Бюджеттік құқықтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 14:48, реферат

Описание

Қаржы жүйесінің негізгі буыны мемлекеттік бюджет болып табылады. Мемлекеттік бюджет ретінде 1991-ші жылға дейін Одақтық бюджет болып келді. Оған барлық Одақтас республикалардың бюджеті енген еді. Бүгінде Қазақстан егеменді ел болған соң, республика үкіметі өзінің ұлттық мемлекеттік бюджетін жасауға кірісіп кетті.

Работа состоит из  1 файл

реферат бюджеттік жүйе.doc

— 77.50 Кб (Скачать документ)

Бюджеттік тапшылықтардың орын алуына байланысты мемлекет қарамағындағы  қаржылық ресурстардың бір бөлігін бюджеттен тыс қорлар ретінде қалыптастыру бір жағынан бюджеттен жұмсалатын шығыстарды азайтса, екінші жағынан айтарлықтай мөлшерде бюджет тапшылығын жоюға ат салысатын болды. Бюджеттен тыс мақсатты қорлардың басты сипаттамасы өтпелі кезеңде мемлекеттің қаржыларын тиімді және мақсатқа сай пайдалану болып табылады. Бюджеттен тыс қорлар тікелей пайдалануға қолайлы қаржылар болғандықтан, мемлекеттегі әлеуметтік — экономикалық инфрақұрылымға тигізер ықпалына қарай бірінші кезекте қоғам мүддесін қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мемлекеттік және жергілікті деңгейдегі болып бөлінеді. Ал құқықтық тұрғыдан қарастырсақ Қазақстан Республикасының Заңдарына, жарлықтарына сәйкес құрылатын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулыларының талаптары негізінде құрылатын бюджеттен тыс қорлар бар. Жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілерде осы қорларды қалыптастыру көздері де бірден белгіленеді. Сонымен бюджеттен тыс қорлар деп Қазақстан Республикасы "қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын, Республикалық немесе жергілікті бюджеттің қарамағына жатпайтын, сондай-ақ қатаң мақсатқа бағытталған ақша қорлары нысанында қалыптасатын ақшалай қаражаттар қорларын айтамыз.

Қазіргі кезеңде Қазақстан  Республикасындағы бірден - бір мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры мен Ұлттық қорды жатқызуға болады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаржы-қаражаттары  негізінен бүкіләлемдік экономика  аясында әлсін-әлі туындайтын кейбір жәйттерге орай шикізат секторы бойынша жоспарланған түсімдердің белгіленген көлемде алынбауына байланысты Көрініс табуы мүмкін бюджет тапшылығын жою, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президент айқындаған мақсаттарға жұмсау үшін республикалық және жергілікті бюджеттерге берілетін түсімдер немесе ресми трансферттер түрінде пайдаланылады.

Ұлттық Қорды басқару  Қазақстан Республикасы Президентінің  жанынан құрылған Кеңес тарапынан  жүзеге асырылады.

Кеңестің құрамы:

І.Қазақстан Республикасының  Президента;

2.Қазақстан Республикасының Премьер-министрі;

З.Қазақстан Республикасының  Парламенті Сенатының төрағасы;

4.Қазақстан Республикасының  Парламенті Мәжілісінің төрағасы;

5.Қазақстан Республикасының  Президенті әкімшілігінің төрағасы;

6.Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкінің төрағасы;

7.Қазақстан Республикасының  Премьер-министрінің орынбасары;

8.Қазақстан Республикасының  Қаржы министрі;

9.республикалық жөне  жергілікті бюджеттердің орындалуына  бақылау жүргізу жөніндегі Есеп  комитетінің төрағасы сияқты  мемлекеттік жоғары лауазымды тұлғалардан тұрады.

Негізінен шикізат секторы  ұйымдарынан алынатын мына салықтар мен міндетті төлемдердің: 1. заңды  тұлғалардан алынатын корпорациялық  табыс салығының; 2. қосылған құн  салығының; 3. үстеме пайда салығының; 4. бонустардың; 5. роялтидің: 6. жасалған келісімшарттарға орай өнімді бөлу бөлігіндегі ҚР үлесінің республикалық және жергілікті бюджеттерге жоспарланған мөлшерден артық түсірілген сомаларының 10 проценті ресми трансферттер ретінде Ұлттық қордың кірісіне аударылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Шеденов Б.А., Байжомартов  Ү.С., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық  теория». Алматы, 2002 ж.

2. «Қазақстан Республикасының  заңы: \Бюджет жүйесі\». Алматы, 1997 ж.

3. Ғ. Сапарғалиев Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері «Атамұра», 1998ж.

4. Баққұлов С.Д. Құқық негіздері Алматы, 2003 ж.

5. Дулатбеков Н. Амандықова С.  Тұрлаев А. Мемлекет және құқық  негіздері, Алматы, 2001ж.

 


Информация о работе Бюджеттік құқықтар