ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 00:24, курсовая работа

Описание

Бітіру жұмысы тақырыбының өзектілігі. Соңғы жылдары шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасының экономикасындағы ролі артып келе жатыр. 2002 жылы Қазақстандағы шағын және орта бизнес секторымен өндірілген жиынтық өнімдердің ЖІӨ - ге қатынасы 17% - ды құрады, ал 2003 жылы осы сектор субъектілерінің бұл макроэкономикалық индикаторындағы үлесі 20% - дан астам шамаға жетті. Осы статистикалық мәліметтер көрсетіп отырғандай шағын және орта кәсіпкерлік секторының қазақстан экономикасындағы маңыздылығы барған сайын салмақты болып келеді. 2004 жылғы осы сектордың ЖІӨ - ге қатынасының болжамды көсеткіш деңгейі 30% (бұл көрсеткіш бағдар ретінде ҚР – ның президентімен өткен жылы халыққа жолдауында қарастырылып, бекітілген).

Содержание

Кіріспе...........................................................................................

1.тарау. Өтпелі кезең жағдайында шағын және орта бизнесті дамытудың объективті қажеттілігін...........................
1.1 Шағын және орта бизнес түсінігі........................................
1.2 Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі ............................................................................
1.3 Шағын және орта бизнесті дамытудағы нарықтық экономикалы елдердің тәжірибесі
2. тарау. ҚР шағын және орта бизнестің даму тенденциялары .............................................................................
2.1.ҚР – дағы шағын және орта бизнестің жағдайы.............
2.2. «Сұлтан» ЖШС – тің қазіргі жағдайы (сандық талдау)............................................................................................
3.тарау. ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары................................................................................
3.1. «Сұлтан» ЖШС мысалдағы дағдарысқа қарсы басқару...........................................................................................
3.2.ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары мен оларды шешу жолдары............................
Қорытынды....................................................................................
Қолданылған әдебиеттер............................

Работа состоит из  1 файл

343_QhX.doc

— 945.00 Кб (Скачать документ)

    Келесі  талдайтынымз  бұл  2005және  2006 жж қаржылық  есеп.

    Ол  бойынша  көрсеткіштерді  келесі  кестеден көре  аламыз.

    2.2.3.кесте. 2005 – 2006 жж. баланс. 

    

Баланстың  баптары

Жылдың  соңына (мың тг) өсімі% (трендер)
2005 2006
І бөлім. Ұзақ мерзімді  активтер 7101 12722 79,16
ІІ  бөлім. Тауарлық – материалдық  запастар 11530 12047 4,48
ІІІ бөлім. Ақша  қаражаттары 3099 174 -94,39
ІV бөлім. Дебиторлық  берешектер 2286 21508 840,86
(активтер) барлығы (І+ІІ+ІІІ+ІV) 24016 46451 93,41
І бөлім. Меншікті  капитал 21741 38249 75,93
ІІ  бөлім. Ұзақ  мерзіімді  міндеттемелер - - -
ІІІ бөлім. Ағымдық  міндеттемелер - - -
ІV бөлім. Салықтық  берешек 957 420 -56,11
V бөлім. Алынған аванстары бойынша есеп  айырысулар - -  
VІ бөлім. Болашақтағы периадтар бойынша табыстар - -  
VІІ бөлім. Несиелік  бюджет 1318 7782 490,44
Барлығы (пассевтер)(І+ІІ+ІІІ+ІV+V+VI+VII) 24016 46451 93,41
 

    Осы  баланстан  көріп  отырғанымыздай  сыртқы  қарыздың  көздерден  тартылған  қаражаттар жоқ. Және  несиелік  берешектің  пассивтердегі  үлесі  өте  төмен. Бірақ  несиелік  берешек  2006 жылы күрт  өскені көрініп  тұр, бұл  ең алдымен  кәсіпорынның  инвестициялық  тартымдылығының  жоғарлануынан  болды. Ал  инвестициялық  көркемділігінің  жоғарлауы  серіктестіктің  қаржылық  жағдайының  жақсаруына  байланысты. Соңғы туралы талдауларды  төмендегі  коэффициенттік  талдаудан  көруге  болады.

    Бұл  екі  жылдық  баланс  бойынша  ұзақ  мерзімді  активтер  79,16% - ға,  тауарлық  материалдық  запастар 4,48%  - ға, ақша  қаражаттары – 94,39% - ға, дебиторлық  берешек  840,86% - ға  және  жалпы  активтер  93,41% - ға  өскен. Көріп  отырғанымыздай   активтердің  ішінен ең  жоғары  өсім  қарқыны  дебиторлық  берешекте  болып  тұр. Мұндай  жағдай, яғни  дебиторлық  берешектің  күрт  өсуі «Сұлтан» ЖШС – тің өз  өнімдерін  қарызға  беруінен  болып  тұр. Бұл  болса, кәсіпорынның  болашақта  сапасыз  активтердің  көбеюіне  алып  келуі  мүмкін. Сондай – ақ  осындай тенденция  болашақта  айналмалы  қаражаттардың   тапшылығына  алып  келуі.

    Ал  активтер  ішінен ең  төмен  өсім  қарқыны  тауарлық  материалдық  запастарда  болып  тұр. Бірақ  бұл төмен  деңгей  біздің  пікіріміз  бойынша  қауіпті  емес.

    Пассивтерге  келетін  болсақ, ең  жоғары  өсім  қарқыны несиелік  берешекте  болып  тұр. Бұл тенденция біздің  пікіріміз бойынша несие алудың шарттары  мен несиені сый – ақысының  2002 жылмен  салыстырғанда төмендеуіне байланысты.  Бұл жақсы қарқын, себебі несие алудың  осындай күрт  өсуі  «Сұлтан»  ЖШС – тің инвестициялық тартымдылығының 2004 жылмен  салыстырғанда  жоғарлауымен байланысты.

    Ал  ең төмен өсім  қарқыны  пассивтер  бойынша  салықтың  берешекке  тиесілі. 2.2.3. кестесінен  көріп  отырғанымыз  да  салық  берешегі  2005жылы және  2006 жылмен  салыстырғанда  56,11% - ға азайған. Бұл болса, кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын жоғарлатады.

    Енді  бұл  көрсеткіштерден  коэффициенттік  қаржылық талдауға  көшуге  болады. Ең  алдымен  басты  коэффициенттер болып  табылатын  «Сұлтан»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  рентабельдігін  талдайық.

    Коэффициенттік  талдаудың  бірінші  қадамында.  Біз  келесі индикаторлардың динамикасын  қарастырамыз:

    1. Серіктестіктің  таза  рентабельділік  нормасының  1999  - 2000жж аралықтарындағы   динамикасы.
    2. Меншікті капиталдың   табыстылығы (ROE).
    3. Активтердің табыстылығы.

    Таза   рентабельділік нормасы таза  пайданың   өткізу  көлеміне қатысын  табу  арқылы шығарылады.  Оның  формуласы  келесідей  түрде   жазуға болады.

     ,  (1) 

    мұндағы, Нт.р.- таза (нетто)  рентабельділіктің нормасы;

                     ТП-  таза  пайданың  сомасы;

                     ӨК -  өткізу көлемі.

    Осы  формуланы  қолдану  арқылы  2.2.1.  кестесіндегі  мәліметтерден  рентабельділіктің  деңгейлерін  анықтайық.

    1999 жылдың  нәтижелері бойынша   «»Сұлтан   серіктестігінің   таза  рентабельділігі төмендегідей  болды.

       ,  яғни 1,08 %

    2000 жылдың нәтижелері бойынша «Сұлтан»  серіктестігінің  таза  рентабельділігі  (Нт.р.)  келесідей түрде қалыптасқан:

       ,  яғни  1,32 %.

    2001 жылдың  қорытындыларына  сәйкес  осы  шаруашылық  субъектінің нетто  рентабельділігі   мынадай  деңгейге  жетті.

       , яғни 2,70%

    Ал  2002 жылғы мәліметтер  бойынша  «Сұлтан»  серіктестігінің  нетто  рентабельділігінің  нормасы  келесі  дейгейде  болды.

     ,  яғни  2,96 %

    Ал  өткен  жылы  Нт.р= 5.42% - ға   тең болды.

    «Сұлтан»  серіктестігінің  нетто  рентабельділігі  коэффициенттік  талдау  көрсетіп  отырғандай  барған  сайын  жоғарлап келе  жатыр.  Мұндай  жағдайдың  қалыптасуы  біздің пікіріміз  бойынша  ең  бастысы  осы  серіктестіктің  егін  шаруашылығының  оның операциялық  қызметінде  басымды  болуынан. Ал  егін  шаруашылығының  пайдалылығы  жоғары  болуының , себебі  бидай нарығындағы  соңғы  жылдар  бойынша  жоғары  бағлардың болуынан.

    Бұл  тенденцияны  графикалық түрде  көрсетуге  болады. (2.2.1. сурет):

      

     2.2.1. сурет. «Сұлтан» ЖШС – тің   нетто  рентабельділігінің  динамикасы.(%) 

    Келесі  талдайтын көрсеткішіміз – бұл  «Сұлтан»  кәсіпорынының меншікті  капиталының  табыстылық  (ROE) * және  жарғылық  капиталдың рентабельділігі. Ол  екеуі к формулалар  арқылы  табуға  болады.

     , (2)

    Жарғылық  (нетто)  капиталдың  табыстылығы  , (3)

    Мұндағы, ТП – таза  пайда;

                       ROE – меншікті  капитал табыстылығы;

                       НК – нетто(немесе  жарғылық)  капитал; 

    2002 жылдың қорытындыларына  сәйкес  «Сұлтан» серіктестігінің  меншікті  және  нетто  капиталдарының  табыстылықтары  келесідей деңгейлерге  жеткен.

     ,  яғни  2,99%

    Жарғылық  капиталдың  рентабельділігі  , яғни 6,5%.

    2003 жылдың  нәтижелері бойынша   бұл  шаруашылық  субъектінің   меншікті  және нетто  капиталдарының  рентабельділіктері  төмендегідей деңгейлерде  болды:

     ,  яғни  4,97%

    Жарғылық  капиталдың  табыстылығы  , яғни 19% 

    Бұл  талдау  нәтижелері  көрсетіп  отырғандай жалпы  капиталды бұл  серіктестікпен рентабельді  тұрғыда  қоданылады.  Осы  жердегі  көзге  түсіп, назар аудартатын  ең  негізгі  момент  жарғылық  немесе  нетто  капиталдың  жоғары рентабельділігі  2002 жылы  ол 6,5% - ға,  ал 2003 жылы 19% - ға тең болды. Соңғысының  мәні  мынада: «Сұлтан»  серіктестігінің  жарғылық  капиталды тиімді  пайдалануы.

    Сонымен , «Сұлтан» серіктестігінің  капиталды  «соның ішінде брутто және нетто  кпиталды»  қолданудың тиімділігінің  динамикасын  жоғарыдағы  талдаудың нәтижелері  бойынша  келесі  суретте  графикалық түрде  бейнелеуге  болады:

      

2.2.2. сурет. «Сұлтан»  ЖШС – інің  капиталды  қолданудың  динамикасы. 

      Коэффициенттік  талдаудың  екінші қадамында біз іскерлік  ауыртпалық  көрсеткішін қарастырамыз.Индикатор   активтерді  басқарудағы қарыздық  капиталдң ролі  мен әсерін  көрсетеді. Іскерлік ауыртпалықтың   коэффициенті  кәсіпорын   міндеттемелер  соммасының   активтер  соммасына  катынасы  ретінде  табылады. Оның формуласы  төмендегі  түрде  жазылады.

         , (4)

    мұндағы,  IAK –іскерлік ауыртпалықтың коэффициенті;

                      М – міндеттемелер;

                       А – активтер.

    2002  жылдағы «Сұлтан» серіктестігінің   мәліметтеріне  сәйкес (IAK) іскерлік  ауыртпалықтың көрсеткіші келесі деңгейге  жетті.

__________________________

*ROE – таза  пайда сомасының брутто  капиталға қатынасы 

     ,  яғни  9,5%

    2003 жылдың мәліметтері   арқылы  шығарылған  бұл  индекатордың  деңгейі  төменгідей болған.

     ,  яғни  17,66%

    Осы   коэффициенттік  талдаудан  көріп  отырғанымыздай  2002 жылы «Сұлтан»  серіктестігінде  қарыздық  капиталдың  активтерді  басқарудағы  үлесі  9,5%  болды. Ал  2003 жылы ол 17,66%   - ға жетті. Бұл  сыбағалы  үлестер   мардымсыз болып  табылады  да, несие  алудың  проблемалары  және  қиындықтары  мен  түсіндіріледі.  Бұл  жердегі  2003 жылы  үлестің  17,66% - ға  жетудің,  яғни  үлестің  өсуіне  себеп  болған  басты  фактор – бұл  кәсіпорынның  қаржылық  жағдайының  жақсаруы  және  мемлекеттің ауыл  шаруашылығына  қатысты  саясатының  тиімді  жүзеге асуы.

    Қаржылық  – экономикалық  талдаудың  үшінші  қадамында  біз «Сұлтан»  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестігінің төмен паздығын (немесе  өтімділігін)  қарастырамыз.талдаудың осы қадамында біз «Сұлтан»  кәсіпорынның төмен қабілеттілігін зерттейміз. Бұл зерттеу кезінде біз төменпаздықтың  келесідей екі коэффициентін пайдаланамыз:

  1. ағымдық,  төлемпаздық  көрсеткіші;
  2. тез төменпаздық  көрсеткіші

    Бірінші  индекатор   кәсіпорынның ағымдағы  кезеңдегі  қысқа  міндеттемелерін  орындаудың  қабілеттілігін  сипаттайды.

    Екіншісі  болса,  шаруашылық  субъектінің  дәл  қазір  міндеттемелерін  орындауда  қабілеттілігін  сипаттайды. Ағымдық  өтемпаздыө  коэффициенті         қысқа  мезімді  немесе  ғылымдық міндеттемелер  мен  өтімді (немес қысқа мерзімді) активтерінің ара қатынасы  арқылы  табылады.  Математикалық тұрғыда бұл коэффициент ағымдық қарыздың  қаражаттардың айналмалы активтерді  қаржыландырудағы  үлесін  көріп,  сипаттайды. Сондай – ақ  осы тұрғыдан  бұл коэффициент  қысқа  мерзімді  қарыздық  қаражаттардың  төлеуі үшін  қысқа мерзімді  активтермен  қаншалықты  қамтамасыз  етілгендігін  көрсетеді. Оны келесі формула  арқылы  есептеуге  болады. 

     , (5)

     мұндағы, АӨК        ағымдық  өтемпаздықтың  коэффициенті;

Информация о работе ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары