Бюджет-салық саясатының теориялық аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 19:51, реферат

Описание

Бюджет – бұл мемлекет, кәсіпорындар, отбасы мен жекелеген адамдар үшін белгілі бір кезеңге арнап жасалатынаұшалай кіріс пен шығыс балансы. Бюджет брутто – бюджет құрау тәсілі, бұл тәсіл бойынша барлық кірістер жиынтығы мен мемлекеттік мүліктерді пайдалану (эксплуатация) шығындары, сонымен бірге кірісі мен шығысы өзара тең транзиттік айналым көздері енеді. Бюджет нетто – бюджет құралу тәсілі, бұл тәсіл бойынша дербес бюджеттегі кәсіпорындар қызметінің қорытынды қаржы нәтижелері ғана белгіленеді.

Содержание

Кіріспе................................................................................................2
Негізгі бөлім
2.1.Бюджет-салық саясатының теориялық аспектілері және мемлекеттік бюджет.................................................................................3
2.2. Салық және оның құрылымы....................................................5
2.3. Мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру және оның инфляцияға әсері............................................................................6
3.Қорытынды........................................................................................8
4.Қолданылған әдебиеттер.................................................................9

Работа состоит из  1 файл

Бюджет.docx

— 29.49 Кб (Скачать документ)

ЖОСПАР

  1. Кіріспе................................................................................................2
  2. Негізгі бөлім

     2.1.Бюджет-салық саясатының теориялық аспектілері және мемлекеттік бюджет.................................................................................3

     2.2. Салық және оның құрылымы....................................................5

     2.3. Мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру және оның инфляцияға әсері............................................................................6

     3.Қорытынды........................................................................................8

     4.Қолданылған  әдебиеттер.................................................................9

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Бюджет – бұл мемлекет, кәсіпорындар, отбасы мен жекелеген адамдар үшін белгілі бір кезеңге арнап жасалатынаұшалай кіріс пен шығыс балансы. Бюджет брутто – бюджет құрау тәсілі, бұл тәсіл бойынша барлық кірістер жиынтығы мен мемлекеттік мүліктерді пайдалану (эксплуатация) шығындары, сонымен бірге кірісі мен шығысы өзара тең транзиттік айналым көздері енеді. Бюджет нетто – бюджет құралу тәсілі, бұл тәсіл бойынша дербес бюджеттегі кәсіпорындар қызметінің қорытынды қаржы нәтижелері ғана белгіленеді.

Бюджет  тапшылығы – ол мемлекеттік бюджет бойынша шығыстың кірістен асып түсуі. Бұл инфляция өрбуінің басты факторы мен мемлекеттік қаржы дағдарысының алғы көрсеткіші болып табылады. Бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарыз ақша айналымы бар мемлекеттердің барлығына тән.

Бюджет-салық  саясаты (қазыналық (фискалдық) саясат) – мемлекеттік бюджет жағдайын, салық салуды және мемлекеттік шығындардың өзгерісін реттеу мақсатында үкімет тарапынан жүргізілетін шаралар. Бұл шаралар жұмыспен толық қамтылуды, төлем балансының тепе-теңдігін және экономиканың өсуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

  Мемлекеттік шығындарды жүзеге асыру үшін белгілі ақша қаражаттарын, ең алдымен, бюджеттің қаражаттарын пайдалану керек. Бюджетті толтыру үшін мемлекет қазыналық саясатты ұстанады. Мемлекеттің экономикаға әсер етуінің бұл тәсілі салық салу және мемлекттік шығын сияқты құралдар арқылы жанама реттеуді қамтиды. Мемлекттік шығыстарды жүзеге асыру мемлекеттік бюджет қаражатын пайдалануды білдіретіндіктен, салық оны толтырудың негізгі көзі болып табылады. Республиканың қазыналық саясатын мемлекеттік бюджетті қабылдаған ҚР Парламенті қалыптастырады, ал үкімет оны жүзеге асырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

2.1. Бюджет-салық саясатының теориялық аспектілері және мемлекеттік бюджет

Мемлекет бюджет-салық (фискалдық) саясаты арқылы экономикаға әсер етеді. Бюджет-салық саясаты – ресурстардың толық жұмыспен қамтылуын, төлем балансының теңдестігін және экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік шығындар, салық салу арқылы жүргізілетін үкімет шаралары. Фискалдық саясат үкімет арқылы жүзеге асырылады. Салық салу процесінде және мелекеттік  шығындарды жүзеге асыру нәтижесінде қалыптасқан экономикалық қатынастар қаржылар, барлық қаржылық қатынастардың жиынтығы қаржылық жүйе деп аталады.

Мемлекттің бюджет-салық саясатының құралдарына төмендегілер жатады:

а) мемлекеттің тауарлар мен қызметтерді сатып алуы;

ә) трансферттік төлемдер;

б) мемлекеттік қарыз;

в) дотация, субсидия, субвенция.

♦ Үкімет тауарлар мен қызметтерді сатып ала отырып, ресурстар және тауар нарығын дамытады, жиынтық табысты көбейтіп, экономикалық конъюнктураның жай-күйін көтереді.

♦ Мемлекеттік трансферттік төлемдер – бұл салықтық түсімдердің бір бөлігін қолдауды қажет ететін әлеуметтік топтарға беру. Яғни мемлекет тарнсферттік төлем арқылы табысты бөліп, әлеуметтік функцияны жүзеге асырады.

♦ Дотация – тауар мен қызметтер нарығындағы сұраныс пен ұсынысты ұлғайту мақсатында мемлекеттің өз ресурстарының бір бөлігін кәсіпорындарға қайтарымсыз беруі.

♦ Субсидия – бұл жергілікті бюджеттің тапшылығын жабу немесе белгілі бір мақсаттағы мелекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін мемлекеттің жұмсаған қаржылық шығындары.

♦ Ал, субвенция – бұл нақты бір мақсатқа бағытталған субсидяның түрі.

Кез-келген мемлекеттің қарнжылық  жүйесінің жетекші буыны мемлекеттік  бюджет болып табылады. Мемлекеттік бюджет – бұл мемлекеттік аппаратты, елдегі қарулы күшті, тәртіп сақтау күшін ұстап тұру, әлеуметтік-экономикалық функцияны жүзеге асыру үшін қолданылатын үкімет қолындағы орталықтанған ақшалай ресурстар қоры. Бюджет есептік мерзімдегі (ай, тоқсан, жыл) табыстар мен шығыстардың балансы түрінде ұйымдастырылады.

Барлық елдің де жалпыұлттық (республикалық) немесе федералдық бюджетпен  қатар жергілікті бюджеттері болады. Бюджеттің республикалық немесе федералдық сипатта болуы сол  елдің мемлекеттік құрылымына байланысты (республикалық мемлекет немесе федералдық мемлекет). Ммелекеттік бюджеттің  баптары көптеген елдер үшін, негізінен, бірдей сипатқа ие. Оның шығыстар бөлігінде әлеуметтік қолдау және ұлттық қауіпсіздік шығындары, субсидиялар, мемлекеттік қарыздарды басқару бойынша шығындары көрсетіледі.

Ал, кіріс бөлігінде азаматтар мен корпорацияға салынатын салықтар, акциздер, басқа да міндетті алымдар мен мемлекеттік займдар көрсетіледі.

Қазіргі кезде мемлекеттің  «белсенді» саясатының жүргізілуіне байланысты мемлекеттік шығындардың көлемі ұлғаюда. Мемлекеттік шығындардың  өсуін XIX ғасырда Германия канцлері Отто фон Бисмарктың бұрынғы кеңесшісі, неміс экономисі Адольф Вагнер өзінің «Қаржылық шаруашылық» деп аталатын кітабында түсіндірген болатын. Оның айтуынша, өнеркәсібі дамыған елдерде мемлекеттік шығындар жиынтық табысқа қарағанда тезірек өсуі керек. А.Вагнер өзінің заңын өспелі мемлекеттік белсенділік заңы деп атады. Бұл заңды түсіндіру үшін ол мемлекеттің экономикадағы белсенділігінің артуын дәлелдейтін үш тұжырымды ұсынды:

● біріншіден, қоғамдық-экономикалық қарым қатынастардың жалпы жүйесінің күрделенуі қоғамдағы шиеленістердің санын арттырады. Осыған байланысты экономиканың сенімділігі мен тиімділігін қолдау үшін, сонымен қатар құқық тәртібін сақтау үшін мемлекетке көп қаражат керек. Бұл қаражаттар тәртіп сақтау органдарын, полицияны ұстап тұруға, әр түрлі заң қызметтерін көрсетуге жұмсалады;

● екіншіден, жаңа технологиялар көп көлемдегі капиталға қажеттілікті тудырады. Мұндай капитал акционерлік компаниялар немесе мемлекеттік корпорациялар есебінен қамтамасыз етіледі. Бұл тұста техникалық жағдайлар монополияның құрылуына жағдай жасайтындықтан өндірісте акционерлік компанияларға қарағанда, мемлекеттің рөлі артық болады;

● үшіншіден, көрсеткен қызметтерінен алынатын пайданың экономикалық жағынан бағалануы қиынға соғатын салаларда, атап айтқанда денсаулық сақтау және білім беруде мемлекеттің белсенділігі арта түседі.

Мемлекеттің белсенділігінің  өсуі туралы А.Вагнердің тұжырымы көптеген елдерде әрдайым орындалып отырған, сондықтан экономистер бұл құбылысты Вагнер заңы деп атады. Ол, әдетте, жалпы ішкі өнімдегі мемлекеттік шығындардың үлесі арқылы анықталады. А.Вагнердің заңының орындалуын бірқатар елдің мысалында қарастырайық. Мәселен, Нидерландыда 50 жыл бойы жалпы ішкі өнімдегі мемлекеттік шығындардың үлесі 3 есе, Францияда 2 еседен артық шамаға, АҚШ-та 2 есе өскен. Бұл тенденция тек Жапония мен Германияда ғана орын алмаған. Бұл екі мемлекеттердегі мемлекеттік шығындар шамамен 30-шы жылдардағы деңгейде сақталып тұрған. Бірақ қарастырылып отырған уақыттарда бұл елдердегі мемлекеттік шығындардың көлемі өте жоғары болғандығын ескерген жөн.

 

 

2.2. Салық және  оның құрылымы

Мемлекеттік бюджеттің кіріс  бөлігінің негізгі көзі салықтар болып табылады. Салық салу жүйесіндегі басты мәселе – ол толық және тиімді түрде қайтарымдылық принципіне сүйенуі тиіс. Салықтың толық және тиімді қайтарылуы ғана салық механизмін қоғамдық ұдайы өндірістің маңызды буынына айналдырады. Салық салу экономиканың циклдік дамуына ықпал ету, инфляциямен күресу, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды құру, әскери бағдарламаларды жүзеге асыру, әлеуметтік жанжалдарды бәсеңдету т.с.с. үшін қолданылады. Бірақ салықтық саясаттың негізгі міндеті бюджет кірісін қамтамасыз ету, кәсіпкерлік қызметті ынталандыру, елдегі табысты реттеу болып табылады.

Салықты екі үлкен топқа тікелей және жанама салықтарға бөледі. Тікелей салықтарға пайдаға, еңбек ақыға, дивидендтерге, биржалық және валюталық операцияларға, салымдар бойынша пайыздарға салынатын салықтар жатады. Тікелей салықтар конъюнктураны тұрақтандыру функциясын атқарады. Құлдырау кезінде салықтан түсетін түсімдер автоматты түрде қысқарады, ал өсу кезінде мемлекет салық көлемін арттырады.

Жанама салықтарға сатуға салынатын қосымша құн салығы, тауарлар мен қызметтерге салынатын акциз, кедендік тарифтер жатады. Жанама салықты салық салынатын тауарлар мен қызметтерді сатып алған адамдар мен ұйымдар төлейді.

Салықтық түсімдер мен  мемлекеттік бюджеттер арасындағы байланысқа қатысты фискалдық саясаттың  дискрециялық және дискрециялық емес деп аталатын түрлері қарастырылады. Дискрециялық фискалдық саясат дегеніміз – жұмыспен қамту, өндіріс, инфляция, төлем балансы деңгейлерінөзгерту мақсатында мемлекеттік шығындарды, салықты, мемлекеттік бюджет сальдосын арнайы үкімет шешімдерінің нәтижесінде өзгерту. Ал, дискрециялық емес фискалдық саясат дегеніміз – жиынтық табыстың циклдік ауытқуы нәтижесінде мемлекеттік шығындар мен салықтың және мемлекеттік бюджет сальдосының автоматты түрде өзгеруі.  

 

 

2.3. Мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру және оның инфляцияға әсері

Егер үкіметтің шығыстары  табыстарынан артып кетсе, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы қалыптасады. Ал, табыстары шығыстарынан артық болған кезде мемлекеттік бюджеттің оң сальдосы немесе бюджет артықшылығы орын алады.

 

Бюджет  тапшылығы = шығыстар- табыстар


 

Таза  салық түсімдері = салық түсімдері-

әлеуметтік  төлемдер


   

Бюджет тапшылығының циклдік  тапшылық және құрылымдық тапшылық деп  аталатын түрлері болады. Циклдік тапшылық салықтық түсімдердің төмендеуі және әлеуметтік төлемдердің өсуі кезінде орын алады. Құрылымдық тапшылық мемлекеттік бюджеттің табысы мен шығыстары арасындағы айырма болып табылады.

Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыру төмендегі тәсілдердің  көмегімен жүзеге асырылады:

  • қосымшы ақшы эмиссиясын шығару (монетизациялау) есебінен;
  • Орталық банктің несие беруі есебінен;
  • займ шығару есебінен.

Тапшылықты монетизациялау кезінде сеньораж құбылысы орын алады. Сеньораж – бұл ақшаны басып шығарудан мемлекетке түсетін пайда. Сеньораж ақша массасының өсу қарқыны нақты жалпы ішкі өнім қарқынынан асып кеткен жағдайда туындайды, ал бұл бағаны өсіреді. Осының нәтижесінде бағаның өсуі арқылы барлық экономикалық агенттер инфляциялық салық төлейді.

Инфляция қарқыны өскен  кезде салық төлеушілер салық  төлеу мерзімін қасақана созады. Бұл  құбылыс Оливер-Танзи әсері деп аталады.

Мемлекет займ шығарған кезде  мемлекеттік қарыз қалыптасады. Ол ішкі қарыз және сыртқы қарыз  түрінде болуы мүмкін. Бюджет тапшылығын жабу үшін алынатын сыртқы қарыз елге ауыртпалық түсіреді. Қарызды қайтару үшін ел бағалы тауарларын беруі, қызмет көрсетуі тиіс. Кей кезде, кредитор орындалуы қиын шарттарды қоюы мүмкін. Ішкі мемлекеттік қарыз халықтың арасындағы табыстың қайта бөлінуіне әкеледі.

Макроэкономикада ұзақ мерзімдегі қарыз ауыртпалығының, яғни ұлттық экономиканың өткен кезеңдердегі шетел  капиталынан тәуелділігінің дәрежесін  сипаттайтын    көрсеткіші қолданылады. Бұл көрсеткіштің динамикасына төмендегідей факторлар әсер етеді:

● қарыз бойынша төленетін  пайыздар көлемін анықтайтын нақты пайыздық ставка шамасы;

● нақты ЖІӨ-нің өсу  қарқыны;

● мемлекеттік бюджеттің  алғашқы реттік тапшылығының көлемі.

Мемлекеттік бюджеттің алғашқы реттік тапшылығы дегеніміз – жалпы тапшылық шамасы мен қарыз бойынша пайыздық төлемдер сомасы арасындағы айырма.

Мемлекеттік қарызды тиімді басқару кез-келген елде де бюджет-салық  саясатының басқа шараларымен қатар  жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Бюджет тапшылығының тұрақтандыру деңгейіне әсері қаржыландыру тәсілдеріне  байланысты.

Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыру тәсілдері:

  1. ақша-несие эмисссиясы (тиын шығару);
  2. займ шығару;
  3. мемлекетке түсетін салық мөлшерін көбейту.

Тапшылықты жою үшін тиын шығару жағдайында сеньораж пайда болады. Сеньораж – ақша шығару арқылы мемлекеттің табатын пайдасы.

Нақты ЖҰӨ өсуінің қарқынынан ақша жиынының өсу қарқыны артық  болған жағдайда сеньораж пайда болады, бұл құбылыс орташа баға деңгейін өсіреді. Барлық экономикалық агенттер инфляциялық салық төлейді және олардың табыстарының бір бөлігі бағаның жоғарылауы арқылы мемлекетке түсіп отырады.

Информация о работе Бюджет-салық саясатының теориялық аспектілері