Экономикалық өсу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 09:44, курсовая работа

Описание

Экономикалық өсу – адамзат қоғамының үдемелі дамуын бейнелейтін ең маңызды үдерістерінің бірі. Соның негізінде адамзаттың “мәңгі” проблемалары: қажеттіліктерді қанағаттандырудың жолдары мен түрлерін іздестіру, ғылымды дамыту, табиғатты сақтау мәселелері шешіледі. Экономикалық өсу ұғымы өндірістің нақты көлемінің қысқа мерзімдік шарықтаулары мен құлдырауларын емес, ал ұзақ мерзімді уақыт аралығында өндіргіш күштердің дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің ұзақ мерзімді өзгерістерін білдіреді.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................... 3-4

I.
Экономикалық өсу экономиканың басты категориясы
ретінде................................................................................................


5

1.1
Экономикалық өсудiң эволюциясы....................................................
5-7
1.2 Экономикалық өсудiң үлгілері мен факторлары.................................... 7-13
1.3 Экономикалық өсудiң түрлерi және ғылыми-техникалық прогресс...... 14-16

II.
Дамушы елдердегі экономикалық өсу және Қазақстан
экономикасы.....................................................................................


17

2.1
Дамушы елдердiң экономикалық өсуiнiң ерекшелiктерi мен
мәселелерi ( Оңтүстік Корея мысалында )...........................................

21-24
2.2 Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу…………………….. 24-25
Қорытынды................................................................................................ 25-26
Қолданылған әдебиеттер....................

Работа состоит из  1 файл

экономикалык теориядан курсавой.doc

— 201.50 Кб (Скачать документ)

     2.2 Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу

     Елбасы  Нурсылтан Назарбаев биылғы Қазақстан  халқына Жолдауында «Біздің ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттігіне  оны әлемдік экономикаға интеграциялаган  жағдайда ғана қол жеткізе алатынымыздың» атап көрсітілуі ел экономикасының жаһандық ықпалдастыққа жақындап келе жатқанын айқындады. Өткен жылдарғы реформалардың басты қортындыларын бағалай отырып, сөз жоқ, елдің әлеуметтік-экономикалық келбеті түбегейлі өзгергенін мойындау керек. Тәуелсіздік жолдарында өтпелі кезеңнің бұрынғы жүйесін сапалы жағынан жаңа экономикалық жүйеге ауыстыруға бағытталған реформалардың үш маңызды кезеңі болғаны байқалады.

     Бірінші кезең-романтикалық, либералдық. Еркіндік пен демократияны жариялауды өз-ақ ескіні күйретуші күш қана емес нарықтық қайта құруларды ілгерілетуші күш те болатындай көрінген бұл кезең принципті тұрғыда өз рөлін орындады. Реформалардың басты қозғаушысы-нарықтық қайта құрулардың еркін қатысушысы пайда болды. Сонымен бірге, мемлекеттің экономикадан тым жылдам шегінуі ынғайнда жарияланған жаппай ырықтандыру бақылаудан тыс инфляция, өндірістің құлдырауы, жұмысыздықтың пайда болуы мен өсуі сияқты келеңсіз жағдайларға әкеліп соқтырды.

     Екінші  кезең-инфляцияның ауздықтауға, қатаң  қаржы, ақша-кредит саясатын жүргізүге, нарықтық экономика қағидаларын қабылдау мен қатаң орындауға арналған тұрақтандырушылық бағыт.

     Қатаң бағыт елді гиперинфляциядан және экономиканың күйреүінен құтқарып қалды.

     Сондай-ақ ол реформаларды бостандық пен демократияның  қажеттігі жөнінде жариялаумен  ғана емес, өркениетті рынок нормаларымен ережелерін міндетті және мүлтіксіз сақтай отырып қана жүргізуге болатынын дәлелдеді. Алайда, кәсіпкерлік дәстүрлері, меншік нышандары жеткілікті дамыған елдерде монитаризм шеңберінде қолдануға болатын қатаң бағыт біздің халқымыз бен экономикамыз үшін тұтастай алғанда ауыр жүк болды. Және де реформаторлық міндеттерді жүзеге асыруғ а тым революциялық тұрғыда келу шыныменде жөн болмай шықты. Прагматикалық жол қоғамға қысымды бәсендетуге, анағұрлым жұмсақ постмонетарлық бағытқа көшуге, сонымен бірге отандық өндірісті нақты көтерумен айналысуға, жұмыспен қамтуды ұлғайтуға, ішкі рынокқа бет бұрұға арналды.

     Айтарлықтай қатаң экономикалық саясат ұстанған, елдің экономикалық тынысын нақты  сезінетін және экономикалық бағытты  түзеу қажеттігін аңғарған Президент Н.Назарбаев дамудың жаңа кезеңіне арналған бірқатар маңызды міндеттерді-экономикалық өсу бағытын, дамудың жаңа басымдықтарын қалыптастыруды алға тартты. Реформалардың бірінші және ең маңызды кезеңінің экономикалық жүйені, өндірістік қатынастарды түбегейлі өзгерту жөніндегі басты міндеттері шешілді. Қазақстан экономикасы нарықтық экономикаға айналды.

     Қазақстан экономикасы әлеуметі жағынан өзін-өзі  қамтамасыз ете алатын болғанымен, ол өзара байланысқа жүйе болмады. Бұл  жәйт сыртқы рынокқа шығуды талап етті. Дағдарыс қисыны бойынша рыноқ қажет еткен өндіріс дамып, морльдық жағынан ескірген техникалық тұрғыда артта қалған, тиімсіз өндірістер ығыстырылып шығарылуы керек. Алайда, бұл міндеттерді шешу қаржы ресурстары жетіспегендіктен аса қиын болды. Қазақстан экономикасы мемлекеттік бюджет пен ірі кәсіпорындарды қаржылық қолдау үшін айтарлықтай ауқымды ресурстарды қажет етті.

     Бүгінде Қазақстан дүние жүзінде әлемдегі ірі өндірушілердің біріне айналды  және әлемдік рынокта маңызда  орын алды. 27 тауар позициясы бойынша алдыңғы лектегі 10 елдің қатарына кіреді. Мемлекеттің таяудағы 10 жылға арналған сратегиялық міндеттерінде республиканың экономикадағы дәстүрлі басымдықтарын барынша пайдалану қажеттігі міндеттелген. Бұл арада әңгіме табиғат байлығы мен минералдық шикізат қоры жөнінде болып отыр. Қазақстан олардың кейбірінің абсолюттік қоры бойынша да, өндіру бойынша да, соның ішінде халықтың жан басына шаққанда жүниежүзінде бірінші орынға ие.

     Қазақстан әлемдік және минералдық шикізат  кешеніндегі өзінің күшті позицияларын сақтай алады және солай етуі тиіс. Бұл үшін руданы өңдеу мен метал балқыту жөніндегі қазіргі заманғы технологиялардың дамуын қамтамасыз етіп, дәстүрлі дамыған геологиялық, тау-кен ісін қалпына келтіру қажет. 2000-2005 жылдары кен металлургия кешеніне инвесторлардың жылына 2 млрд. доллар және одан да артық көлемде инвестициялар салуы көзделінген. Тағы бір айта кетерлік жәйт, шетелдік инвестициялар экономикалық қайта құруға жәрдемдесетін болады деп күтілген-ді. Ондай үмітіміз ішінара ақаталды. Шетелдік инвестициялардың есебінен өндіруші салаларда өсімге қол жетті, бұл да экономиканың жалпы көтерілуіндегі едәуір маңызды фактор. әйтсе де еліміз өзінің дамуында біржақтылыққа жол бермеуі керек.

     Қазақстанның  өзара қатынастардың жаңа класына кіру шарттары айтарлықтай қатаң. Егер республиканың шикізат рыногына қатысуына жол ашық болса, дайын өнімдер рыногына кіруіне жоғары баж салықтарынан, инфрақұрылымдары дамыған қуатты трансұлттық компаниялардан тұратын кедергілер бар. Осыған байланысты Қазақстан өзінің жаңа Индустриялық-инновациялық бағдарламасын жүзеге асыруға байыпты және аса жауапты қарауы керек болады.

     Қазақстанда жоғары сапалы болат пен арнаулы  қорытпалардың қуатты саласын құру индустриялық-инновациялық дамудың  басым бағыттарының бірі бола алады. Талдаулар көрсетіп отырғанындай, жаңа материалдардың пайда болуына қарамастан, әлемде болаттың беріктігі жоғары тат баспайтын, подшипниктік түрлеріне қажеттілі өсіп келеді, арнаулы қорытпалардың жаңа түрлері жасалуда. Халықаралық ұйымдардың болжамына қарағанда, таяудағы жылдары болат өнімдерін тұтыну арта түседі. Дұрыс есеп құрған жағдайда Қазақстан әлемдік болат рейтингінде қазіргіден 10-15 пункт жоғарылай алады.

     Өз  өнеркәсібінің көтеріліп жатқанына  қарамастан Қазақстан темір, хром, марганец рудаларын үлкен көлемде сыртқа, нң алдымен Рессей зауыттарына жөнелтуді жалғастыруда. Республиканың елеулі резервтерінің бірі болат бұйымдар шығаруды, соның ішінде мырышпен қапталған болат шығаруды кеңейту болып табылады. Жалпы метеллургияның дамуы және арнаулы қорытпалар, жоғары сапалы болат пен олардан жасалған бұйымдар шығару республикаға 13-14 млрд. АҚШ долларынан астам табыс әкеле алады.

     Әлем  деңгейінде 215-ке жуық мемлекет бар  екенін ескерсек, оның алдаңғы шептегі  елеуінің санына қосылу біздер үшін бұл асқақ арман. Оған жету шебер басқару жүйесін, терең білімді, жоғары біліктілікті, жан-жақты дайындықты, қажымас еңбекті, үлкен ізденістерді талап етеді. Алдағы елдер біздер қатарына қосылсын деп күтіп тұрмайды. Сондықтан ад біздер осы арманға даму қарқынын жеделдетіп, уақыт ұтқанда ғана жетеміз.

     1999-2004 Қазақстанның ішкі ұлттық өнімі  60% жуық өсті. өсу қарқыны жағынан  біздер ТМД елдерінің алдына  шықтық, ал Шығыс Еуропа елдерімен  бір деңгейдеміз. Шама бойынша  енді 2-3 жыл ішінде ұлттық ішкі  өнім 2 есеге көбейеді, қуаты жағынан 1 Қазақстан 2 Қазақстан болады деген сөз. Бір кездері күрделі экономикалық реформалар жүргізген Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне олардың ішкі жалпы өнімінің 2 есе өсуі үшін орта есеппен 12-13 жыл керек болған, біз осындай нәтижеге 8-9 жыл ішінде қол жеткіземіз деген үміттеміз. Яғни алған қарқын жақсы, осының арқасында алға кеткен елдермен ара қашықтықты азайтамыз деген жоьаның негізі бар. Бұл қарқын қолданып отырған саясаттың дұрыстығын растайды. Сонымен қатар осындай дамуға бізге Алла сыйлаған жер байлығының да көмегі молынан тиіп отырғанын мойындауымыз керек.

     Адам  басына шаққанда ІЖӨ бізде 2004 жылы 2700 долларға жетті, яғни 6 жыл ішінде 4 есеге  жуық өсті. 2005 жылы осы көрсеткіш 3207 доллар ал 2007 жылы 3800 доллар болады деп  жобаланып отыр. Осы маңызды көрсеткіш бойынша біз Түркияның, көптеген Азия елдерін, Ресейден басқа барлық ТМД елдерін басып оздық, Шығыс Еуропа елдеріне біршама жақындадық.

     Дегенмен, жоғарыда аталған ұлттық байлықтың  адам басына шаққан мөлшері жөнінен  біз көптеген дамыған елдерден әлі тым қашықтамыз. Мысалы, осы мөлшер әлем елдері алдында келе жатқан Сингапурда 30 мың доллар шамасында болса алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына қосылуға жақын Венгрияда 14 мың доллардан артық. Яғни біздің адам басына табысымыз осы елдерден 5-10 есе төмен, еңбек өнімділігі де осыған сәйкес төмен.

 

      Қорытынды 

     Экономикалық  өсу кеңiнен тараған құбылыс  болып табылады. Экономикада болып  тұратын дағдарыстарды ескерсек те, ұзақ мерзiмдi экономиканың өсуi трендi ұлғаймалы. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуi, адам басына шаққандағы табыстың өсуi  болып отыр. Өйткенi осы көрсеткiш халық жағдайының көтерiлуiне әкеледi. Сондай-ақ экономикалық өсу ресурс шектеулiгi ахуалын шешедi.

     Осы уақытқа дейiн жүргiзiлiп келген экономикалық бағдарламалар өз жемiсiн бере бастады, жекешелендiру өзiнiң нәтижесiн берiп, нарықтық қатынастар орнап, экономикалық адамдар пайда болды. Сондай-ақ ел экономикасы 1995 жылы ЖIӨ-нiң 0,5%-ке өсуiмен жаңа даму сатысына өттi. Елде жұмыссыздық деңгейi азайып, инфляция деңгейi төмендедi. Қазiр елiмiз ТМД елдерi iшiнде нарықтық қатынастар неғұрлым толық қалыптасқан, ЖIӨ-нiң өсу қарқыны жағынан алдынғы қатарда. Сонғы жылдары елiмiздегi ЖIӨ көлемi 10% деңгейiнде болып отыр. Бұл әрине жоғары көрсеткiш.

     Бiрақ  бiзде экономикалық өсудiң негiзгi қоры болып отырған бұл елiмiздiң жер қойнауының бай шикiзаттары болып отыр. Шикiзаттық және өндiрiстiк экономиканың тиiмсiз екенi бiзге белгiлi, сондықтан индустриялық-инновациялық дамуда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн стратегиялар жасалуда. Онда негiзiнен шикiзат бағытына қарап қалған экономикадан қол үзiп, экономика салаларын әртараптандырып, ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн өңдеушi өнеркәсiптi дамытып, отандық товарлардың iшкi және сыртқы рынокта бәсекелестiгiн, еңбек өнiмдiлiгiн арттыру бүгiнгi ұрпақтың мiндетi.

     Елiмiздiң  экономикалық даму барысында бүгiнде  көптеген мәселелер мен кедергiлер  де баршылық. Олар:

     - демографиямыздың әлсiздiгi және  көп ұлттылық;

     - бiр жақты шикiзат бағыттылығы;

     - әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi;

     - кәсiпорындардың жалпы техникалық-технологиялық  артта қалуы;

     - өңдеушi өнеркәсiптiң мардымсыздығы;

     - ғылым мен өндiрiс арасында  ықпалды байланыстың болмауы;

     - халықтың кейбiр бөлiгiнде әлi де  кеңестiк ойлаудың сарқыны қалушылық;

     - ел территориясында глобалды  және өңiрлiк экологиялық проблемалардың  көптеп болуы;

     - елiмiзде туристiк индустрияны  дамытудың қолайлы жақтары бола  тұрып, оның тым мардымсыздығы.

     Қазақстан үшін экономикалық өсудің тиімділігі мен сапасы маңызды мәселе. Ұзақ мерзім бойы еліміздің экономикалық дамуының нәтижесі жалпы қоғамдық өнімнің сан жағынан өсу қарқындылығы арқылы бағаланып отырды. Кәсіпорындардың болуы мен дамуы іс жүзінде олардың өздерінің өнімдерін сатудан түскен табыстар есебінен шығындарын өтеу қабілетімен байланысты болмады. Бұл жағдай кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің тиімділігіне тәуелсіз, қаржыландырудың тыс көзі және еңбек пен капиталдың шекті өнімділігімен байланыстырылған табыстарды бөлу жүйесінің болуымен дәлелденеді. Қазақстан республикасының жүргізіп отырған экономикалық саясатының негізгі мақсаты – шет ел инвестициясының және ішкі жинақтың жоғары дейгейіндегі экономикалық ашықтығы негізінде экономикалық өсуге жету.

     Қорыта  келгенде, елiмiзде жүргiзiлген экономикалық шаралар өз өнiмiн берiп, экономикалық өсуге қол жеткiздiк. Ендi өткен шаралардың кемшiлiгiн түзеп, дамыған ел қатарына қосылу үшiн әлем жүрiп өткен жолдарды саралап, экономикасы дамыған мемлекеттердің жоспарлары бойынша үлгі алып, 50 елдің қатарына қосылуға қол ұшын беріп, ұлттық экономикаға тиiмдi жағын таңдап алу және соған жету үшiн бiр адамдай жұмылып қызмет iстеу барлық Қазақстан Республикасының алдындағы мiндетi десек артық болмас. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер 

     1. Н.А. Назарбаев.  “ Қазақстан – 2030 “ ұзақ мерзiмдi даму стратегиясы.

     2. Әкiмбекеов С., Баймұхамбетова А.С. Жанайдаров У.А.  Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана: 2002. – 464бет.

     3. Экономическая теория.  А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. Саннк-Петербург 2001.

     4. Шумпетер Й.   Теория экономическая развития – Москва; Прогресс, 1998 – 454 с.

     5. Мамыров Н.Қ.,  Тiлеужанова М.Ә. -  Макроэкономика: - Оқулық. – Алматы: Экономика, - 2003. – 432 бет.

     6. Соколова М.С. Управление наукой и техникой в Республике Корея  Инновации № 9-10, 2002 г.

     7. Карибджанов Е.С.  Модели экономикаческого развития Юго-Восточный страны – Алматы: 2000 г.

Информация о работе Экономикалық өсу