«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы дегеніміз қандай бағдарлама, оның басты мақсаты не?

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2011 в 14:05, реферат

Описание

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің « Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері » атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген .

Работа состоит из  1 файл

Бизнестің жол картасы.docx

— 27.27 Кб (Скачать документ)

«Бизнестің  жол картасы – 2020» бағдарламасы дегеніміз қандай бағдарлама, оның басты мақсаты не?

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің     « Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері » атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген . Бағдарлама 2014 жылға дейінгі Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизмдерінің бірі болып табылады.

Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.

Бағдарламаның іске асырылуына қанша уақыт қажет?

Бағдарлама екі кезеңмен жүзеге асырылатын болады:

  • 1- ші кезең - 2010 - 2014 жылдар аралығында. 
    Яғни, 2010 жыл Бағдарлама міндеттемелерінің шешілуі: жаңа бизнес- бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторды сауықтыру, шетелге тауар шығарушыларды қолдау сияқты үш бағыт бойынша іске асырылатын пилотты жыл болып табылады. 2011–2014 жж . міндеттемелердің шешілуі жаңа бағдарламаларды қолдау , шетелге тауар шығарушыларды қолдау сияқты екі бағыт бойынша іске асырылатын болады .
  • 2- ші кезең – 2015 - 2020 жылдар аралығында жаңа бағдарламаларды қолдау , шетелге тауар шығарушыларды қолдау сияқты екі бағыт бойынша іске асырылатын болады.

    Бағдарламаға  қатысушылар кімдер ?

  • Тұрақтандыру және Дағдарысқа қарсы бағдарламалар аясында екінші деңгейдегі банктер арқылы мемлекеттен қаржылық қолдау алған борышкер-Кәсіпкерлер ;
  • экономик аның сектор ларында жұмыс істеп жүрген (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес ( одан әрі – Э ҚЖС ) борышкер-Кәсіпкерлер Бағдарламаның қатысушылары бола алады.

Минералдық шикізат өңдеуші металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары, сонымен қатар қаржы –экономикалық ахуалдары және кредиттері бойынша толық ақпарат беруге келіспейтін кәсіпорындар , сондай-ақ қаржы-экономикалық сауықтыру жоспарын өз кредито рларымен келіспеген кәсіпкерлер жобаға қатыса алмайды . Екінші бағыттың басты шарты қарыз алушы өзі кредит алған банкпен немесе бірнеше банктермен тіл табысуы тиіс . Қазақстан қаржыгерлер Қауымдастығы жанынан орын алған берешек туралы толық ақпаратты және қаржы - экономикалық сауықтыру жоспарын тапсыратын Кредиторлар комитеті құрылады. Жоспарды кредиторлармен келіскеннен кейін борышкер - Кәсіпкердің құжаттары «Даму» Қорына жіберіледі , оның негізінде Қор ЭДСМ - ге ұсынылатын ұсыныс әзірлейді , олар өз кезегінде ұсыныстар негізінде құжаттарды екінші бағыт бойынша «Бизнестің жол картасына» кіретін борышкер - Кәсіпкерлердің жобасын іріктеуді жүзеге асырушы Экономиканы жаңғырту жөніндегі Мемлекеттік комиссияның қарауына жібереді . Мемлекеттік қолдау көрсету шараларын қабылдау жөніндегі ақырғы шешімді Экономиканы жаңғырту жөніндегі Мемлекеттік комиссия қабылдайды .

Жобаларды іріктеу кезінде қандай саладағы кәсіпорын қызметіне басымдық берілетін болады ?

«Бизнес жол картасы – 2020» бағдарламасына әлеуетті қатысушылар үшін экономиканың басым секторлары :

    1. Агро өнеркәсіп кешені ;
    2. кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техни калық қызметтер ;
    3. жеңіл өнеркәсіп және жиһаз шығару ;
    4. құрылыс материал дары мен металл емес өзге минерал ды өнімдер өндіру ;
    5. металлургия, метал лөңдеу , машин а жасау ;
    6. өзге өнеркәсіп секторлары ( оның ішінде өзге дайын өнімдер шығару ; электр мен жабдықтау , газ , бу беру және ауа сорғызу ; су жинау, өңдеу және тарату ; канализаци я жүйесі ; қалдықтарды жинау , өңдеу және тазарту , қалдықтарды іске жарату ; қалдықтарды жою саласында қайта культивация лау )
    7. көлік және қойма қызметі ;
    8. туризм;
    9. ақпарат және байланыс ;
    10. кәсіби , ғылыми және техни калық қызмет ;
    11. білім ;
    12. денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер ;
    13. өнер , көңіл көтеру және демалыс ;
    14. қызметтің өзге түрлерін ( компьютер лерді , жеке пайдалану заттары мен тұрмыстық тауарларды жөндеу жұмысын ) ұсыну.

Кәсіпкерлерді «Бизнес жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша қолдау қандай бағыттар бойынша жүзеге асырылады?

Бағдарламаның іске асырылуы:

1. жаңа бизнес-бастамаларын қолдау;

2. кәсіпкерлік  секторды сауықтыру;

3. өнімді шетке шығаруға бағдарланған өндірістерді қолдау сияқты үш бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Бағдарламаның іске асырылуының бірінші бағыты аясындағы мемлекеттік қолдау мынадай әрекеттерден тұрады  :

1) жобаларды іске асыру үшін Банк кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау;

2) жобаларды іске асыруға бағытталған банк кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;

3) өндірістік (индустриалдық) инфрақұрылымды дамыту;

4) бизнесті жүргізуде сервистік қолдау көрсету;

5) кадр дайындау, жастар тәжірибесі және әлеуметтік жұмыс орындарын құру (компонент 2011 жылдан бастап енгізіледі) сияқты қызметтен тұрады.

Екінші бағыт аясында –кәсіпкерлік секторын жақсарту – мынадай қолдау көрсетіледі:

1) Борышкердің  Банктерден бұрын алған кредиті (мақұлдау кезінде) және жоба мақұлданғаннан кейін туындайтын бір кредит желісі аясындағы жаңа берешегінің пайыздық мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау;

2) Борышкерге өсімпұлын есептеместен бюджет алдындағы (мекеме ұстап қалатын жеке табыс салығынан бөлек) салық берешегін өтеу мерзімін кейінге шегеру;

3) кәсіпорындарды қаржы-экономикалық жағынан сауықтыру жоспары аясында жақсарту, оның ішінде Қазақстан қор биржасында орналастырылған облигациялар бойынша ішкі кредиторлар алдындағы берешектері бойынша да өзге іс-шаралар.

Бағдарламаны  іске асырудың үшінші бағыты өнімдерін сыртқы нарыққа шығаратын кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған .

Мемлекеттік қолдау Банктерден бұрын алынған кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау арқылы көрсетілетін болады. 
 
 
 
 
 
 
 

«Бизнестің жол  картасы-2020»

«Бизнестің  жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында  елдегі банктерге субсидия алу мақсатында құны 225,7 млрд. теңгенің 517 өтініші түскен. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен Экономиканы жаңарту және кәсіпкерлік мәселелері бойынша бірыңғай үйлестіру кеңесі мемлекеттік комиссиясының бірлескен отырысында айтылды. Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанованың баяндауынша, бағдарламаның бірінші бағыты бойынша, яғни жаңа жобаларды кеңейту мен олардың несиелік төлемдерін қолдау мақсатында 16,7 миллиард теңгені құрайтын 91 өтініш түскен. Ал екінші бағыт, яғни бизнес секторды сауықтыруға 74,7 миллиард теңгенің 408 өтініші ұсынылса, экспортқа негізделген кәсіпорындарды қолдау жұмыстарына арналған үшінші бағыт бойынша бойынша 34,2 миллиард теңгенің 18 өтініші түсткен. Министрдің айтуынша өтініштердің басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлерінің еншісіне тиеселі. Олардың жалпы саны 73 өтінішті құрайды. Дегенемен Жанар Айтжанова бағдарламаны жүзеге асыруда инфрақұрылымдық және несиелердің пайыздық төлемдерін субсидиялауға қатысты бірқатар мәселелерді шешіп алу қажет. Отырыс қорытындысы бойынша, комиссия назарына ұсынылған 16 жобаның 14-і іріктеліп алынды. 
Ербол Орынбаев, ҚР вице-премьері: 
- Кеше банк жетекшілерімен жиналып, әрбір жоба бойынша жеке-жеке талқыладық. Нәтижесінде қаржыгерлермен тамыз айының соңына дейін ақша-несие бойынша мәселелерді шешіп бітіруге келістік. Қазір шамамен олардың ұсыныс-пікірлерін жинастырып, тиісті шешім қабылдау жөнінде шаралар қабылдап жатырмыз. 
Азат Перуашев, «Атамекен» Одағы» ҰЭП төрағасы: 
- Негізінен бұл бағдарлама кәсіпкерлер үшін өте маңызды. Біздің кәсіпкерлеріміз өте белсенді түрде осы бағдарламаға өз арыздарын жіберіп отыр. Қазір ғана басы болса да, 500-ден астам арыздар түсті. Олардың әрқайсысын біз тексеріп, қарастырып, өз пікірімізді шығарамыз. 

Информация о работе «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы дегеніміз қандай бағдарлама, оның басты мақсаты не?