«Темірбанк» АҚ-ның меншікті капиталының жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 19:30, курсовая работа

Описание

Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын және тағы басқа шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капиталдың есебінен банкте қажетті резервтер құрылады. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.

Содержание

Кіріспе ………………………………………………………………………
I Бөлім. Банктердің меншікті қаражаттары және олардың қызметтері
1.1. Банктің меншікті капиталының құрылымы………..................
1.2. Банктің меншікті капиталы мен оның қызметі және жарғылық капиталының құру тәртібі......................................................
1.3. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі..........................
II Бөлім. «Темірбанк» АҚ-ның меншікті капиталының құрлымы
2.1 «Темірбанк» АҚ-ның қалыптасу және даму тарихы
2.2 «Темірбанк» АҚ-ның атқаратын қызметтері және жүргізетін операциялары
2.4 «Темірбанк» АҚ-ның меншікті капиталының құрлымы
III Бөлім. «Темірбанк» АҚ-ның меншікті капиталының жетілдіру жолдары
Қорытынды ..................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер .................................................

Работа состоит из  1 файл

Ризза кур.doc

— 229.00 Кб (Скачать документ)

    Темірбанк жеке тұлғалар үшін мынадай қызмет түрлері мен өнімдерді ұсынады:

    - Несилер

    - Салымдар

    - Ақша аударымдары

    - Төлем карточкалары

    - Тұрғындардың төлемі

    - Жол чектері

    - Сейфте сақтау

    - Шоттармен жүргізілетін операциялар

    - Валюта айырбастау операциялар

    “Темірбанк” тұтынушылық несиелендіру бағдарламалары – бұл сіздің проблемаларыңызды  шешудің ыңғайлы жолы және халықтың тұтыну тауарларын несиеге алу, әртүрлі қызметтердің ақысын төлеу, тұрғын үй, автокөлік және – өзге де құралдарды сатып алу үшін қажетті соманы оперативті түрде беру. Бұл үшін банкке көп құжат өткізудің қажеті жоқ, берілген құжаттар мұқият қаралған соң әрбір клиенттің өтініші бойынша шешім қабылданады.

    “ Темірбанк ” тұтынушылық несиелері  – бұл ұзақ уақыт бойы ақша жинамай-ақ, өзіңіздің қалаған затыңызға  жылдам қол жеткізуге мүмкіндік  беретін қолайлы ұсыныс.

    Қызмет  көрсетудің артықшылықтары:

  • Қаржыландыру құнының төмендігі. Банк кешенді несиелендірудің әртүрлі схемаларын пайдалана отырып, клиенттердің пайыздық шығындарын тиімді жасауға ықпал етеді.
  • Пайыздық мөлшерлемелерді төмендету мүмкіндігі. Несие операциялары бойынша мөлшерлемелер рынок жағдайындағы өзгерістерге сәйкес белгіленеді және түзетіледі, сондай-ақ банк пен клиенттер арасындағы ынтымақтастықтың берік орнауына қарай төмендетілуі мүмкін.
  • Несиелендіру мерзімін ұзарту мүмкіндігі. Несие желілері аясында жобаларды қаржыландыру тек төмен пайыздық мөлшерлемелерді қолдануға ғана емес, сондай-ақ несиелендіру мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді. Несие алуға берілген өтініштер жедел түрде қаралады. Банк қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін бар күшін салады, осының нәтижесінде жобаны сараптау жұмыстары тез арада жүзеге асырылады.
  • Несие алуға берілген өтініштер жедел түрде қаралады.
  • Банк қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін бар күшін салады, осының нәтижесінде жобаны сараптау жұмыстары тез арада жүзеге асырылады.
  • Аймақтарды қаржыландыру.

    Біздің  банкіміздің қызметтерін Республиканың барлық облыс орталықтарында пайдалануға болады. Банктің бүкіл Қазақстан бойынша тармақталған аймақтық филиалдары мен есеп айырысу-кассалық бөлімдері (ЕКБ), сондай-ақ шет елдерде де бірқатар өкілдіктері бар.

    Карточкалық ақша аударымдары:

    - Банкомат арқылы аударымдар жасау

    Банктік төлем карточкасы – бұл қолданушыға  төлемдерді жүзеге асыруға, қолма-қол  ақша алуға, валюта айырбастауға және осы карточканы шығарған банкпен  белгіленген басқа да операцияларды  оның талаптары бойынша жүргізуге мүмкіндік беретін электрондық немесе басқа жабдықтар арқылы ақшаға рұқсат беру құралы. Төлем карточкаларын қолдану аумағы жыл сайын өсіп келеді.

    Төлем карточкалары қазіргі заманғы төлем  құралдары саласында болашағы зор  бағыттардың бірі болып табылады. Қолма-қол ақшамен салыстырғанда төлем карточкаларының толып жатқан мүмкіндіктері мен артықшылықтары бар, қазірдің өзінде 3 млн. қазақстандық, оның ішінде студенттер мен зейнеткерлер, жеке кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлер, қарапайым жұмысшылар мен компания басшылары, төлем карточкаларын пайдаланады. Қазіргі таңда Қазақстанда әр түрлі топтағы 3,14 млн. төлем карточкасы айналыста жүр.

    Төлем карточкаларының қолма-қол ақшадан  артықшылығы

  • Ыңғайлылығы және қауіпсіздігі - өзіңмен бірге қолма-қол ақша алып жүрмей, кез-келген тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін санаулы секундтарда-ақ төлем жасауға болады. Егер карточканы жоғалтып алған немесе ұрлатып алған жағдайда ақшаңыз қауіпсіз жерде, сіздің есеп-шотыңызда сақталынып тұрады. Каточкада магнитті жолақ жүргізілген, бұл карт-шот бойынша кодталған ақпаратты сақтайды. Каточканы арнайы ПИН-кодын білетін карточканың иесі ғана қолдана алады.
  • Карт-шотқа келісімзіс қол жеткізуге мүмкіндік болмау үшін қауіпсіздіктің жоғарғы деңгейі.
  • Дүние жүзі бойынша қолма-қол ақша алуда және ақша аударымы кезіндегі жеделдік пен құпиялылық.
  • Халықаралық каточкалар арқылы Интернет желісінде сауда жасау.

    Темірбанк карточкаларының мүмкіндіктері:

  • Қазақстан Республикасының аумағында немесе одан тыс жерлерде болсын тәулік бойы карт-шотқа қол жеткізе алу, сондай-ақ өзі тұрған елдің валютасында қолма-қол ақша алу мүмкіндігі;
  • Карт-шот валютасын басқа валютаға айырбастау мүмкіндігімен қоса карт-шотты теңгеде, АҚШ долларында және еурода жүргізу;
  • Карт-шотты өз бетінше, сондай-ақ үшінші тұлғалардың (туыстардың, достардың) толықтыру мүмкіндігі;
  • Төлем карточкасы бойынша несие алу мүмкіндігі;
  • Сізге қолайлы нысанда карт-шот бойынша көшірме алу (электрондық пошта бойынша, қолма-қол түрде, Интернет-банкинг арқылы, банкоматтар арқылы шағын көшірмелер алу);
  • Банкоматтар арқылы ұялы байланыс пен кабельді телевидение қызметтерінің ақысын төлеу;
  • Несие бойынша берешек сомасын, ұялы байланыс, кабельді телевидение және т.б. қызметтер ақысын автоматты түрде карт-шот есебінен ризалықсыз шығару бағдарламасына қатысу;
  • Интернет-банкинг арқылы карт-шотпен қашықтықта жүргізу;
  • Карточка бойынша жүргізілген операциялар туралы SMS-хабарламалар алу;
  • Көрсетілген қазметтер мен тауарлар үшін төлем карталарымен есептескенде арнайы жеңілдіктерге ие болу;
  • Төлем карточкалары арқылы өткізілетін арнайы бағдарламалар мен акцияларға қатысу мүмкіндігіне ие болу;

    Төлем карточкаларын қолдану аумағы жыл  сайын өсіп келеді. 
"Темірбанкі» АҚ қашан да алдыңғы қатарлы технологияларды қолдануға тырысады және өзінің төлем карточкаларының мүмкіндіктері аумағын кеңейтіп отырады.

    Банктің әртүрлі дәрежедегі тұрғындарға, заңды  тұлғаларға, сондай-ақ, банктің жақтаушыларына ұсынатын қызмет түрлері, карточкалардың ауқымды спекторы және жеке қызметі, сенімді, сапалы қызмет көрсету түрлері – осының барлығы банк таңдауда талас туғызбайтын дәлелдер.

      Бірақ аса жоғары кірістің  екінші жағы да болатындықтан  қор рыногындағы инвестициялар  аса жоғары тәуекелмен байланысты. Қор рыногында сәтті инвестиция  үшін тәжірибе қажет, теориялық  және практикалық білім, бағдарламалық және техникалық жабдықтандыру, талдау үшін қажет болатын толық және нақты ақпараттарды иелену керек. Аталмыш ресурстар қор рыногында кәсіби жұмыс істеп жатқан компанияларға ғана тиісті.

    Шот ашу – тегін. Банк клиенттен операцияларын жүзеге асыру және қызмет көрсету үшін банктің тарифтеріне сәйкес комиссиялық сыйақыны өндіріп алады.

    Банк  шот бойынша төмендегі операцияларды  жүзеге асыра отырып, банк қызметінің мынадай түрлерін көрсетеді:

  • Клиенттің шотына оның басқа шоттарынан, сондай-ақ ҚР резиденттерінің
  • немесе резидент емес тұлғаларының шоттарынан қолма-қол немесе қолма-қолсыз түрде теңгеде және/немесе шетел валютасында түсетін ақшаны есептейді;
  • Клиенттің шотынан оның нұсқауы бойынша басқа шоттарына, сондай-ақ басқа ҚР резиденттерінің немесе резидент емес тұлғаларының шоттарына теңгеде және/немесе шетел валютасында төлемдер жасайды және ақша аударады. Клиенттің шотынан төлемдер және ақша аударымдар тек оның тапсырысы бойынша, немесе клиенттің нотариалды түрде расталған тиісті сенімхатымен келген үшінші тұлғаның тапсырысы бойынша ғана жасалады;
  • Клиентке оның шотынан теңгеде және/немесе шетел валютасында қолма-қол ақша береді. Үшінші тұлғаларға - ҚР резиденттеріне немесе резидент емес тұлғаларына теңгеде және/немесе шетел валютасында қолма-қол ақша шоттан тек клиенттің нотариалды түрде расталған тиісті сенімхаты негізінде ғана беріледі;
  • Клиенттің шотындағы қаржысы бойынша жүргізілетін барлық шығын операцияларды банк шоттағы қаржының көлеміне қарай жүзеге асырады;
  • Шот бойынша көшірмелер тек клиенттің талабымен беріледі;
  • Қолма-қол және қолма-қолсыз валютаны сатып алу/сату операциялары клиенттің өтініші бойынша оның шотындағы соманың көлеміне қарай жасалады.

    Ағымдағы  шотты ашу үшін жеке тұлғаға қажетті  құжаттар:

  • Жеке басын растайтын құжат (төлқұжат, жеке куәлік);
  • ҚР салықтық есебінде тұрған фактісін растайтын құжат (СТН куәлігі);

    Шетелдік  азаматтардың және ҚР-да тұрақты тұрып  жатқан азаматтығы жоқ тұлғалардың  жеке басын растайтын құжаттар:

  • Азаматтығы бар елдің төлқұжаты
  • Шетел азаматының ҚР-да тұруына рұқсат қағаз
  • Азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі

    Валюта  айырбастау операциялары – шетел  валютасын айырбастау, сату, сатып  алу операциялары негізінде жүргізіледі.

    «Темірбанкі»  АҚ валюта айырбастау операциялары –  бұл ұлттық валютаны шетел валютасына қолма-қол және қолма-қолсыз айырбастау немесе керісінше әрекетте жүзеге асырылатын жедел және тиімді шешімдер.

    Банктің акша айырбастау пунктері арқылы жүргізілетін айырбастау операцияларының ерекшеліктері:

  • Шетел валютасын сату және сатып алуда тиімді бағамдар;
  • Төленбейтін шетел валютасын сатып алу;
  • Тозығы жеткен шетел валюталарын инкассоға қабылдау (USD и EURO);
  • Эмиссиялық шетел валютасымен жұмыс істеу;
  • Қомақты соманы иелену мүмкіндігі;
  • Айырбасталатын валютаның сомасын шектемей анықтама-сертификат беру;
  • Арнайы бағам бойынша валютаны жоспарлы мәміле бойынша иелену. Яғни, Сіз алдын-ала белгілі сомадағы валютаға тапсырыс бересіз (мин. 20 000 АҚШ доллары немесе өзге валюта баламасында) және арнайы бағада сатып аласыз немесе сатасыз.
  • Шетел валютасының қолдан жасалмағандығын тексеру.

    Тиімді  баға белгіленімдерімен валюта айырбастау операцияларын жүзеге асырып, Сіздерге валюта бағамы рыногындағы бағамның ауытқуына назар аудармауыңызға мүмкіндік жасайды.  

    1.   «Темірбанк» АҚ-ның меншікті капиталының құрлымы
 

    Бантік    тәжірибеде   барлық   тартылатын   қаражаттарды   жинақтау тәсілдеріне   байланысты    үлкен    екі    топқа   бөлінеді:

    -депозиттік   қаражаттар;

    -депозиттік  емес   тартылған   қаражаттар.

           Депозит - бұл  клиенттердің   банктегі   белгілі  бір шотқа салған және өздері   пайдалана   алатын    қаражаттары.

    Депозиттік  емес- тартылған   қаражаттар   бұл   банктің  алған   қарыздары  түрінде   немесе    өздерінің   меншікті    бағалы    қағаздарын   сату    жолымен тарататын      қаражаттары. Төмендегі кестеден «Темірбанк» АҚ-ның балансына құрылымдық талдау берілген. Мұнда банк балансының пассив операцияларына баға берілген.

    Жоғарыдағы  мәліметтерді көріп отырғанымыздай пассивті операциялары көрсетілген. Бұл  көрсеткіште өткен жылмен салыстырғанда, есеп беру жылының жалпы сомасы 38849095 мың теңгеге (294933908-333783003) кеміген. Оның жағымсыз көрсеткіштеріне, яғни зиян шеккен көрсеткіштері мыналар: несие мекемелернің қаражаттары 37256567 мың теңге; Шығарылған борышкерлік құнды қағаздар 109620015 мың теңге; Туынды қаржы құралдары -148280мың теңге; өзге де міндеттемелер 316015 мың теңгеге кеміген.      Сонымен қатар пайда әкелген көрсеткіштер, олар  ҚР Үкіметі мен ҚР ҰБ қаражаттары 19582 мың теңгеге өскен, 138,9% құрады.

    Сондай-ақ, Жарғылық капиталдағы мәнді өткен жылмен салыстыра отырып екі жылдың көрсеткіші бірдей екенін көреміз, өсу қарқыны 100% құрады, бұл банктің қызмет көрсету саласынан дамуын көрсетеді. Сол сияқты қарапайым акциялар мен артықшылықты акцияларда 2010 жылды 2009жылмен салыстырғанда екі жылдың көрсеткіші тең; 100% құрады. Ал бөлінбеген пайда 3653479 мың теңгеге зиян шеккен. Жалпы екі жылды салыстырғанда 3653479 мың теңгеге кеміген.

    Капитал мен міндеттемелердің барлығы 2009 жылды 2010 жылмен салыстырғанда 2008 жылы 38849095 мың теңгеге кемігенін көреміз.

    Банктегі  клиенттердің қаражаттары өткен  жылмен салыстырғанда екі жарым  есеге дейін өскен. Бұл банктің  басқа банктерге қарағанда сенімділігі  жоғары екендігінің белгісі. Банктің  шығарылған борыштық бағалы қағаздары  өткен жылған қарағанда есеп беру жылы бес есеге дейін өскен. Талданып отырған банктің несие мекемелерінің қаражаттары өткен жылға қарағанда екі есеге дейін кеміген. Бұдан банктің несие тәуекелі төменгі мөлшерде екендігін көрсетеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    III Бөлім. «Темірбанк» АҚ-ның меншікті капиталының жетілдіру жолдары 

Информация о работе «Темірбанк» АҚ-ның меншікті капиталының жетілдіру жолдары