Қр ұлттық банкі: оның экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 21:51, дипломная работа

Описание

Дипломдық жұмыс 65 бет көлемінде баяндалып, кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың бірінші бөлімі экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының теориялық негіздеріне арналған. Осы бөлімде экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының шет мемлекеттердегі ерекшеліктері сипатталған.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................
1. Экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының теориялық негіздері
1.1. Экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының мәні
1.2. Экономиканы ақша-несиелік реттеудегі Ұлттық Банктің рөлі
1.3. Дамыған шет елдердегі экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының ерекшеліктері............................................................................
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ЭКОНОМИКАҒА ЫҚПАЛ ЕТУ БАРЫСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1. Ұлттық банктің ақша-несие саясатын іске асыру кезеңдері
2.2. Ұлттық банктің инфляцияны болжау нәтижелері
2.3. Ұлттық банктің валюталық реттеу қызметін талдау
3. ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ЭКОНОМИКАҒА ЫҚПАЛ ЕТУ МЕХАНИЗМДЕРІ МЕН ҚҰРАЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының негізгі бағыттары және 2010 жылға арналған негізгі көрсеткіштерінің болжамы
3.2. Қаржы секторының тұрақтылығын арттырудағы Ұлттық банктің қызметін жетілдіру бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

НАЦ Банк.doc

— 525.00 Кб (Скачать документ)

Қазіргі жағдайда институционалдық форманың кең тараған түрлері мынадай болып келеді:

-         мемлекеттік биліктің атқарушы құрылымын қалыптастыру, оның тікелей міндеті – үкіметтің мақсаттарын жүзеге асыру;

-         мемлекеттік меншік объектілерін құру және қолдау;

-         экономикалық бағдарламалар мен экономикалық болжамдарды дайындау;

-         экономика бойынша зерттеу орталықтарын (әртүрлі меншік формасы бар), экономикалық ақпарат институттарын, сауда-өнеркәсіп палаталарын, әртүрлі экономикалық одақтар мен кеңестерді қолдау;

-         экономика мәселелері бойынша кеңесшілер, консультанттар, сарапшылар кеңесі институттарының қызмет етуін қамтамасыз ету;

-         кәсіпкерлер мен кәсіби одақтарға ақпараттық, құқықтық қолдау және олардың өзарабайланыстарын тиімді ету;

Мемлекеттік шығындар термині қоғамның талаптарын қанағаттандырумен байланысты материалдық игілік пен қызметтерді сатып алуға кететін шығындарды білдіреді. Қаржыларды шығындау саясатының негізгі міндеті жиынтық сұранымға әсер ету болып табылады. Ал мемлекеттік табыстар деп жеке сектордан мемлекетке ағымдағы ақшалай және мүліктік аударымдарды (трансферттер) түсінеміз. Табыстар саясатының алдында тұрған міндеттерді екіге бөлуге болады:

-         қаржы қорын қалыптастыру үшін жинақталған қаржы, оның көмегімен макроэкономикалық тепе-теңдікке әсер ету;

-         ресурстарды алу есебінен реттеуші тиімділікке қол жеткізу.

Мемлекеттік табыстарды шоғырландырудың көптеген формалары мен құралдарі бар. Жалпы қаржы ресуртарын жинаудың салықтық және салықтық емес деп екіге бөлінетіні белгілі. Соңғысына алымдар мен салымдар жатады. Ресурстарды мәжбүрлеп алудың бірден бір жолы ол – салықтар. Ол мемлекеттің ең маңызды табыс көзі. Мәселен, салық көмегімен дамыған елдер (АҚШ, Жапония) 29-30%-дан 50%-ға дейін (Швеция) жалпы ішкі өнімді құрайды [8].

Пайдаланылатын мемлекеттік реттеу құралдарін мынадай топтарға жіктеуге болады:

Заңдық-құқықтық реттеу. Экономикалық жүйенің қызмет етуінің жалпы қағидаларын, ұлттық экономикадағы және дүние жүзіндегі өндірістік, әлеуметтік қатынастардың қызмет етуін анықтайтын заңдардың, олардың механизмдерінің жиынтығы.

Қаржы-несиелік реттеу бюджеттік-салықтық және ақшалай-несиелік реттеу нысандарынан құралады. Бұл реттеуді үкімет макроэкономикалық белсенділікті, жиынтық ұсыныс пен сұраныстың сәйкес тепе-теңдігінің құрылуын реттеу, ынталандыру, ұстап тұру үшін мына құралдар арқылы жүзеге асырады:

- салық саясаты. Үкімет салық қойылымдарын, объектілерін, салық салатын аймақтарды, салық преференциясы мен жеңілдіктерін белгілейді.

Салық арқылы реттеу құралдары салалардың бәсекелестігін ынталандыруға, капиталдың қорлануына қолайлы жағдай жасауға, корпорациялардың әлеуметтік қызметін қолдауға кеңінен пайдаланылады. Осы мақсатта салықты корпорация қызметтерінің түрлеріне қарай пайдалану жөнінде түрлі жеңілдіктер беріледі. Мұндай шараларға мысалы, өндіруші компанияларды (әсіресе мұнай мен газ өнеркәсібінде олардың табиғи қорларының азаюына байланысты) салық арқылы ынталандыру жүйесі жатады. Бұл ережеге сәйкес өндіруші компаниялар пайдалы қазбалар көзінің азаюына және өндіріс жағдайларының қиындауына байланысты салық төлемейді. Салықтық жеңілдіктер беру арқылы мемлекет өндіргіш күштерді аймақтық орналастыруға, инфрақұрылым объектілерін салуға және т. б. айтарлықтай әсер ете алады. Салықты реттеуде мемлекет тек жекелеген шаралар жүргізіп қоймай, сонымен қатар барлық шаруашылық конъюнктураға ықпал етеді. Экономикалық тоқыраудан шығу үшін мемлекет салық салудағы жеңілдіктер беру жолымен күрделі қаржыны ынталандырып, тұтыну мен инвестицияны қолдап, тауарларға жиынтық қоғамдық сұраныстың болуы үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Бүкіл экономикалық коньюнктураны ынталандырудың ірі шараларына мысалы, 80-жылдарда АҚШ үкіметінің басына келген Рейган әкімшілігінің салықтарды едәуір қысқартуы жатады[9]. Бұл бағдарламаның теориялық негізі ретінде американ экономисі А. Лаффердің есебі алынған. Ол салықты азайтудың нәтижесінде мемлекеттің экономикалық өсуі мен табыстың көбеюін дәлелдеді. (Лаффердің қисық сызығы деп аталады). Лаффердің ойынша корпорациялар табысына шектен тыс салық қойылымын көтеру олардың күрделі қаржыға деген ынтасын жояды, ғылыми-техникалық прогресті тежейді, экономикалық өсуді баяулатады, сөйтіп мемлекеттік бюджеттің түсімдеріне кері әсер етеді. Мемлекеттік бюджет пен салық қойылымының арасындағы тәуелділіктің графикалық бейнесі. "Лаффердің қисық сызығы" деп аталады (3-суреттің ордината сызығында салық қойылымдарын, абциссада мемлекеттік бюджетке түсетін салықтық түсімдер (У) бейнеленген).

 

                                  

                                      R

 

 

 

                                     R1

 

 

                   

                                           O                    Y1                                  Y

Сурет 3 - Лаффер қисығы.

 

Салық қойылымдары өскенде мемлекет табысы салық салудың нәтижесінде ұлғаяды. Салықтың қолайлы мөлшері (R1) мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдерді қамтамасыз етеді (Ү1). Салықты одан әрі көбейту еңбек пен кәсіпкерлік ынтасын төмендетіп, 100 пайыздық салық салу мемлекеттік табысты нөлге теңейді, өйткені ешкім де тегін жұмыс істегісі келмейді. Басқаша айтқанда, болашақта шектен тыс салықты азайту қор жинауды, инвестицияны, жұмыспен қамтуды арттырып, жиынтық табыстың көлемін үлғайтады. Нәтижесінде салықтық түсімдердің нәтижелілігі өседі, тапшылық азаяды, инфляция бәсеңдейді. Әрине Лаффердің қисық сызығының тиімділігі тек еркін рынок механизмінің қалыпты жағдайында ғана мүмкін болады. Бұл теорияға сын тұрғысынан терең талдау жасамай, мынаны ғана атап өтеміз. Талас жоқ, салық қойылымдарын жоғарылату немесе төмендету күрделі қаржы динамикасын тежейді, өндірісті ынталандыруға әсер етеді. Жалпы рыноктық экономика жағдайында инвестицияға салық қойылымдарынан басқа да факторлар ықпал етеді. Бұлардың ішіндегі ең бастылары циклдық ерекшеліктер және компания тауарларына сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы, олардың пайдаларының өсуі[10].

- ақша-несие саясаты. Бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі - Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.

Әкімшілдік реттеу әкімшілдік-экономикалық және ұйымдастырушылық-әкімшілдік реттеу нысандарына бөлінеді. Бұл реттеу құралдары үкімет шешімдері, бұйрықтары, үкімдерімен байланысты. Әкімшілдік реттеудің негізгі құралдарына нормативтер, қатаң ережелер жүйесі болып табылады.

Нысандардың әрқайсысы жеке-жеке және түрлі үйлесімде пайдаланылады. Оларды таңдау тек экономикалық жағдайдан емес, сонымен қатар әрбір тарихи даму кезеңіндегі  қоғамның саяси ұйымдасуынан, салт-дәстүрлер мен мақсаттарынан тәуелді болады.        

Тікелей мемлекеттік басқару- жекелеген салаларды, объектілерді толықтай немесе жартылай басқаруды, экономика мен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін салаларды мемлекет тарапынан қолдауды талап етеді. Оған әскери-қорғаныс, энергетикалық (әсіресе атом энергетикасы), қорықтар, ұлттық маңызы бар мәдени-тарихи объектілер, демалыс, емдеу-сауықтыру орындары, қазбалы кен байлықтары, су ресурстары және т.б. мемлекеттік маңызы бар объектілер жатады. Бұл объектілер, әдетте, мемлекеттік немесе муниципалдық меншікте болады.

Мемлекет бағдарламасы мен мемлекеттік тапсырыс арқылы реттеу. Бұл жағдайда мемлекеттік органдар бюджет қаражатының бір бөлігін әлеуметтік, ғылыми бағдарламаға бөледі, фирмалар мен кәсіпорындарға белгілі бір өнім түрлерін өндіруге, әскери өнімдер мен қоғамдық көлікке тапсырыстар береді. Аталған бағыттар мемлекетке қажет өндіріс салаларын белгіленген бағдарлама бойынша дамытады.

Баға арқылы реттеу. Рыноктық экономика жағдайында мемлекет бағаны шектеп, оны өндіріс шығындарынан артық қоюға тыйым салады. Сатушылар шығындарының орнын мемлекеттік бюджет есебінен толтырып отырады. Мұндай тәжірибе дамыған елдердің баршасына тән. Алайда, рыноктық экономикаға өтіп жатқан біздің елімізде бағалар еркіне жіберіліп, оларды ешбір шектеу мен реттеу болмай отыр. Бұл мәселенің де тиімді тетіктерін ойластыру қажет-ақ.

Сыртқы экономикалық қызметті реттеу. Сыртқы экономика, сыртқы экономикалық байланыстар мемлекет тарапынан реттеуді талап етеді. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі оның ішкі шаруашылық қызметін жалғастырады, алайда оның өзіндік ерекшеліктері де бар.

Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметке араласуының негізгі мақсаты елдің экономикалық және саяси мүддесін қорғау. Мемлекеттік реттеу сыртқы сауданы, капиталдың халықаралық қозғалысын, валюта-несие қатынасын, ғылыми-техникалық жетістіктер мен жұмыс күшінің халықаралық қозғалысын қадағалайды[13].

Үкіметтің сыртқы экономикалық саясатының негізгі түрлері белгілі. Олар протекционизм және фритредерство. Протекционизм саясаты - өз өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын, ішкі рыногын шетелдік бәсекеден қорғау. Протекционизмге жоғары кеден бажы, импортты шектеу тән. Фритредерство- еркін сауда саясаты, яғни шетелдік тауарларға әр түрлі шектеулерді алып тастау, төменгі кеден тарифын белгілеу. Мемлекет бұл саясатты уақыты мен орнына қарай реттеп отырады. Реттеудің бұлардан басқа да түрлерін дамытып, жетілдіріп отыру мемлекеттің төл ісі.

 

1.2 Экономиканы ақша-несиелік реттеудегі Ұлттық Банктің рөлі

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қалыптасып отырған практикада жыл сайын алдағы 3 жылға Ақша-кредит саясатының негізгі бағыттарын әзірлеп, оларда инфляция бойынша мақсаттық бағдарлар, сондай-ақ ақша-кредит саясатының оларға қол жеткізу жөніндегі шараларын айқындайды.

Шаруашылық жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі түрі бар:

1.      Рестрикциялық ақша-несие саясаты;

2.      Экспансиялық ақша-несие саясаты.

Рестрикциялық ақша-несие саясаты- екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Экспансиялық ақша-несие саясаты- несие беру көлемін кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету[11].

Ақырғы мақсат:  1) экономиканың өсу; 2) толық жұмысбастылық; 3) бағаны тұрақтандыру; 4) төлем балансын тұрақтандыру.

Аралық мақсат: 1) ақша жиыны; 2) пайыз мөлшерлемесі; 3) айырбас курсы.

Ақша-несие саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады:

- несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;

- міндетті резервтер нормасының өзгеруі;

- есептеу мөлшерлемесінің өзгеруі;

- ашық рыноктағы операциялар.

Ақша-несие құралдарының ерекшеліктері сонда, олардың көмегімен мемлекет тұтас ұсынысқа айырықша ықпал жасауға тырысады. Мұндай жағдайдағы ең белсенді элемент- инвестициялаумен байланысты себептерге ықпал ету. Салыстыру үшін айтар болсақ: қаржылық реттеудің ең белсенді жағы- көбінесе тұтыну игіліктеріне ықпал ету (тікелей және жанама жәрдем ақша арқылы). Дәл осы реттеу механизмінің субъектілері болып орталық банк пен коммерциялық банктер бой көрсетеді. Ақша-несие саясаты шеңберінде орталық банк екі негізгі қызметті орындайды:

1.      Ұлттық экономиканы толыққанды валюталық жүйемен қамтамасыз ету. Бұл жүйе – рынок инфрақұрылымының аса маңызды элементі;

2.      Коммерциялық банктердің несиелік қызметтеріне ықпал жасау (макроэкономикалық саясаттың мүдделері үшін) [12].

Қазақстандағы ақша-несие саясатының негізгі мақсаттарының бірі – жуық кезеңде ұлттық валютаны одан әрі тұрақтандыру болады. Үкімет пен Ұлттық банктің бірлесе күш салуымен айырбас бағамының күрт ауытқуын болдырмау және ішкі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде жұмыс жүргізілетін болады. Республиканың қаржылық жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қолдау үшін ақшалай-несиелік реттеу тетіктерін пайдалану жетілдіріле түспек. Банк жүйелерінің дамуына орай ақша-несие саясатының құралдарын мейлінше белсенді қолдану жоспарлануда: Қазақстанның Ұлттық банкі сыйақы қойылымын бекіту, міндетті резервтердің сараланған мөлшерін реттеу және ашық рынокта операциялар жүргізу. Есептік қойылымға қатысты Ұлттық банктің саясаты тиісінше инфляция деңгейінің динамикасымен және инфляциялық күтуге байланысты өзгеретін нақты көріністегі біркелкі оң қоылымды қолдауға, сондай-ақ, қаржылық рыноктар жағдайларына бағытталатын болады. Ақша-несие саясатының дәстүрлі құралдарын пайдалану, банктік қадағалауды күшейту, қаржылық жаңа құралдарды дамыту, ішкі қаржылық рыноктарды қалыптастыру мен дамыту үшін қолайлы жағдайлар туғызу ішкі жинақтауды көбейтіп және оларды ұтымды орналастыруға ықпал ететін болады. Ақша-несие саясатының қазіргі кезеңдегі тиімділігі Ұлттық банктің саясатына деген сенімділікпен тығыз байланысты.

Ақша-несие саясаты салық-бюджет және сыртқы экономикалық саясатпен ылғи да байланысты болады. Егер де Ұлттық банк тұрақты айналым бағамын ұстап тұруды көздесе, онда дербес, тәуелсіз ішкі ақша саясаты болуы мүмкін емес, өйткені айнымалы бағамды ұстау мақсатындағы әрекеттер, валюталық резервтердің көбеюі және азаюы экономикадағы ақша жиынының өзгеруіне әкеледі. Салық-бюджет және ақша саясаттарын бір-біріне сәйкес келтіру белгілі қиындықтарды тудырады. Егер мемлекет экономиканы мемлекеттік шығындарды көбейту арқылы ынталандырса, онда мұндай іс-әрекеттердің нәтижесі ақша саясатымен байланысты болады

-валюталық саясат- ұлттық валютаның айырбас бағамының жүйесін таңдау, сәйкес нақты және номиналды айырбас бағамын белгілеу, валюталық резервтерді анықтау.

-амортизациялық  саясат- амортизация нормасын, жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарына амортизациялық қор қатынасын белгілеу.

-кедендік саясат- экспорттық-импорттық кедендік алымдар мен квоталарды белгілеу.      

Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ұлттық Банктің ақша-несие саясаты:

Информация о работе Қр ұлттық банкі: оның экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдары