Бюджет тапшылыгы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 14:49, реферат

Описание

Бүгінгі таңда қазақстан экономикасының жағдайы елеулi дәрежеде табиғи ресурстар секторындағы ахуалмен анықталады. Республикалық бюджет түсiмдерiнiң табиғи ресурстардан болып отырған қазiргі тәуелдiлiгі Қазақстанның болашағына байланысты бiрқатар мәселелердi мемлекет алдына қояды. Бiрiншiден, бұл табиғи байлықтардың қайта толмайтынына байланысты оларды пайдалануды дұрыс жоспарлау мәселесi. Екiншiден, бұл мемлекеттік кiрiстер мен шығыстар көлемiнiң табиғи ресурстарға деген әлемдiк бағаның күрт әрi алдын ала болжанбаған ауытқуларына тәуелдiлiгін төмендету мәселесi.

Содержание

КІРІСПЕ
1. Мемлекеттік қаржы процесі
1.1 Дефицит, сыртқы және ішкі қарыз
1.2 Мемлекеттік қаржының экономикадағы маңызы
2 Мемлекеттік бюджетті теңестіру
2.1. Мемлекеттік бюджет дефициті мен профициті
2.2. Мемлекеттік бюджет дефицитін жабу жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

мемлекеттік бюджет тапшылыгы.doc

— 938.50 Кб (Скачать документ)

   1991 жылы Қазақстан  Рсспубликасының  бюджет жүйесі  түбірлі өзгерістерге  ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік бюджеті, басқа одақтас республикалардың мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық және поселкалық бюджеттер де қамтылып көрсетілді. Ол одақтық бюджеттен, 15 одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тұрды. Одақтық бюджетке 1970-1990 жж. мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-50% тиді, оның 35% республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында болды.

   Бюджет  кодексіне сөйкес, мемлекеттiк бюджет – араларындағы өзара өтелетiн операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi бiрiктiретiн, талдамалы ақпарат ретiнде пайдаланылатын және бекiтуге жатпайтын жиынтық бюджет.

   Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер кез-келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің  орталық буыны  болып табылады. Бюджет – мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдарының ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады. Бюджетте қаржы ресурстарын шоғырландыру мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.

   Қазақстан Республикасы мемлекеттік  бюджетінің басты  бөлігі республикалық  бюджетте шоғырланған.

   Республикалық бюджет – салықтық және басқа да түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттiк органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттiк саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

   Жергілікті  бюджет – облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi.

   Белгілі бір функцияларды атқаратын мемлекеттік басқару деңгейіне қарай бюджеттік бағдарламалар рсспубликалық бюджетте бектілетін республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламаларға бөлінеді.

   Iске  асыру тәсiлiне  байланысты бюджеттiк  бағдарламалар: 
      1) бiр әкiмші iске асыратын жеке бюджет бағдарламалары; 
      2) бюджеттiк бағдарламалардың бiр әкiмшiсi бойынша бюджетте бекiтiлетiн және бюджеттiк бағдарламалардың түрлi әкiмшiлерi арасында қаржы жылы iшiнде бөлiнуге тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламалар болып бөлiнедi.

   Бюджеттiк  бағдарламалардың тиiмдiлiгiн  бағалау үш сатыда – бюджет жобасын  әзiрлеу кезiнде, бюджеттiң  атқарылуы кезiнде; бюджеттiң атқарылуын бақылау кезiнде  жүзеге асырылады.

   Жоғарғы және төменгі бюджеттердің бюджет процесіндегі қатынастары бюджетаралық қатынастар болып  табылады.

   Нарықтық  экономика жағдайында бюджет процесінде жоғарғы  және төменгі бюджет арасындағы бюджетаралық қатынастар және кірістер мен шығыстарды бюджеттер деңгейлері арасыңда бөлу аса маңызды проблемалардың бірі болып отыр.

   Бюджет  кодексіне сәйкес бюджет процесінде облыстық бюджеттің, республикалық  маңызы бар қала, астана бюджетінің басқа  осындай бюджеттермен, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің бір-бірімен өзара қарым-қатынастарына жол берілмейді.

   Жергілікті  бюджеттерде салықтық және салықтық емес кірістер 85-70% құрайды. Рыноктың қалыптасуы кезеңіндегі бюджеттердің негізгі проблемалары мыналар:

   1. Төленбеген төлемдер. Бұл проблема мыналардан шығатын айналым қаражаттарының жетіспсушілігі салаларынан пайда болады:

    еркін баға белгіленімін белгілеуден;

   кәсіпорындардың өзара коммерциялық кредиттер беруінің тоқтатылуынан;

    төлем және есеп айырысу  кредиттерінің күшін  жоюынан;

    өндіріс тиімсіздігінен.

   Төленбеген  төлемдердің проблемасы мұндаға дейін  қосымша төлем  қаражаттарын шығару арқылы шешіліп келді.

   2. Жалақы бойынша берешек. Ол мына себептерден пайда болады:

    1) ақша қаражатының  тапшылығы;

   2) ақша қаражаттарын  айналымға коммерциялық  құрылымдарға қасақы жіберу;

   3) әр түрлі банктерде бірнеше есеп айырысу шоттарының болуы;

   4) бюджеттер жоспарланған  деңгейдегі қаражаттарды  ала алмайды. 
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ 

     Қазақстан Республикасының  бюджет заңнамасына  Ұлттық қордың жұмысы мəселелеріне қатысты  біршама өзгерістер енгізілді. Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру жəне пайдалану тетігі айтарлықтай өзгерді.

     Ұлттық  қор:

     1) бюджеттік даму  бағдарламаларын  іске асыру үшін  Ұлттық қордан  республикалық бюджетке  кепілдік берілген  трансферттер түрінде  (ағымдағы бюджеттік  бағдарламалар экономиканың мұнайға жатпайтын бөлігінен аударымдар есебінен қаржыландырылады);

     2) Президент белгілейтін  мақсаттар үшін  Ұлттық қордан  республикалық бюджетке  мақсатты трансферттер  түрінде;

3) Ұлттық қорды басқаруға  жəне жыл сайынғы  аудит жүргізуге байланысты шығыстарды жабуға жұмсалады.

      Осылайша, Ұлттық қорды қалыптастырудың  жəне пайдаланудың жаңа тетігіне сəйкес оған түсетін түсімдер бұрынғыдай мемлекеттік  бюджеттің кіріс  жəне сол сияқты шығыс  бөлігінде көрсетілместен Ұлттық қорға тікелей  есептеледі.

      Ұлттық  қордан кепілдік берілген трансферттің мөлшері  үш жыл бұрын белгіленеді, бұл неғұрлым жан-жақты  ойластырылған бюджеттік  саясатты жүргізуге  мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар  кепілдік берілген трансферттің мөлшеріне Ұлттық қорды сақтауға мүмкіндік  жасайтын жəне оның сарқылмауына жол бермейтін бірқатар шектеулер қойылады.

      Мемлекеттік бюджеттің орындалуы Қазақстан Республикасының экономикалық дамуында оң процестерді сақтау, сондай-ақ қолайлы сыртқы экономикалық орта аясында жүргізілді.

      Қорытындылары бойынша мемлекеттік бюджет кірісі мемлкеттік заемдар бойынша түскен түсімдерді есептемегенде 2005 жылмен салыстырғанда 11,4% ұлғайды жəне 2 338,0 млрд. теңгеге жетті немесе ЖІӨ-нің 24,0% құрады (2005 жылы ЖІӨ-ге қатысты 27,6%).

      Кірістер  құрылымындағы салық  түсімдері 10,5% өсіп, ЖІӨ-нің 22,7% болды (2005 жылы ЖІӨ-нің 26,3%). Түсімдердің неғұрлым өсімі халықаралық саудаға жəне сыртқы операцияларға салықтар бойынша 76,5%-ға, қосылған құн салығы бойынша 42,3%-ға, акциздер бойынша 41,9%-ға, жеке табыс салығы бойынша 34,2%-ға өсуімен байқалды.

      Корпоративтік табыс салығы бойынша  жəне табиғи ресурстарды  пайдаланғаны үшін түсімдер тиісінше 6,9% жəне 10,3% төмендеді, бұл Ұлттық қорды қалыптастыру тетігінің өзгеруіне  байланысты болды.

      Капитал сатудан түсімдер 2005 жылғы ЖІӨ-нің 0,5%-нан 2006 жылы ЖІӨ-нің 0,8%-на дейін 2,2 есе өсті, бұл мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті сатудың 8,2 есе жəне жер сатудан түскен түсімдердің 49,6% өсуімен қамтамасыз етілді.

      Мемлекеттік бюджеттен 2006 жылы 2150,6 млрд. теңге сомаға шығын немесе ЖІӨ-нің 22,1% жұмсалды (2005 жылы ЖІӨ-нің 26,1%). Бұл ретте 2006 жылға арналған қаржыландыру бойынша жылдық бюджеттік жоспар 98,5% орындалды. 
 
 
 
 
 
 
 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

1.Әлжанова  Н.Ш.Инвестициялық  жобалау:Оқу құралы.-Алматы:қазақ университеті,2006.160б.

2.Мақыш  С.Б.Банк ісі.Оқулық .-Алматы:ИздатМаркет,2007.471б.

3.Мақыш  С.Б.Ақша айналысы  және несие.Оқу  құралы.-Алматы:ИздатМаркет,2004.248б.

4.Е.С.Стояновой   Финансовый менеджмент 1998.33-41бб.48-56бб.

5.Л.Е.Басовский Финансовый менеджмент 1996.79-85бб.

6.Іскер  адамның орысша-қазақша  экономикалық түсіндірме  сөздігі.Алматы,2005ж. 56-57бб.

7. Қ.Қ. Ілиясов, С.  Құлпыбаев  Қаржы  Алматы: 2005. 471-482 бб.

8.К.Ж.Оразалин, М.М.Жантасов Орысша  қазақша қазіргі  уақыттағы экономикалық түсіндірме сөздігі Алматы:2004.73б.

9.Б.А.Жүнісов  Жалпы экономикалық  теория Алматы:2002.60б.

10.С.С.Сахариев,А.С.Сахариев  Әлем экономикасы  Астана:2005.6б.

11.Қ.С.Сәкібаева.  Коммерциялық бәсекелестік  стратегияларын құру  негіздемесі //Қаз  ҰУ хабаршысы № 4.2006.87-91бб.

12.Ғ.С.Сейткасымов  Ақша,несие,банк  Алматы:2001.36-41бб.

13.А.Н.Дәуренбекова  Қазақстан өнеркәсібінің  индустриалдық деңгейін  көтерудің экономикалық  механизмі. Алматы  2005. 54-64бб.

14.C:Т.Мыржақов  Компанияның инвестицияның  Қазақстандағы жағдайы

// Атамекен № 7. 2006.426.

15.М.А  Мустафин ҚР-ғы  компанияның инвестициялық  даму сатылыры // Атамекен  №8 2008. 87-91бб.

Информация о работе Бюджет тапшылыгы