Бюджетті қаржыландыру және шығыстар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 22:07, курсовая работа

Описание

Мен, өз курстық жұмысымда мемлекеттік шығыстардың экономикалық мәнін ашып қарастырдым. Яғни, шығыстардың қандай салаларға, не мақсатпен жұмсалатынын көрсеттім. Курстық жұмысымның негізгі бөлімі төрт тақырыптан тұрады.
Мемлекет шығыстары – бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.

Работа состоит из  1 файл

Бюджетті қаржыландыру және шығыстар есебі.doc

— 350.00 Кб (Скачать документ)

Жұмысшылардың, көлік жүргізушілердің еңбек ақысын төлеу үшін, сағат бойынша тарифтік ставканы, бекітілген жұмыс уақытынығ айлық қорына бөлу арқылы алады

Республикалық және жергілікті бюджеттерден денсаулық сақтауды қаражаттандыру,  2002 ж. 25 маусымынан  № 832 ҚР  Басқармасының Жарлығымен  бекітілген, мемлекеттік бюджеттен қамтамасыз ететін, мемлекеттік мекемелер үшін бюджетті орындауда және есептесу формаларын енгізуде, қаржы процедура тәртіптерімен сәйкес жүзеге асады.

(бұр. ред. қара)

6) әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру:

Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға бюджет қаражаты есебiнен зейнетақы төлемдерi;

мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар;

мемлекеттiк арнаулы жәрдемақылар;

арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;

зейнеткерлердi, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiн, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген мемлекеттiк жәрдемақы алушыларды жерлеуге жәрдемақы;

бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;Сегізінші абзац 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

баланы бір жасқа толғанға дейін бағып-күту бойынша тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

әскери қызметшiлердiң, құқық қорғау, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң отбасыларына Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген әлеуметтiк төлемдер;

саяси қуғын-сүргiн құрбандарына және одан зардап шеккендерге Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген әлеуметтiк төлемдер;

 

7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк:

қазақтың ұлттық мәдениетi мен басқа да ұлттық мәдениеттердi қайта өркендету, сақтау, дамыту және тарату;

республикалық маңызы бар театр және музыка өнерiн қолдау;

мәдениет және мемлекеттiк жастар саясаты саласында әлеуметтiк маңызы бар iс-шаралар өткiзу;

республикалық маңызы бар тарихи-мәдени мұраның сақталуын қамтамасыз ету;

республикалық деңгейде спорттың ұлттық және бұқаралық түрлерiнiң дамуын қолдау;

жоғары жетiстiктер спортын дамыту;

Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командалары мүшелерiнiң халықаралық спорттық жарыстарға дайындалуы және қатысуы;

Қазақстан және оның туристiк мүмкiндiктерi туралы ақпарат әзiрлеп, халықаралық туристiк рынокта және мемлекеттiң iшiнде тарату;

республикалық маңызы бар мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету;

республикалық кiтапханалардың жұмыс iстеуi;

бұқаралық ақпарат құралдары арқылы республикалық деңгейде мемлекеттiк ақпарат саясатын жүргiзу;

мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халықтарының басқа да тiлдерiн дамыту;

2004.20.12 N 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2006.07.07. № 176-III (бұр. ред. қара) ; 2007.09.01. № 213-III   (бұр. ред. қара)  ҚР Заңдарымен 8) тармақша өзгертілді

8) агроөнеркәсіптік кешен, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары:

су ресурстарын қорғауды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, су шаруашылығы баланстарын, су ресурстарын кешендi пайдалану және қорғау схемаларын әзiрлеу, су ресурстарын пайдалану мен қорғауды болжау, су ресурстарын пайдаланудың ақпараттық-талдау жүйесiн қамтамасыз ету;

судың мемлекеттiк есебiн, мемлекеттiк су кадастрын жүргiзу;

су беруге байланысты емес трансшекаралық су шаруашылығы құрылыстарын және республикалық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану;

авариялық қаупi ерекше республикалық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиорациялық жүйелердi қалпына келтiру;

суармалы жерлердiң мелиорациялық жай-күйiнiң мониторингi және оны бағалау;

республикалық маңызы бар орман қорының, жануарлар дүниесiнiң, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк есебiн, табиғи ресурстардың мемлекеттiк кадастрларын жүргiзу, ормандар мен жануарлар дүниесiнiң мемлекеттiк мониторингі;

орман орналастыру;

орман тұқым шаруашылығы және селекция;

мемлекеттік орман кадастрын, жануарлар дүниесiнiң, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрларын жүргізу;

ормандарды өрттен қорғау, зиянкестерден және орман ауруларынан қорғау жөнiндегi авиациялық жұмыстар;

балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау және молайту;

балық аулауды мемлекеттiк реттеу және балық қорларын қорғау;

республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстау, мемлекеттiк табиғат-қорық қорын қалпына келтiру;

жер пайдаланудың ерекше режимінің белгіленуіне байланысты меншік құқықтарын немесе жер пайдалану құқықтарын тоқтатуға, меншік құқықтарын және жер пайдалану құқықтарын шектеуге, жер учаскелері иелерінің немесе жер пайдаланушылардың құқықтарының бұзылуына әкеп соқтыратын жерді мемлекет қажеттіктері үшін алып қойған (сатып алған) жағдайларда жер учаскелерінің меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға келтірілген залалдарды өтеу;

республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге, халықаралық міндеттемелерді орындауға және жерді қорғаныс пен қауіпсіздік қажеттіктері үшін пайдалануға байланысты жағдайларда жер учаскелерін барлық санаттағы жерлерден алып қойған, соның ішінде сатып алу арқылы алып қойған кезде залалдарды өтеу;

қоршаған ортаның мемлекеттiк мониторингi;

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу;

гидрометеорологиялық мониторинг;

стратегиялық,трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлердiң мемлекеттiк экологиялық сараптамасын жүргiзу;

республикалық деңгейде жер қатынастарын реттеу

мемлекеттiк жер кадастрын, жер мониторингiн жүргізу;

топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар;

жануарлар ауруларының диагностикасы, эпизоотияға қарсы жұмыс, соның ішінде ветеринариялық дәрі-дәрмектерді, олардың қорын қоса алғанда, сатып алу, жеткізу, сақтау, қолдану, сондай-ақ жануарлар мен құстардың қатты жұқпалы ауруларының ошақтарын жою және дезинфекциялау;

ветеринариялық дәрі-дәрмектерді, жем-шөпті және жем-шөп қоспаларын тіркеу сынақтары, байқау, сондай-ақ ветеринариялық дәрі-дәрмектердің сапасына шағым жасау кезінде олардың серияларын (топтарын) бақылау;

фитосанитариялық мониторинг;

карантиндегі өнімнің лабораториялық сараптамасы мен егіс және екпе материалдарындағы жасырын түрдегі ауру жұқтыруды анықтау;

карантиндік объектілердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау, жою;

пестицидтерді (улы химикаттарды) олардың қорымен қоса, оларды жеткізуге, сақтауға және қолдануға байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алу, мемлекеттік азық-түлік астығы резервін сақтау және ауыстыру;

аграрлық азық-түлік нарығында сатып алу операцияларын және баға интервенциясын жүргізу;

сорт сынақтары, тұқымдық және екпе материалдың сорттық және егістік сапаларын айқындау;

ауыл шаруашылығы өндірісін агрохимиялық және агроклиматтық қамтамасыз ету;

агроөнеркәсіптік кешенді техникалық қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу;

агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, оның субъектілеріне бәсекелес нарықта жоқ немесе жете ұсынылмаған қызмет түрлерін ұсыну;

агроөнеркәсіптік кешеннің ақпараттық-маркетингтік жүйесін ұйымдастыру;

екінші деңгейдегі банктердің ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу жөніндегі кәсіпорындарға беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкаларын субсидиялау;

ауыл шаруашылығы өнімі өндірісін басқару мен нарығы жүйелерін дамыту;

өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыруды қолдау;

өсімдіктердің жоғары бағалы сорттарының, ауыл шаруашылығы жануарларының, құстар мен балықтардың тұқымдары мен түрлерінің тектік қорын сақтау және дамыту;

2004.20.12 N 13-III ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

9) өнеркәсiп, жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi:

мемлекеттiк өнеркәсiп саясатын iске асыру;

отын-энергетика кешенiн дамыту;

энергияны сақтау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;

жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, сейсмологиялық ақпарат мониторингi;

мемлекеттiк геологиялық зерттеу;

геологиялық ақпаратты қалыптастыру;

кенiштер мен шахталарды жабу және жою, техногендiк қалдықтарды көму;

республикалық маңызы бар мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын жүргiзу;

құрылыс нормалары мен стандарттарын иелену және әзiрлеу;

ҚР 2006.10.01. № 116-III Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

10) көлiк және коммуникациялар:

халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ оларда жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және ұстау;

су көлiгi қызметiн ұйымдастыру және реттеу;

кеме қатынасы жолдарын, шлюздердi ұстау және кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

теңiз жолдарын навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету;

әуе және су көлiгiн мемлекеттiк реттеу;

әлеуметтiк маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;

магистралды темiр жолдарды дамыту;

аэроғарыш қызметi;

радиожиiлiк спектрi мен радиоэлектрондық құралдар мониторингi;

 

11) экономикалық қызметтi реттеу:

стандарттау, метрология және сертификаттау;

патенттердi, тауар белгiлерiн тiркеу және қорғау;

мемлекеттiк инновациялық саясат;

мемлекеттiк экспорттық және импорттық бақылау;

саудалық және демпингке қарсы реттеу;

бәсекелестiктi қорғау және табиғи монополияларды реттеу;

шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау;

2005.08.07. N 69-III; 2006.05.07. № 165-III (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 12) тармақша өзгертілді

12) басқа да бағыттар:

облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерiне берiлетiн трансферттер;

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің орны толтырылмаған залалдарын өтеу;

үкiметтiк борышқа қызмет көрсету және оны өтеу;

мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындау;

мемлекеттің кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындау.

2. Республикалық бюджеттен, сонымен қатар:

1) кадрларды қайта даярлауды және аталған мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыруды қоса алғанда, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызмет түрлерiн орындайтын орталық мемлекеттiк органдар мен басқа да мемлекеттiк мекемелердiң қызметiн қамтамасыз етуге;

ҚР 2006.10.01. № 116-III Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

2) осы баптың 1-тармағында аталған бағыттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға, халықаралық ынтымақтастыққа, қолданбалы ғылыми зерттеулерге және нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуге;

3) орталық мемлекеттiк басқару органдарының Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де функцияларына жұмсалатын шығыстар қаржыландырылады.

3. Орталық мемлекеттiк органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерiн ұстауға арналған шығындар Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiмен бекiтiлетiн штат санының лимитi және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн заттай нормалар негiзiнде жоспарланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

              Қорыта келе, шығыстар белгілі бір мақсаттарға жұмсалады, яғни бюджет деңгейлері арасында бөлінеді. Шығыстар және шығыстарды қаржыландыру арнайы бюджеттік шоттарда жүргізіледі. Менің ойымша бюджетті қаржыландыру шығыстары көп болғаны дұрыс, себебі шығыстар мемлекеттік мекемелерге жұмсалады. Яғни мектептерге, ауруханаларға, қорғанысқа, т.с.с Бұның барлығының дамуы экономикамыздың дамуына әкеледі. Бірақта бюджет шығыстарының жұмсалуын қадағалап отыру қажет. Қазіргі таңда бюджет мекемелеріне бөлінген ақша қаражаттары толығымен мекемеге жете бермейді. Сол себепті оны қатаң түрде қадағалау қажет.

Бюджет – ол мемлекеттің экономикасына баға береді. Республикалық бюджет – ол орталық ақша қоры жалпы республикалық кірістерден жиналған және жалпы республикалық бюджет программаларды қаржыландырады. Бюджеттің мәні өте зор. Қазіргі кездегі экономиканың дамуына байланысты республикалық бюджеттің рөліне өте үлкен мән беріледі, себебі ол мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын іске асырудың негізгі құралы ретінде пайдаланады және экономиканы қаржылық реттеу мен оны бәсеке қабілеттілігін жетілдіруге маңызды әсерін тигізеді. Бюджетті құрастырғанда региондардың  әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспарлары арқылы және Қазақстан Республикасының президентінің үндеуінде қарастырылған шаралар ескеріледі.

Информация о работе Бюджетті қаржыландыру және шығыстар есебі