Акция нарығына талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 22:38, реферат

Описание

Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы еліміздің егемендігін алғаннан басталды. ҚР-да бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді негізінен 4 кезеңге жіктейміз. Бұл жіктеу бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік реттеуді жүргізетін және қадағалайтын органдарға байланысты.

Работа состоит из  1 файл

bkn.docx

— 257.61 Кб (Скачать документ)

    - бағалы қағаздар нарығының қатысушылар тізімін бекітуде, тек техникалық талаптарды ғана емес, сондай-ақ тиімділік факторын ескеруі.

     Бірінші қағидаға сәйкес, бағалы қағаздар нарығы дербес сектор ғана емес, сонымен қатар  қаржы нарығының және экономикалық жүйенің элементі екені есте сақтау қажет. Яғни, экономика немесе экономикалық жүйенің басқа секторларына бағытталған  заңнамалардың өзгерісі міндетті түрде  бағалы қағаздар нарығына әсер етеді. Сондықтан да, ҚР заңдарына толықтырулар мен өзгертулер енгізу барысында  одан жоғары мәртебесі бар құжаттардың  мазмұнын ескеру керек. Бұл жағдайда, бағалы қағаздар нарығы және бағалы қағаздар нарығының қатынастарын реттейтін  заңнамаларды, стратегияларды дайындайтын  мемлекеттік органдардың өзара  байланысын жетілдіру керек деп  тұжырымдаймыз.

     Екінші  қағида бірінші қағидаға сүйенеді. Бағалы қағаздар туралы, олардың қатысушылары туралы жағдайлар әр түрлі заңнамада сипат алады. Ал, ҚР Президентінің Жолдауында халықтың инвестициялық біліктілігін жоғарлату негізгі міндеттердің бірі ретінде бекітілген. Бірақ, реттеуші заңнамалар мазмұнының әр түрлі сипат алуы, бағалы қағаздар түсінігін ашуға кері әсерін тигізеді. Осыған сәйкес, ҚР Азаматтық кодексіне, «ҚР бағалы қағаздар нарығы туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңдарына толықтырулар мен өзгертулер енгізу керек.

     Азаматтық кодекске депозиттік серификатты бағалы қағаз мәртебесі бар құралдардың  ішінен шығара отырып, бағалы қағаздар нарығы бойынша заңнамадағы сияқты бағалы қағаздар тізімін енгізу қажет. Сонымен қатар, «Бағалы қағаздар нарығы туралы» ҚР заңына пайды бағалы қағаз мәртебесіндегі құрал ретінде  жағдайды енгізе отырып, «Инвестициялық қорлар туралы» ҚР заңына қарама-қайшылық жағдайды жоюға болады. Сондай-ақ, елде инвестициялық қорлардың акционерлік  түрлері қалыптасты. Олардың негізгі  жағдайлары мен акционерлік қоғамдардан  айырмашылығы «Акционерлік қоғамдар туралы»  ҚР заңында көрініс табу қажеттілігі  бар. Сонда, акцияны тек акционерлік  қоғамдар ғана емес, сондай-ақ инвестициялық  қорлар шығаруға құқығы бар екенін және бұл жағдай тек «Инвестициялық қорлар туралы» заңда ғана қарастырылмай, бағалы қағаздар нарығын реттейтін  басқа заңнамаларды сипат алады. 

Информация о работе Акция нарығына талдау