Өндіріс факторлар нарығы және факторлық табыстар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 07:33, курсовая работа

Описание

Ешбір қоғам материалдық игіліктер өндірмей тіршілік ете алмайды. Сондықтан нені қалай өндіру, өндірілген өнімдерді қалай бөлу керек екені кез келген қоғамның негізгі экономикалық мәселелері болып табылады. Әдетте экономика ғылымында өндірістің үш факторын бөліп айтады, еңбек, капитал және жер. Мұнда еңбек белгілі бір пайдалылыққа, нәтижеге мақсатталған адам қызметі, іс-қимылы. Капитал материалдық игіліктерді өндіруге қажетті жинақталған жабдықтар қоры. Жер туралы әңгімелегенде, нақты жердің өзімен шектелмей адам кәдесіне пайдаланылатын табиғат сыйлаған ауа, су т.б. игіліктер туралы сөз болуы керек.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................3
Бөлім-І Қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың экономикалық негіздері..................................................................................................................5
Қоғамдық өндіріс және оның формалары...............................................5
Қоғадық өндіріс жүйесіндегі адамның орны.........................................12
Бөлім-ІІ Өндіріс факторлары...........................................................................17
2.1 Еңбек— өндіріс факторы............................................................................23
2.2 Капитал — өндіріс факторы......................................................................24
2.3 Жер — өндіріс факторы..............................................................................28
2.4 Факторлық табыстар....................................................................................30
2.5 Өндірістік функция......................................................................................31
Қорытынды........................................................................................................36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................37

Работа состоит из  1 файл

Эконом теория курсовая Айжан.doc

— 236.50 Кб (Скачать документ)

      Тарихты материалистік жолмен ұғыну мынадай қағидаға сүйенеді: өндірістен соң оның өнімдерін айырбастау да әрбір қоғамдық құрылыстың негізі болып табылады, тарихи өмір сүретін әрбір қоғамда өнімдерді бөлу, сонымен бірге қоғамның таптарға немесе топтарға бөлінуі, қоғамның нені өндіретініне, қалай өндіретініне және өндірілген бұл өнімдердің қалай айырбасталатынына байланысты. Өмірде болып жататын барлық қоғамдық өзгерістер мен саяси төңкерістердің негізгі себептерін адамның ақыл-ойынан, олардың ақиқат пен әділеттілікті түсіну деңгейінен, философиядан іздемеу керек, оны өндіріс пен айырбас әдісінде орнаған өзгерістерден, сол заманның экономикасынан іздеу керек. Міне, бұл елімізде болып жатқан экономикалық саяси-әлеуметтік сілкіністер мен өзгерістердің баршасына да тікелей қатысты. Оны тек осылай түсінуге болады. Қоғамдық өндірістің адамзат өміріндегі орны мен рөлі ерекше. Егер өндірісті бір жыл түгіл, бірнеше апта тоқтататын болса, адамзат аштықтан құрып кеткен болар еді. Қазіргі таңда да рынокты қалыптастыруда қоғамдық өндіріс зор маңызға ие болып отыр. Қоғамдық өндіріс, жоғарыда атап өткеніміздей өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі. Ал оның орын алуы, дамуы белгілі бір факторларға байланысты. Ол факторларға мыналар жатады: а) субъективті факторлар немесе жұмыс күші; ә) объективті, заттық факторлар немесе өндіріс құрал-жабдықтары. Осы арада ең алдымен еңбек туралы түсінік бере кетейік. Еңбек — дегеніміз мақсатқа сай атқарылған қызмет, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас процесі. Мұнда адам өз қызметі арқылы өзі мен табиғат арасында заттардың өзгеруіне себепкер болады, бұл алмасуды реттеп, бақылап отырады. Еңбек — бұл адамның саналы әрекеті. Оның басты ерекшелігі — алдын ала ойланып істелінеді, максатты іс-қимыл, белгілі бір нәтижеге жету көзделінеді. Мысалы, хайуанаттар табиғатта бармен ғана қоректенеді. Ал адамның еңбек етудегі басты ерекшелігі — табиғаттан ала да біледі, оны өзгерте де, сақтап, қорғай да біледі. Осыған байланысты адамдардың тәжірибесі жинақталады. Белгілі бір білімді, мамандықты игереді, оны жетілдіре түседі. Адамды адам еткен еңбек деген даналық ой осыдан туған, еңбек адамның дамуының және жетілуінің басты факторы. Еңбек ете отырып адам жұмыс күшін жұмсайды. Ал жұмыс күші — адамның еңбекке деген қабілеттілігі. Жұмыс күшін тұтынудың өзі де еңбек.

      Қоғамдық  еңбек бөлінісінің тереңдеуімен байланысты жұмыс күші өзінің жеке ерекшелігін сақтап, дамыта отырып, бірте-бірте қоғамдық сипатқа ие бола бастайды.

      Сөйтіп  жиынтық жұмыс күші пайда болады. Жұмыс күшін тек белгілі бір коғамдық іс-қимыл негізінде ғана пайдалану мүмкін. Ол өндірістің жеке факторы ретінде орын алады. Жұмыс күші — қоғамдағы ең басты, жасампаз күш. Қоғамдық дамудың бүкіл тарихы көрсеткендей, қоғамдық өндірістің дамуында, әсіресе ғылыми-техникалық прогрестің қарқындылығымен байланысты жеке фактор рөлі барған сайын өсіп келеді, ол заңды да.

      Ал  заттық факторлар туралы әңгімені еңбек заттары мен еңбек құрал-жабдықтарынан бастаймыз.

      Еңбек заты дегеніміз бұл өңделетін материалдар, яғни адамның күш-қуаты, еңбек құралы арқылы өңделетін зат. Олардың екі түрі бар: а) табиғи — руда, көмір, мұнай, балық т. б.; ә) белгілі бір табиғи процестен, өңдеуден өткен — шикізат, материал т. б.

      Еңбек құралдары дегеніміз адамның өзі мен еңбек затының арасында тұратын және оның осы затқа ететін ықпалын іске асырушы ретінде пайдаланатын зат немесе заттар жиынтығы (комплекс), яғни адамның сол арқылы табиғатқа әсер ететін, ықпал жасайтын зат. Еңбек құралдары бірнеше түрге бөлінеді: а) еңбек құралдары, аспаптар, машина, механизмдер. Еңбек құралдарының бұл түрін классикалық экономикалық теория өндірістің сүйек және бұлшық ет жүйесі деп атайды; ә) өндірістің ыдыс жүйесі (құбырлар, бөшкелер, сауыттар т. б.); б) өндірістік объектілер (өңдірістік үйлер, құрылыстар, жолдар т. б.); в) жер де еңбек құралы болып табылады; г) еңбек құралдарына электр қуаты, бу, химиялық, ядролық реакциялар да жатады.

      Материалдық игіліктерді өндіру үшін пайдаланылатын еңбек құралдары мен еңбек заттарының жиынтығы өндіріс құрал-жабдықтарын құрайды. Олардың жұмыс күшінен айырмашылығы, өндірістің материалдық-заттық факторына жататындыгы. Өндірісті жұмыс күшінің, еңбек заттары мен еңбек құралдарының жай ғана қосындысы деп қарау дұрыс емес. Сөз жоқ, олар өзара байланысты күрделі біртұтас жүйені құрайды. Ал біртұтас жүйенің элементтердің жай қосындысына қарағанда сапалы айырмашылығы бар екені белгілі. Олардың өзара қатынасы, тиімділігі өндірістің технологиясы мен ұйымдастырылуынан айқын көрінеді.

      Технология  өндірістің негізгі факторларының  өзара әрекетін белгілейді, адамдардың еңбек заттарына ықпалының өндірістік факторлардың (механикалық, физикалық, химиялық) қасиеттеріне негізделгенін  көрсетеді. Заттардың осы кезге  дейінгі белгісіз қасиеттерін аша отырып, адамдар жаңа өнімдерді дайындаудың құпиясын меңгеріп, осыған байланысты аса үздік технологияны, сапалы жаңа материалдарды пайдалануды күн тәртібіне қояды. Осымен бірге өндірісті ұйымдастыру да өзгереді, яғни оның бүкіл факторларының бірлесіп әрекет етуі талап етіледі. Еңбек бөлінісі, қоғамдық өндірістің салалық жіктелуі тереңдейді, оның құрылымы күрделіленеді мамандандыру, кооперация, шоғырлану, ұйымдастыру кеңінен дамиды. Осының нәтижесінде өндірістің коғамдық сипаты ұлғаяды. Сөйтіп, халық шаруашылығы бірте-бірте күрделі кешенге (комплекске), ірі салалық, аумақтық ұйымдарға айналады. Ұйымдық қатынастардың осылайша күрделі, икемді жүйесі өндірістің маңызды факторын құрайды.

      Қазіргі ғылыми-техникалық революция өндірістің жаңа факторын — ақпаратты (информацияны) туғызады. Ал информация қазіргі машина жүйесінің маңызды шарты. Сонымен бірге, өндірісте орын алатын ұйымдық-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық қатынастарды ажырата білу керек. Ұйымдық-экономикалық қатынастар өндіріс процесін ұйымдастырумен байланысты. Ол адамдар арасындағы қатынасты бейнелей отырып, өндіріс жағдайын да, оның факторларының дамуындағы ерекшеліктерін де сипаттайды. Өндірістің әлеуметтік-экономикалық нысандары өндіріс құрал-жабдықтарына иелік етумен байланысты орын алатын қатынастарды, яғни меншік қатынасын құрайды. Олардың негізінде қызметкерлердің құрал-жабдықтарды қолдануының қоғамдық әдісі жатыр. Ал мұның өзі өндірістің кімнің мүддесіне қызмет ететінін, оның нәтижелерін қалай бөлу керектігін анықтайды. Осыдан келіп қоғамның таптық және әлеуметтік құрылымы пайда болады. Ол өз алдына бір мәселе, яғни оны зерттеу қоғамдық ғылымдардың басқа саласының міндеті. 
 

      1.2 Қоғамдық өндіріс жүйесіндегі адамның орны

 

      Адам  тарихи дамудың жемісі, барлық қоғамдық-экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ол ғажайып құдіретті күш, табиғаттың алып тұлғасы. Адам — өндіргіш күштің басты элементі, өндірістің субъективті жеке факторы. Қоғамдық өндіріс адамсыз іске аспайды, оның нәтижесі адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға, солардың мүддесі үшін қызмет етеді. Игіліктерді өндіруші бір ғана күш бар. Ол да адам. Қоғамды өркендетуші де адам. Адам қоғамнан тыс өмір сүрмейді, қоғамның аясында болады, соның өрісінде дамиды. Адам барлық қоғамдық өндіріс түрлерінің шешуші факторы. Сондықтан қоғам дамуының сатыларына байланысты ол үнемі даму үстінде болады. Адамның өндірістегі орны, рөлі, адамға қойылатын өндірістік, әлеуметтік және т.б. талаптар күшейді. Еңбектің сипаты мен мазмұны, ұйымдастыру, басқару, тиімділігін арттыру, жұмыс жағдайлары мен жұмыс уақыты, еңбек белсенділігін арттыру және т.б. сан алуан жағдайлар қоғамда да әр түрлі болып келгені белгілі. Сондықтан өндіріс жүйесінде адам дамуының заңдылықтары әр түрлі қоғамдық құрылыстың дамуына сәйкес келеді, сонымен белгіленеді. Өндірісте адам факторының барлық қоғамға тән ортақ даму заңдылықтары бар. Олардың негізгілері: бірлескен жұмыс күшінің қалыптасуы, еңбекшілердің жалпы және кәсіптік білімінің өсуі, мамандық дәрежесінің көтерілуі, маманданған еңбектің нәтижелілігі мен тиімділігінің артуы, күрделі еңбектің басым болуы, кәсіптік құрамынын және ой еңбегі мен дене еңбегінің арақатынастарының өзгеруі, еңбек мазмұнының және жұмысшылардың өндірістегі атқаратын қызметінің өзгеруі, адам факторының маңызының арта беруі және т.б. Енді осыларға қысқаша тоқталамыз.

      Өндірістегі адам факторының даму заңдылықтарының  бірі — жиынтық жұмыс күшінің қалыптасуы. Бірлескен жұмыс күші — тарихи ұзақ мерзімді қамтитын, тереңдей түскен қоғамдық еңбек бөлінісінің және кооперациясының нәтижесі. Оның материалдық негізін өндіріс-құрал жабдықтарының дәрежесінен іздеген жөн. Қарапайым еңбек құралы, еңбек бөлінісі бұл құбылысты қажет еткен жоқ. Әрбір деталь және жекелеген операциялар бойынша еңбек бөлінісі бірлескен жұмыс күші құрылуының беташары болса, машина дәуірі оны біржолата қалыптастырады. Машина еңбекті кооперациялауға, қоғамдастыруға топтастыруға, еңбек бөлінісіне тікелей жол ашады. Өйткені машинаның жұмыс жасауы тек қана бірігіп қоғамдастырылған еңбектің арқасында жүзеге асады, маманданған еңбекті қажет етеді. Әрбір еңбек ететін адам өзгелермен бірлесіп өндірісте өнім өндіреді. Бірлескен жұмыс күші өндірісте еңбек ететін адамдардың арифметикалық сандық қосынды көрсеткіші емес. Ол әлеуметтік-экономикалық салдар, байланыс қатынастарын сипаттайтын ерекше сапалық бірігу процесі.

      Адамның өндіріс факторы ретіндегі дамуының негізгі бір заңдылығы оның жалпы және кәсіби білімінің өсуі. Әлемдегі дамыған елдерде адамдардың жалпы және кәсіби білімінің биік деңгейге көтерілгені өмір талабы. Келесі заңдылық — маманданған еңбектің салмағы өсті, берер нәтижесі және тиімділігі артты. Бұл қоғамдық өндірістің материалдық базасының жақсаруымен, озық техника мен технологияны пайдаланумен тығыз байланысты. Бірдей уақыттың ішінде жоғары білікті еңбек, жай еңбекке қарағанда анағұрлым көп тұтыну құнын өндіреді, мұндай еңбектің нәтижесі мен тиімділігі жоғары.

      Қоғамдық  өндіріс дамыған сайын ондағы күрделі еңбектің басым болуы да заңдылық. Өйткені күрделі еңбек жай еңбектен көп тиімді. Сондықтан өндіріс оны басым пайдалануға мүдделі. Ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесі, шаруашылықтың салалық құрамдарының өзгеруі, жаңа өндіріс салаларының дүниеге келуі, еңбек бөлінісінің тереңдей түсуі кәсіптік құрылымның өзгеріп тұруын заңды процеске айналдырды. Жаңа кәсіп, жаңа мамандық түрлері пайда болды. Қоғамдық өндірістің дамуы нәтижесінде дене және ой еңбектерінің ара салмағы да өзгеріп отырады. Адамның өндірісте атқаратын қызметтерінің ішінде ой еңбегі басымырақ болып келеді. Дене еңбегінің де бейнесі өзгеріске ұшырайды. Бұлар ғылыми-техникалық прогрестің озық нәтижелерін өндіріске тікелей пайдалануға байланысты. Адамзат қоғамының даму сатысының бәрінде еңбек мазмұны күрделі бола бермек. Өндірісті механикаландырып, кешенді түрде автоматтандырғанда, робот техникаларды, икемді технологияны енгізгенде және т.б. ғажайыптардың бәрі де еңбек мазмұнына сапалы өзгерістер енгізеді. Бұл экономикалық дамудың жалпылама негіздерінің зор ерекшелігі.

      Өндірістегі адам факторының дамуындағы келесі заңдылық — адамның өндірісте атқаратын қызметінің өзгеруі. Адам өндіріспен тікелей араласудан қалады, оның ұйымдастырушы, басқарушы, реттеуші, бақылаушы агентіне айналады. Сонымен қатар еңбек функцияларының деңгейі кеңейеді, әр түрлі операцияларды атқаратын кең ауқымды жұмысшылардың жаңа типі өмірге келеді. Барлық қоғамдық-экономикалық формациялардың даму тарихы өндірісте адамның маңызы мен рөлі арта түсетіндігін көрсетеді. Өмір шындығы осындай.

      Қазіргі қоғамдық өндірісте өнеркәсіп жұмысшыларының санының өсуі кеміді. Бұл ғылыми-техникалық прогрестің өндірісте қолданылуына және еңбек шығынын аз тілейтін жаңа сала мен технологияны пайдалануға байланысты. Өнеркәсіптің келешек дамуы ғылыми сыйымдылығы басым салалар арқылы жүзеге асуға тиіс. Барлық дамыған мемлекеттерде материалдық салада жұмыс істеушілердің саны азайды.

      Ғылыми  өндіргіш күштердің тікелей элементіне айналу процесі бірлескен жұмыс күшінің құрамын өзгертіп қана қоймайды, олардың шегін ұлғайтады. Оған әсер ететін келесі тобы — материалдық емес саладағы сатының өзгеруі және осы салалардың өндіріске оң әсерлерінің барған сайын артуы. Олай болса, еңбектің мән-маңызын және еңбек белсенділігін арттыру жолдарына талдау жасаған жөн. Еңбек материалдық және рухани игіліктерді өндірудің қайнар көзі. Күрделі мәселелердің бірі — адамның жұмыстағы белсенділігін арттыру. Белсенділіктің түрлері көп. Бұл жерде еңбек белсенділігі жөнінде сөз болып отыр. Қоғамдық өндірістің дамуы сатысында еңбектің сипаты және мазмұны өзгеріске ұшырады. Еңбектің кейбір түрлерінің мағынасы артты. Мысалы, еңбек белсенділігі, іскерлік, кәсіпкерлік, жауапкершілік, ұқыптылығы, саналылығы, өнегелілігі, моральдық қанағаттанушылығы, творчестволық сипаты, еңбек нәтижесіне иелік етуі еңбек қуанышы және т. б. Бұлардың іске асу жолдары, әдістері мен сипаты қоғамдық өндірістің нысандарына байланысты. Еңбек белсенділігін арттырудың сан алуан амалы бар. Олардың негізгілері мыналар: моральдық және материалдық ынталандыру еңбек жағдайын, қоғамдық қатынастарды жақсарту, өңдіргіш күштерді жетілдіру, қоғамдық өмірді демократияландыру, қол еңбегін азайту, әлеуметтік қорғау, әділеттік принциптерін нығайту, әл-ауқатты және рухани байлықты өсіру, жаңа типтегі адамдарды қалыптастыру, жаңаша ойлау және жаңа коммерциялық шаруашылық механизмін іске қосу, еңбекті нормалауды, ұйымдастыруды және басқаруды жаңа сапалық дәрежеге көтеру, басқару жүйесін жетілдіру, еңбек бәсекесін үнемі қолдап отыру, өндірісті гуманизациялау, жұмыс уақытын ұтымды пайдалану және т. б. Еңбек белсенділігін арттырудың жолдары қоғам дамуының барлық сатыларына тән. Алайда оларды іске асыру әдістері әр түрлі. Ол нақтылы алынған қоғамдық өндірістің сипатына байланысты. Қазіргі қоғамдық өндірісте жаңа типтегі адамдар қалыптасып келеді. Олардың негізгі белгілері жоғары біліктілігінде, өндірістік өзгерістерге тез бейімделуінде. Бұларға тән қасиет ұқыптылығы мен жауапкершілігінің жоғары болуында. Жаңа типті адам туралы түсінік мазмұны өзгермейтін мәңгілік ұғым емес, керісінше, үнемі сапалық өзгерісте болып отыратын құбылыс. Өнеге тұтар, үлгі болар адам болу қоғамдық өндірістің өзегі және күре тамыры. Барлық қоғамда аз да болса өнегелі адамдардың болғаны өмір шындығы. Олай болса әлеуметтік-экономикалық сапалы өзгерісті бейнелейтін бұл категория экономикалық дамудың жалпыға бірдей негізі. Еңбек белсенділігін арттыратын экономикалық дамудың мұндай негізінің келесі тобы — басқару жүйесін жетілдіру, еңбек бәсекесін үнемі пайдаланып отыру, жұмыс уақытын неғұрлым ұтымды пайдалану, еңбек тәртібін және басқа тәртіптерді нығайту, қол еңбегін азайту. Материалдық игіліктерді және рухани байлықты көбейту экономикалық дамудың жалпы негізі ретіңде еңбек белсенділігін арттыруға белгілі дәрежеде әсер етеді. Өйткені бұлар адамның барлық жағдайын белгілейді. Еңбек белсенділігін арттыру үшін адамның еңбекке деген ішкі сезімін ояту қажет. Әрбір адам қоғамда істелініп жатқан әрекет әділетті де, рақымшыл, адамгершілікті, сөз бен істің бірлігі сақталған, екіжүзділік, алдап-арбау мен бүркемеленген айлалы әрекет жоқ деп түсінген жағдайда еңбек етуге құлшына түседі.

Информация о работе Өндіріс факторлар нарығы және факторлық табыстар