Халықаралық маркетинг

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2011 в 15:29, реферат

Описание

Халықаралық фирманың басты ерекшелігі мыналар болып табылады:

♦ өзге елдерге, не болмаса алдын ала танылған шетел рыноктарына белгілі бір өнім түрлерін шығаруға бағдарланған, не болмаса бас компанияны компоненттермен немесе шикізат, материалдық ресурстармен қамтамасыз ете алатын, бақылауға алынған өндірістік филиалдар жөне еншілес кәсіпорындар тораптарының болуы;

♦ технологиялық кооперациялауды (қауымдасуды) жөне бақылауға алынған кәсіпорындар мамандығын пайдалану;

Содержание

Негізгі бөлім.

1.1. Халықаралық маркетингтің мәні.

1.2. Халықаралық маркетингке қатысушылар (субъектілер).

1.3. Халықаралық маркетингтің ортасы.

1.4. Халықаралық маркетингтің қазіргі проблемалары.

Работа состоит из  1 файл

Халықаралық маркетингке қатысушылар.doc

— 69.50 Кб (Скачать документ)

Тұтынушылардың  талғамдарындағы өзгерістер әлемдік рынокта болып өтті, дегенмен осы рынокқа шыққан елдердің талғамы осы күнге дейін тікелей жоғарылауда. Бұндай елдер қатарына бұрынғы социалистік елдер кіреді, әрине Қазақстан да сыртта қалған жоқ.

   Республика Үкіметі жаңа технологиялардың пайда болуы ғылыми зерттеу базасының дамуымен байланысты болғанын түсініп, жыл сайын іргелі және қолданбалы ғылымдарға мемлекеттен қаржы бөледі. Олардың үлесі ұлттық табыстың 3-4%-ын құрайды.

Қазақстанның  экспорттық тауарларының 70%-нан астамы миниралды шикізат ресурстары болғандықтан осы өнімдердің халықаралық маркетингісінің тиімділігі мен ауқымдылығы ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктеріне тікелей байланысты. Осыған байланысты мұнай кен орындарын және металдарды қайта өңдеу мәселеге үлкен назар аударылды.  Қазіргі  кезде  оларға: Ұлыбритания, Франция, Жапония және басқа да елдер көптеген ірі фирмалардың назары ауып отыр. Сөйтіп республика   экономикасының   ашықтығы   халықаралық    бәсекелестіктің серпуіне көмектеседі, ең біріншісі - уақыт факторы: өнімді әткізу, жұмылдырудың жаңа арналарын іздеуді талап етеді.

   Тұтынушылар талғамы бәсекелестік және өткізу арналары   серпімділігінің   шапшаңдылығы   өнімнің   өмірлік циклін орта есеппен 3—5 жылға қысқартады. Өнімнің өмірлік циклінің ең танымалы түрі - „көбею" деп аталады.

  Тауарлардың  өмірлік  цикліне  ғылыми-техникалық 
прогрестің әсер етуі оның тек мезгілдік көрсеткіштері 
ғана емес, сондай-ақ сапа көрсеткіштерін де анықтайды. 
Тауар ұсынысы молайып, тұтынушы таңдалымы артып 
жатса фирмалар, егер олар жаңа тауар шығаруға бет алып 
жатқан болса, конгломерантты тауар саясатын жасаулары 
керек. Бірақ мұндай саясат тікелей және көлденең саясатқа қарағанда қымбаттырақ болады. Осы және басқа  
шығындар тауар бағасының өсуіне себепші болады сондай-ақ, конгломерантты саясаттың өзін экспортқа шығару   оның   мультиұлттық   және   әлемдік   нарықта 
маркетингі өте тиімді. .

Қазіргі рынокта тауар саясатының белсенділігі өнімнің түрлі болуына байланысты. Халықаралық маркетинг жағдайында тұтынушының таңдауы бір өлшемдегі (көлемдегі) қызмет көрсету мен тауар ұсынысының қажеттілігін ғана емес, бір жайғалымның тұтас параметрлік қатарын кажет етеді. Мұны нарықтағы тауар фокусының үлғаюы да талап етеді.   Сондықтан,   нарық  талаптарын  ескере   отырып фирмалар нарыққа тұтастай өнім желісін шығару керек. Осындай желіге ие тауарларға үлкен және кіші жүк таситын самосвалдарды, ірі және дербес электр станцияларына  арналған трубиналар,  кофе сервиздері, жеке жаңғақ қосылған және жанұялық балмұздақтарды және тағы басқаларын жатқызуға болады.

  Фирма  тауарларының эстетикалық тусініктері, олардың сыртқы түрінің, дизайнының (әрленуінің), сипатының ұқсастығы тауарлар сұрыпталуының жиынтығында болады. Қазақстанда тұтынушы таңдалымының артуы, әр түрлі елдер өнімдеріне қол жетерлік, шет елдерде қызмет көрсету мен тауарларды алу мүмкіншіліктерінің пайда болуы — тұтынушының таңбалы және фирмалық тауарларды таңдап алуына әкеледі. Бұл, сондай-ақ, техникалық тауарлар тұтынуы өсуінің салдары болып табылады. Әр түрлі фирмалардың өнімдерін басқа фирманың тауарлар жиынтығына қосып, оларды біріктіру арқылы араласып кеткенін байқауға болады. Мысалы, отандық синтезаторларға жапон өндірушілерінің де, қытай өндірушілерінің де батарейкаларын қолдана беруге болады, IBM фирмасының компьютеріне басқа фирманың принтерін қосуға болады.

  Шаруашылықты жүргізуші субъектілер үшін халықаралық маркетингтің бұл проблемаларын шешу жолдарын Қазақстанда инвестициялық қызметті ынталандыруда болып отыр, сол үшін өндіріс саласына күрделі қаражатты ұзақ мерзім арнаған жөн.

  Қазіргі кездегі халықаралық маркетингтің тағы бір негізгі проблемаларының бірі — өндірістің, оны сату пайдасының деңгейінің төмендеуі. Пайдалылық қорытынды көрсеткіш болып табылатындықтан, ол әлемдік рыноктағы маркетинг қызметінің пайдалылық деректерінен толық көруге болады.

Сонымен, халықаралық маркетингтің негізгі проблемаларының шеңбері республика экономикасын дамытудың қазіргі кезеңінде фирмалар мен мемлекеттік қызметтердің стратегиясы мен өсіру саясатына дұрыс бағыт алуға көмектеседі. Проблемаларды біліп жүру сыртқы рынокқа шығу кезінде интеграцияға бірігуге және қызмет кооперациясына қол жеткізуге үлкен көмегін тигізеді.

Информация о работе Халықаралық маркетинг