ҚР-ның ақша айналысын реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 08:13, курсовая работа

Описание

Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның жаратылысының зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғы шарттарын туғызады. Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі.

Содержание

Кіріспе ................................................................................................................ ....

I. Ақша және ақша жүйесі ұғымдары
1.1.Ақша ұғымы және оның пайда болуы, түрлері, қызметтері.................
1.2.Ақша жүйесі және оның элементтері......................................................
1.3.Ақша жүйесінің типтері:металл ақша айнылысы мен несие және қағаз ақша айналысы............................................................................................
ІІ. ҚР-ның ақша жүйесі
2.1. ҚР-да ақша жүйесінің қалыптасуы мен бүгінгі таңдағы жағдайы...........
2.2. ҚР-ғы ақша айналымы және ақша агрегаттары..........................................
2.3. ҚР-ғы ақша айналымының бұзылуы............................................................
III. ҚР-ның ақша айналысын реттеу
3.1. ҚР-ның ақша реформалары........................................................................
3.2. ҚР Ұлттық банкінің ақша-несиелік реттеу саясаты................................
Қорытынды......................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер...............................................................................

Работа состоит из  1 файл

Ақша жүйесі және оның типтері.docx

— 52.30 Кб (Скачать документ)

  Ол  вексельден және қағаз ақшалардан өзара  ажыратылады. Банкнотаның вексельден мынадай айырмашылығы бар:

  мерзімділігіне  қарай, егерде вексель мерзімді қарыздық міндеттеме болса, ал банкнота – мерзімсіз  қарыздық міндеттеме;

  кепілдігіне қарай, вексельді айналысқа жеке кәсіпкерлер шығарады және оның жеке кепілдігі болады, ал банкнотаны қазіргі  кезде орталық банк шығаратындықтан, оған мемлекет кепілдік береді.

  Экономикалық  әдебиетте банкнотаны екі түрге  бөледі: классикалық және жай.

  Классикалық банкнота –  бұл банкнотаның алғашқы  пайда болған формасы ретінде  алтынға еркін алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етілген Орталық  банктің билеті.

  Классикалық банкнотаның қағаз ақшалардан өзіндік  айырмашылығы бар:

  жаратылысына  қарай – қағаз ақшалар ақшаның  айналыс құралы ретіндегі қызметінен туындаса, ал банкнота ақшаның төлем  құралы қызметінен пайда болған;

  эммисиалық  әдісі бойынша – қағаз ақшаларды  айналысқа қазынашылық шығарса, ал банкнотаны Орталық банк шығарады;

  қайтарылуына  қарай – классикалық банкноттар вексель мерзімінің аяқталуына байланысты Орталық банкке қайтарылса, ал қағаз  ақшалар қайтарылмайды, яғни олар айналыста  қала береді;

  ауыстырылуына қарай – классикалық банкноталар  банкке қайтуына байланысты алтынға  немесе күміске ауыстырылып отырса, қағаз ақшалар қашаннан ауыстырылмайтын  болған.

  Банкноталардың  алтынға ауыстырылуы тоқталғаннан бастап, банкнот алтынмен қамтамасыз етілуі қысқарып, оның вексельдік қамтамасыз етілуі де күрт нашарлай түсті, себебі орталық банктің вексельдік портфелі көбірек қазыналық вексельдер мен міндеттемелерге толықты.

  Жай банкнота – бұр қазіргі кездегі  айналысқа шығарылған Орталық банк билеті.

  Олар  металлға алмастырылмайды, тек қана Орталық банктің барлық активтерімен қамтамасыз етіледі. Ендеше қазіргі  айналыста жүрген орталық банктен  шығатын жай банкноталар алтынмен қамтамасыз етілмейді, бірақ олардың  белгілі бір дәрежеде тауарлық немесе несиелік негізі сақталған, сондай-ақ олар қағаз-ақша айналысының заңдылықтарына бағынады.    

  Қазіргі кезде ҚР Ұлттық банкісінің жай банкноталардың эмиссиялануының мынадай үш жолын  бөліп көрсетуге болады:

  шаруашылық  несиелеу жолымен;

  мемлекетті  несиелеу, яғни мемлекеттік қарыздық міндеттемелердің орнына банкроттардың  шығарылуы барысында. Шынында да, еліміз тәуелсіздік алған жылдардың басында экономикадағы тұрақсыздықтың нәтижесінде 1993 – 1998 жж. мұндай көріністің куәсі болдық. Айталық, 1995 – 1996 жылдары бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 5,5%-на дейін жетті, ендеше сол уақыттары республикалық бюджет тапшылығының 80%-ға жуығы Ұлттық банкінің Үкіметке берген несиелері есебінен жабылғаны белгілі. Әрине бұл жолдың теріс жақтары да болды, оның бірі елімізде гиперинфляцияның орын алуы;

  ұлттық  валюта бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету және еліміздің сыртқы қарыздарды өтеу үшін мемлекеттің валюталық  резервтерін арттыру мақсатында айналысқа қосымша ақша эмиссиялау жолымен.

  Чек вексель мен банкнотаға қарағанда  коммерциялық банктердің құрылып, олардағы ағымдық шоттарда бос ақшалай  қаражаттардың жинақталуына байланысты несиелік және айналыс құралы ретінде  біршама кеш пайда болды.

  Алғашқы чектер 1683 жылы Англияда пайда болды.

  Чек – ағымдағы шот иесінің чекті  ұстаушыға белгілі бір ақшалай  соманы төлеу туралы немесе басқа  ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.

  Чектің  мынадай түрлері бар:

  ақшалай чек – банктен қолма-қол ақша алуға арналған төлем құралы;

  ордерлі чек – бір тұлғаның атына толтырылған, бірақ индоссамент бойынша басқа  бір тұлғаға беруге құқық береді;

  мәлімдеуші  чек – чекті мәлімдеушіге ондағы көрсетілген сомасы төленеді;

  есеп  айырылысу чегі – заңды тұлғалар арасында қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылады;

  жол чегі – туристік сапарларға арналған төлем құралы;

  кепілдендірілген  чек – банктің чекте көрсетілген  соманы төлеуге кепілдендіруін сипаттайтын  төлем құралы.

  Чектің  экономикалық жаратылысы мынадай:

  біріншіден, ол банктен нақты ақшаны алуға  қызмет етеді;

  екіншіден; ол айналыс және төлем құралы қызметін атқарады;

  үшіншіден, ол қолма-қолсыз ақшамен есеп айырылысу  құралы.

  Электрондық ақшалар – компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу  құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен  сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.

  Электронды  ақшалар пластикалық карточка формасында болады. Олар екі түрлі болып келеді:

  Дебеттік (төлем) карточка – банкте арнайы карточкалық  қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа  сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер  үшін төлеуге арналған төлем құралы.

  Кредиттік карточка – оның эмитенті менкарточка  иесі арасындағы келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен  қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.

  Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер дебеттік және кредиттік  карточкалардың отандық және халықаралық  түрлерін кеңінен қолдануда. Оларға «Eurocard», «Master Card», «Visa», «ALTYN», «Maestro» және т. б. жатады.

  Қазіргі кезде жалақы алуға арналған дебеттік карточкалар да кеңінен қолдануда. Мұндай карточкалардың шоттары көбіне теңгемен ашылады.

  Несиелік  карточкалар бөлшек сауда айналымында  және қызмет көрсету сферасында қолданылады: банктік, саудаға арналған, бензин сатып  алуға арналған, туризм және ойын-сауық  шараларын төлеуге арналған. Біршама  кеңінен таралған түріне сауда карточкаларын  жатқызуға болады.                   

     Ақшаның қызметтері.   Экономикалық категория ретіндегі ақшаның мәні олардың қызметтерінде көрініс табады, олар ішкі ақшаның негізін және құрамын сипаттайды. Ақша қызметінің әрқайсысы тауарлардың айналымы процесінен шығатын әлеуметтік – экономикалық қатынастардың бірі жағын қарастырады. Қазіргі кездегі экономикалық әдебиетте қызметтердің саны жөнінде әр түрлі пікірлер кездеседі. Батыстың теория ақша қызметінің өте қарапайым және түсінікті үш түрін анықтайды: құн өлшемі, айналыс құралы және жинақтау құралы. Бірақ та басқаларға қарағанда оларды К. Маркс жақсы жүйеледі және суреттеді, ол жоғарыда аталған ақшаның үш қызметімен қатар барлығы тағы екі қызметін анықтады: төлем құралы және әлемдік ақша.                                  Демек, олар қазіргі кездегі және нарықтық экономикадағы ақшаның маңызы мен рөлін өте толық ашады деп есептей отырып, біз 5 қызметін қарастырамыз.                                                      

     Құн өлшемі. Ақшаның алғашқы және негізгі қызметі болып, барлық тауарлар құнының өлшемі қызметі болып табылады, ол тауарлардың балама айырбасымен қамтамасыз етеді. Бірақ та тауарларды салыстырмалы ететін ақша емес, тауарды өндіруге кеткен қоғамдық қажетті адам еңбегі саналады. Барлық тауарлар қажетті еңбек өнімі болып табылады, сондықтан да өзіндік құны бар шынайы ақшалар олардың құнының өлшемі бола алады. Ондай тауар болып алтын есептеледі, оны өндіру үшін құнды туындататын қоғамдық  еңбек шығындалады. Ақша мен тауар салыстыру үшін біртекті базаны иеленуіне байланысты, барлық тауарлар өзара салыстырмалы болады. Ақшалар құн өлшемі қызиетінде идеалды оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанға дейін орындалады. Құнның тауарлық формасының ақшалай формаға айналуы үшін тауарлар бағасын белгіілеу жеткілікті, бұл жағдайда тауарларды өткізу сатып алушыда нақты ақша болған жағдайда ғана жүзеге асады.   Баға – тауарлар құнының ақшалай көрінісі болып табылады. Ол тауарды өндіру мен өткізуге кететін қоғамдық қажетті еңбек шығындарымен анықталады, яғни баға бұл тауардың қоғамдық танылған құны болып табылады.  Тауар бағасы нарықта қалыптасады, тауарларға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе – теңдігі кезінде  ол тауар құнына және ақша құнына тәуелді болады. Нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың тауар бағасына сәйкессіздігіне байланысты оның құны сөзсіз төмендейді. Құндары әр түрлі тауарлардың бағаларын салыстыру үшін оларды бір масштабқа келтіру керек, яғни оларды бірдей ақша бірліктерімен сандық өрнектеу керек.

     Айналыс құралы. Бұл қызметтің маңызын тауар айналымының Т – А – Т классикалық формуласының көмегімен ашуға болады. Бұл жағдайда ақша тауар айналымындағы делдал рөлін атқарады, оның негізі болып айырбас баламасы саналады. Формуладағы тауарлық айналымы екі актіден тұрақты: тауарды сату, яғни оның ақшаға айналуы және тауарды саптып алу, яғни ақшаның тауарға айналуы. Бұл жағдайда ақша айналыс құралы қызметіндегі делдал болып табылады. Ол қызметті орындау үшін ақша үнемі қолда болуы тиіс, яғни бұл қызметті шынайы әрекет етуші ақшалар атқара алады. Егер сатып алушыда ақша болмаса, онда ол тауарды сатып алмайды. Бұл жағдайда ақша басқа тауарды сатып алу үшін қажет болады. Олар тауар сатушының қалтасында жатпайды, сатушылар оларды басқа қажетті тауарды сатып алу үшін қолданады, ақша үнемі айналыста жүреді. Сондықтан бұл жерде ақшаның рөлі өте жылдам және ол бір тауарды екіншісіне айырбастау процесіне қызмет көрсету үшін қажет. Осыған байланысты айналыс құралы ретіндегі ақша үшін олардың құндық құрамы маңызды емес, яғни айналыс құралы ретінде ақша шынайы ақшалық тауардан бөлінуі мүмкін. Осының салдарынан айналыста шынайы толыққұнды ақшалар емес, қағаз ақша белгілері сияқты олардың орынбасарлары болуы мүмкін.

    Төлем құралы. Тауар өндірісі және тауар айналымының дамуы, сонымен бірге кредиттік қатынакстардың дамуы нәтижесінде ақшаның төлем құралы деген тағы бір қызметі туындады. Бұл жағжайжа Т – А – Т айналымы барысында Т – А және А – Т деген екі метафора бөлініп шығады. Ақшаның сатушыға жетуінен гөрі тауар сатып алушының қолына жылдамдық жетеді. Бұл жағдайда тауарды сатушы кредит берушіге, ал сатып алушы – қарыз алушыға айналады. Сату және төлем актінің бөлінуі нәтижесінде ақшалар төлем құралы деген жаңа қызметті орындай бастады. Тауар сатылғаннан кейін, төлем құралдары айналымға түседі. Ақша айналымы процесін бастамайды, оны анықтайды. Сатып алушы тауар үшін ақша төлемейді, міндеттеме төлейді. Сонда тауар крелитке сатылады екен. Төлем міндеттемені өтегеннен кейін жүзеге асады, сәйкесінше, ақшалар сату – сатып алу актін анықтамайды, кредитті жаба отырып, тек қана оны аяқталады. Нәтижесінде тауарларға қатысты  ақшаның салыстырмалы дербес қозғалысы жүзеге асады.

     Жинақтау және қорлану құралы. Төлем құралы ретіндегі ақша қызметінің дамуы ақша қаржылары резервтерін құрудың қажеттілігін, яғни ақшаның жинақтау және қорлану құралы ретіндегі қызметін туындатады. Бірінші актіде тауар сатылады да ақшаға айналады, бұл  жағдайда өз қажеттіліктеріңді қанағаттандырудан жиі бас тартуға тура келеді. Алтын адамдардың көз жауын алады. Сондықтан оны жинақтау мен сақтауға ұмтылады, өйткені бұл қор кез келген қызметті алуға, яғни кез келген уақытта өзінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда ақшалар жинақтау құралы қызметін атқарады. Және олар осы қызметте қоғамдық байлықтың жалпы көрінісі болып саналады. Адамдар өз байлықтарын асыл тастар, өнер туындылары, жылжымалы мүлік, акциялар, облигациялар, банктегі аұша және т.б түрде сақтай алады. Бірақ ақшалар көбінесе осы қызметті орындайды. Өйткені оларға өтімділік тән, өтімді актив төлем құралы ретінде пайдалануға болатын және тіркелген атаулы құны бар актив саналады. Ақшалар төлем құралы ретінде пайдаланылады және олар құн өлшемі қызметін атқарғандықтан, олар әрекет етуші масштаб шеңберінде өзінің жеке тұрақты құнын өзгертпейді.

     Әлемдік ақшалар. Әлемдік ақшалар ақшаның барлық қасиеттерін өзіне жұмылдыра отырып, ол қазыналық және төлем құралы қызметінің тұтастығы арқылы қаша формасының тікелей логикалық жалғасы болып табылады. К.Маркс былай жазған: «Өзінің түсінігі ғана емес, сонымен қатар әрекет әдісімен ақшалар қазына және жаппай төлем құралы ретінде әлемдік нарықта жалпы айырбас құралы, жалпыға ортақ тауар болып табылады». Осыған байланысты әлемдік ақшалардың табиғаты, экономикалық категория ретіндегі маңызы олардың қызметінде айқын көрініс табады, мұндағы ақшаның өзіндік ерекшелігі жаппай интернационалды тауар ретінде көрнеді. Халықаралық төлем құралы ол құнның ұлттық белгілері арқылы және ішкі ақша айналымына ұқсас қалыптасатын құнның айрықша интерноционалдық  белгілері бойынша жүзеге асырылады. 

Информация о работе ҚР-ның ақша айналысын реттеу