Құн формалары мен ақшаның түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2012 в 18:55, реферат

Описание

Ақшаның қызметі – құн өлшемі. Ақшаның көмегімен басқа барлық тауардың құнын көрсетуге болады. Осы қызметті ойша нағыз ақшалар атқарады. Кез-келген тауардың құнын ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап ету керек емес. Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға деп аталады.

Работа состоит из  1 файл

Құн формалары мен ақшаның түрлері.docx

— 18.63 Кб (Скачать документ)

Құн формалары мен ақшаның  түрлері.           

Ақшаның қызметі – құн  өлшемі. Ақшаның көмегімен басқа барлық тауардың құнын көрсетуге болады. Осы қызметті ойша нағыз ақшалар атқарады. Кез-келген тауардың құнын ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап ету керек емес. Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға деп аталады.

Баға сұраным мен ұсынымның  әсерінен құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан тауар өз құнына да және сұраным мен ұсынымнан да тәуелді.

Алғашқы қауымдық құрылыстың өрістеген шағында, яғни бір қауым  өзінің тұтынуынан артылған кез-келген өнімін анда-санда, кездейсоқ кездескенде  басқа қауымның өніміне айырбастағанда құнның алғашқы формасы- құнның қарапайым, жеке немесе кездейсоқ формасы көрінеді.Мысалы, 1 өлшем астық 1 қойға және т. б.айырбасталды немесе Т=Т. Бұл теңдікте бір тауардың құны екінші тауарға айырбасталғанда  көрінеді. Тосынан қарағанда айырбасталатын екі тауардың ролі бірдей сияқты. Ал шын мәнінде екінші тауар (мысалда қой) бірінші тауарда (астық) құнының көрінісі, яғни ол бірінші тауардың құнның білдіретін материалдың ролін атқарады. Өз құнын басқа тауармен көрсететін тауар (екінші) құнның салыстырмалы (относительді) формасында болады. Ал екінші тауардың құнын білдіретін тауар (бірінші)құнның баламалы (эквивалентті) формасында болып, оның эквиваленті, яғни баламасы болып есептеледі.

Құнның бұл формасы, аты  айтып тұрғандай айырбас процесінің алғаш пайда болған кезіне, оның көп тарамай кездейсоқ сипатта  болған кезіне сай келеді. Бұл кезеңде эквивалент ролін кез-келген әр түрлі тауарлар атқарады.

Тауар өндірісі дамыған сайын  кездейсоқ айырбас тұрақты процеске, ал айырбас құнының қарапайым  түрі толық немесе дамыған түріне айналды.Егіншіліктен мал шруашылығының  бөлінуі, яғни алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі нәтижесінде мал  кездейсоқ емес, қайта басқа тауарларға мол айырбасталатын болды. Енді басқа тауарлар малға айырбасталғанда кездейсоқ тауарлар емес, қайта айырықша эквиваленттер ретінде жүрді. Олардың әрқайсысы мал теңестірілетін көптеген эквиваленттердің бірі болып, айырбас мынадай формаға енді: 1 қой = 4 қап астыққа немесе 1 балтаға немесе т с.с. тауарларға тең болады. Айырбас дамуының жаңа сатысын білдіретін формасы құнның толық немесе кеңейтілген формасы деп аталды.

Құнның екінші формасы  тауарлы өндірістің ұлғайып, одан әрі  нығаюын, өндірістік байланыстардың өрістеуін  сипаттайды. Бұл сәтте өнім өндірушілер тауарлар арасындағы сандық арақатынастардың дәлдігіне айрықша мән беретін болды, өйткені, айырбас процесі тауарларды өндіруге жұмсалған еңбекті өтеуде барған сайын зор роль атқарады.

Қоғамдық еңбек бөлінісінің  одан әрі дамуы адамдардың қолөнер  кәсібімен шұғылданып, енді еңбек  құралдарының дамуымен байланысты олардың  еңбек дағдылары да жетіле бастады. Бұл кез, яғни егіншіліктен қолөнер кәсіпшілігінің бөлініп шығуы ғылымда екінші ірі қоғамдық еңбек бөлінісі деп аталады. Осының нәтижесінде өндіргіш күштер дамудың жаңа сатысына көтерілді. Кәсіпшілікте тас қалаушылар, ағаш ұсталары, құмыра жасаушылар, металл өңдейтін шеберлер және с.с. мамандықтар мен кәсіптер пайда болып, өндірісте ұста көрігі, құмыра, арба, тоқыма станогі, қол диірмен, аттұрмандары сияқты көптеген еңбек құралдары әзірленіп, пайдалана басталды.

Сөйтіп, тауар өндірісінің  өсуі, айырбастың жиілігі мен жүйелілігі барлық тауарлар арасынан бір тауардың бөлініп шығуына әкеп соқтырды. Бұл тауарға басқа тауарлар көбірек, әрі жиі алмастырылып, ол қалған тауарлар үшін эквивалент, яғни жалпыға ортақ балама тауар болды. Сөйтіп, құнның кеңейтілген формасы біртіндеп құнның жалпыға ортақ формасына айналды. Оның формуласы мына сипатқа ие болды:

4 қап астық

1 балта

1 құмыра = 1 қой

және т.б.

 

Жалпыға ортақ эквивалент ролін атқаратын тауар үшін әр түрлі халықтарда және сол бір  халықтың өзінің тарихының әр түрлі  даму кезеңдерінде жалпыға бірдей құн  эквивалентін әр түрлі өнімдер (мысалы, аң терілері, піл сүйегі, балық, мал  және т.б.) атқарды.

Қорыта айтқанда, өндіргіш күштерінің жетілуі айырбас процесін үздіксіз құбылысқа айналдырып, тауар  айырбасталуының өмірлік мәнге  ие болуы жалпыға ортақ құн  эквивалентінің қажеттілігін туғызды. Бірақ ондай роль көп уақытқа дейін тек бір тауарға ғана бекітілген жоқ.

Уақыт өте келе және тауар  өндірісінің өрістеуі айырбасты  ұлғайтып, оның жергілікті нарықтың шегінен  шығуына әкеп соқтырды. Бұл кезде құнның жалпыға ортақ эквивалент қызметін белгілі бір тауар атқара бастады. Ол тауар – ақша. Нәтижесінде құнның жалпыға ортақ формасы құнның ақшалай формасына ауысып, айырбас процесіне нақты орнықты. Оның формуласы:

1 қой 

4 қап астық  

1 балта = 1 ақша өлшемі

1 құмыра 

және т.б.

Сөйтіп, ақша пайда болды. Ақша деген тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасымен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Немесе ақша деген тауар өндіру мен оны айырбастау процесінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі –барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) ролін атқару.

Тауар өндірісінің тарихи даму барысында ақшаның ролін  әр түрлі тауарлар атқарды. Әрбір тауарлы өндіріс тауардың жалпы эквивалентін пайдаланды. Қоғамдық еңбектің бірінші ірі бөлінуі нәтижесінде малшы тайпалары пайда болып, олар айырбас құралы ретінде малды қолданды. Оның нақты түрі жергілікті жердің жаратылысына байланысты әр түрлі болды. Мысалы, далалық жерлерде тауардың жалпы эквиваленті ролін жылқы, өгіз немесе қой атқарса, шөл және шөлейт жерлерде- түйе, қысы ұзақ тундрада- бұғы атқарды. Ақшаның айырбас құралы қызметін мал атқаруы әр халықтардың ауыз әдебиетінде сақталғаны соншалық, кейін металдан соғылған ақшаны да мал атауларымен атаған. Мысалы, латын сөзі «пекус»- « мал», ал «пекуня»-«ақша», үнділердің ақша өлшемі «рупия»-«рупа»-«мал» деген сөзден шыққан.

Қазіргі кезде көп қолданылып жүрген «капитал» деген сөздің шығу тарихы да мал атауымен байланысты көрінеді, өйткені ескі герман тілінде  меншігінде көптеген мал басы болса, оның байлығын «капитал» деп атаған.

Ақша, пайда болғаннан  бері бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Бірақ, бұл өзгеріс оның тек сыртқы түріне ғана тиді, ішкі мағынасы өзгерген жоқ. Ақшаның сыртқы түрінің өзгеру себебі, оның жұмыс істейтін жағдайларымен, яғни қоғамдағы болған өзгерістермен байланысты. Мысалы, жоғарыда айтылғандай, адамзат өмірінің бастапқы кезінде жалпыға бірдей баламаның ( ақшаның), маңызын әртүрлі тауарлар атқарған ( оның ішіне мал да кіреді).Бара-бара, өндіру мен алмастырудың көлемінің өсуіне байланысы, жалпыға бірдей баламаның маңызын бір текті, оңай бөлшектенетін, сақтағанда бұзылмайтын, тасымалдауға қолайлы тауардың орындауы керек болды. Осының салдарында өмірге кесектелген қола, мыс, күміс, алтын ақшалар келді. Одан кейінгі қоғамдық дамудың нәтижесінде, кесек металл ақшаның орнына, металдан дайындалған монеталар пайда болды, оның ішінде алтын ақша да бар. Бұл ақшаның кесек ақшадан айырмашылығы, оған қажетті деректер ( мемлекеттің аты, гербісі, басылған жылы, т.б. ) басылатын. Бұл сол кездегі ақшаның жетілдірілген түрі болды.

Ең бірінші металл ақша, біздің заманымыздан бұрынғы, үшінші ғасырда  Римде басылған, ал біздің заманымыздан бұрынғы 7-8 ғасырларда, Малазиядағы  Лидия мемлекетінде және Ежелгі Грецияда басылған. Басқа, Европа елдерінде және Ресейде өз металл ақшасын басу, IX-X ғасырларда басталған. Сөйтіп, металдан жасалған ақша өте ұзақ өмір сүрген. Мысалы, Ресейде, 5-10 сомдық алтын ақша, біріінші империалистіксоғыс басталғанға дейін қолданылған.

Алтын ақшаның жеке өзіндік  құны бар. Сондықтан ол ешуақытта, тіпті инфляция кезінде де құнсызданбайды. Осыған байланысты алтын ақша өз бетімен айналымға қанша керек екенін шамалай алды. Егер айналыстағы алтын ақша, керек мөлшерден артық болса, олар айналымнан шығып, қазынаға сақталуға ауысады, ал егер айналыс керегі алтын ақшамен қамтамасыз етілмесе, олар қайтадан ешқандай кедергісіз айналысқа енеді. Мұндай жағдайда, айналысқа қанша ақша керек екенін анықтап, оны тәртіптеп жатудың ешқандай керегі жоқ.

Дегенмен, алтын ақшаны пайдаланудың бірқатар қиындықтары бар. Біріншіден, алтыннан ақша басу, алтын шығарумен тығыз байланысты, ал алтын шығарудың, өз кезеггінде, қымбатқа түсетіні белгілі.

 


Информация о работе Құн формалары мен ақшаның түрлері