1 Несиенің мәні және қажеттілігі

1.2 Несиенің формалары және олардың жіктелуі 9 1.3 Несие және несие қатынастарының ерекшелігі 11

2 «АЛЬЯНС БАНК» АҚ-НЫҢ ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН

ТАЛДАУ 13

2.1 «Альянс банк» АҚ – ның активті және пассивті операцияларының 2006 –

2007 аралығындағы құрылымын талдау

2.2 Банктің несиелік портфелінің құрамына құрылымдық талдау 18



3 БАНКТІҢ НЕСИЕ РЕСУРСТАРЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ 20

3.1 Несие ресурстарын қаржылық талдау

3.2 Несие ресурстарының қаржылық жағдайын жетілдіру жолдары 22

ҚОРЫТЫНДЫ 24

ГЛОССАРИЙ 26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28

ТІРКЕМЕЛЕР 29

Работа состоит из  1 файл

НЕСИЕ.doc

— 204.00 Кб (Скачать документ)

     несие саясатының стратегиясы мен тактикасының өңделуі; несие процесін регламенттейтін ішкі нормативтік құжаттардың болуы; несиелік портфельдің сандық және сапалық мінездемелерінің жақсаруы мақсатында оны талдау. Несиелік портфельді басқарудың ұйымдастырушы құрылымының негізінде, несиені беру бойынша әртүрлі дәрежедегі жетекшілердің жауапкершілігін айқын бөлістіру, несие келісімінің шарттарын несиенің көлеміне, оның тәуекелділік дәрежесіне және басқа да сипаттамаларға байланысты өзгеріп тұратын компетенцияны шектеу принципі жатыр.

     Несие портфелін тиімді басқару үшін жалпы алғанда банк бойынша, сондай-ақ банктің құрылымды бөлімшелері бойынша оның салалық және сандық сипаттамалары жөнінде талдауы қажет.Несиелік операциялар коммерциялық банктің әдеттегі негізгі активті қызметі болып табылады. Несиелерді ұсыну банктің негізгі экономикалық операциясы болып табылады. Ол операциялар негізінен жеке меншіктегі фирмалардың, компаниялардың және жеке тұлғалардың тұтынушылық және инвестициялық мақсаттарын қаржыландыруға бағытталған. Экономикалық тұрақсыздық жағдайында қазақстандық банктермен берілетін несиелер негізінен қысқа мерзімді болады, яғни 1 жыл көлемі мерзімінде беріледі. Банктің несие портфеліне банктік ссудалардың алуан түрлерін жатқызады.Банктік ссудаларды несиелендірудің мажатына қарызданушылардың типтеріне қызмет ету сферасына байланысты  классификациялауға болады. Банктік ссудалар келесі критерияларға байланысты топтастырылады: қарыз алушылардың типтері; қолдану мерзімі; қамсыздандыру сипаттамасы; қолдану шарттары; өтеу әдісі; пайыз ставкасының сипаттамасы; пайызды төлеу әдісі; несие берушілердің саны, ссудаларды өткізу шарты, несиелендіру обектілері. 

      

      3 БАНКТІҢ НЕСИЕ РЕСУРСТАРЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ 

     3.1 Несие ресурстарын қаржылық талдау 

     Нарықтық  экономикасы дамыған елдердің банктерінің  қаржылық жағдайын бағалаудың әдістемелік  негізі 1988 ж. Базель қаласындағы орталық банктер уәкілеттері мен банктік бақылау органдарының халықаралық келіссөздерінде қабылданған «Капиталды және капитал стандарттарын бағалаудың халықаралық конвергенция» келісімшартында бекітілген. Бұл келіссөзде қарастырылған талаптар ең алдымен банк капиталына байланысты. Банктік қызметті реттеуге қол жеткізген Базель Комитетенің жүргізген келіссөздері халықаралық қаржылық жүйенің тұрақтылығымен әділетті бәсекені қамтамасыз етуге бағытталған. Аталған тәсілдер әртүрлі мемлекеттердің банктік жүйесінің капиталына қойылатын талаптарды унификациялауға, банктердің баланстан тыс қызметі бойынша тәуекелдерді ескеру, тәуекелдерді төмендетудегі қызығушылықты арттыру, банк капиталының деңгейін объективті бағалауға мүмкіндік береді.

     Қаржылар  орналастырылған әр модельдің ликвидтілігін  жеткілікті деңгейде ұстау барысында  табыстылықтың жоғары деңгейіне  қол жеткізу үшін ең алдымен салымдарды тартуда кездесетін ұсталымдардың  жоғары шегі мен оларды орналастырудан түсетін табыстың шекті мөлшерін салыстыру, сонымен қатар, ликвидтілік деңгейіне қаржыларды талдаудың әр нұсқасына сәйкестігін талдау қажет. Банктегі несие ресурстарын қаржылық талдаудың негізгі мәселелерін жүзеге асыру, оны ұйымдастырудың сәйкес деңгейі, талдау мақсатын ұйымдастыру, аналитикалық мәселелерді құру, оларды тәжірибелі шешудің тәсілдерін анықтаусыз мүмкін емес.

     Қаржылық  талдауды дұрыс ұйымдастыру әр түрлі  қызмет көрсетушілер мен атқарушылардың өз қызметін қайталауға мүмкіндік бермейді. Маңызды сұрақтарды құрастыруға  әсерін тигізеді, талдауға қажетті кешендік, тереңдік және жоғары тиімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

     Банк  қызметінің тиімділігін талдау бөлімінің  міндетіне банктің нәтижелі қаржы  көрсеткіштерін талдау, ең алдымен  капиталға келетін табыс нормасын, кіріс нормасын, пайыздық маржа, актив табыстылығы, берілген несие бойынша уақыттылы төленбеген қарыздардың деңгейі, банктік шығындардың үлесі, рентабельділік және басқа да көрсеткіштердің деңгейін, сонымен қатар банк қызметінің ең табысты бағытын талдау жатады.

     Пассив, актив және ликвидтілікті басқару  – банк ликвидтілігінің қажетті  деңгейіне қол жеткізу (ағымды, орта және ұзақ мерзімді), банктің пассив және активінің оңтайлы құрылымын  қалыптастыру, олардың құрылымын  оптимизациялау бойынша ұсыныстар  дайындау, несие тәуекелі деңгейі, активінің әр түрлі топтарының табыстылығын, банкаралық несиені тарту және пайдалану тиімділігін бағалау, сонымен қатар несие ұйымдарындағы пассив,актив және ликвидтілікті басқару саласында өңделетін жалпы стандарттардың жеткілікті деңгейіне қол жеткізу мәселелерін талдап отыруы қажет.

     Несиелердің әр сатысын талдап отыру қажет: несие  келісімшартын дайындау және бекіту, несиені беру барысында олардың  қолданылуын, несиенің өтелуіне бақылау  жасау барысында пайыздың төленуін. Заемщик пен банк арасында несие алу барысында жасалатын келісімшартты талдау несиелендірудің барлық процесі мен нәтижесін көрсетеді.

     Банктің несие ресурстарының қаржылық жағдайын талдауды әдістемелік қамтамасыз ету талдаудың мақсатына байланысты оны бөлшектеу дәрежесіне қарай ерекшеленеді. Мысалы, экспресс - әдістемелер банктің қаржылық жағдайына алдын ала жалпы баға беруге мүмкіндік береді, бірақ олардың себебін аша алмайды. Экспресс – талдаудың мәні есептеудегі қиын емес көрсеткіштерді таңдап алып, олардың динамикасын үнемі қадағалап отыруында. Экспресс – талдау банктерде тез және жалпы баға беру үшін қолданылады, бірақ бұл талдау ең бірінші кезекте несие ұйымдарының аутсайдерлері мен олардың акционерлері үшін арналған. 

     3.2 Несие ресурстарының қаржылық жағдайын жетілдіру жолдары 

     Коммерциялық  банктер өздерінің қызметінің ерекшеліктерінің шегінде банктердің шаруашылық және қаржылық құрылымдардың, мемлекеттік  органдардың, аймақтардың эономикалық  және әлеуметтік өмірінің қызметтеріне байланысты іскерлік ақпараттардың  үлкен көлемін шоғырландырады.

     Тәжірибелі  басқару қызметінің негізгі түрі болып табылатын қаржылық сұрақтар бойынша кез – келген мәселелерді  шешіп, банк қызметінің нәтижесі және оларды басқару тиімділігі туралы ақпаратты  жалпылағандықтан коммерциялық банктердегі қаржылық талдаудың ақпараттық базасы болып қаржылық басқаруда қолданылатын барлық ақпараттық жүйе табылады. Қаржылық талдау банктің және менеджерлердің позициясынан жүргізілсе де, ішкі талдау болып табылады. Банктің ішкі мақсаты үшін қаржылық талдаудың ақпараттық базасы көлемді болу керек. Ол ақпараттың ішкі және сыртқы көздерінің есебінен қалыптасады. Сыртқы көздердің есебінен коммерциялық банктердің іскерлік және қаржылық ортасы талданады.

           Қаржылық талдау жүргізу кезіндегі ақпараттық көздердің бір тобы орталық банкке жатады: коммерциялық банктердің операциялық қызмет жүргізу тәртібі, сонымен қатар қаржы нарығының (несие және депозит) жағдайы туралы мәліметтер, ақша айналымы, жеке салымдар мен эмиссиондық процестерге байланысты ақпараттар жатады.

     Қазақстанның коммерциялық банктері мен сыртқы экономикалық кешеннің бір – біріне әсері үлкен. Банктерде үкіметтің сыртқы экономикалық саясаты, сыртқы сауданы мемлекеттік реттеу және қолдау жүйесін дамыту, оны реттеу әдістері (лицензиялау, салықтар, алымдар), орталықтандырылған валюталық қорды қалыптастыру және қолдану тәртібі, орталықтандырылған экспорт және импорт бойынша операциялар көлемі, ішкі валюталық қарыз көлемі және басқа да сұрақтар бойынша ақпараттар болуы қажет. Қазақстандық банктердің халықаралық қаржы нарығына шығуына байланысты олардың қаржылық жағдайы, әсіресе ірі банктердің жағдайы Қазақстанның сыртқы қарызының көлеміне, шетел мемлекетінің қаржылық көмек ұсыну шарттарына байланысты болды. Бұл мәселелерді шешуде маңызды орынды – МВФ, ЕБРР, халықаралық несиелеудің Лондондық және Париждік клубтары, ірі шетелдік инвесторлармен кредитор мемлекеттер (ФРГ, АҚШ, Жапония, Франция) сияқты халықаралық қаржылық институттар маңызды орын алады.

     Несие мекемесінің қаржылық жағдайы оның клиенттері мен әсіресе, заемщиктерінің қаржылық жағдайына тікелей байланысты, сондықтан банк клиентінің несие қабілеттілігіне байланысты қаржылық есеп беру және басқа да мәліметтері қаржылық талдау барысында қолданылатын маңызды ақпарат көздеріне жатқызылады. Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде есеп берудің келесідей формалары қолданылады: баланстық есеп беру, табыстар мен шығындар, қаржыландыру көздерінің қозғалысы, қаржылық есеп беруге түсініктеме, аудиторлық қорытынды, капиталдың орташа көлемінің балансы.

     Қазақстандық  коммерциялық банктердің көпшілігінің автоматизациялық жаңа құралдарымен қамтамасыз етілуінің жоғары деңгейі банктің операциондық күнін автоматизациялауға, халықтың салымын қабылдау және беру бойынша жұмысты, банк қызметінің барлық негізгі бағыттары бойынша операцияларды жүзеге асыруды, есеп беруді ұйымдастыру, ақпараттық мәліметтердің үлкен көлемінің жинақталуын автоматизациялауға мүмкіндік берді. Программалық өнімдердің көптілігіне қарамастан бүгінгі күнде коммерциялық банктерде кешендік талдау жүргізу үшін ғана емес, сонымен қатар аналитикалық міндеттердің бөлек баптары бойынша өнімдер жоқ. Бұның ең бірінші себебі, коммерциялық банкті басқарудағы қаржылық талдаудың рөлін жеткілікті түрде бағаламауда. Сонымен қатар осы мәселелерді автоматизациялық шешудегі методологиялық және әдістемелік қамтамсыз етудің болмауында.     

     ҚОРЫТЫНДЫ 

     Несиенің  нарықтық экономикадағы мәні мен  мазмұнын, оның қажеттілігін, формалары  мен түрлерін, төлем қабілеттілігін жан – жақты  талдау нәтижесінен  мынадай түсініктер қалыптасады: Несиенің қажеттілігі ұдайы өндіріс процесі фазаларының бірлігі мен өзара әсерін қамтамасыз ететін тауар-ақша қатынастарының, құнының тауарлай және ақшалай формаларының бар болуымен түсіндіріледі.

     Банктік ұйымды қызықтыру үшін және бизнестік  құрылымға деген өндіріс жағынан ұсыныс болуы керек және банктің тағайындалған пайыздық ставкасының деңгейі, қайтару мерзімі және жарнама да әсерін тигізеді. Айта келе, келесідей қорытынды жасауға болады:

  • банктің негізгі несиелік қызметі болып несиелік саясат саналады;
  • несие жоспарланған салада ғана беріледі;
  • несие беру банк ресурстарына ғана тәуелді емес, сонымен бірге

клиенттің мүмкіндіктеріне де тәуелді;

Информация о работе Несие ресурстары оларды қалыптастыру мен орналастыру тәртібі