Мемлекеттік бюджет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 10:54, курсовая работа

Описание

Мемлекеттік органдарының өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде өзінің экономикалық аймақтарының шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін «мемлекеттік бюджет» құрайды. Жалпы айта кететін болсақ мемлекеттік бюджет негізінде экономиканың дамуы қалыптасады. Мемлекеттік бюджетте өзінің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарының қалыптасыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отырады. Сонымен қатар мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі.

Работа состоит из  1 файл

Мемлек бюдж.doc

— 877.00 Кб (Скачать документ)

     Сол сияқты 53 518,2 млн. теңге сомасында мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзылуы және бюджеттік есептілікті жүргізу, қаржылық есептілікті жасау ережелерін, бюджеттік кредиттер, мемлекеттік кепілдіктер беру шарттары мен рәсімдерін бұзу, сондай-ақ 24 520,8 млн. теңге сомасында қаржылық активтерді пайдалануға байланысты бұзушылықтар анықталды.

     Бұдан басқа ағымдағы жылдың есептілік кезеңінде жергілікті бюджетті әзірлеу және орындау барысында жіберілген 7 286,0 млн. теңге сомасында бұзушылықтар белгіленді.

     Мемлекеттік мекемелердегі функционалдық топтар бойынша бұзушылықтарды талдау, олардың  негізгі үлесі экономиканың мынадай салаларында орын алғандығын көрсетті: мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік – 6 818,8 млн. теңге (мемлекеттік мекемелерде анықталған қаржылық бұзушылықтың жалпы сомасынан 34 %), денсаулық сақтау – 5 297,8 млн. теңге – (26 %); көлік және байланыс – 3 137,4 млн. теңге (16 %); білім беру – 1 444,3 млн. теңге (7 %).

     2009 жылғы 1 тоқсанда жүргізілген бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша қолданылған шаралармен қалпына келтіруге және бюджетке қайтаруға 17 255,9 млн. теңге жатады, қалпына келтірілгені және өтелгені 4 718,2 млн. теңге.

     Процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына 20 835,7 млн. теңге сомасындағы 449 бақылау материалы жіберілді.

     «Әкімшілік  құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан  Республикасының кодексіне сәйкес 159 лауазымды тұлғаға 7,8 млн. теңге сомасында әкімшілік жаза қолданылды, одан бюджетке 3,7 млн.теңге түсті.

     Жол берілген бұзушылықтар үшін тәртіптік  жауапкершілікке  жүргізілген бақылау  объектілерінің 1 089 қызметкері тартылды. 

7. Дәрменсіз ұйымдарды банкроттау рәсімдері 

     Есепті  кезең үшін 4 ұйым оңалту рәсімдерін мақсатқа қол жеткізе отырып аяқтады..

     Оңалту  рәсімдері шеңберінде ағымдағы жылдың басынан бастап, мерзімі ұзартылған кредиторлық берешекті өтеу 182,1 млн. теңгені құрады, оның ішінде бюджетке 101,3 млн. теңге түсті. Ағымдағы салықтар бойынша өтеу 108,1 млн. теңгені құрады.

     2009 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша  433 ұйым таратылды. Банкроттық  рәсімдерін жүргізу барысында  1 074,3 млн. теңге сомасында кредит берушілердің талаптары қанағаттандырылды. Конкурстық өндіріс барысында бюджетке түсетін түсімдері 14,5 млн. теңге сомасын құрады, оның ішінде салықтар бойынша кредиторлық берешек 11,4 млн. теңгені құрады.

     Жыл басынан дәрменсіз ұйымдарды  банкроттық рәсімдері арқылы қаржылық-экономикалық сауықтыру нәтижесінде (конкурстық өндірс+оңалту) бюджетке 115,8 млн. теңге түсті.

     Банкроттық  рәсімдері 722 ұйымда жалғасуда, оның ішінде:

     таратылу  сатысында – 685;

     оңалту  рәсімдерінде – 37.

     Есепті  кезең үшін таратылған банкрот-кәсіпорындар базасында 122 жұмыс орнын қамтитын 7 ұйым қызметін жаңартты.

     2009 жылы әрекетсіз, болмаған, оның  ішінде 003 «Тарату және банкроттық  рәсімдерін жүргізу» республикалық  бюджеттік бағдарламалар шеңберінде  мүлкі жоқ борышкерлерді таратуға 131 938 мың теңге мөлшерінде ақшалай қаражат бөлінді. 2009 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша кассалық атқару 312,3 мың теңгені немесе 350,0 мың теңге есепті кезеңге арналған төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына 89,2 % құрады. 

8. Кеден органдарының  қызметі 

     Кедендік  бақылауды жетілдіруге және кедендік рәсімдерді оңайлатуға, бақылаудың автоматтандырылған жүйесін енгізуге және тәуекелдерді басқару жүйесін қолдануға қатысты Қазақстан Республикасы кеден органдарының алдына қойылған басымды міндеттерді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу рәсімдерін оңайлату жөнінде жұмыстар жүргізуде.

      Республикалық бюджетті толықтыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына қазіргі уақытта КТжС төлеуінсіз рәсімделетін «еркін қойма» кедендік режиміне барлық темекі өнімдері түрлерін орналастыруға тиым салу туралы ұсыныс енгізілді.

      2008 жылдың 3 қыркүйегінен 3 желтоқсанына дейінгі кезеңінде «Қайрақ» (ҚР) - «Бугристое» (РФ) өткізу пунктілерінде өткізілген Бірлескен бақылауды енгізу бойынша жүргізілген эксперименттің оң нәтижелерін ескере отырап, Комитет Ресей еліне Ресей Федерациясымен тиісті Келісімге қол қойылғанға дейін 5 шектес автомобильдік өткізу пунктерінде экспериментті ұзарту туралы ұсыныс жіберді.

      2009 жылдың қаңтарынан бастап бірлескен  бақылауды  ұйымдастыруды практикалық  өңдеу мақсатында  қазақстан-қырғыз  мемлекеттік шекарасында «Айша  бибі»- «Чон-Капка» жанжақты өткізу пункті арқылы адамдарды, тауарларды және көлік құралдарын Уақытша технологиялық үлгі бойынша өткізу эксперименті жүргізілуде. Эксперименттің қорытындылары бойынша жеке хаттамамен қазақстан-қырғыз мемлекеттік шекарасында өткізу пунктінде бірлескен бақылауды жүргізу тәртібі жеке хаттамамен келісілетін және бекітілетін болады.

      2009 жылдың 5 қаңтарынан бастап ҚР кеден шекарасындағы автомобильдік өткізу пункттерінде тауарларды және көлік құралдарының электрондық мониторингінің технологиясын біртіндеп енгізу бойынша пилоттық жобасы өткізілуде. ҚХР шекаралас пункттерінде «Электрондық өткізу пункті» жабдығын орнатылды және монтаждау жүргізілді. Пилоттық жобаны жүргізу үшін жабдықтармен Кедендік бақылау департаменттерінде және кедендерінде 68 өткізу пункті және 22 операциялық орын құрылды.

      Бұдан басқа, Қауіпсіздіктің негіздемелік стандарттарының  талаптарына сәйкес және Дүниежүзілік кеден ұйымының әлемдік саудасын жеңілдету үшін Жедел басқару орталығы базасында басқа мемлекеттердің кеден органдарынан Қазақстанға жіберілетін тауарлар туралы алдын-ала ақпаратты алу бойынша даярлық жұмыс жүргізілуде.

      ҚР  ҚМ және Белорусь Республикасының Мемлекеттік  кеден комитеті арасындағы  ҚР және Белорусь Республикасы кеден шекаралары арқылы өтетін тауарлар және көлік  құралдары туралы алдын-ала ақпарат алмасу туралы хаттама қол қоюға дайын.

      Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарда және жүйеқалыптастырушы кәсіпорындарда қазақстандық мазмұнды ұлғайту мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобында жұмыс жалғасуда.

      ҚР  Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы қазақстан-қытай кедендік шекарасы арқылы құбыр тасымалы бойынша өткізілетін энергия ресурстарына кедендік бақылау туралы келісімді қолданысқа енгізу үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу бойынша жұмыс жалғасуда – Келісімді бекіту туралы Заңның жобасы Парламент Мәжілісінің қарауында.

      Құқық қорғау қызметтерін күшейту және жетілдіру бойынша Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің алға қойған тапсырмаларын шешу кезінде, ұлттық және экономикалық қауіпсіздікті арттыру мақсатында кеден органдарымен 2009 жылдың 1 тоқсанындағы алдын-ала деректер бойынша 270 қылмыстық іс қозғалды (өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен салыстырғанда 66 қылмыстық іске өскен), оның ішінде ҚР ҚК 209-бабы бойынша 114 іс, ҚР ҚК 214-бабы - 25 іс, ҚР ҚК 250-бабы - 44 іс, басқа баптар - 87 іс қозғалды.   

      Республиканың кеден органдары есірткі құралдарының контрабандасын анықтау бойынша  жұмыстар жүргізіліп жатыр, осы арқылы кеден шекарасында есірткі құралдары  контрабандасының 51 фактісі өздігімен анықталды. Көрсетілген фактілер бойынша 69 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде ҚР ҚК 250-бабы бойынша (есірткі контрабандасы) 44 іс және ҚР ҚК 259-бабы бойынша 25 іс қозғалды, тартып алынған есірткілердің салмағы 174 кг. 612 гр., героиннің салмағы 55 кг. 751 гр. құрайды. 

       «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрестің 2006-2010 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасы туралы»  Қазақстан Республикасы Президентінің  2005 жылғы 23 желтоқсандағы №1686 Жарлығын іске асыру мақсатында  Комитет Төрағасының 26 желтоқсандағы №369 бұйрығымен Қазақстан Республикасының кеден органдарында 2009-2010 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлықты төмендету бойынша іс – шаралар жоспары бекітілді, мұнда нақты іс – шаралар, оларды орындау мерзімдері және жауапты орындаушылар көрсетілген.

      Бұдан басқа, «Қазақстан Республикасы кеден  органдарының ішкі қауіпсіздік бөлімшелерінің қызметін жетілдіру бойынша бірінші  кезектегі іс – шаралар туралы»  Комитет Төрағасының 2006 жылғы 27 наурыздағы бұйрығының 5-тармағын, Комитет Төрағасының 2007 жылғы 24 тамыздағы №247 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының кеден органдарындағы сыбайлас жемқорлықты төмендету бойынша іс – шаралар жоспарының 28-тармағын орындау үшін, сондай-ақ ҚР кеден органдары жүйесінде қызметтік тергеулерге реттеу жүргізу мақсатында    Комитет Төрағасының 2009 жылғы 27 қаңтардағы №14 бұйрығымен ҚР кеден органдары жүйесінде қызметтік тергеулерді жүргізу ережесі бекітілді.

     2009 жылдың 1 тоқсанында кеден органдары  жүйесінде қызметкерлерге қатысты 77 қылмыстық іс қозғалды. Олардың ішінде 55-і жеке күшпен қозғалды. Сол сияқты 42 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық анықталды, одан жеке күшпен 36-сы анықталды.

      Есепті  кезеңде пост-кедендік бақылау бөлімшелері – 117 тексеру жүргізді, оның ішінде жоспарлысы – 61 (СЭҚҚ адалдығына қатысты - 18), жоспардан тыс – 37, қарама-қарсы – 1.

      Жүргізілген тексерулердің нәтижесі бойынша  барлығы – 32, 7 млрд. теңге жете есептелді, 5,3 млрд. теңге өндіріп алынды. 7 қылмыстық іс қозғалды, 22 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 1,5 млн. теңге – айыппұл өндіріп алынды. 

      2008 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, жете есептеулер 29,2 млрд. теңгеге немесе 9,2 есеге, бюджетке қосымша түсім 2,5 млрд. теңгеге немесе 1,9 есеге өскен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1155-1 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының «Электрондық Үкіметін» дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау барысында «Электрондық кеден» ақпараттық жүйесінің «ҚР кеден органдарының web-порталы және шлюзі» компонентерінің 4 кезеңін әзірлеуге арналған техникалық ерекшелікті келісу бойынша ұйымдастыру жұмыстары жүргізілген, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігіне (бұдан әрі - ҚР АБА) «Электрондық кеден» ақпараттық жүйесі  «web-декларант»  электрондық декларациялау кешенін пысықтау үшін келісуге жолданды.

      2009 жылғы 12 ақпандағы «Электрондық кеден» ақпараттық жүйесінің «ҚР кеден органдардың web-порталы және шлюзі» құрауыштарының әзірленген сервистеріне ойдағыдай тестілеу жүргізді, осыдан кейін тәжірибелік пайдалануға қабылданған.  

9. Заң шығару қызметі  жөніндегі ақпарат 

       1) «Заңсыз жолмен  алынған кірістерді  заңдастыруға (жылыстатуға)  және терроризмді  қаржыландыруға қарсы  іс-қимыл туралы»  және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобалары Үкіметтің 2005 жылғы 29 қыркүйектегі № 965 және тиісінше 966 қаулыларымен Парламент Мәжілісіне енгізілді.

    Осы Заң жобасы заңсыз жолмен алынған  кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы  іс-қимылдың тұжырымдамалық құқықтық негіздері мен принциптерін регламенттеу мақсатында әзірленді.

    (2009 жылғы 1 сәуірде  Парламент Мәжілісінің  екінші пленарлық  отырысы жүргізілді, онда Заң жобалары  мақұлданды.

    Бүгінгі таңда Парламент  Сенатына бағыттау сатысында). 
 

    2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден ісі мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Заң жобасы.

    Заң жобасы тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік органынан тыс алып өткен кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы автомобильдік өткізу пункттерінде көліктік, ветеринарлық, фитосанитарлық, санитарлық-эпидемиялық бақылау жүргізу жөніндегі функцияларды бекітіп беруді ұйғарады.

    Заң жобасы Қазақстан Республикасының  мемлекеттік шекарасы арқылы автомобильдік өткізу пункттерінде тауарлар мен көлік құралдарын өткізуді жеделдету мен оңайлатуға мүмкіндік береді.

      (Заң  жобасы Мәжіліс  Парламентіне Үкіметтің  2008 жылғы 29 қыркүйектегі  №896 қаулысымен енгізілді). 

      3) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерлікті тоқтату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның жобасы Үкіметтің 2008 жылғы  
2 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008 жылға арналған жоспарының 30-тармағына сәйкес әзірленді.

Информация о работе Мемлекеттік бюджет