Мемлекеттік қаржылық бақылаудың принциптері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 14:10, курсовая работа

Описание

Әрбір мемлекеттің экономикасын орташа статистикалық табыстары бар отбасымен салыстыруға болады. Кірісті табатын – әкесі, шығындарды жұмсайтын және отбасының қажеттіліктеріне сәйкес жалақыны қайта бөлетін – анасы, уақытша ата-аналарының есебінен өмір сүретін және жастары мен қызығушылықтарына қарай белгілі шығындарды талап етіп қана қоймай, мүмкіндігінше, сонымен қатар табыстар табатын – балалары бар отбасымен салыстыруға болады.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................3
1. Бюджет түрлері және деңгейлері.........................................................5
1.1. Қазақстанның бюджеттік жүйесінің принциптері..........................5
1.2. Бюджеттік несие беру.........................................................................11
2. Мемлекеттік қаржылық бақылау...........................................................16
2.1. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың принциптері..........................16
2.2. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың типтері мен түрлері..............25
Қорытынды..................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................29

Работа состоит из  1 файл

бюджет.docx

— 1.18 Мб (Скачать документ)

Сондай-ақ, Есеп комитеті ҚР Үкіметінің есеп беруіне өз мазмұны  бойынша қорытынды болып табылатын, есептік қаржы жылында республикалық  бюджеттің орындалуы бойынша  есеп беруді ағымдағы жылдың 15-інші мамырынан  кешіктірмей ҚР Парламентіне ұсынады.

Мәслихаттың ревизиялық комиссиясы жергілікті деңгейде сыртқы мемлекеттік  қаржылық бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқұқтық формасындағы заңды тұлға болып табылатын Есеп комитетінен айырмашылығы, мәслихаттың ревизиялық комиссиялары бөлек мемлекеттік орган статусына ие емес, олар өз өкілеттілігі мерзіміне мәслихатпен сайланатын, мәслихат жанында құрылады.

Ревизиялық комиссия председателі депутаттар арасынан мәслихатпен сайланады . Бірақ ревизиялық комиссия жұмысына мәслихат депутаты емес тұлғалар, келісім-шарт негізінде алына алады.

Ревизиялық комиссияның  жұмысшы органы болып, мәслихат аппараты құрылымына кіретін, мәслихаттың ревизиялық комиссия аппараты табылады.

Қазіргі кезде мәслихаттың  Ревизиялық комитеті және оның статусы  айналасында талқылау (пікір-талас) былай жүреді, Есеп комитеті былай  дейді, мәслихаттың ревизиялық комитеттері  Есеп комитетіне ұйымды және әдістемелі түрде жауапты болулары керек  немесе жоқ дегенде тәуелсіз орган болуы қажет. Сол уақытта, ЭБЖМ ревизиялық комиссиялар мәслихат шеңберінде қалулары тиіс және жоғары тұрған органдар мәслихаттың ревизиялық комиссиясының істеріне араласпаулары керек деп айтады.

Ревизиялық комиссиялар  Есеп комитетіне жауапты болмағанына  қарамастан, соңғы мәслихаттың ревизиялық комиссиясынан, өкілетті орган шешімі негізінде берілуі мүмкін мемлекеттік  қаржылық бақылау қорытындылары  туралы ақпарат сұрауға құқылы.

Одан басқа, мәслихаттың  ревизиялық комиссиясы белгіленген  мерзімде мәслихатқа, өз мазмұнымен сәйкес әкімшілікке есеп беруіне қорытынды  болып табылатын, жергілікті бюджеттің орындалуы туралы есеп береді.

Біз сыртқы бақылауды жүзеге асыратын органдарды қарастырып болғандықтан, ішкі бақылауды жүзеге асыратын органдарға көшейік.

Ішкі бақылау бірінші  кезекте Үкіметке және мемлекеттік  орган басшысына, мемлекеттік органдарды басқарудағы әлсіз жақтарды анықтауда басқару тиімділігі үшін қажет. Осыған орай тексеру қорытындылары ішкі басқару шешімдерін жүзеге асыру үшін қолданылады. Ішкі бақылау мақсаты тек заң бұзушылықпен жазадан тұрмайды, көбіне солардың алдын алуға, яғни ескертуге және заң бұзушылықты болдырмауға және олардың қайта қайталанбауын қамтуға негізделген.

Ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды республикалық және жергілікті деңгейде, ішкі бақылау жөнінен ҚР Үкіметімен өкілдендірілген орган (қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қаржылық бақылау Комитеті) және барлық орталық мемлекеттік органдарда және облыстардың жергілікті атқарушы органдары, республикалық маңызы бар қалалар, астаналар жүзеге асырады.

ҚР ҚМ қаржылық бақылау  Комитеті ішкі бақылау бойынша Үкіметпен  өкілдендірілген орган ретінде  ішкі бақылауды республикалықта, сондай-ақ жергілікті деңгейде оған есепті мемлекеттік  органдар қызметі туралы Үкімет үшін жүзеге асырылады және оған есеп береді.

ҚР ҚМ-нің қаржылық бақылау  Комитеті міндетіне алдымен: бақылауды  жүзеге асыру: республикалық және жергілікті бюджет қорларын ҚР заңнамаларына сәйкес қолдану; объектілермен есеп беруді және есепті бақылауды дұрыс және дәлелді жүргізу; мемлекеттік сатып-алу  туралы ҚР заңнамаларын ұстану; бюджеттік  кредиттерді берудің ереже, нұсқауларын  ұстану, концессиондық жобаларды, мемлекеттік  кепілдерді және мемлекеттік гарантияларды  қоса қаржыландыру; мемлекет активтері  мен байланысты гранттарды; республикалық  және жергілікті бюджетке салықтық емес түсілімдердің уақытылы және толық  түсуіне байланысты; мемлекеттік  мекемелердің өз құзырында қалған тауарларды (жұмыс, қызмет) сатудан түскен ақшаны қолдануы және оның құрылуы; ішкі бақылау ұйымдарымен мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын ұстану кіреді.

Қаржы министрлігінің қаржылық бақылау Комитетімен мәслихаттың  ревизиялық комиссиясы және ішкі бақылау  ұйымының күшеюіне қарай ішкі бақылау  ұйымдары қатынасына байланысты жан-жақтылық және әдістемелік функцияларын сақтап қалу.

Ішкі бақылау ұйымдары мемлекеттік орган емес, бұл оның құрылымдық бөлігі, өз кезегінде тікелей  мемлекеттік орган басшысына  немесе облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астаналар әкіміне  жауапты және есеп береді, басқа  құрылымдық бөлімдерден функционалды түрде тәуелсіз.

Ішкі бақылау ұйымдары соңғы қорытындыға, осы мекеме қызметінде бірінші басшының уақытылы қабылданатын шешіміне негізделеді. Осыған байланысты ішкі бақылау ұйымы бақылау қорытындылары  туралы есеп беруден басқа мемлекеттік  орган басшысына, сонымен қатар  ішкі әдістерді, ережелерді, мемлекеттік  органдағы жұмыс тиімділігін  көтеру мақсатына, оның қызметінің соңғы  және тікелей қорытындысына жету жолдарын жақсарту бойынша ұсыныстар ұсынады.

Бұрын, жаңа Бюджеттік кодексті қабылдамас бұрын ішкі бақылау ұйымдары тек орталық органдарда құрылған, ҚР Үкіметінің қаулысымен осындай ұйымдар құруға рұқсат етілген.

 

    1. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың типтері мен түрлері

 

Бақылау типтері өз құрамымен  мемлекеттік қаржылық бақылау органы қызметінің бағыты болады. Бақылаудың үш типі бар. Бұл тиімділік, қаржылық және есептік және салыстырмалық бақылау.

Сәйкестілікті бақылау - бақылау  жүргізіліп отырған объект қызметінің ҚР бюджеттік және басқа да заңнамаларына  сәйкестігі, яғни қаншалықты заңнамалар ұстанған, ережелер ұстанған, бюджеттік  классификация талаптары және т .б.

Қаржылық есеп беруді бақылау  – бақылау объектілерімен қаржылық есепті уақытылы және түсінікті құрап  ұсынуы, дәлелдікті бақылау, яғни мемлекеттік  мекемедегі қаржылық жағдай өзгерістері  мен жағдайы туралы ақпараттың құпиялығын дұрыс сақтау.

Тиімділікті бақылау –  бағалау, бақылау негізінде жүргізілетін, қаржылық есеппен сәйкестігі бюджет бағдарламаларын, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы негізіндегі қорытынды  мемлекеттік органдардың қол  жеткізуі, мемлекетпен ұсынылатын қызметтер, байланыс гранттарын қолдану, мемлекеттік  және кепілді мемлекеттік қарыздар, мемлекеттік активтер және кепілдер, экономиканың, әлеуметтік сфераның немесе бөлек алғанда мемлекеттік басқару сферасының дамуына мемлекеттік сектор объектілерімен мемлекеттік орган қызметі әсерінің объективті және ауқымды әсері.

Тиімділікті бақылау өзін әлемдік практикада, қорытындыға  бағытталған бюджеттеуде қаржылық бақылаудың болашағы зор түрі ретінде  көрсете білді. Ол мемлекеттік ресурстардың тек заңды және мақсатталған бағытта  қолданылып, шығындалып жатқанын ғана көрсетпейді, сонымен қатар тиімді, яғни қоғамға үлкен пайдамен жүргізіліп жатқанын көрсете алады.

Мемлекеттік қаржылық бақылаудан шыға отырып, алдында тұрған бағдарламаға негізделе отырып, бақылаудың төрт түрі шығады: кешенді, тематикалық, кездесулік, біріккен бақылау.

Кешенді бақылау – белгілі  бір кезеңде бақыланушы объект қызметінің барлық сұрақтары бойынша бақылау  және тексеру, яғни өзіне бақылаудың барлық түрін қосуы мүмкін. Осыған қарамастан мемлекеттік қаржылық бақылау органымен кешенді бақылау 2 жылда 1-рет жүргізіледі.

Тематикалық бақылау –  белгілі бір кезеңде бақыланып  отырған объект қызметінің бөлек сұрақтары бойынша тексеру және бағалау, яғни бір тақырып немесе шектелген сұрақ шеңбері бойынша, мысалы, осы түрмен салық төлемдерінің дұрыстығы бақыланады.

Қарсы бақылау – үшінші тұлғаның бақылауы, яғни, мысалға, бағдарлама әкімшісін бақылау, бюджеттік бағдарлама шегінде мемлекеттік тауар немесе қызметті алуды жүзеге асырған, тендерді ұтып алған мекемені тексеру жүргізілуі мүмкін және тексеріліп отырған сұрақ  шегінде бақылаудың негізгі объектісімен қарым-қатынасы бар сұрақтар бойынша ғана жүргізіледі.

Бақылауды жүргізу үшін мемлекеттік  қаржылық бақылау органының және басқа мемлекеттік органның біріккен жан-жақты қызметі қажет болған жағдайда – біріккен бақылау жүзеге асады. Біріккен бақылау және аналитикалық шаралар келесідей ұйымдық формада жүргізіледі: 1) бюджеттің әртүрлі деңгейінің бақылау органдары өкілдерінен жұмысшы топтарын құру арқылы; 2) әр жақ бөлек, аяғында қорытындымен алмасу және бақылау қорытындысы бойынша кешенді құжатты біріге дайындау. 

Қорытынды

 

Осы тақырыпты қорытындылай келгенде Қазақстан Республикасының  басқару жөнінде заңында бюджеттің  кірістері мен шығыстарын қалыптастыру және реттеу жөніндегі арнайы ережелер анықталады. Мемлекет және оның аумақтық бөлімдерінің бюджетті – құқықтық мәртебесі негізі – ол осы құқықты  іске асыруға пайдаланатын кең таралған бюджеттік уәкіліктікті құрайтын дербестік бюджет жөніндегі құқық. Биліктің әрбір деңгейіндегі уәкіліктікте өз ерекшеліктері бар, бірақ бюджетті қалыптастыру, оны атқару және бөлінген бюджеттік ақша беруді пайдалануын бақылау процестері биліктің атқарушы органдарының уәкіліктігінде болады.

Әртүрлі деңгейдегі бюджеттің  орындалуы туралы есеп бюджет үрдісінде аз орын алмайды. Бұл этап (саты) маңыздылығы бюджет орындалуын бақылауды құрастыру, қарастыру және бюджет орындалуына жан-жақты талдау жасауға мүмкіндік беретін есепті бекітуге негізделеді. Есеп беру мемлекеттік қаржыны қолдану сферасындағы заң бұзушылықтардың алдын алуда күрделі элемент болып табылады.

Бюджет орындалуы бойынша  есепті құрастыру жұмыстары бюджеттік  кезең (жыл, ай) аяқталғаннан кейін басталады. Ол биліктің барлық органдары есепті кезеңде қалай жұмыс жасағанын  көрсетеді, қандай кіріс көлемін  жинады, қанша шығындар жұмсады, жобалар  қолда бар шараларға сәйкес болды  ма, бюджет қорлары толық көлемде  игерілді ме, стратегиялық құжаттар мақсаттарына қол жетті ма деген сұрақтарға жауап беру бюджет үрдісінің соңғы  сатысын білдіреді.

Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуы туралы есепте нақтыланған республикалық және жергілікті бюджеттің, бекітілген, тіркелген, төленбеген міндеттемелер, бюджет түсілімінің  орындалуы, сәйкес

бюджеттің бюджеттік бағдарламалары бойынша төленген міндеттемелері көрсетіледі. Осыған қарамастан есептер өзіне барлық түскен кірістерді, басқа деңгейдегі бюджеттердан және барлық жасалған шығындар, сонымен қатар жоғарыда тұрған бюджет есебінен шыққан шығындар, басқа деңгейдегі бюджетке берілген трансферттерді қосады.

Бюджеттің орындалуы туралы есеп ҚР Бюджет Кодексімен, бюджет түсілімдерімен бөлінген, ББК-нің бюджет шығындары, экономикалық, функционалды бөлінуімен анықталатын бюджет құрылымы бойынша  құрылады және сәйкес қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңына сәйкес немесе қаржылық жылда жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімімен, республикалық  бюджет туралы заңның жүзеге асуы туралы жергілікті атқарушы орган немесе ҚР Үкіметінің қаулысымен, жергілікті бюджет туралы мәслихат шешіміне сәйкес жасалады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

    1. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі. – Алматы: Юрист, 2004.
    2. Салық кодексі – «Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жөнінде» ҚР Заңы. – Алматы: Юрист, 2003 Қазақстан Республикасының заңдары.
    3. Б.С. Өтебаев. Мемлекеттік бюджет. – Алматы: Экономика, 2006.
    4. Сейітқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2005.
    5. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы. – Алматы: Қаржы қаражат,. 2001.
    6. Ильясов К.К., Саткалиева А.Ж. и др. Государственный бюджет: Учебник. – Алматы: РИК, 1994.
    7. Қазақстан Республикасының Үкәметінің Қаулылары.
    8. Утибаев Б.С., Жунусова Р.М. Бюджетное устройство и бюджетная система: Учебное пособие. – Ақмолa: 1997.
    9. Борисов А .Б . Большой экономический словарь . – М .: Книжный мир, 2001
    10. Виноградова Т . И . Общественное участие в бюджетном процессе . Опыт и технологии . – СПб .: 2002.
    11. Мысляева И . М . Государственные и муниципальные финансы: Учебник . Изд . 2-е, перераб . и доп . – М .: ИНФРА-М, 2007.
    12. Перепанова Т . С ., Балтахинова О . Р . Основы бюджетной системы и бюджетного учета: Учеб . пособие – Улан-Удэ, 2004.
    13. Поляк Г . Б . Финансово-бюджетное планирование: Учебник . – М .: Вузовский учебник, 2007.
    14. Янцен Н . А ., Крыкбаева А . Е ., Артемьев А . О ., Хасан Ж . Е . «Бюджетный гид» . Изд . 2-е, перераб . и доп . – Алматы, 2005.
    15. ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі http://www.minplan.kz
    16. Республикалық бюджеттің орындалуын бақылайтын есеп комитеті http://www.esep.kz

 


Информация о работе Мемлекеттік қаржылық бақылаудың принциптері