Қай елде болмасын басқарудың екі деңгейі бар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 14:51, курсовая работа

Описание

Қай елде болмасын басқарудың екі деңгейі бар. Ол мемлекеттік басқару және жергілікті басқару болып бөлінеді. Азаматтық қоғамның қалыптасуы мен демократияның жетілуі билік құзіретін кеңейтумен тікелей байланысты. Сондықтан мемлекеттік басқаруға азаматтардың қатысуын кеңейту және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін арттыру бүгінгі күннің маңызды мәселесі. Қазақстанның қазіргі кездегі дамуы мемлекеттік билікті орталықсыздандыруды, яғни орталықтан жергілікті деңгейді қолдауды қажет етеді.

Работа состоит из  1 файл

курсовая работа.doc

— 244.00 Кб (Скачать документ)

                Мемлекеттік басқарудың тиімділігін  арттыру үшін атқару органдардың да алатын орны  ерекше екендігін Елбасының жыл сайын халыққа Жолдауында оған жеке тоқталып өтуінің өзі дәлелдейді. Оның  2005 жылдың 18 ақпанындағы      Жолдауында  көзделген атқарушы билік реформалауды одан әрі жүргізу мәселелері  жүзеге асып келеді. Атқарушы билік жүйесін орталықсыздандыру бағытында белгілі  бір қадамдардың  жасалғаны  анық,  соның ішінде  әкімдердің сайланбалылығын енгізуге  қажетті жағдайлар  туғызылуда.  2005 жылдың  тамыз айында  сынақ түрінде  облыстарда,  одан кейін кезең-кезеңімен ауылдық округтер, ауылдар, кенттер әкімдерін сайлау басталып,  2007 жылға дейін жалғаса береді.  Осыған байланысты   қазір округ, ауыл (село), кент әкімдерін сайлау жүргізу   туралы Президент қаулысы бар,  ол 2004 жылдың желтоқсанында  күшіне енді. Елбасының Жолдауында  атқарушы  билік  қызметін  жетілдіре беру  арқылы  жергілікті  өзін-өзі басқару  жүйесін  айқындау  жөнінде де ұсыныстар берілген. Ал оның   нәтижесі  жергілікті   басқарудың  дамуына өз ықпалын  тигізеді.

   Жергілікті басқаруды жетілдіру жөнінде мемлекет тарапынан көптеген мәселелер өз шешімін табуда. Мәселен, нақты фактілерге  сүйенер болсақ , әсіресе, ауыл  проблемасына қатысты.  

  Жалпы  ауылда қордаланған проблемаларды  шешуге Елбасы  «Ауыл жылы»  (2002-2005ж.ж) кешенді бағдарламасы  арқылы іске  кіріскені белгілі, осы бағдарламаны  іске асыруға, оның негізгі ұйымдастырушысы , жетекшісі жергілікті атқарушы үкімет -  ауыл әкімі. Бір сөзбен, ауыл әкімі -  негізгі билік иесі. Қазір нарықтық  қатынасқа бейімделген  ауыл әкімдігі бар деп айтудың  өзі қиын. Ауыл әкімін аудан әкімі тағайындайды,  босату да соның   қолында болғандықтан, ол бар мүмкіндігін  пайдаланып жұмыс  істеуге  құлықты емес, соның салдарынан  жұмысының нәтижесіздігіне  қысыла да қоймайды,  оның үстіне  ауылда күнделікті  туындап отыратын  ірілі-ұсақты проблемаларды шешуге  де қауқарсыз,  себебі қаржысы,  көлігі,  салалық мамандары, әкімшілік аппараты, заңдастырылған билігі жоқ.

    Ауылдың негізгі билігі әкім  болғандықтан,  ауылдық  әлеуметтік-экономикалық  әлеуетін көтеруде, Елбасымыздың Үкімет алдына қойған  әлеуметтік ахуалды жақсарту, басқарудың  тиімділігін арттыру, аймақтардың  үйлесімсіздігін еңсеру,  «Ауыл»   жылы бағдарламасын  жүзеге асыру сияқты  міндеттерін    ауылда  тек ауыл әкімінің  басшылығымен  шешілуі керек. Сондықтан да  ауыл әкімдігі құрылымдық  және қызметтік  функция тарапынан  жаңа мазмұнға ие  болуы – қазіргі  өзекті мәселенің  ең негізгісі.  Осы бағыттарда   бірқатар  сауықтыру шараларын  жүргізі қажет. Оның біріншісі-  ауыл әкімшілігін  ірілендіріп, ықшамдау. Ауыл әкімдігін  аудан аймақтары  бойынша  ықшамдап, ірілендіріп қайта құрса, аудан әкімі  билігінің біразы   ауыл әкімдігіне көшеді. Мұнда халық  пен билік  иесі бір-біріне  жақындайды,  әкімшіліктегі  төрешілдік  пен қағазбастылыққа  ұрына бастаған  штаттардан басқару жүйесі арылады,  штат көбейіп, салалық  мамандардың  жұмыс істеуіне мүмкіндік  туады,  ауыл шаруашылығы  нысандары мен фермерлік   шаруашылықтардағы  берекесіздіктерге  жол берілмейтін болады. Ауыл әкімдігін  күшейтудің   бірден-бір жолы  оның  экономикалық негізі – қаржыны  ауылда шоғырландыру. Сонымен бірге,  ауыл әкімінде:

  • Беделді  ауыл ақсақалдарынан, әлеуметтік  мекемелердің басшыларынан,  ауылшаруашылығы  нысандарының жетекшілерінен   қоғамдық негіздегі  ауыл әкімінің   алқасы құрылып, ауыл проблемаларын  осы алқада шешу;
  • Ауылдағы әлеуметтік   мекеме басшыларын  тағайындау және   қызметінен босату ісінде  ауыл әкімінің  келісімін  алу,  пікірі мен ұсыныстарын  орынқтыру. Жалпы   ауылдағы   әлеуметтік саясаттың  дұрыс  жүргізілу  жауапкершілігін  ауыл әкіміне міндеттеу  және осы   арқылы   оның  беделі мен  билігін күшейту  ;
  • Жер,су,орман кодекстері аясында  ауылда  орасан зор  міндеттер  шешілетінін, ауылдың  әлеуметтік-экономикалық  қуатының  күшейетінінен хабардар ету.

 Міне, осындай  құрылымдық  өзгерістерге  ұшыраған ауыл әкімі -  ауылдың   шын мәніндегі  билік иесі, егер  ол материалдық-техникалық  тұрғыдан  қамтамасыз етілген  болса. 

   Жергілікті билікті заң екі  институт  функциясымен  қамтамасыз  етті, олар : мәслихат  және әкім. Нәтижесінде облыс   және аудан  әкімшіліктеріне  өкілеттіктерінің  бөлінісі қандай   екендігі анық  емес. Болмаса,  барлығында,  бірдей өкілеттілік пе? Осы және   көптеген мәселелерге емес  жауап  беру мақсатында  бүгінгі  күні   мемлекеттің   алдына қойып отырған  мәселелер көлемі  ауқымды.  Олардың   қатарында,  ең алдымен  жергілікті өзін-өзі басқару  заңын қабылдау  үшін  орталық   пен жергілікті    жерлердің арасындағы  өкілеттіктердің нақты   ажыратылуы,  бюджетаралық  қатынастардың реттелуі,  жергілікті бюджеттің   табыс көздерінің бекітілуі,  жергілікті  жерлерде өндіргіш  күштердің  сол жердің  ресурстарын  есепке ала отырып орналастыруы  сияқты басты  мәселелер шешімін нақты  табуы  тиіс. Сондықтан жергілікті  деңгейде  осы екі  орган  арасындағы  функциялар мен өкілеттіктерді бөлуді және қай деңгей  қандай мәселелер  бойынша  жауапты  болатындығын  анықтап алу абзал.

   Мәслихат – ол белгілі бір   аумақ  халқымен  сайланатын  орган.

Мәслихатты  сайлау  және оның  пайда болуы  халықаралық  стандарт талаптарына жауап  береді. 2001 жылдың 23  қаңтарында  қабылданып , 2006 жылдың  10 қаңтарында   өзгерістер мен толықтырулар  енгізілген «Жергілікті  мемлекеттік басқару туралы»   заңына сәйкес  мәслихат өкілетті орган ретінде төмендегі    функцияларды орындайды:

  • Аумақтың жоспарын, экономикалық және әлеуметтік   даму бағдарламаларын,  жергілікті бюджетті,  оның атқарылуы  туралы есепті   бекіту;
  • Қоршаған ортаны қорғау  бойынша   бағдарламаларды  бекіту;
  • әкім ұсынған  әкімшілік-аумақтық  бірлікті басқару сызбасын бекіту;
  • әкімнің ұсынысы бойынша  әкімияттың  жеке құрамын  мәслихат сессиясының шешімімен  келісу;
  • атқарушы органдар  жетекшілерінің  есептерін қарау,  мәслихат шешімін  орындамаған ұйымдардың, мемлекеттік басқару органдарының  лауазымды тұлғаларын   жауапкершілікке тарту бойынша тиісті органдарға ұсыныс  беру;
  • ҚР заңдарына   сәйкес  азаматтардың   құқықтары мен  заңды мүдделерін  қамтамасыз ету   өкілеттіктерін  іске асыру;
  • ҚР әкімшілік  құқық  бұзушылық Кодексіне сәйкес  тәртіпті  бекіту;
  • Жергілікті бюджеттің, жоспардың,  экономикалық  және әлеуметтік даму  бағдарламаларының  орындалуына бақылау;
  • Мәслихаттың тұрақты комиссиясын  және басқа да  органдарын құру,  олардың   қызметтерінің  есептерін бекіту
  • Хлықты еңбекпен қамту  және   кедейшілікпен күресу  бағдарламасын бекіту;
  • Ведомствоаралық  сипаттағы мәселелер бойынша әкімият  жанынан  консультациялық  кеңестің жеке  құрамын  әкімнің ұсынысымен  бекіту;
  • ҚР Жер заңдары бойынша жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;
  • ҚР Конституциялық нормаларын, заңдарын, Президенттің актілерін, ҚР Үкіметінің  нормативтік  құқықтық актілерін  орындауға қатысу.

    Мәслихат  өзінің өкілетін  сессияда ( сессия жылына 4 рет өткізіледі) , өзінің тұрақты  комиссиясы, мәслихат  сессиясының төрағасы, депутаттар, мәслихат хатшысы арқылы жүзеге асырады.  Мәслихат сессиясының төрағасы  мен оның хатшысын  сайлайды, олардың есептерін тыңдайды,  тұрақты комиссияны қалыптастырады,  мәслихаттың шығындарын анықтайды, ревизиялық  комиссияның актілерін бекітеді, мәслихат  аппаратының  құрылымын бекітеді.

 Мәслихат  сессиясы ашық түрде жүреді. Сессия  төрағасы  жергілікті атқарушы  органдардың жетекшілерін шақыруға  құқылы. Мәслихат  өзінің мерзімінде  тұрақты  комиссияны құрады, онда  жеті депутаттан  артық болмайды.  Тұрақты комиссия  жылына бір рет  есеп беріп тұрады. Мәслихат  қызметінде  резизиялық комиссияның атқаратын рөлі жоғары. Ревизиялық комиссия  мәслихат   өкілетінің  мерзіміне сайланады, олар жергілікті  бюджеттің орындалуына  бақылау  жасайды. Тексеру нәтижесімен  ревизиялық  комиссия  мәслихат  пен әкімиятты  ақпараттандырады.

    Мәслихат құрылымында   хатшының  атқаратын  рөлі зор,  ол  мәслихаттың  ағымдағы  барлық  жұмыстарын   орындайды. Бұл   лауазымды тұлға,  ол тұрақты   негізде  жұмыс істейді. Мәслихат  хатшысының  тұрақты комиссияның  құрамында болуға  құқығы жоқ. Мәслихат  функциясын   жүзеге асыру үшін  шағын аппарат   құрылады,  оның құрылымы мен  сандық құрамы  орындалатын   жұмыстың  деңгейіне, сипатына, көлеміне байланысты. Мәслихат  аппараты  ұйымдастырушылық, құқықтық,  материалдық-техникалық  және басқа да  мәслихаттың   органдарын  қамтамасыз ету жұмыстарын  жүзеге асырады. Мәслихат  аппараты  жергілікті бюджеттен  қаржыландыратын  мемлекеттік мекеме болып табылады.

        Сонымен қатар,  мәслихатқа берілген  өкілеттіктерде  шешімін  таппаған   тұстары да бар . Біріншіден, облыстық  және аудандық  деңгейлер  арасында  бөлінген  функциялардың  нақты,  түпкілікті   жоқ. Екіншіден,  өкілеттер тізіміне анық емес. Басты өкілет  - әлеуметтік – экономикалық  даму жоспарларын  бекіту. Әрбір  жергілікті   деңгейдегі  атқарушы және  өкілетті органдардың  арасында  функцияларды   бөлуде терең ойлануды талап етеді. Облыстық, республикалық   маңызы бар қалалардың,  астананың  әкімін  республика Президенті  сайлайды,  оның өкілеттілігі  Конституцияның 29- бабымен , ал аудан  әкімдерінің  өкілеттіктері  33-баппен  реттеледі. Бұл деңгейлерде  мынадай  мәселелер  қарастырылады. Облыстық  деңгейде:

    • Кепілдендірілген  медициналық  қызмет көрсету;
    • Ақысыз білім беру;
    • Экологиялық  сараптама;
    • Аудан әкімдерінің жұмысын үйлестіру;
    • Алыс-беріс  бойынша  шешім қабылдау туралы  әр Мәслихат   ұсыныстарын  қарауға  енгізу;
    • Мемлекеттік стандартты  сақтауды  қамтамасыз ету;
    • Мемлекеттік мекемелер мен  олардың   штаттарын  құру.

      Осы  аталғандардың   ішінде   мемлекеттік   билікті   орталықсыздандыру, билік  арасында өкілеттіктерді  бөлуде көптеген  қиындық  туындататын  тұстары  да бар,  мысалы,  экологиялық  сараптаманы  облыстарға   беруге қарсылар бар,  олардың пайымдауынша , мұндай жағдайда  әр облыстан  бір-бір зертхана  ашуға тура келеді,  оның үстіне  кадр мен қаржы ресурстары тапшы. Яғни   экологиялық сараптама республика  деңгейінде болуы тиіс.

          Ал аудан деңгейінде:

      • Жауынгерлікке жазылу, әскери қызметін  өтеуге шақыру, азаматтық  қорғаныс  мәселелері  бойынша  шараларды  ұйымдастыру; тұрғын үй  қорын бөлу;
      • Қоғамдық орындарды  көркейту мәселелерін шешу;
      • Ведомствоаралық  сипаттағы мәселелер   бойынша   консультациялық  кеңес беру органын құру жөнінде   міндеттер бар,  олардың қатары  жұмыссыздықпен   күрес және  атаулы  әлеуметтік көмек беру мәселесімен толығуы мүмкін. Бірақ бұл да екі ұшты  мәселе, себебі,  ауылда жұмыссыздарды қайта даярлайтын  мектеп жоқ,  оны ұйымдастыруға ауыл  халқының ақшасы да жоқ.  Сондықтан жұмыссыздықпен  күрес жоғары  деңгейде қалу  керек деген пікірлер де бар.  Солай болғанына қарамастан,   бірқатар мамандар жергілікті  өзін-өзі басқару институтын енгізсек, аталмыш  проблемалар оңай шешіледі деп  те ұйғарады.

 Берілген  талдау көрсетіп отырғаныңдай,  қазіргі уақытта   жергілікті  басқарудың  негізге  біржақты   қалыптастыру – күрделі іс.

    Коммуналды шаруашылық, тұрғын үй  қоры,  жергілікті жолдар,  аумақты   көркейту  және санитарлық  жағдайлар  мәселелерін  басқару бойынша жергілікті   басқару  органдарының  өкілеттіктері бар.  Жергілікті   басқару  органдарының     заң бойынша екі   топқа қарастырылатындығы  шетелдердің  тәжірибесінен  көруге  болады.  Біреуі сайлау нәтижесінде, ал екіншісі  өкілеттіктерді  табыстау  арқылы  биліктің  ұйғарымымен  қалыптасады.  Жергілікті  құрылымның  басшысының  заңды мәртебесін, оның басқа органдармен қарым-қатынасын анықтау – күрделі мәселелердің бірі. Нақты   фактілерге  жүгінсек,  ауыл әкімдері   жергілікті  халықтан   жасырынып жүрген  іспеттес, оған  бір себеп ол – жергілікті маңызы бар мәселелерді тиянақты,  уақытында шешуге  қаржының  жетіспеуі.  Жер және мүлік   салығы  100%  жергілікті бюджетке  берілгенімен жергілікті проблемалар  толығымен шешіліп   отырған жоқ. 

    Қазақстан Республикасының  жергілікті  мемлекеттік  басқару типтік  құрылымы Үкіметтің  2004 жылғы  4 қазанындағы  №1022 Қаулысымен  бекітіліп, 2006 жылдың  1 қаңтарынан  күшіне енді. Оның құрылымы  төмендегідей:

  Облыстық  әкімият:

    1. Облыс әкімінің аппараты
    2. Сәулет  және  құрылысы  департаменті (басқарма)
    3. Ішкі саясат  департаменті (басқарма)
    4. Мемлекеттік  сәулет-құрылыс бақылау департаменті (басқарма)
    5. Мемлекеттік  санитарлық-эпидемиологиялық  қадағалау департаменті (басқарма)
    6. Денсаулық сақтау  департаменті (басқарма)
    7. Еңбекпен қамту  реттеу және әлеуметтік   бағдарламалары  департаменті (басқарма)
    8. Мәдениет  департаменті (басқарма)
    9. Азаматтық қорғаныс,  жұмылдыру жұмыстарына дайындық, авариялық  және табиғи апаттарды алдын ала ескерту департаменті (басқарма)
    10. Білім беру департаменті (басқарма)
    11. Жүргіншілер көлігі және автокөлік жолдары департаменті (басқарма)
    12. Кәсіпкерлік   және  өнеркәсіп  департаменті (басқарма)
    13. Табиғи ресурстар  және  табиғатты  пайдалануды реттеу департаменті (басқарма)
    14. Ауыл  шаруашылығы департаменті (басқарма).Құрылыс департаменті (басқарма)
    15. Қаржы департаменті (басқарма)
    16. Экономика  және бюджетті  жоспарлау департаменті (басқарма)
    17. Архив  және  құжаттау  басқармасы (бөлім)
    18. Жер қатынастары басқармасы
    19. Тілді дамыту  басқармасы
    20. Дене шынықтыру  және  спорт басқармасы (бөлім). Тариф   бойынша басқарма (бөлім).
 

    2.Республикалық  маңызы бар қала, астана әкімияты 

    2.1.Республикалық  маңызы  бар  қала, астана  қалаларының   әкімі аппараты

    2.2.  «Астана – жаңа қала» еркін  экономикалық зонасын  әкімшілігі  департаменті (басқарма)

    2.3.  Сәулет және құрылыс департаменті (басқарма)

    2.4. Ішкі  саясат  департаменті (басқарма)

    2.5.Мемлекеттік   сәулет- құрылыс бақылау  департаменті (басқарма)

    2.6. Мемлекеттік-санитарлық  эпидемиологиялық  қадағалау департаменті (басқарма)

Информация о работе Қай елде болмасын басқарудың екі деңгейі бар