Игіліктер нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 16:41, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты: игіліктер нарығының теориялық жеткізілімдерін сипаттай отырып, ондағы басты факторлардың экономиканың секторындағы қажеттілігі мен оның қызметтері туралы баяндау болып табылады.
Курстық жұмыстың міндетіне мыналар жатқызылады:
берілген тақырыптың теориялық сипатын ашу;
игіліктер нарығындағы ерекшеліктерді айқындау;
Қазақстанның тауар нарығы қызметтер нарығына экономикалық шолу;
Курстық жұмыс негізінен ІІІ тараудан тұрады. І тарауда игіліктер нарығының теориялық негіздері ашылады. Курстық жұмыстың ІІ тарауында игіліктер нарығының экономикалық көрсеткіштері аймақтық аспекті мен Қазақстан бойынша қарастырылған. ІІІ тарауда игіліктер нарығының экономикалық саясаты мен даму перспективалары туралы берілген.
Курстық жұмыстың соңы қорытындыланып, пайдаланылған әдебиеттер тізімімен және қосымшамен нақтыланған.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………3-4
І Игіліктер нарығының теориялық негіздері
1.1. Игіліктер нарығы және оның қызметтері…………………………..….5-7
1.2. Игіліктер нарығының қалыптасу ерекшеліктері…………………….7-13
1.3. Игіліктер нарығының классикалық және кейнстік түсіндірмесі….13-16
ІІ Игіліктер нарығының экономикалық көрсеткіштері
2.1. ІS моделіндегі игіліктер нарығын алгебралық жолмен талдау……17-22
2.2. Қазақстанның тауар мен қызмет нарығын талдау………………….22-26
2.3.Аймақтық аспектідегі игіліктер нарығын талдау (Ақтөбе облысы бойынша)…………………………………………………………………..27-28
ІІІ Игіліктер нарығының тиімділігін арттыру
3.1. ІS моделіндегі игіліктер нарығының экономикалық саясаты……29-31
3.2. Қазақстанның игіліктер нарығын дамыту перспективасы……….31-32
Қорытынды……………………………………………………………….33-34
Қолданылған әдебиеттер…………………………………………………….35
Қосымша ………………………………………………………………………36

Работа состоит из  1 файл

Игіліктер нарыгы.doc

— 310.50 Кб (Скачать документ)

Жоспар

Кіріспе………………………………………………………………………3-4

І Игіліктер нарығының теориялық негіздері

1.1. Игіліктер нарығы және оның қызметтері…………………………..….5-7

1.2. Игіліктер нарығының қалыптасу ерекшеліктері…………………….7-13

1.3. Игіліктер нарығының классикалық және кейнстік түсіндірмесі….13-16

ІІ  Игіліктер нарығының экономикалық көрсеткіштері

2.1. ІS моделіндегі игіліктер нарығын алгебралық жолмен талдау……17-22

2.2. Қазақстанның тауар мен қызмет нарығын талдау………………….22-26

2.3.Аймақтық аспектідегі игіліктер нарығын талдау (Ақтөбе облысы бойынша)…………………………………………………………………..27-28

ІІІ Игіліктер нарығының тиімділігін арттыру

3.1. ІS моделіндегі игіліктер нарығының экономикалық саясаты……29-31

3.2. Қазақстанның  игіліктер нарығын дамыту перспективасы……….31-32

Қорытынды……………………………………………………………….33-34

Қолданылған әдебиеттер…………………………………………………….35

Қосымша ………………………………………………………………………36 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

      Нарықты жағдайларды зерттеген уақытта, сұраныстың не себепті және қандай мөлшерде өзгергенін зерттеу үшін сұраныстың икемділік коэффициентін пайдаланады. Бұл абсолюттік емес, салыстырмалық коэффициент. Сондықтан, сұраныстың икемділік коэффициенті зерттегелі отырған сұраныс функциясының факторы 1 пайызға өзгерсе, онда сұраныстың қандай мөлшерге өзгеретінін көрсетеді.

      Сатылатын тауар біртектес және тауардың әр данасы бірдей бағамен сатылады деп жорамалдауға болады. Тауардың бағасын жеке адам ғана белгілей алмайды, ол нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың өзара бәсекеге түсуі нәтижесінде тағайындалады. Бәсеке жағдайында бағаның қалыптасу механизмін түсіну үшін сұраныс және ұсынысқа негізгі талдау жүргізу керек. Бұл талдау кезінде сатылатын және сатып алатын тауарлардың көлемі мен бағаларының арасындағы байланысқа көп көңіл бөлеміз, сонымен қатар тауарлардың бағасы мен көлеміне басқа да факторлардың қалай әсер ететінін қарастырамыз.

      IS үлгісі жиынтық сұраным деп  танылатын макроэкономикадағы негізгі  өзгерістердің өзара әрекетін  түсінуді қамтамасыз етеді. Экономикадағы жиынтық сұранымның дамуы экономикадағы ұсыныста артта қалушылықты реттейді. Экономикалық ұсыныс теориясы өнім мен баға динамикасының қажетті бөлігі болып табылады.

      Игіліктер нарығының басты  факторларының бірі ретінде жиынтық сұраным мен ұсыным теориясы номиналды жалақыны да қамтып отырады.

      Курстық жұмыстың мақсаты: игіліктер нарығының теориялық жеткізілімдерін сипаттай отырып, ондағы басты факторлардың экономиканың секторындағы қажеттілігі мен оның қызметтері туралы баяндау болып табылады.

      Курстық жұмыстың міндетіне мыналар жатқызылады:

  • берілген тақырыптың теориялық сипатын ашу;
  • игіліктер нарығындағы ерекшеліктерді айқындау;
  • Қазақстанның тауар нарығы қызметтер нарығына экономикалық шолу;

   Курстық жұмыс негізінен ІІІ тараудан тұрады. І тарауда игіліктер нарығының теориялық негіздері ашылады. Курстық жұмыстың ІІ тарауында игіліктер нарығының экономикалық көрсеткіштері аймақтық аспекті мен Қазақстан бойынша қарастырылған. ІІІ тарауда игіліктер нарығының экономикалық саясаты мен даму перспективалары туралы берілген.

     Курстық жұмыстың соңы қорытындыланып, пайдаланылған  әдебиеттер тізімімен және қосымшамен  нақтыланған. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

І Игіліктер нарығының теориялық негіздері

1.1. Игіліктер нарығы және оның қызметтері

      Бәсеке  жағдайында бағаның қалыптасу механизмін түсіну үшін сұраныс және ұсынысқа негізгі талдау жүргіземіз. Бұл талдау кезінде сатылатын және сатып алынатын тауарлардың көлемі мен бағаларының арасындағы байланысқа көп көңіл бөлу керек, сонымен қатар тауарлардың бағасы мен көлеміне басқа да факторлардың қалай әсер ететінін қарастырамыз.

     Сұраныс деп тұтынушылардың белгілі бір өнімді таңдау және сатып алу қабілетені айтады. Сұраныс тауардың бағасы мен көлемінің арасындағы тікелей байланысты көрсетеді.

Сұраныс-бұл  тұтынушының сатып алушының бір  тауарды сатып алу ойымен жасайтын жоспарын кесте түрінде көрсету. Бұндай жағдайда белгілі бір уақытты көрсету керек, мысалы, күніне, айына, жылына және тағы басқаларға.

      Сұраныс көлемі сұранысқа әсер ететін  басқа  факторлар тұрақты деп ұйғарғандағы, әр түрлі бағамен сатып алынатын тауардың санын көрсетеді.

Сұраныс қисығы зерттеліп отырған таурадың сатып алынатын бағасы мен оның сұраныс көлемінің арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Егер баға 500-ден 600 теңгеге дейін жоғарыласа, онда сұраныс көлемі 5,5 кг-нан 5 кг-ға дейін төмендейді. Бағаның төмендеуі сұраныс көлемін көбейтеді. Сұраныс қисығы тауардың бағасы (Р) мен тұтынушылар қалап сатып ала алатын тауарлар саны арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Сұраныс заңы бойынша тауардың бағасы неғұрлым төмендеген сайын тұтынушының сатып алатын тауарларының саны көбейеді немесе керісінше. Бұл заң нақты ақиқаттармен дәлелденген гипотеза болып табылады.

  1. Сұраныс заңын табыс әсері және ауыстыру тиімділігі арқылы да

түсіндіруге де болады. Табыс қалай әсер етеді?  Баға төмен болған жағдайда тұтынушы өзіне керек тауарды керегінше  алады. Басқаша айтқанда тауардың бағасының төмендеуі ақшалай табыстың сатып алу қабілетін күшейтеді, сондықтан тұтынушының өзіне қажетті тауарларын бұрынғыдан да көп сатып алуға шамасы келеді. Ал жоғары деңгейдегі баға керісінше әсер етеді.

     Енді  ауыстыру тиімділігі деген не? Тұтынушы кейбір қымбат тауарлардың орнына солардың орнын басатын, бірақ бағасы неғұрлым төменірек тауарлар алуға ынталанады- бұл жағдайды ауыстыру тиімділігі дейді.

     Тұтынушылар көбінесе қымбат тағамдарды олардан  арзандау тағамдармен ауыстыруға әрекет жасайды. Мысалы, сиыр етінің бағасы төмендесе, онда тұтынушының табысының сатып алу қабілеті күшейеді және соның арқасында ол еттің мөлшерін бұрынғыдан да көбірек ала алады (бұл табыс тиімділігі).  Бағасы төмен болғандықтан сиыр етін қой, ешкі шошқа және тауық етінің орнына да алуға болады (бұл ауыстыру тиімділігі).

     Қазіргі жағдайларда сұраным заңының  әрекеті инфляцияның күшті ықпалына тап келуде. Инфляция-бұл ақшаның  құнсыздануы, ақша бірлігінің сатып  алу қабілетінің құлдырауы. Егер бірқатар себептермен тауарлардың сонша санына бұрынғыдан екі есе көп ақша белгілері шығарылған болса, онда тауардың бірлігіне екі ақша бірлігі бұрынғыға қарағанда жартылай сатып алу қабілетіне не екендігін білдіреді. Нәтижесінде тауар бірлігі үшін екі ақша бірлігін төлеуге тура келеді. Біз тауардың «қалыпты» бағасы ретінде әдетте төлейтін ақша сомасын есептейтіндіктен, ақша бірліктерінің екі есе көп саны бағаның екі есе өсуі ретінде қабылданады. Ал іс жүзінде біздің шығындарымыздың екі есе өсуі жүреді ал тауардың өзінің бағасы болса, өзгерген жоқ, себебі енді екі ақша бірлігі бұрыгғы бір ақша бірлігінің орнына жүреді.

     Инфляция  тауардың ақшалай бағасы, өзінің көрінісін  білдіретін түсінуді бізге сұраным  заңын бұзу болып көрінуді ұқтырады. Ал іс жүзінде тауар бағасының  өсуі өткен сияқты болады, ал сұраным көлемі болса бұған төмендеуімен жалғасқан жоқ. Өйткені, жалған өсу жүреді, сұраным оған өздігінен емес сұраным заңы бойынша жауап бермеді. Сұранымның өзгермеген көлеміне сұранымның көлемі сәйкес келеді. Соңғысы инфляция жағдайындағы табыс көлемінің өзгерістерін бірақ біздің тәуелділік шеңберінде баға мен сұраным көлемі арасында бейнелей алады, инфляция сұраным заңына ықпал етпейді. [1. 150]

                 в)                  
 

 

                                 С 

                         О                                                         

1.2. Игіліктер нарығының қалыптасу ерекшеліктері

     Дегенменде, игректер нарығының қалыптасуында, бірқатар күрделі мәселелер туындайды, оларды білмеу сұраным заңын талдауды қиындатуы мүмкін.

    1. Инфляция ақша бірлігінің сатып алу қабілетінің құлдырауы

ретінде барлық тауарлардың барлық ақшалай бағаларының өсуін білдіреді. Бірақ, нарықтық экономика өзінен -өзі инфляцияға тәуелсіз түрде көптеген факторлардың ықпалымен бағалардың тұрақты қозғалысын қарастырады. Осы жағдайда мынадай мәселе туады: аталған тауарға бағаның өсуі инфляцияның немесе сұраным көлемі өзгерісіне  соқтыруға тиісті нарықтың баға өсуі екендігін қалай аңғартуға болады? Баға өсуінің осы екі түрінің «инфляциялық және  нарықтың түрлерінің араласуы сұраным заңының әрекетін күрделендіреді. Мұның үстіне олар қарама-қарсы бағыттарға жиі ықпал етеді-инфляция тауардың ақшалай бағасының артуына мәжбүр етеді, ол техниканың прогресс пен нарықтың бәсеке оның төмендеуіне әсер етеді.

     2.Сатып  алушы алдында бұдан да күрделі  мәселе пайда болады. Оның ұтысы  тауарды алған кездегі пайда  мен шығындарды ара қатынасын  дұрыс бағалай алуына байланысты. Бірақ дәл осы ара қатынас  инфляция арқылы бұрмаланады.  Оның көлемін есепке алу кез-келген сатып алушы әсіресе, бүгінгі шығын күткен пайдасынан әлденеше есе асып түсун қаламайтын инвестиция жасаушы адам үшін міндетті қағида болып табылады.

     3. Ақырында келіп іс түпкілікті  шатысады, өйткені, бір жағынан  инфляция шындығында барша экономиканы шырмап алады да барлық тауарлардың бағасы өсуіне әкеліп соқтырады. Бірақ екінші жағынан осынау бағалардың инфляциялық өсуі біртегіс жүрмейді, яғни әртүрлі тауарларға ақшалай табыстарының инфляциялық өсуіне де осы қасиет тән, себебі тұтынушылардың әр алуан тобында ол да бірдей деңгейде жүрмейді.

     Осылайша, сұраным көлемінің тәуелділігін нарықтың баға қозғалысынан және бағалар  мен табыстардың инфляциялық  өсуінің сұраным көлемі қозғалысына  ықпалын ажырата білу қажет. Бұған  жеке алғанда, инфляциялық бағалармен табыстарды бұрынғыларға қайта есептеу, өзгермейтін бағалар деп аталатындар бойынша есептер жүргізу арқылы жетеді. Ұсыныс деп-тауардың бағасы мен сатушылардың белгілі бір уақыт аралығында сатқысы келетін заттарының көлемі арасындағы байланысты айтамыз. Ұсыныс заңы төмендегідей тұжырымды негіздейді: тауардың бағасы қымбаттаған сайын сатушылардың сату ынтасы арта түседі.

      Тауардың  бағасы мен сатушылар ұсынатын тауар  көлемінің арасындағы байланысты кестелік әдіспен бейнелеуге болады.

      Ұсыныс қисығы баға (Р) мен тауардың ұсынылатын көлемінің арасындағы пропорционалды қатынасты көрсетеді.

      Енді  осы айтылғакн байланысты функция  түрінде бейнелесек, онда төмендегідей формуламен жазуға болады:

Qs=f (р)

Qs=ұсыныс  көлемі (т, кг);

Р-тауардың бағасы теңге.

     Ұсыныс  концепциясы тауардың бағасы мен  сатушылардың сатуға ұсынған осы  тауардың көлемі арасындағы қатынасты  қарастырады. Әрине, бағадан басқа  ұсыныс көлеміне әсер ететін басқа  да факторлар бар. Оған жататындар: еңбектің (жұмыс күшінің( бағасы, таурады өндіруге қажетті материалдар мен шикізаттардың бағасы , қолданылатын тауарлардың бағасы және нарықтағы сатушылардың саны.

     Нарықты жағдайларды зерттеген уақытта, сұраныстың не себепті және қандай мөлшерде өзгергенін зерттеу үшін сұраныстың икемділік коэффициентін пайдаланады. Бұл абсолюттік емес салыстырмалық коэффициент. Сондықтан, сұраныстың икемділік коэффициенті зерттегелі отырған сұраныс функциясының факторы 1 пайызға өзгерсе, онда сұраныстың қандай мөлшерге өзгеретінін көсретеді.

     Сұраныс теориясында үш түрлі икемділік коэффициенті пайдаланылады. Олар мыналар:

Информация о работе Игіліктер нарығы