Ақша реформасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 15:58, курсовая работа

Описание

Ақша реформасы - француздың "reforme" және латынның "reformo" -өзгертемін деген сөзінен шыққан. Бұл — мемлекет билігімен ақша жүйелерінің толық немесе ішінара өзгеруі және ақшаның бір жүйесінің жаңа белгіге ауыстырылуы. Капитализм жағдайында ақша реформасы буржуаздар мүддесі үшін жүргізіледі, оның ақыры қалың бұқараны қанауды күшейтуге, тұрмысын нашарлатуға әкеліп соғады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................2
І. Ақша теориясының эволюциясы
1.1 Ақшаның пайда болуы және мәні..................................................................3
1.2 Ақшаның металдық және номиналдық теориялары....................................10
1.3 Ақшаның ерекшеліктері мен атқаратын қызметтері...................................12
ІІ. Қазақстан Республикасындағы ақша реформасы және оны жоспарлау кезеңдері
2.1 Алғашқы ақша реформасының мазмұны..............................................15
2.2 1993 жылы ақша реформасының ерекшелігі..........................................21
ІІІ. Қазақстан Республикасындағы ұлттық валютаны жетілдіру жолдары
3.1. Ұлттық валютаның шығу тарихы..................................................................24
3.2. Ұлттық валютадағы мәселелерді шешу бағыттары.....................................25
Қорытынды...........................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................29

Работа состоит из  1 файл

Акша реформасы курсовой.doc

— 236.00 Кб (Скачать документ)

Неміс ғалымы Г.Кнаптың ақша теориясында («Ақшаның мемлекттік теориясы») басты мақсат-мұрат анық қалыптасты:

-ақша –мемлекеттік  құқық тәртібінің өнімі, мемлекет билігінің туындысы;

-ақша –бақылау төлем  құралы, яғни мемлекеттік мұратты  төлем күшімен иемденген белгілер;

-ақшаның негізгі қызметі-төлем  құралы. Ол ақшаның мәні белгілердің  материалында емес, олардың қолдануын  реттейтін құқықтық нормаларда, деп жазды.

1929-1933 жж. Экономикалық  дағдарыс кезеңінде номинализм  алтын стандарттан кетуді ақтау  үшін теориялық база ретінде  ары қарай дамуға бет алды.

Мемлекеттік капиталистік монополизмнің идеологы, ағылшын экономисы Дж. Кейнс өзінің «Ақша туралы трактатында» қағаз ақша алтынға қарағанда айналымда ыңғайлы толық құнды төлем құралы болып табылады және олар қоғамның үнемі өркендеуін қамтамасыз етеді- деп жазды. Қағаз ақша алтынды айналымнан ығыстырып, бұл құбылыс ақшаны алтын әсерінен азат етті және дәл осы жайт Кнапп теориясының жеңісі ретінде қарастырылды.

Сонымен,Кейнс номинализмнің  тәжірибиелік мақсаты-алтын стандартты жойып, қазаз ақшаның айналымғаеркін енуін және экономиканы инфляциялық  процесті басқару арқылы реттеуін тәжірибиелік негіздеуінде болды.

Қазіргі таңда номинализм- ақша болмысының мәселесі жөніндегі үстем теориялардың бірі. Осылайша, әйгілі американдық экономист П. Самуэльсон ақша шартты белгілер болып табылады деп есептейді. « Экономика» шығармасында ол: « Тауарлы ақшаның дәуірін қағаз ақша дәуірі ауыстырды. Қағаз ақша ақшаның мәнін, олардың ішкі табиғатын кейіптейді...Ақша- жасанды әлеуметтік шарт» деп жазды.

Номиналистік теорияның  пайымдауынша, қағаз ақша адам еркімен  пайда болды, мемлекетпен жасалды, ал шын мәнінде ақша- металды қатынастардың  белгілі заңдылығы мен айналымның қосымша құралға қажеттілігі туындағаны, бағалы металдарды өңдеу өндірісінң жетімсіздігі нәтижесінде пайда болды.Қағаз ақшаның өлшем мөлшерінің қызметі мен өткіншілігі- мінсіз қатынас құралы ретінде тиімділігіне байланысты болып шықты.

Сонымен, номиналмзм теориясының  сипаты: ақша тауардан ғана пайда болмайды, олардың көп қызметтерінен бас  тарту, ақшаны құн масштабымен теңдестіру, өте оңды сан бірлігі болып  табылыды.  

 

1.3 Ақшаның ерекшеліктері мен атқаратын қызметтері

Ақшаның бірінші қызметі құн өлшемі. Ақшаның көмегімен басқа барлық тауарлардың құнын көрсетуге болады. Осы қызметті ойша нағыз ақшалар атқарады. Кез келген тауардың құнын ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап ету керек емес. Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға деп аталады. Баға сұраным мен ұсынымның әсерінен құнна ауытқуы мүмкін. Сондықтан тауар өз құнына да және сұраным мен ұсынымына да тәуелді.

Тауар құны мен алтын  құнының ерекше мүдделікті байқатады. Сұраным мен ұсыным сай келгенде баға екі мөлшердің арақатынасымен анықталады: тауар құнымен және алтын құнымен.

Егер де тауар бағасы тауар құнына қарайлай өссе, онда алтын  құнның тауар бағасына деген байланысы  кері пропорционалды тәуелділікте болады. Алтын құны көп болса, тауар бағасы төмен болады және керісінше алтынның құны төмен болса, тауар бағасы жоғары болады.

Сөйтіп тауар бағалары негізінен тауардың өз құнына тура пропорционалды және алтын құнына кері процорционалды өзгереді.

Екінші қызметі-айналым  құралы. Осы қызметті ақша қолма-қол  түрінде атқарады, себебі олар нақты тауар айырбасында делдалдық жасайды. Тауарды ешкім сатқысы келмейді, егер оның айырбасталуына нақты ақша ұсынылмаса. Бұл қызметті айналымдағы алтынды алмастыра отырып, ақша белгілері атқарады. Егер айналым шығындары өсіп кетсе және есептеулер баяуласа және де алтынның қоры шашыраса алтын айналымы тиімсіз болар еді. Алтын қоры мемлекет үшін әлемдік ақша резервтік қор ретінде қажет.

Үшінші қызметі –  төлем құралы.  Бұл қызметті тауарды-ақша несиеге сатқан кезде, ақшаны қарызға  бергенде, салықты, жер рентасын, жалақыны, дивидентті, пәтер төлемін және тағы басқаларды төлегенде атқарады.

Ақшасыз есеп айырысу тауар айналымы тұтынысының қолма-қол ақша белгілерін кәдімгідей қысқартады, сөйтіп әлеуметтік-экономикалық салдарға алып барады: кассирлер мен күзетшілер саны, сейфке сұраным, көлік құралдары қысқарады және ақша белгілерін басуға шығындар азаяды. Ең бастысы өзара есептесу процесі жеделдейді, ақша бірлігі тұрақтылығы мығымдала түседі.

Төртінші қызметі-қорлану немесе қазына жасау құралы. Ақша айналысын тоқтатады және жиналады. Сөйтіп,станок, машина жабдықтарды немесе ұзақ мерзімге пайдаланатын тауарларды сатып алу үшін қорланады. Ақшаның қазына түрінде қорлануы әрбір тауар өндірушінің белгілі бір ақша резерві болу қажеттілінен туындайды, сөйтіп өзін нарық кездей соқтығынан сақтандырады. Ақшаның бұл қызметі ақша айналымын реттеу үшін маңызды.

Ақшаның соңғы бесінші қызметі  сол әлемдік ақша түрінде болуы. Әлемдік ақша алтын және өнеркәсібі дамыған елдердегі тұрақты валюта болып табылады. Әлемдік аренада ақшаның айналым құралы емес, төлем құралының рөлі бірінші орында болады. Бұл алдымен халықаралық несиенің дамуымен түсіндіріледі.

Ақша қозғалысы үнемі айналымда  болады. Материалдық және рухани игіліктер  қоғамдық өндірісі тоқтамайды. Күн  сайын адам қандай да бір өнімді тұтынатыны сөзсіз. Ақшаны капитал деп қарастыратын болғандықтан оны қоғам тұтынуды тоқтатпайды.

Нарықтық қатынастарға көшкен кезде  капитал сөзі жиі айтылатын болады, бірақ капитал деп кез келген ақшаны айтуға болады.  Қандай да болмасын, бір капитал өзінің қозғалысын белгілі ақша сомасы түрінде бастайды. Ақшалар өз бетінше капитал бола алмайды. Мысалы, егер ақшалар тауар айырбасын Т-А-Т формуласымен қызмет көрсетсе, онда олар бұл жерде айналым қызметін орындайды.[2,125б].

Егер ақшалардың құнды еселеу құралы ретінде қолданса, яғни алғашқы салынғанға қарағанда көп құн алу үшін болса, онда ақшалар капитал бола алады.

Ақшаның капиталға айналуының басты  шарты- ақша иегерінің нарықта сондай  тауарды табу мүмкіндігі болып, ол жаңаша құнды жасауға қабілетті, одан да көп, өзінің бай тұрғысынан құнды жасайды.

Кез келген кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі көптеген жағдайда басқа  субьектілер мен кәсіпкерлердің қызметіне байланысты болады. Олардың  арасындағы қарым-қатынас, көбінесе, келісім-шарттар негізінде қалыптасады. Мәселен, заңды тұлғаның банкпен қатынасы кредиттік келісім-шарт міндеттемелерінен туындайтын өзара міндеттілікті ұстанады. Жұмыскерлердің құқығын қорғау мақсатымен құрылатын қоғамдық ұйымдар әлеуметтік саланы дамытуға қажетті қосымша шығындарға қол жеткізуі мүмкін. Коммуналдық шаруашылық, көлік және байланыс кәсіпорындарынсыз заңды тұлғалардың қызметін жандандыру, шағын және орташа бизнесті дамыту мүмкін емес.

Мемлекеттік органдар заң актілерінің  негізінде тексерулерді жүзеге асырылуына, заңды тұлғалардың қандай да бір қызметін шектеулеріне немесе соңғыларды мемлекеттік бюджет алдындағы міндеттемелерін орындауға мәжбүрлеулеріне болады. Сонымен бухгалтерлік есеп тараптар арасындағы міндеттемелерге немесе келісім-шарт қатынастарына байланысты шаруашылық операцияларының сипаты мен ауқымын ашуға міндетті.

Мұндай ақпарат алу үшін бухгалтерлік шоттарының Бас жоспарында Міндеттемелер  бөлімінің шоттары қарастырылған. Бұл бөлімнің шарттары шаруашылық жүргізуші  субьектілерінің әр түрлі заңды және жеке тұлғалар міндеттемелері жөніндегі, сондай-ақ оның қызметін қаржыландыруға және мақсаттық шараларға салу үшін алған кредиті мен оның қозғалысы туралы ақпаратты қорытындылайды.[2,121б].

Міндеттемелер әдістемесіне сәйкес есептік кезеңнің салықтық төлемі салық есебі негізінде белгіленеді, оның бухгалтерлік есеп әдісінен аздаған  айырмашылығы бар. Соның нәтижесінде  бухгалтерлік табыс пен салық  салу табысын анықтауда айырмашылықтар пайда болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Қазақстан Республикасындағы ақша реформасы және оны жоспарлау кезеңдері

2.1 Алғашқы ақша реформасының мазмұны

 

Революцияға дейінгі  Қазақстанда жүргізілген 1895-1897 жылдардағы ақша реформалары нәтижесінде алтын монета айналысы бар алтын монометаллизм жүйесі енгізілді. Айналыста алтын, күміс жәнс мыс монеталары жүрді. Негізгі ақша белгілеріне 92% алтынмен қамтамасыз етілген Мемлекеттік банктің несиелік билеттері жатты. Ақша массасының басты бөлігін алтын монеталарға ауыстырылатын айналыс құралдары құрады, сондықтан да оларға деген халықтың сенімі болды.[4,231б].

1917 жылы жазда Уақытша үкімет 20 және 40 рубльдік ақша белгілерін шығарды, олар шынының бетіне жабыстырылған этикеткаларға ұқсас, бұны халық арасында "керенки" деп атады. Несиелік ақшалар мен "керенкилерден" басқа Уақытша үкімет айналыска суррогаттың әр түрін енгізді: мемлекеттік қазынаның қысқа мерзімді міндеттемесі, займ купондары.

Мемлекеттік шығыстарды жабу мақсатында үкімет ірі купюрада қағаз ақшаларды шығарды. Ұсақ ақшалар рөлін чектер, бондар, маркалар және басқа да ақшалай суррогаттар атқарды. Ресейде ақша жүйесінің жалпы құлдырауы басталып, оның Қазақстанға да өзіндік ықпалы болды. Қазан революциясынан кейін ақша айналысының жағдайы біршама нашарлай түсті. Үш жыл ішінде (1913-1920) айналыстағы қағаз акшаларының массасы 48 есеге дейін өсіп кетті. Ақша 10 мың есеге құнсызданды. 1919 жылы алғаш рет кеңестік мемлекеттік билеттер, кейіннен РСФСР-дің есеп айырысу белгілері айналысқа шығарылды. Түркістанда, Солтүсіік Кавказда, Кавказда, Қиыр Шығыста жэне басқа жерлерде жергілікті ақша белгілерін шығаруға рұқсат берілді. Ақша массасы сан алуан түрлі болды. Жергілікті ақша белгілері Жетісуда, Верный қаласында (қазіргі Алматы) шығарылды. Жетісулық несиелік билеттер Мемлекеттік банкте апиынмен сақталған жэне Жетісу облысының барлық байлығымен қамтамасыз етілді. Бұл туралы несиелік билеттердің бет жағында көрсетілген жазу куәландырады. Дүниежүзілік тәжірибеде мұндай жағдайлар болған емес. Жергілікті билік органдарының иелігінде мұндай бағалы дәрілік шикізаттың 275 пуды болды, олар елдің байлығы болып саналды. Бірақ бұлар қаржылық жағдайды нығайта алмады. "Верненск рублі" күн сайын құнсыздана бастады. [1.64 б]

Азамат соғысы мен шетел интервенциясы жағдайында интервенттер, шетелдіктер және ақ гвардия "үкіметі" өздерінің ақшаларын басып шығарды. Олардың бағамдары әртүрлі болды және олар тезірек құнсызданды.

Ақшаның қатты құнсыздануының нәтижесі: шаруашылык қатынастардың натуралдануы мен ақщаның айналыстан шығарылуы болып табылады. 1920 жылдың соңынан бастап "еңбек паегін " ақысыз беру басталды. Келесі жылдары пәтерақы және коммуналдық қызмттер үшін төлем төлеу алынып тасталды. Оқушыларға тегін киім берді. Базарлардың өзінде азық-түліктермен алмасу ақшасыз,яғни кездейсоқ айырбас эквивалент (мысалы, етік жұбы 30 фунт ұнға немесе 1 пұт қара ұнға немесе 3 фунт махоркаға және т.б.) түрінде жүзеге асырылды.

1921 жылдың наурызында болған РКП(б)-ның Х-съезінде жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) қабылданды. Шаруалар өнім салықтарын мемлекетке төлегеннен кейін, артық өнімдерін базарга сатуга мүмкіндік туды. Қала мен ауыл арасында нарықтық қатынас дами бастады. Жеке меншік капиталдың саудаға және ұқсас өнеркәсіпке араласуына жол берілді.

Біртіндеп еңбекақыны ақшамен төлеу  қалпына келтірілді. Егер, 1921 жылдың көктемінде ақшалай еңбекақыны төлеу тек 10% құраса, онда 1923 жылы бірінші тоқсанында, ол - 80%-дан астамын құрады. Бұл ақша реформасының арқасында ғана мүмкін болды.

1921 жылы   қазанда   Ресей   Кеңестік   Федеративтік   Социалисгік 
Республикасында Мемлекеттік банкі үйымдастырылып, ол елдің басты 
эмиссиялық орталығы болып саналды. Мемлекеттік банктің басты міндегі 
ақша реформасын жүргізуге дайындық жасау болды.

Ақша реформасын өткізудің экономикалық алғышарттарына ЖЭС жүргізудің нәтижесіндегі шаруашылық жағдайдың біршама жақсаруы: әртүрлі өнеркәсіп салаларындағы өнімдер көлемінің өсуі, еңбек өнімділігінің артуы, ауыл шаруашылығының басты өнімдерінің өсуі (бидай, мақта) тауар айналымының артуы жатады.[5,231б].

Тауар шаруашылығындағы ақша айналысының бірқалыпты болуының екінші бір алғышарты - бүл ақшаның алтынмен камтамасьп етілуі. 1922 жылдың қаңтары мен 1923 жылдың қаңтары аралығында Мемлекеттік банктің алтын валюта резерві 6,7 млн.-нан 31 млн. рубльге дейін өсті. 1922 жылы сәуірде бағалы металдарды жэне тастарды еркін түрде иеленуге рұқсат берілді, оған дейін халық оларды мемлекетке, тапсыруға міндетті

болатын. Бағалы металдардан жасалған монеталар  мен шстел валюталарын сатып алу мен сатуды Мемлекеттік банктің өзі ғана жүгізуге монополиялық қүқығы болды.

Ақша айналысын қалыпқа келтірудің басты бір қадамына 1922 жылдың мемлекттік ақша белгілерін шығару жатты. Мүндағы 1 рубль бұрын шығарылған 10 мың рубльге теңесті. Ақшаларды қайта есетеу олардың төрт нөлін сызып тастау (деноминациялау әдісі) арқылы жүргізілді.

1922 жылдың   1   мамырынан   бастап,   барлық  есептесулер  жаңа 
ақшалармен жүзеге асты. Айналыстағы ескі ақша белгілерін 1923 жылдың

1 қаңтарына дейін кассаларда қабылдады.

Екінші рет деноминациялау барысында 1923 жылғы үлгідегі 1 рубль

1922 жылы 100 рубльге немесе бұрынғы кеңестік акша белгілерінің бір

миллионына  теңесті. Деноминациялар ақшаны есепке алуды оңайлатты, акша айналысын бір қалыпқа келтіру жөніндегі ұмтылыстардьі куәландырды, әйтсе де, рубльді тұрақтандыру  мүмкін  болмады.  Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы

Информация о работе Ақша реформасы