Банк несие саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 21:20, курсовая работа

Описание

Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйт – құрылым. Өзге экномикалық категориялар сияқты несиеде бір – бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатанастың барлық субъектілері, сондай – ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субъектілерге несие беруші мен қарыз алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады.

Содержание

Кіріспе ......................................................................................................3
Коммерциялық банктердің несиелік
саясаттын басқаруды
жетілдіру ................................................................................................5

1.1 Коммерциялық банктердің несиелері, түрлері, несиелеу
субъектісі мен объектісі ...................................................................5
1.2 Коммерциялық банктерде несиелерді ұйымдастыру принциптері
................................................................................................................10
2. Несиелік саясатты және несиелік тәуекелді
басқару...................................................................................................14
2.1. Несиелік саясат және оның элементтері........................................14
2.2. Несиелік тәуекелді басқару................................................................17
2.3. Несиелік саясатты басқаруды жетілдіру.........................................21
Қорытынды..........................................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................25

Работа состоит из  1 файл

банк несие саясаты.doc

— 216.50 Кб (Скачать документ)

        МАЗМҰНЫ 

     Кіріспе ......................................................................................................3 

  1. Коммерциялық  банктердің  несиелік

    саясаттын басқаруды 

    жетілдіру ................................................................................................5

     

  •        1.1   Коммерциялық  банктердің несиелері, түрлері,  несиелеу 

                        субъектісі мен объектісі ...................................................................5 

      • 1.2   Коммерциялық  банктерде несиелерді ұйымдастыру принциптері                                       

                  ................................................................................................................10

           2.    Несиелік саясатты және несиелік тәуекелді  

           басқару...................................................................................................14 

           2.1. Несиелік  саясат  және  оның  элементтері........................................14  

           2.2. Несиелік  тәуекелді басқару................................................................17  

           2.3. Несиелік  саясатты  басқаруды   жетілдіру.........................................21 

           Қорытынды..........................................................................................24  

           Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................25     
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       

           КІРІСПЕ  

           Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте зор. Олардың міндеті  ақша айналымы мен капитал айналымының  үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.

           Несие жүйесінің негізгі буыны ─ банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекетпен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серістіктердің, мектеп пен ауруханалардың және халықтың уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, оларды іс-жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар, банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. көптеген операцияларды жүргізеді.

           Банктердің  экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары анықтайды. Коммерциялық банктердің операциялары негізінен мына топтарға бөлінеді: пассив (қаражат тарту); актив (қаражатты орналастыру); комиссиялық-делдалдық (клиенттің тапсырысы бойынша комиссиялық ақылы) және сенімді операциялар.

           Несиенің  мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді ұстану керек, несиелердің барша түрі формалардан  тәуелсіз оның мәнін көрсетуі керек:

           Несие мәселесі тұтасымен алғанда несиенің мәнін ашуы керек. Егер бір мәселеде несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін жоғалтатынын білдіреді;

           Несиенің  мәнін талдауда несенің құрылымын, қозғалас сатыларын, несиенің негізін  қарастырған жөн.

           Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйт – құрылым. Өзге экномикалық категориялар сияқты несиеде бір – бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатанастың барлық субъектілері, сондай – ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субъектілерге несие беруші мен қарыз алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады.

           Несие беруші – несиелік  мәміленің  қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін.

           Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі  несие беруші – банк  болып  табылады. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтын уақытша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызға алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрінде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиені тек қарызға алушы ғана емес, сондай – ақ  соңғысы да меншік иесіне тартылған ресурстарды қайтаруға міндетті. Бұл арада банк бір жағдайға несие беруші болса, екінші жағдайда – қарыз алушы болып көрінеді.

           Банктің несиелік саясатында проблемалы ссудалармен  жұмыс жүргізуге ерекше көңіл  бөлінеді. Проблемалы ссудалардың белгілері  біліне бастағаннан-ақ несие бөлімінің кызметкерлері несиелік саясаттың жалпы ережелеріне сүйене отырып, одан шығу жолдарын қарастырады. Несиелік саясаттың табысты жүргізілуіне әр ай сайын талдау жүргізіліп отырады. Яғни банк несие тәуекеліне қадағалауды үзбеуі тиіс және оны басқару дың негізгі аспектілеріне жататындар: несиені мақсатты пайдалануын үнемі тексеріп отыру, клиенттің қаржылық жағдайына жүйелі талдау жасау, қарыз алушымен үнемі кездесіп отыру және олардың негізiнде кәсіпорын туралы мәліметтер базасын қалыптастыру, несие бойынша резервті дер кезінде қалыптастыру.

           Экономиканның нақты секторын несиелеуде банк оның қызметінiң нәтижесіне әсерін тигізбей қоймайтын бірқатар проблемалармен соқтығысады.

           Жоғарыда  келтірілген себептерге байланысты коммерциялық банктердің несиелеу көлемі осы банктің шоттарында және басқа да есептік шоттарда  нақты   козғалыстағы   ақша   құралдары   бар   және   несие   қабілеттілігі жоғары, тұрақты клиенттерді несиелеумен шектеледі.

           Осы проблемалардың орын  алуы  жағдайында  банктер  экономиканың нақты  секторын   ұзақ   мерзімді   несиелеумен   айналысуы   үшін   жүзеге асыруы қажет:

           Біріншіден, банктің несиелеу облысындағы стратегиясы  экономиканың нақты секторын несиелеуге мейлінше бағытталуы мақсатында маңызды түзетуді қажет етеді.

           Екіншіден, банктін несиелік саясаты қарыз  алушының несиені қайтару мүмкіндіктеріне талдау  жасауға,  қаржыландыруға  ұсынылған  жобаға сапалы менеджмент жүргізуге бағытталуы тиіс. .

           Үшіншіден, несиелік   портфельдің салалық  құрылымын жақсарту және эконономиканың    түрлі    салаларынан    перспективті     клиенттерді  іздеу мақсатында алынған мәліметтерге  жүйелі талдау қажет.

           Курстық жұмыстың мақсаты - комерциялық банктердің несиелік саясатын басқару механизмін қарастыру және оны жетілдіру  жолдарын анықтау.

           Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттер қойылды:

      • коммерциялық  банктердің несиелерін олардың түрлерін, сондай-ақ несиелеудің субъектісі мен объектілерін қарастыру; 
      • коммерциялық  банктерде несиелерді ұйымдастыру принциптерін зерттеу;
      • несиелік  саясатты, оның  элементтерін және басқару жағдайын бағалау;
      • несиелік  тәуекелді басқару жолдарын ұсыну;
      • несиелік  саясатты  басқаруды  жетілдіру мүмкіндіктерін қарастыру.
       
       

           1. Комерциялық банктің  несиелік саясаты 

           1.1 Коммерциялық банктердің несиелері, түрлері,  несиелеу  субъектісі    мен   объектілері 

           Банктер несие жүйесiнiң негiзгi буыны. Себебi банк мемлекетпен кәсiпорындардың. Акционерлiк Қоғамның  және шаруашылық субъектiлердiң халықтың  бос ақша қаражаттарын шоғырландырып iс жүзiндегi капиталға айналдырады. Осы айтып өткен бағытына байланысты банк төлем есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. операцияларды жүргiзедi.

           Ежелгі  ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа  банктердің  қашан пайда болғаны  туралы ғана емес, сондай-ақ олардың  қандай операцияларды орындағаны туралы да толық мәліметтер қалдырмаған.

           XVI-XVII ғасырларда Венецияда, Генуеде,  Миланда, Амстердамда, Гамбургте,  Нюркбергте саудагер клиенттер арасында қолма қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру үшін Жиробанктер құрылды. Жиробанктер өздерінің  клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы металдардан жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздерінің  бос ақша қаражаттарын жиробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияларға ссудаға берді.

           Ал  кейбір мамандар банкті одан да ерте мерзімде феодализм тұсында, пайда болған деп атайды. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктегі төлемдегі делдалдық қызметінің  қажеттілігінен пайда болғанын айтады .

           Дегенмен  осы деректерге сүйене отырып, банктердің  пайда болуының  екі мың  жылдық тарихы бар екендігін айтуға болады.

           Банк  италян сөзiнен Bank – орындық мағынада “Айырбас орындағы-Айырбас орны”  дегендi бiлдiредi. Бұл айырбас орны тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттермен қалалардың  жекелеген тұлғалардың  әртүрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың  біртұтас жүйесі болмағандықтан, олардың  сауда саттық барысында әртүрлі формадағы монеталар кездескен. Банктер пайда болар алдын ақша сауда капиталының  өкілдері саудагерлердің  ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әртүрлі елдің  ақшаларын айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің  ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастады. Сөйтіп айырбастаушылар біртіндеп, банкирлерге айнала бастады.

           Біздің  түсінігімізше банк ұғымы айырбастаушылардың  және олардың  айырбас орындарының  болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің  Италияда пайда болу себебі, оның  сол уақыттарда дүниежүзілік сауда  орталығы болғандығы ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының  сол елге қарай ағылып, банкирлердің  сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі. Тарихшылардың  пікірінше, б.з.д. 2300 жыл бұрын холдейлердің  сауда компаниялары пайда болып, олар өздерінің  тікелей қызметтерімен қатар, ссудалар берген. Олар б.з.д. IV ғасырда Ежелгі Грецияда да жасалған. Бір айта кететіні, ежелгі гректер салым қабылдай отырып, белгілі бір ақы төлеу арқылы ақшалар айырбасын жүргізіп отырған.

           Тарихшылардың  пайымдауынша алғашқы банктік операцияларды жекелеген тұлғалар және қолында ақшалай қаражаттары бар шіркеу мекемелері жүргізген екен.

           Шіркеулер құндылықтарды сақтайтын ең сенімді  орындар болған. Сол уақыттары  белгілі гректің  шіркеулері (Дельфа, Дело, Само, Эфсе) ақша сақтаумен айналысқан. Эфседегі Артемид шіркеуінде кіші Азия жағалауындағы елдердің  салымдары, ал Дельфада Аполлон шіркеуіне барлық еуропалық Грецияның  бос ақша қаражаттары шоғырланыпты.

           Сөйтіп, алғашқы банктер жинақталған  ақша қаражаттарын қозғалыссыз жатуға болмайтындығын, оларды уақытша пайдалануға беріп, пайда табу қажеттігін түсінеді.

           Банктер несиелік операциялар жүргізумен қатар, салым иелеріне біртіндеп есеп айырысу қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктегі салым иелерінің  бір шотынан басқа бір шотқа аудару арқылы жүргізіледі.

           Есеп  айырысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің  банктік  билеттерін шығарды. Олар толық құнды  ақшалармен қатар айналыста жүрді. Алғашқы акционерлік банк Ағылшын банкі 1964 жылы құрылып, үкіметтен банкнота шығаруға құқық алды.

           Мұның  өзі алғашқы бактердің  капитализмнің  мануфактура жағдайында, банкирлер үйлері ретінде пайда болғанын куәландырады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушылардың  болуы банктердің  пайда болуының  тек алғышарттарын ғана сипаттайды.

           Анықтамалық басылымдарда банк «ірі несиелік мекеме» ретінде сипатталады. Несиелік істің  даму денгейіне байланысты және несие берушілердің  несиелік операциялары бір жүйеге айналдыру нәтижесінде жеке несие беруші өзінің  несие беруін тоқтатады. Несие тек қана тұтыну мақсатына ғана берілмей, шаруашылық операциялардың  қажеттілігін де қанағаттандыра бастайды. Несиелік мәмілелер жасаумен бірге несие беруші өзінің  клиентінің  тапсырмалары бойынша есеп айырысу және басқа да операцияларды жүзеге асырады. Сөйтіп, банктер ақша шаруашылығының  осы даму сатысына өте отырып, барлық операцияларды бірдей көрсететін біртұтас орталыққа айналды. Демек, алғашқы банктер капитализмнің  мануфактура сатысынан да бұрын яғни мемлекеттің  құрылу кезеңінде пайда болған дегенге негіз бар. Мұндай қатынастардың  құл иеленушілік қоғамында болғандықтан тарих куә.

           Ежелгі  Римде нормалары болған, ол нормаларға сәйкес б.з.д. III ғ. айырбас ісіне мамандандырылған Римдік банкирлерде кумулияр деп атады. Оларға несиелік операцияларды жүргізуге рұқсат етілмеген. Тарихшылардың  айтуынша, Ежелгі Вавилон банктері тек қана несие беріп қана қоймай, сондай ақ жер бөлімшелерін сатып алу сату, және басқа да операцияларды орындаған. Жоғарыдағыларды ескере отырып біз банктердің  жалпы операциялары мен қызметтерінің банктердің  дамуына тоқталдық. Енді Қазақстанда банктердің  дамуына келетін болсақ, Қазақстанда банк жүйесінің дамуы келесі кезеңдерден тұрды:

           Бірінші кезең: 1917жылдар мен 1930 жылдар аралығында патшалық Ресейден қалған банк жүйесін жаңадан қалыптастыру, бұл кезде әртүрлі меншіктегі банктер мен несие мекемелері қатар қызмет істеді.

           Екінші  кезең:  1930 жылдар мен 1987 жылдар аралығы  елде КСРО Мемлекеттік банкі әмбебеп  қызмет атқарады, яғни ол мемлекеттің  Орталық банкі ретінде эмиссиялау және несие беру қызметімен қоса клиенттерге де қызмет көрсетті.

           Үшінші  кезең: 1988-1991 жылдар аралығында елде мемлекеттік  мамандандырылған банктердің  құрылуы, яғни КСРО мемлекеттік банкі банктердің  банкісі ретінде эмиссиялық, ереже, нұсқау және тағы басқа қызметтермен шұғылданып, ал маманданған банктер экономиканың  әртүрлі салаларына қызмет көрсетті. Сонымен бірге 1990 жылдың басында кооперативтік және коммерциялық банктер де құрыла бастады.

           Төртінші  кезең: 1991 жылдан қазірі уақытқа дейін нарықтық банк жүйесінің қалыптасу кезеңі, яғни тәуелсіз республиканың  нарықтық қатынастарға өту жағдайында екі денгейлік банк жүйесінің  пайда болуы және дамуы.

           Қазіргі уақытта нарықтық экономика жағдайында дамыған мемлекеттердің  барлығында дерлік екі денгейлі банк жүйесі қалыптасқан. Оның  бірінші денгейінде эмиссиялық, қадағалау, нұсқау ереже шығару, рұқсат ету тағы басқа қызметтер, ал екінші денгейіне клиентерге қызмет көрсету негізделген. Бұл елдердің  тәжірибесі дәлелдегендей олардың  арлық жүйесі ақша айналымын ұйымдастыратын орталық банкпен, ал кәсіпорындарды, ұйымдарды және халықты несиелейтін коммерциялық банктерден құрылған.

           Банктерді эмиссиялық және коммерциялық деп бөлу Қазақстан мемлекеттінің  жаңа экономикалық механизімін құруға септігін тигізеді.

           Коммерциялық банктегі несиелердің түрлері.

           Банктік несиені қолдану мерзіміне байланысты мынандай түрлерін ажыратуға болады:

      • қысқа мерзімді ;
      • ұзақ мерзімді;

           Қысқа мерзімді несие – пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын несиелер. Олар тауарлы-материалды құндылықтарға, төлемдердің ағымдағы қажеттіліктері мен шығындарына беріледі.

           Ұзақ мерзімді несиеге- мерзімі 1 жылдан асатын несиелер жатады. Берілген несиелер қаржылық активтерді, айналым құралын, негізгі қорлардың қалыптасуы үшін қажеттілігіне қызмет көрсетеді.

           Банк мекемелері несиелерінің есебі. Банк несиесі есебі қысқа және ұзақ мерзімді несие беру туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі бекітетің «Қысқа және ұзақ мерзімді несие беру ережелеріне» сай жүргізіледі. Қысқа мерзімді несие ұйымының айналым қаржысын құрайтын көздердің бірі болып саналады. 

           Несиелер қайтарымдылық, төлем және мерзімділік шарттары бойынша келісіп, коммерциялық негізде беріледі. 

           Несие алу үшін кәсіпорындар банк мекемесі басшысының атына өтініш береді. Бұл өтінішке қосымша өзіне қажетті несие сомасы мөлшерін, оның жұмсалатын мақсаты мен бағытын, өтелу яғни қайтару мерзімін, сонымен қатар, осы несие сомасы арқылы орындалатын операциялар үшін жасалған бизнес-жоспар және тағы да басқадай құжаттар табыс етуі тиіс.  
      Кәсіпорындар мен ұйымдар банктен бірінші рет несие алуы барысында жоғарыда аталған құжаттармен қоса банкке өздерінің жарғысын, құрылтайлық құжаттарының көшірмесін, тіркелу куәліктерін және тағы да басқа құжаттарды табыс етуі керек. 

           Қысқа мерзімді банк несиелері 1 жылдан аспайтын уақытқа беріледі, яғни 12 айдан артық емес уақытқа. Кейбір жағдайларда түрлі себептерге байланысты бұндай несиелердің мерзімі ұзартылуы мүмкін. Бірақ ұзартылған мерзімін қоса есептегенде оның мерзімі екі жылдан аспауы керек.  
      Банк несиесі кәсіпорының, яғни несие алушының ееп айырысу шоттарындағы қаражаттарының мөлшеріне қарамай-ақ беріледі және қолма-қол емес тәртіппен несие алушының қарыз шотынан оның есеп айрысу шотына ақша аудару арқылы жүргізіледі. Несиелік борышты өтеу тәртібі, нақты мерзімі, әдістері несиелік келісімшартта қарастырылады. Егер несие алушы келісімшартта белгіленіп көрсетілген мерзімінде несиелік борышын өтей алмайтын болса, банк мекемесі алдын ала несие алушының рұқсатынсыз кепілдік берушінің шотынан қарыз сомасын қайтару жайлы талап қояды.  
      Несие құрылымы несие беруші мен қарыз алушыдан, сондай-ақ қарыз капиталынан тұрады. Мұндағы несие беруші  мен  қарыз алушыларды несиелік мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды несиелік қатынас субъектілері деп атауға болады. Осы тараптардың біреуі болмаса несиелік меміле жасалмайды. Несие берушілерге мемлекет, банктер (орталық және коммерциялық), банк типтес мекемлер мен қаржылық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары да жатады. Кейбір жағдайларда, несиенің коммерциялык, формада берілуіне байланысты несие берушіге өнім өндіруші  кәсіпкерлер    де    жатуы    мүмкін.    Ал,    қарыз    алушыларға қаражатқа деген уақытша қажеттілігі   бар кез-келген  заңды және жеке тұлғалар жатады.

           Несиелеу  объектісі - бұл несиенің пайдалану заты, яғни несиенің іске асырылу аясы деп түсінуге болады.

           Несиелеу объектісі материалды құндылықтар,  өндіріс және айналыс шығындары түрінде, сол сияқты, егер несие материалдық жағынан қамтамасыз етілмегсн жағдайда, банк алдындағы шаруашылық ұйымның міндеттемесі ретінде де болады Материалды қамтамасыз етілген несиелеу объектісіне  өндірістік шикізат қорларын, негізгі және көмекші матариалдарды, жанармай, ыдыстар, сатып алынатын жартылай киімдер, азықтар және басқа да материалды құндылықтардың маусымдық жинағын және өнеркәсіптегі дайын өнімдердің және сауда ұйымдарындағы тауарлардың маусымдық қорлары жатады. Мұндай қорларды жасау, ең бастысы, өндірілген жөне өнімдерді сату працесімен тығыз байланысты.

           Несиелеу обьектісіне, экспортты және импортты тауарлар мен қызметтермен жабдыктау, экономикалық қызметке байланысты шығындар, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын занды және жеке тұлғалардың сатып алынған шикізаттары, материалдары, құралдары және басқа да мүліктері, ломбардтық операциялар, шаруашылық субъектілсрдің кірістері мен шығыстары арасындағы алшақтық жатады.

           Ұзақ  мерзімді несиелеу объектілеріне жататындар мынадай түрлерге бөлінеді:

        • өндіріс объсктілердің  құрылысы  ;
        • өндіріс  объектілерін  қайта құру, техникалық жағынан  қайта  қаруландыру,  кеңейту;
        • техникалар, құрал-жабдықтар және көлік құралдарын сатып алу;
        • жаңа өнім шығаруды ұйымдастыру;
        • өндірістік емес маңызы бар объектілерді сату.

                      

        1.   Коммерциялық  банктерде  несиелерді  ұйымдастыру  принциптері    
       

           Несиелеу  принциптері несиенің мәнін және қызметтерін, соңдай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру барысындағы объективті экономикалық заңдардың талаптарын бейнелейді.

           Несиелеу  припциптері негізінде  несиелік процесс, яғни банктік несиелердің берілуі, пайдаланылуы  және  қайтарылуы    жүзеге асырылады.

           Несиелеу  принциптеріне  байланысты  банктік  несиелердің  берілуінің  басты  шарттары  несиенің  мақсаты және  мерзімі, олардың  қаражаттар айналымы  шеңберінде  қатынасу   нәтижелігі және т.б.  анықталады. 

           Қазіргі несиелік  қатынастарды ұйымдастыру  принциптері  екі топқа бөлінеді.

      1. топқа – жалпы экономикалық тәртіптегі  принциптер:
      • Несиенің  мақсаттылығы;
      • Несиенің  дифференциалдығы;
       

           2-топқа  – несиенің  мәнін  бейнелейтін   принциптер 

      • Несиенің мерзімділігі;
      • Несиенің  қайтарымдылығы;
      • Несиенің  төлемділігі;
      • Несиенің  қамтамасыз етілуі;

           Қазіргі  несиенің дифференциалдық принципінің  мазмұны өзгерген  десе  болады.  Біріншіден,  ол  мерзімділік принципімен байланысады, яғни  несиені    уақытында қайтара алатын  шаруашылық  органдарына беріледі.  Сондықтан да    несиелеудің   дифференциалдануы тек несиелік  қабілетті сипаттайтын көрсеткіштер  негізінде ғана    жүзеге асырылады.

           Екіншіден,  бұл принцип  несиелік келісім  жасалғанға  дейін    және  банктер  несиелік ресурстарға деген  сұрынасын  оқып  үйрену  барысында  потенциалды  қарыз алушылардың  несиелік қабілетін  және сұралып отырған ссуданың  қамтамасыз етілу  сипатын   және олардың  банк  үшін  пайдалылығын, сондай-ақ   қаражаттардың  жұмсалу  ұзақтығына  жетекшілікке  ала отырып,    бастапқы несиені  орналастырғанға  дейін іске  қосылады.  Үшіншіден,    несиелік  қабілеттілігіне  байланысты  несиелеудің  дифференциалдануы,  оның  өткен  жүйедегі  вариантымен салыстырғанда,  қаталдау   болып табылады.

           Мерзімділік -белгілі экономикалық  категория  ретіндегі мәніне  негізделген несиенің  ерекше  бір бөлігі.

           Несиенің  қайтарымдылығы  оның  экономикалық  категория ретінде басқа да  тауарлы ақшалай қатынастардың экономикалық  категорияларынан ажыратылатын  ерекшелегімен сипатталады. 

           Шаруашылықтың  нарықтық  қатынастарға  өтуіне байланысты  несиелеудің  бұл    принципіне ерекше мән берілген.      

             Біріншіден,   оның сақталуына  байланысты ұдайы  өндірісте ақшалай  қаражаттармен  бірқалыпты  қамтамасыз етілуі  тәуелді.

             Екіншіден,    бұл  принципті  сақтау коммерциялық  банктердің  өтімділігін  қамтамасыз ету  үшін қажет.

             Үшіншіден,  әр  жекелеген   қарыз алушы  үшін  бұл принциптің  сақталуы  банктің жаңа несие  алуға  мүмкіндік  береді. 

           Несиенің  төлемділігі  -    бұл несие  беруші  қарыз алушыға  берілетін  қаражатты қайтару барысында  бастапқы сомадан  өсіп  қайтарылатындығын  білдіреді. 

           Несиеге  қойылатын  сыйақы  мөлшерлемесін  несиенің бағасы  деп те  атайды. Еркін  реттелетін  нарық  жүйесі  тұсында  несие  үшін  сыйақы  мөлшерлемесі  несиеге  деген сұраныс пен  ұсыныс  негізінде  қалыптасады.

           Қазіргі  банктердің  несие  үшін  сыйақы  мөлшерлемесінің  белгілеуде  ескеретін   басты  факторларына  мыналар  жатады:

      • Орталық банктің коммерциялық  банктерге  беретін ссудалары бойынша  белгіленетін  сыйақысының базалық  мөлшерлемесі;
      • Банкаралық  несие  бойынша орташа  сыйақы  мөлшерлемесі;
      • өз клиенттеріне  депозиттік  шоттар  бойынша   төлейтін  орташа  сыйақылар мөлшері;
      • банктің  несиелік ресурстарының  құрылымы  тартылған  (қаражаттар  үлесі  қаншалықты  жоғары  болса,  несие  бағасы  соғұрлым  қымбат болуға  тиіс);
      • несиеге  деген сұраныс;
      • несиенің  сұралатын мерзімі  мен  түрі, жалпы айтсақ,  банк үшін  оның  қамтамасыз  етілуіне  байланысы тәуекел дәрежесі;
      • еліміздегі ақша айналысының  тұрақтылығы.

           Несиелеудің келесі  бір  принципі – берілетін  ссудалардың  материалдық  жағынан  қамтамасыз  етілуі.  Бұл принциптің  пайда болуы негізінен несиенің  экономикалық категория ретінде шығуымен  бірге келеді. Бірақ та,  уақыт өте  келе,  бұл принциптің  мазмұны толығымен өзгерген.

           «БТА Банк» АҚ-ның жәе басқа да банктердің несиелік саясаттарының маңызды принципі -қамтамасыздықтың сенімді принципі. Несиенің сенімді қамтамасыздығы кезінде төлем қабілеттілігі жоқ кәсіпорын несие өтеу қабілеттілігі бар болып саналуы мүмкін.

           Нақты принцип Қазакстандық банктердің қазіргі  несиелік саясатының маңызды бір  жетіспеушіліктерін көрсетеді. Несие  қабілеттілігін анықтау барасында  негізгі назар несиелеген кәсіпорын  карыз алушының несиелік келісімдегі жағдайға сәйксс талаптарын орындау үшін ақша таба алатынына емес, кәсіпорныныц потенциялды банкроттыққа ұшырауынан кредиторды тәуекелден қамтамасыздык куралы арқылы корғауға кеп аударылуы тиіс.

           Берілетін несие көлемі: кәсіпорыныныц шотындағы  нақты қозғалыстағы ақша құралдарына, оның табысы мен мүлкіне (активтеріне); кепіл құнына карай анықталады. Сонымен қатар, тағы бір айта кететін жай-қарыз алушы кәсіпорыннның пассивтерінің көлемі мен құрылымын де бөліп қарастыру қажет.

           Анық  жағдай, егер қандай да бір өнімділігін жоғалтуға жакын Деңгейде ағымды актив және пассив қүрылым бар бола отырып, банкке несие алуға келетін болса, яғни бүл жағдайда несиені қайтармау тәуекелі жоғарылайды және кесіпорынның банкроттыққа жақын екендігін білдіреді. Яғни  бұл жағдайлар нарықтық экономиканы қалыптастырылған елдерде банктер банкроттқа жақын кәсінорындар несиелемеуге, яғни бизнесін келешекте дамытатын, келешегі бар кәсіпорындар мен келісім жүргізуге бағытталуын көрсетеді. Бір қарыз алушыға немесе бірнеше қарыз алушыларға шектелген несие көлемін банктің өзінің акционерлеріне беретін несиенің максималды көлемін бекіту кезінде банк міндеті экономикалық нормативтерді басшылыққа алады. Әрбір несиенің беріліуі мерзімі несиелеу барысында айналым құралдарын толықтыруға есептелген және инвестициялық жобаларды несиелеу барысында капиталсалымдарының орнын толтыру мерзімдері негізінде анықталады. Несиеге сыйақылық орташа ставка ҚР ҰБ қайта қаржыландыру ставкасын көлемінде бекітіледі. Бұл ставка  банктің тәуекел премиясын қоспағанда, ақша құралдарын қолданғаны үшін қойылған ставка болып табылады. Несие үшін минималды сыйақылық ставка деңгейі қайта қаржыландыру ставкасының 2/3 көлемінде бекітіледі. Қайта қаржыландыру ставкасынан төмен ставка деңгейінде несиені беру туралы шешім, тек қана қарыз алушының қаржылық жағдайына, несиені өтеуі бойьшша және ол бойынша процентті өтеу мүмкіндіктерін несиенің мақсатына, түріне, өтеу мерзіміне және өтемеу тәуекелі деңгейіне қатысты жан-жақты талдау жасалынады.

           Көрсетілгендей, қайта қаржыландыру ставкасынан төмен ставка бойынша инвестициялық несиелерді беру жүзеге асырылады, әсіресе кәсіпорын және экономиканы, сонымен қатар вексельдік несиелерді дамытуға жағдай жасалады.

           Несиені беру барысында банк қарыз алушылардан  банктің шығындарын жабатын комиссиондық төлем алады және берілген несие салмағына байланысты проценттік қатынаста тағайындалады.

           Банктің несиені қамтамасыз етудегі негізгі  талаптары болып оның жүзеге асырылуы бойынша шығындарды жабу үшiн жсткіліктi нарықтың қүны мен өтімділігі табылады. Яғни қамтамасыздықтың түрлері болып келесілер табылады:

      • кепіл (депозиттік салымдар, өтімділігі жоғары бағалы кағаздар, жылжымайтын мүлiк, міндетті сақтандырылған көлік);
      • сенімді    банктердің    және    төлем    қабілеттілігі    бар    заңды  тұлғалардың кепілі.

           Қамтамасыз  ету қарыз алушы несиені қолданбастан бұрын дайындалуы қажет және неснелік келісім әрекетте болған кезде әрдайым тексеріліп отыруы қажет. Кепілге қойылған заттың жағдайы нашарлаған жағдайда   немесе   оның   құны   төмендеген   жағдайда,   ол  туралы   банк басқармасьша сол мезетте хабарлау керек.

           Несиені кепілдікке беру кезінде банк үшінші жақтан кепілшіден жүйелі негізде қаржылық және бухгалтерлік есеп беруін көрсетуін  талап етеді. Айта кететін жайт, егер де несие тұрақты айналымы мен  табысы жоғары күшті, тұрақты кәсіпорынға несие беретін болса, онда банк қамтамасыздыққа онша көп талаптар қоймайды. Кепіл бағасы тәуелсіз эксперттердің болашаққа тәуекелдің жоғарулау мүмкіндігін есксргендегі бағасы негізінде оның нарықтық күны бойынша анықталады.

           Егер де банк қамтамасыз етуге катаң талаптар бекітпеген жағдайда, кепіл бағасы екі жақтың (кредитор мен карыз алушының) келсуі бойынша шығынды ескергендегі кепілдің баланстың құны нсгізінде қалыптасады. Кепілге қою арқылы берілетін несиенің максималды сомасы, кепілдін иарыктың құны несие сомасын және ол бойынша нроцентті жабуы керек жағдайында анықталады.

           Несие желісін камтамасыз ету барысьшда  кепіл құны келісімде бекітілген несиелсудің шекті лимитін және несиеге төленетін процент сомасын жабуы қажет.

           Банктің несие портфелін талдау берілгсн ссудаларды төмендегілер бойынша жіктейді:

           -қарыз  алушы типтері бойынша;

           -берілген несиелердің мерзімі бойынша (3 айға дейінгі, 3 айдан 6 
      айға дейінгі, 6 айдан 1 жылға дейінгі, 1-3 жылға дейінгі, 3 жылдан 
      жоғары несиелер)

      • берілгсн несиелер көлемі бойынша (орташа, аз, ірі жәие т.б.);

                -    қамтамсыз етудің және қамтамасыздықтың нақты қүнының түрі

      • бойынша;
      • пролонғацияланған несиелер бөлектеніп көрсетіледі;
      • мерзімі өтіп кеткен несиелер;

                -     проблемалы несиелер;

      • несиелік саясат ерекшелігі;

           Несиелік  саясатты және несиенің табыстылығына  талдау жасау әр ай сайын жүргізілуі қажет.    Несие тәукекелін басқару  процесінде банк ескереді,  яғни  иесие тәуекелін  бағалау  тұрақты  мінездемеге  ие  және оның мақсаты   болып   проблемалы   несиелер   белгілерін   табу    болып табылады. 
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       

           2. Банктің несиелік  саясаты  және  несиелік  механизмі  
       

           2.1. Несиелік  саясат  және  оның  элементтері  

           Несие саясаты – бұл жеке және қоғамдық мүдделерге сәйкес ссудалық капиталды орналастыратын кредитор ретінде банктің қызметі. 
      Несие саясатының мақсаты мен тапсырмалары, несиелендіру бағытын таңдау; несиелік операцияларды қалыптастыру технологиясы; несиелендіру үрдесін бақылау жатады. Несие саясатының мақсаты қосымша ақша қаражаттарының түсуінде клиенттердің қажеттілігін қанағаттандыру бағытында банк қызметінің соңғы қорытындысын көрсетеді. Қайтару негізінде түскен бұл қаражаттар кәсіпорынның, ұйымның, басқа да заңды және жеке тұлғалардың өмірлік қызметін қамтамасыздандырады, өндірістік процестердің үздіксіздігіне жағдай жасау. Банк өзінің клиенттерінің болашақ серіктестестіктері болып, жаңа өнімдердің өндірісіне, жаңа және әрекет етуші ұйымдардың дамуына, жаңа өндіріспен аймақтардың, халық шаруашылығының салаларының дамуы бойынша мемлекеттік бағдарламаның дамуына көмектеседі. Бұнда банктер Коммерциялық кәсіпорын ретінде өздерінің жеке мақсаттары – пайда табу мүддесін жүзеге асырады. 
      Несие саясатының тапсырмалары :

           Банктік несие құрамының жақсаруымен байланысты болуы мүмкін, айналымдылық жылдамдығының қажеттілігіне қамтылғани ссудалардың үлесінің көлемінің өсуі және т.б.

           Несиелендіру бағытын таңдау несие саясатының мақсатынан шығады,оның орындалуын қамтамасыз етеді. Бұл элемент банк стратегиясының бөлігі болып табылады. Банктер халық шаруашылығының белгілінген салаларыны, ұйымдарының несие қызметіне өз күшін салады, несиелендіруде негізінен жеке тұлғалар мамандандырылуы керек, банк аралық несиелерді, соның ішінде халықаралық несие операцияларын және т.б дамуы керек. 
      Несие саясатында несие операциясын жетілдіру технологиясыда басты орын алады. Тәжірибе көрсеткендей банктер белгіленген ережелерді бұза алмайды, экономикалық және заңдық нормалардың қатынасында қателіктерді жібермеу керек, бұл негативті жағдайларға әкеліп соқтырады. 
      Банктер бұндай жағдайда өздерінің несиелерін талап ете алмайды, ссудалық пайызды өз уақытында ала алмайды және т.с.с.

           Несие саясатында тағы бір маңызды элемент болып несиелендіру үрдісінде банктердің жүргізетін бақылауы табылады.

           Аталған элементтердің барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Олардың ішінен біреуін бұзсақ несие қызметінде зиянға әкеледі. Банк мысалы, несиелендіруді , оның жүзеге асуын бақылап алмай мақсат қоя алмайды. Ссуда алу үшін құжаттары дұрыс жиналып тұрса да, егер несиелендіру бағытымен мақсаты дұрыс таңдалмаса онда несие операциясының тиімділігіне негативті әсер етеді.

           Банк өз бетімен несиелік мекеме бола отырып, кейбір факторларды ескере отырып, өзінің несие саясатын жүзеге асырады. Несие саясатына әсер ететін факторларды ішкі және сыртқы деп бөледі.

           Сырткы факторларға саяси және экономикалық жағдай, банк заңдылығының  даму деңгейі; банкаралық бәсекелестік жағдайы; банктік инфрақұрылымның даму дәрежесі және т.б. жатады.

           Елдегі саяси жағдайлардың тұрақсыз жағжайы банктердің несиелік салымдарын ұстап қалуы мүмкін, шекарадан капиталдарды шығартпауы мүмкін. 
      Экономикалық жағдай несие операциясының дамуын шешуші болып табылады. өндірістің құлдырауы кезінде несиеге сұраныс төлем қаражаты сияқты өседі, бұл мезгілде несиені қайтармау тәуекеліде өседі. 
      Экономикалық құлдыраудың артында жүретін инфляция кенеттен ұзақ мерзімді несиелік салымдарды қысқартады, делдалдық операциялар мен сауда сомасына өндірістік сомадан ссудалық капиталдардың құйылуына әкеліп соқтырады.

           Елдің ішіндегі экономиалық жағдайла келесідей әсерлерге байланысты болады. 
      Мемлекетің салық саясаты (банктің пайдасына салық қазіргі жағдайда кәсіпорын пайдасына салықтан  жоғары).

           Банктердің меншікті капиталына Ұлттық Банктің резервтеу нормасының мөлшерін талап етеді (мысалы несие операциясының дамуы үшін банктер тартылған қаражаттардың  20%-ын өзіне алып қалмайды)- 
      Кәсіпкерліктің ережелері туралы берілген ұлттық дәстүрлерден тұратын жұмыс ортасы.

           Банктердің несие саясатына заңдылық базасының да әсері өте зор. Банктік заңдылық жалпы банк – несие беруші мен несиегердің  мүдделерін қорғауынан  оның жетілдіру дәрежесін, банктік қызметтің ережелерін анықтайды. Заңдылық базы мықты болмаса несиелік немесе басқа да банктік операциялардың  түрлері дами алмайды.

           Мысалы, ипотека туралы заңның болмауы несиелік қатынастарының, яғни әлеуметтік саланың дамуына кедергі келтіреді (үй құрылысына).

           Несие операциясының дамуының басты факторы болып банкаралық бәсекелестік табылады.

           Несие саясатына әсер етуші сыртқы факторларға банктік инфрақұрылым жатады. Бұдан банктің өмірлік қызметін қамтамасыз ететін жүйе түсінігі анықталады. Бұл ақпараттық, әдістемелік, ғылыми және оқуды қамтамасыздандыру, байланыс пен комуникацияның қазіргі құралдары.

           Несие саясатында тағы бір маңызды элемент  болып несиелендіру үрдісінде банктердің жүргізетін бақылауы табылады.

           Аталған элементтердің барлығы бір-бірімен  тығыз байланысты. Олардың ішінен біреуін бұзсақ несие қызметінде зиянға әкеледі. Банк мысалы, несиелендіруді , оның жүзеге асуын бақылап алмай мақсат қоя алмайды. Ссуда алу үшін құжаттары дұрыс жиналып тұрса да, егер несиелендіру бағытымен мақсаты дұрыс таңдалмаса онда несие операциясының тиімділігіне негативті әсер етеді.

           Банк  өз бетімен несиелік мекеме бола отырып, кейбір факторларды ескере отырып, өзінің несие саясатын жүзеге асырады. Несие саясатына әсер ететін факторларды  ішкі және сыртқы деп бөледі.

           Сырткы  факторларға саяси және экономикалық жағдай, банк заңдылығының  даму деңгейі; банкаралық бәсекелестік жағдайы; банктік инфрақұрылымның даму дәрежесі және т.б. жатады.

           Елдегі  саяси жағдайлардың тұрақсыз жағжайы  банктердің несиелік салымдарын ұстап  қалуы мүмкін, шекарадан капиталдарды шығартпауы мүмкін.

           Экономикалық  жағдай несие операциясының дамуын шешуші болып табылады. өндірістің құлдырауы кезінде несиеге сұраныс төлем қаражаты өседі, бұл мезгілде несиені қайтарылмау тәуекеліде өседі.

           Экономикалық  құлдыраудың артында жүретін  инфляция кенеттен ұзақ мерзімді несиелік салымдарды қысқартады, делдалдық операциялар мен сауда сомасына өндірістік сомадан ссудалық капиталдардың құйылуына әкеліп соқтырады.

           Елдің ішіндегі экономикалық жағдайлар келесідей факторларға байланысты болады;

           - Мемлекетің салық саясаты (банктің  пайдасына салық қазіргі жағдайда кәсіпорын пайдасына салықтан жоғары)

           - Банктердің меншікті капиталына Ұлттық Банктің резервтеу нормасының мөлшерін талап етеді (мысалы несие операциясының дамуы үшін банктер тартылған қаражаттардың  20%-ын өзіне алып қалмайды)

           - Кәсіпкерліктің ережелері туралы берілген ұлттық дәстүрлерден тұратын жұмыс ортасы.

             Банктердің несие саясатына заңдылық базасының да әсері өте зор. Банктік заңдылық жалпы банк – несие беруші мен несиегердің  мүдделерін қорғауынан  оның жетілдіру дәрежесін, банктік қызметтің ережелерін анықтайды. Заңдылық базы мықты болмаса несиелік немесе басқа да банктік операциялардың  түрлері дами алмайды.

           Мысалы, ипотека туралы заңның болмауы несиелік қатынастарының, яғни әлеуметтік саланың  дамуына кедергі келтіреді (үй құрылысына).

           Несие операциясының дамуының басты факторы  болып банкаралық бәсекелестік табылады.

           Несие саясатына әсер етуші сыртқы факторларға  банктік инфрақұрылым жатады. Бұдан  банктің өмірлік қызметін қамтамасыз ететін жүйе түсінігі анықталады. Бұл  ақпараттық, әдістемелік, ғылыми және оқуды қамтамасыздандыру, байланыс пен комуникацияның қазіргі құралдары.

           Нарық жағдайында жалпы экономиканың, салалардың, кәсіпоріндардың кейбір топтарының, жеке клиенттерінің қызметтері туралы кең көлемдегі ақпараттық агенттік жұмыс жасайды. Бір жағдай болып қалғанда Орталық банктер клиенттерге жүргізеді, Коммерциялық банктерге олардың мүліктері, олардың потенциалды борышкерлерінің қаржы жағдайы туралы мәліметтерді береді.

           Арнаулы агенттер өздерінің банктерін бағалауды  қалыптастырады. Бұл елдерде көптеген статистикалық жинақтар беріледі, анықталған жобаларды несиелендіру туралы сұрақтарды шешуге банктерде пайдаланылатын оперативті мәліметтер жинақталады.

           Несие саясатына әсер ететін ішкі факторларға  банктің ресурстық базасы және оның құрылымы; несиелік мекемелердің өтімділігі; банктің мамандандырылуы; арнаулы оқылған персоналдың болуы жатады.

           Банктердегі ресурстардың  болуы несие саясатын жүргізуге шығын болып табылады. Егер несие операциясының кірістілігі  жоғары және тәуекелділігі төмен болса, банк несиелендіруге арналған ақша қаражттарының көлемін көтереді; егер тәуекелдер шексіз болса, онда несие операциясының көлемі қысқарады.

           Несие саясатында банктерінің ережесіндегі ақша қаражаттарынан тұратын құрылымы әсер етеді. Егер оның құрамында ұзак мерзімді ресурстар біршама үлестік көлемді алса, онда банк ұзақ мерзімді үшін үлкен мүмкіндіктерді қолданады.

           Несие саясаты банктің өтімділігінен, банктердегі шоттарда ақша қаражаттарын сақтандыру, заңды және жеке тұлғалардың, несие берушілердің алдындағы міндеттемелерді орындауға мүмкіндігіне байланысты.

           Орталық банк коммерциялық банктің сақтауға тиісті өтімділіктерін белгіленген  нормативтерін бекітеді. Банктің  несие саясатын оның мамандандырылуының сипаттамасын анықтайды. Банк несиелікке емес, басқа (мысалы, валюталық) операцияларға мамандануына болады. Сонда несие саясаты кең көлемді болады, егер банк белгіленген саланың қажеттілігіне қызмет көрсетуге маманданса, онда оның несиелері басқа саланың ұйымдарымен емес, сол саламен өте тығыз байланыста болады.

           Несие саясатына банктегі арнаулы оқылған  персоналдардың болуы да әсер етеді. Коммерциялық  операциялардағы персонал тек оны құрастырудың техникасын білу керек емес. Ол сонымен қатар  клиенттердің несие қабілеттігін экономикалық талдаудың әдістерін, несиелендіретін шараның тиімділігін, кепіл бағасын, басқа да несиенің қайтарылуын қамтамасыз ететін нысандарды білуі керек. Борышкерлермен жұмыс жасайтын персонал несие операциясын жүргізу технологияларымен стандарттарын, арнаулы оқу ережелерін оқыған банктік кадрлардің біліктілік бөлігі. 
       

           2.2.  Несиелік  тәуекелді басқару   

           Кез келген банктің қызметінің табыстылығы  банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақтылы  қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақтылы айналысып отыруға тиіс. 

           Несиелік  тәуекел – қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.  

           Несиелік  тәуекелді басқару жүйесінің  негізгі элементтеріне жататындар:          

           · несиелік қызметті ұйымдастыру;         

           · лимиттер белгілеу;         

           · несиелік ұсынысты бағалау және қарыз  алушының несиелік қабілетін бағалау;          

           · несиелік тәуекел деңгейіне байланысты несиелерге рейтинг қою және белгіленген  лимиттермен салыстыру;         

           · несиелер бойынша мүмкін болар зияндарды  есепке ала отырып, сыйақы мөлшерлермен анықтау;         

           · несиелік шешімдерді қабылдау барысында құзіретті бөлу – несиелерді авторизациялау; 

           Тәуелдің мөлшерін анықтағаннан кейін оны басқару стратегиясын және әдістемесін дайындау керек. Бұл несиелік тәуекелдің пайда болуын ескеруге және банктің өтімділігі мен табыстылығына әсер ететін несиелік тәуекел салдарын алдын алуға бағытталады. 

           Несиелік тәуекелді басқару бойынша жүргізілетін шаралардың нәтижесін әрдайым бақылап, болжамдаған көрсеткіштерден тәуекелдің ауытқуы себебін табуға және талдауға көмектеседі. Бақылау клиенттің несиелік қабілетінің нашарлауын және бағасын, кепілін анықтауға көмек береді. 

           Несиелік тәуекелді басқарудың тиімді жүйелерінің бірі – несиелік тәуекелді бағалау. Сондықтан несиелік тәуекелді бағалау өзара байланысты факторлар жиынтығынан тұрады .

           Несиелік тәуекелді бағалауға әсер ететін критерийлерді толық түрде ашып көрсетер болсам, олар келесідей:

           1. Несиенің қамтамасыз етілуі клиенттің ссудалық қарызын жабу деңгейі. Бұл фактормен байланысты критерий қамтамасыз етілудің өтімділігі, жеткіліктілігі, сақтандырылуы. Бұл банктің қамтамасыз етуді қалай жүзеге асырылатындығын көрсетеді. 

           2. Несие мәмілесінің сипаттамасы несие келісімінің негізділігі және нақтылығы сипаттарынан көрінеді. Бұл өз кезегінде несиенің мақсатқа сәйкес болуымен, оның мерзімділігімен, қайтарымдылық және өтеу шартымен сипатталады. 

           3. Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын қаржылық жағдайын бағалау уақтылы  банкроттық сақтануға көмек береді. Мұның негізі несиелік қабілет, капитал жеткіліктілігі, репутация басқару сапасы болып табылады. 

           Екінші деңгейлі банктер мен ипотекалық компаниялар үшін өз несиелік тәуекелдерін төмендету ипотекалық несиелердің болашақ дамуын анықтайтын фактор болып табылады. Өйткені несие берудің мерзімін ұзарту және алғашқы жарна көлемін төмендету несие алушылардың тәуекелін төмендету мүмкін емес. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалауы бойынша, несие тәуекелі жалпы көлемде алғанда несие бойынша минималді мөлшерлеме құрылымында компонет болып табылады. Ол өз кезегінде несие алушының табыс алмай шығындарды ұлттық валютада 49,2%-бен шетелдік валютада 59,8%-бен жабуға мүмкіндік береді .

           Ипотекалық несие тәуекелін төмендету үшін отандық қаржы нарығында тиімді құралдың қажеттілігі туындайды. Әлемдік тәжірибедегі көпшілік мойындаған ипотекалық несиені төмендетудің құралы оны кепілдендіру (сақтандыру) болып табылады. Ипотекалық несиені кепілдендіру (сақтандыру) институтын құрған бірқатар елдер бұл шешімге әртүрлі экономикалық крезистер және дүмпулердің нәтижесінде келген. Яғни өздерінің тәжірибелеріне негізделіп, несиелік тәуекелді кепілдендіруді қаржылық тұрақтылықа бағытталған алдын алу шарасы ретінде енгізген. 

           ҚР ҰБ кейпінде құрылтайшысы мемлекет болып табылатын ипотекалық несиені кепілдендіру Қазақстандық қорының 2003 жылдың қазан айында құрылуы елдің қаржылық жүйесін күшейтудің мақсатты саясатының нәтижесі болып табылады. 

           Ипотекалық несиелерді кепілдендіру банктер мен ипотекалық компанияларға несие тәуекелін қормен бөлісу арқылы төмендетуге мүмкіндік береді. Қор өзі дербес андеррайтинг жүргізетін және ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша қарыз алушының өз міндеттемелерін орындамау себебінен туындайтын залалдан ұзақ мерзімді қорғайтын ұйым ретінде қарастырылады. 

           Қордың кепілі ипотекалық несиенің толық мерзімінде әрекет етеді. Қордың 500 млн теңге капиталы бір жылда 500 ипотекалық несиені кепілдендіруге жеткілікті (әрбір ипотекалық несиеге орта есеппен алғанда 15000 АҚШ доллары деп алғанда). Мұнда тәуекелдің өзіндік капиталға 20:1 қатынасымен қарастырылған. Сондай-ақ бұл 2008-2010 жылдардағы республикалық бюджеттен 3,8 млрд теңге көлеміндегі трансферттерді есептемегендегі жағдай.Өзін-өзі қаржыландырушы ұйым бола тұра, ипотекалық несиелерді кепілдендіруден түсетін сыйақыларды өзіне негізгі мақсат деп қарастырмайды. Олар қордың резерві болып жинақталады.

           Кез-келген  банктік несие белгіленген мөлшер шсгіндс лимит) өсірілсді. Несиенің мөлшерін банк мекемесі қарыз алушымсн бірлесе отырып, материалдық қорлардың құралу қажетілігін зерттеу негізінде шыгындарды, өндіріс көлемі msn өнімінің өтімділігін, ауыл шаруашылық өнімдерін, оның қайта өңделуі және басқа да шығындарды ескере отырып анықтайды.

           Қарыз алушыа бсрілстін несиенің мөлшері әр түрлі жағдайларға байланысты болып келеді. Біріншіден, қарыз алушыға берілетіи несие шамасы қарыз алушының жасаған   өтінішіне байланысты. Бірақ та, бұл өтініштегі несие мөлшері несиені қайтарудағы нақты мүмкіндіктермен сондай-ақ банктің нақты есебімен сәйкес келмеуі мүмкін.

           Екіншіден, несиенің мөлшері экономикалық жағдайларга байланысты, соның ішінде

      • қарыз алушының төлем айналымындағы алшақтық шамасына;
      • несиені қамтамасыз ететін нақты тауарлы-материалы бағалылар қорына жөне олардың өтімділік дәрежесінс;
      • маржа деңгейіне;
      •   несиелік тәуекел  дәрежесіне және банктің клиентке    деен сенім дәрежесіне;
      • Банкте  бар ресурс  көлеміне  және  т.б.

           Несиелерді  авторизациялау          несиелік  тәуекелді  төмендету     мақсатында    жүргізілетін    анықтамалар   және тексерулер процесін білдіреді.

           Несиелік мониторинг — несие бойынша мәселе туындай қалған жағдайда, қарыз алушының несиелік қабілетілік өзгерісін қадағалап, отыруға байаланысты шаралар жүйесі  болып табылады.

           Несиелік портфельді басқару — бұл банк қабылдауға дайын    болып отырған тәуекел түрлерінің   барлығын  айқындауды және  олардың ең  жоғарғы жететін деңгейін  анықтауды талап ететін  жоғарғы жетекшілер  қызметі болып табылады.

           Несиелік  портфельді  басқаруды іске  асырудың  ортақ алғышарттарына  жататындар:

      • Нақты  қарыз  алушылар  мен олардың  топтары  үшін  несиелеудің  ішкі  банктік лимитін  белгілеу;
      • Несиелік  рейтингпен  байланысты  болатын,  жекелеген  қарыз  алушылардың  тәуекел  деңгейін  көрсететін  несиелік тәуекелді  талдау  формасын  жасау;
      • Әр түрлі салалар бойынша несиелеуді  диверсификациялау;
      • Төменгі  тәуекел  деңгейі  бар ең маңызды  салаларды анықтау;
      • Жоғарғы тәуекел  деңгейң  бар салаларға  қатысты   несиелік саясатты қатаңдату;
      • Несиелік баға  белгілеу саясатын  дайындау.

           Несиелік  лимиттерін  белгілеу  -  несиелік  портфельді  құруға  бақылау  жасауда  тәуекелдерді  төмендету  және  ұзақ  мерзімді  өміршеңдік  қабілетті  жақсарту үшін  пайдаланатын  басты  тәсіл.

           Проблемалық несиелерге:

      • Несиелік  келісім-шартта  көрсетілген уақытта  қайтарылмаған,  уақытта  кешіктірілген  және  қосымша  келісім берілген  несиелер;
      • Сақтандыру,  кепіл-хат немесе  кепілдемемен  қамтамасыз етілген  несиелер  бойынша  сақтандыру  компанияларының, кепіл-хатты  және кепілдеме  берушілердің  банк  алдындағы  міндеттемелері  орындалмағандар.

           2.3.  Несиелік саясатты басқаруды жетілдіру

       
       

           Несиелеудің жолдарын жетілдіру мақсатында банктер  қарыз 
      алушының несие қабілеттілігін анықтаудың оңтайлы жолдарын карастыруы қажет.Несиелеу механизмінің тиімділігін және сапасын арттыру үшiн шетелдiк несиелеу тәжірибесіне сүйенуі қажет.

           Қарыз алушылармен банктердің несиелік келісім  негізінде қалыптасқан несиелік қатынастары қазіргі Қазақстандық экономика жағдайына тән бірқатар проблемалар тудырып отыр. Осындай проблемалар банктің өздерінің несиелік саясат сияқты елеулі түзетулер керектігін, сонымен қатар олардың қызметіне Қ.Р. Ұлттық банкі тарапынан реттеу жүргізу керектігін көрсетіп отыр. Нарықтық экономикаға өту жағдайында және барлық банктердің жекеленуіне байланысты банктік сектордың мақсаты- пайда табу болып табылады.

           Қазіргі уақытта Қазакстандық банк нарығындағы  жағдай мынаны көрсетеді: орналастырылған  құралдардан негізғі пайданы тек несиелеу барысында ғана алу мүмкін.

           Банктердің  клиенттерге көрсеткен есеп кассалық қызметі үшін алатын комиссиондық төлемдері  маңызды табыс көзі болып табылмайды, өйткені банктер клиенттерді  тарту барысында бір-бірімен бәсекелесе отырып клиенттерге көптеген қызметтерді тегін көрсетеді. Сондықтан, дәл экономиканың нақты секторын несиелеу бүгінғі күні банктер үшін пайда табудың бірден-бір бағыты болып табылады. Бірақ экономиканың нақты секторын несиелеуде банк оның кызметінің нәтижесіне әсерін тигізбей қоймайтын бірқатар проблемалармен соқтығысады. Біріншіден, коммерциялық банктер кәсінорындарға инвестициялық мақсаттарға-жаңа құрылысқа, өндірісін кеңейтуге, жабдықтарын ауыстыруға несие бермейді. Себебі бұл процесс ұзақ мерзімге созылатындықтан тәуекел деңгейі де жоғары болады.

           Банктер жақсы табыстылықты ұстап тұруы үшін, оларға базалық ставка болып табылатын қайта қаржыламдыру ставкасын ұлғайтуға бағыттайды, сонымсн қатар тәуекелге деген премияны да ескереді. Тәуекел деңгейі ұзақ мерзімді несиені беру кезінде (әсіресе отандық  
      нарыққа тән теңге курсының өзгерісін және ннфляция темпін болжамаған жағдайда) жоғарылайды.

           Осыдан  банктер экономнканың нақты секторының мүмкіндіктерімен келіспейтін қысқа  мерзімді несиелерге қарағанда ұзақ мерзімді несие бойышна жоғары сынақылық ставка бекітеді.

           Әбден анық, қазіргі уақытта несиелік қатынас  дағдарыстық жағдайда тұр, осы жағдайда не кәсіпорын, не коммерциялық банктер  бұл жағдайдан өз бетінше шыға алмайды.

           Бұл қиындықтан мемлекеттің араласуынан  ғана шығуға болады, яғни Қазақстан Республикасы Орталық банкі арқылы коммерциялық банктер мен шаруашылық субъектілерінің жаңа сапалы деңгейде несиелік қатьшастардың механизмін жетілдіру үшін экономиканың қаржылық сферасын қажетті басқарушылық қадағалау жасау.

           Белгілі жағдай, шет мемлекеттерде ұзақ мерзімді несиелер қысқа мерзімдіге қарағанда қымбатырақ, өйткені қысқа мерзiмдi ақшаға қарағанда, ұзақ мерзiмдi ақшалар тәуекелге барады. Екіншiден, несие нарығында бәсекелестіктің күшеюі жағдайында банктер несие бойынша сыйақылық ставканы бекіткеннен гөрі, кабылдайды. Нәтижесінде коммерциялық банктердің сыйақылық ставкасы қарыз алушы несиені кайтаруы және басқа кредиторға көңіл бөлмеуі үшін жеткілікті деңгейде төлем болып табылады. 
      Өз кезегінде банктер клиенттерді және ресурстарды тарту мақсатында депозит бойынша жиi жоғары процент төлейді. Нәтижесінде банк үшін проценттік маржа шамалы ғана.

           Несие нарығындағы ставка 2003 жылы төмендегенімен, 2004 жылы айтарлықтай тұрақтанды. Жасыратыны жоқ, көптеген қазақстандық кәсіпорындар төлем қабілеттілігі жеткіліксіз немесе төлем қабілеттілігі нашар болып табылады.

           Кәсіпорынды несиелеу, оларға несие көмегімен  өндіріс процссін қолдау үшін жабдықтаушылармен  есеп айырысуға, жұмысшылардың еңбек  ақысын төлеуіне көмектескен болар  еді. Бұндай несиелердiң  
      қайтарылуы ерте бастан банкпен кепілхат немесе үшінші тұлғаның векселі арқылы қаралады, сондықтан мұндай несиелер банктер үшін басқа несиелерге қарағанда онша тәуекел болып табылмайды. 
      Үшіншіден, несиені бере отырып, банктер несие тәуекеліне 
      байланысты ссуда бойынша мүмкін жоғалтуларға резервтер құруға 
      міндетті және банктерге ссуда бонынша шығынға жазумен байланысты 
      пайда көлемінің өзгермеуінен көмектеседі. !

           Қор жинау нормативі берілген ссудалардыц  тәуекел деңгейінс байланысты болады. Сонымен, ссуданы басқа топ тәуекеліне жатқызудың негізгі критериінің бірі оның қамтамасыздығы табылады. Банктік кепілдемелер мен үшінші жақтың кепіл-хаты несие бойынша қамтамасыз етуге жатпайды, осыған қарамастан көп жағдайда қамтамасыздықтың дәл осы түрлері банк үшін кепілмен салыстырғанда біршама сенімді және өтімділігі жоғары болып табылады. Осыдан мынадай пікір пайда болады: банк кепілмен немесе төлем қабілеттілік міндеттемемен қамтамасыз етілген ссудалар азырақ сенімді кепілмен қамтамасыз етілгендерге қарағанда көбірек қор жинауды талап етеді.

           Несиені беру туралы мәселе ықпалын тигізетін  тұлғаларға яғни (банк советінің мүшелері, несие комитеті мүшелері) несиелер берілген күннен бастап жоғарлатылған  резервтендіруге жатқызылады, шындығында олар мейлінше тәуекелді ссудалар болып табылады, дәл банк және несие комитеті мүшелері басқаларға карағанда банктің дамуына және ссуданың өз мерзімінде қайтарылуына көбірек көңіл аударады. Несиелік тәуекел деңгейінің жоғарылауына ссуда мерзімінің ұзару көлемі әсер етеді. Осыған байланысты несие мерзімінің ұзаруы оның қайтарылмауының жабық формасы болып табылмайды, өйткені, банктің өзі және клиент үшін болашақта табысты тиімді табу мақсатында несиені пролонгациялауға өзі ынталы болады.

           Тәуекелдің  жоғарылауына бастапқы несиелік келісім жағдайының өзгерісі, яғни, алғашқымен салыстырғанда несие сомасының ұлғаюы, проценттік ставканың азаюы, егер ол қайта қаржыландыру ставкасының  
      төмендеуімен байланысты болмаса несиенің бастапқыдан көп мерзімге 
      ұзаруы әсер етеді. Бірақ, несие келісімінің параметрлерін несие сомасын және несие беру мерзімін банктің өзі анықтайды.

           Осы фактілерді ескере отырып, қарыз алушы  міндеттемесiн орындамаған жағдайда несиені өтеудің екінші көздеріне  кепілді орындаудан түсім немесе кредитордың талаптарын кепілмен қанағаттандыру жатқызылады, яғни қамтамасыз етілген ссудалар бойынша толық көлемде резерв құрудың қажеті жоқ. Бесіншіден, көптеген қазақстандық орта және iрі кәсіпорындар каржылық жағдайы (төлем қабілеттелігі, табыстылығы, баланс өтімділігі, ақша ағымдарының жеткіліктілігі) нашар, несие кабілеттілігі жоқ болып табылады.

           Жоғарыда  келтірілген себептерге байланысты коммерциялық банктердің иесиелеу көлемі осы банктің шоттарында және басқа  да есептік шоттарында нақты қозғалыстағы ақша құралдары бар және несие  кабілеттілігі жоғары тұрақты клиенттерін және акционерлерін несиелеумен тұйықталады.

           Банктердің  жаңадан құрылған, кіші және орта бизнес кәсінорындарын олардың бастапқы капиталын  қалыптастыру мақсатында несиелендіруінен нәтиже болған жоқ.

           Жоғарыда  аталған проблемалармен бірге, экономиканың нақты секторын несиелеу бактердің пайдасының төмендеуіне, керек кезінде жоғалтуына алып келеді. Банктер бос ақша құралдары бола отырып оны нақты сскторға жұмылдырмайды, өйткені олардан банктің дамуы үшін ешқандай ақша құралдары түспейді.

           Сонымен 2010 жылдың ақпанында несиенің банк активінің үлес салмағы небәрі 34% құрады. Дамыған елдерде банктің активтер құрлымында несиелер 70%-ке жетті. Коммерциялық банкгердің қызмегіне кедергі келтіретін неғүрлым маңызды факторлар баяғысынша елдегі экономикалық тұрақсыз, салық және банк қызмсті бойынша нормативтік - құқықтық реттеу заңдарының  жетілмегендігі, сонымен қатар экономиканың нақты секторын несиелеудегі тәуекелдің жоғарғы деңгейі болып отыр.

           Банктер нақты секторды ұзақ мерзімді несиелеумен айналысу үшін, банктер мен кәсіпорындар маңызды өзгерістерге төтеп беруі қажет. Біріншіден, қаржылық есеп берумен бухгалтерлік есеп стандарттары банк жүйесінде ғана емес, экономиканың басқа секторында да халықаралық ережеге жақын болуы тиіс. Жүргізілген операциялардың айқындығы және шаруашылық қызмет нәтижелері екі жаққа бірдей болуы қажет.

           Екіншіден, банктік несие бойынша қарызды  талап ету ережесін өзгертуді  талап етіледі. Банктер төлем  айналымын қамтамасыз ету функциясын атқаратын ұйым сапасында қарастырылады. Сондықтан осы қызметке олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін шарт қойылады. Өкінішке орай, кепіл институты міндеттемелерді орындаудағы әрекеттегі механизм болған жоқ. Оны тезірек жетілдіру қажет.

           Банктердің  байқағаны, несиелеудің төмен көлемі бұл нәтиже олардың проблемасы емес, өндірістік сектордың проблемасы. 
      Банктер үшін тәуекел мәңгі тақырып болып табылады. Бүгінгі күнгі проблема тәуекел, яғни бірлесіп басқарумен байланысты немесе несиені қайтармау тәуекелі. Бұл жерде реттеудің тапсырмасы болып менеджментті дұрыс жүргізу жауапкершілігін артгыру табылады. 
      Іскерлік атағы, несие тарихы, сипаттамалары әрбір қазақстандық банктер үшін нақты мәнге ие болуы тиіс. Әрине бұл үшін заң шығарушы, атқарушы өкіметтерінің деңгейінде шешім қажет.

           Нәтижесінде мынадай қорытынды шығаруға болады. Біріншіден, банктің несиелеу облысындағы қазіргі стратегиясы экономиканың нақты секторын несиелеуге (әсіресе  инвестициялық  қажеттілікті  қанағаттандыруға (мейлінше бағытталу мақсатында маңызды түзетуді қажет етеді.

           Екіншіден, банктің несиелеу облысындағы стратегиясы  қарыз алушының иновациялық мүмкіндіктеріне  талдау жасауға, қаржыландыруға ұсынылған  жобаға сапалы менеджмент жүргізуге (әсіресе  жоғары технолопія сферасына) бағытталуы тиіс.

           Үшіншіден, несиелік портфельдің салалық қүрылымын жақсарту, және экономиканың түрлі секторы мен түрлі саларынан перспективті клиенттерді іздеу мақсатында макроэкономикалық мәліметтеріне жүйелі талдау қажет. 
      Төртіншіден, банкаралық ассоциация базасында клиенттердің сапалылығы рейтингін бакылаудың аймақаралық банкаралық инфрақүрылымының құрылуы және дамуы қажет. Яғни несиелік тәуекелді оперативті мәлімет алмасу негізінде түрлі аспектілермен тиімді басқаруға, мәпiліметтік айқындық қалыпты қалыптастыру, әсіресе потенциалды қарыз алушылардың іскерлік атағы облысында. Сонымен, коммерциялық банктердің несиелік саясатын жетілдіру мынадай жодармен жүзеге асырылады:

      • несиені беру несие көлемін ұлғайту немесе азайту, несиені бермеу 
        шешімі, клиеиттің қаржылық жағдайын талдау, оның қызметі 
        туралы мәліметтер жинақталатын несиелік досье сапалы 
        жүргізілуі тиіс;
      • берілген несиенің қайтарылуының кепілі ретінде берілген кепілдік мүлікті (маманданған) несие инспекторымен жан-жақты 
        бағалауды талап етеді;
      • несиелік келісім және клиентке несие беру несиелік операцияның аяқталғандығы емес, әр уақытта несиелік тәуекелді 
        жоғарылатпас үшін бақылап отыру қажет.
       
       
       

           ҚОрытынды 

           Коммерциялық  банктердің несиелік саясаты - бұл несиенің қозғалысымен байланысты саясат. Яғни нақты қатынастар деңгейіндегі несиелік саясат банктің қайтарымды негізде ресустарды тартуындағы стратегиясы мен тактикасы болып табылады. Коммерциялық банктердің несислік саясатының экономикадағы ролі - банктердің көмегімен нарықтық экономика жағдайында қызмет ететін шаруашылық субъектілерінің арасында, салаларының арасында қаржыларды қайта бөлуді жүзеге асыратындығында. Сонымен бірге айналымға қосымша ақша шығарусыз экономика мен тұрғын халықтың қажеттіктерін қамтамассыз етіп отырады. Қазіргі жағдайда банктер несиелік саясатты тек өзінің қызметін реттеп, басқарып отыру үшін ғана жасайды және оны жасау барысында қоғамның, мемлекеттің, банк жүйесінің және нақты банктің даму деңгейін ескеру кажет. Айта кететін жайт, банктердің несиелік саясаты — салымшылардың қаржысын несиеге бере отырып, табыс алуында көрінеді. Сондықтан да несиелік саясаттың басты мақсаты — сырттан алған қаржыларды тиімді жайғастыруға жағдай жасау және банктің тұрақты табыс алуын қамтамасыз етуге бағытталған.

           Сонымен, коммерциялық банкгердің несиелік саясатының мақсатына келесілерді жатқызамыз: несие нарығын талдау және несие тәуекслін ең төменгі шегіне жеткізу мақсатында мақсатты нарықтарды таңдау, несиелеу барысында және ресурстарды тарту нәтижесінде банк табысын ең жоғарғы шегіне жеткізу, сапалы несиелік портфельді құруды қамтамасыз етілген мамандандырылған несие қызметкерлерін даярлау, проблемалы ссудалар үлесін азайту, банктің өтімділігін қолдау т.б. Мұндағы айта кетуге тиісті ең иегізгі жағдай барлық банктер үшін жасалған жалпы, ортақ несие саясаты болмайды. Банктің меншікті жеке несие саясаты болмаған жағдайда жалпы тәуекел деңгейi арта түседі.

           Коммерциялық  банктің несиелік стратегиясы терең  талдау жүргізуді қажет етеді. Яғни иесие қызметкерін таңдау және даярлау, несие бойынша шығындардың орнын  толтыру мақсатында резервтер жасау, проблемалы ссудаларға бақылау жасау.

           Несиелік  саясат банкке қайтарымдылық негізде  ресурстарды тарту бойынша банк пен клиенттің өзара катынасын  тиімді ұйымдастыруға, реттеуге мүмкіндік  береді.

           Шет елдің банк тәжірибесінде көбіне несиелік саясат бойынша, несиелік процессті ұйымдастыру бойынша банктің стратегиясы мен тактикасын анықтай алатын құжат жасауды ұсынады.

           Яғни, коммерциялық банктерге тек қана несиелік тәуекелді төмендету мақсатында болашақта несиелік портфель сапасын  арттыру жолдарын іздестіру, клиенттің төлем қабілеттілігіне, несиені өтеу қабілеттілігіне, несиенің қамтамасыздығына, несиелік тәуекелдің сақтандырылуына жүйелі түрде жан-жақты талдау жүргізу нәтижесінде несиелік саясатты табысты жүргізуге мүмкіндік береді. 

             Пайданылған әдебиеттер тізімі

                                    

           1. «Қ.Р-дагы банктер және банк қызметі туралы » 1995 жылғы 31 
                   тамыздағы Заң күші бар Президенттің Жарлығы.

        2. «ҚР қысқа мерзімді несие беру Ережесі» 11 ақпан,2003 ж.

           3. Кредитная политика коммерческого банка. Панова П.С. МД        

                2004г

           4.Банковское дело: Учебник под.редакцией В.И.Колесникова, Л.П. 
                  Кроливецкой. М, Финансы и статистика, 2004 г.

           5.Банковское дело. Под ред. Сейткасымова Г.С, Алматы, Қаржы- 
                  қаражат.2005г.

           6.Долан Э.Дж, Кэмпбелл Розмари Дж. Деньги, банковское дело и 
                   денежно-кредитная политика, пер с анг. М, 2006 г.

        7.Банковское дело. Ю.Г. Лаврушин. М,Финансы и статистика.                      

           2006г.                                                                    

           8. Денги, кредит, банки, ценные бумаги. Практикум нод ред. Е.Ф.

               Жукова. М, Юнити. 2001 г. й М

           9.Банковское дело. Справочное пособие под ред. Ю.А. Бабичево,

               Экономика 2010 г.

           10.Утелин Е. Система кредитования в банках. Банки Казахстана.     

                2004 г.

           11.Янын С. Заемдары ұсақ несие туралы. Ақиқат. №6 2004г.

           12 Горенов А. Несие-бюджет есебінен өтелмес болар. Қаржы-  

              қаражат. 2004 г.

           13.Қабылбекова С. Несие алу үшін қажетті құжаттар тізімі. Жас

                алаш 29 ақпан 2005ж.

           14.Несиелік шоттар ерекшеліктері. Бух. бюлетені. №33 2010ж.

           15.Статистический бюллетень Националыюго банка РК. Алматы,

                  2005 г.

           16.С.Б.Мақыш,А.Ә.Ілияс  Банк ісі. Оқу құралы-Алматы: Қазақ        

               университеті, 2004ж. 156-178 беттер.

        17.Құлпыбаев С. Қаржы: оқулық –Алматы:2007. ж.

           18.Құлпыбаев  С және Басқалары. Қаржы теориясы. Оқу құралы-

               Алматы:Мерей,2001ж.

           19.Ілиясов  Қ.Қ. Құлпыбаев С. Оқулық-Алматы:2005ж.

           20.Құлпыбаев.С  Қаржы: Оқулық.-алматы:2007ж.-267-275 б. 

           21.С.Мақыш,  «Ақша несие,банктер»,Алматы,2000ж.

           22.Ақша, несие банктер,Проф.Ғ.Сейітқасымовтың  ред. Басқаруымен,    

               Алматы, 2000ж

           23.Б.Көшенова, «Ақша, несие банктер және валюталық 

                операциялар»,Алматы,2002ж.

  • Информация о работе Банк несие саясаты