Экономиканы мемлекеттік реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 12:29, курсовая работа

Описание

Экономика қоғам дамуының негізі, ал мемлекет сол қоғмның негізгі буыны болып табылады. Өз кезегінде мемлекет экономиканы реттеуді жүзеге асырады. Экономиканы ретеу қоғамдық даму мен мемлекеттің экономикалық сипатына байланысты әр түрлі деңгейде және әр түрлі әдістер қолданылады.

Содержание

Кіріспе ...............................................................................................................3
1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні маңызы және қызметі...............................................................................................................4
Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттігі.......................................4

1.2 Шығыс Еуропа мен оңтүстiк Шығыс Азия елдерiндегi нарықтық қатынастар дамыту және экономиканы мемлекеттiк реттеу.........................6

2. Қазақстан республикасы үшін экономиканы реттеудің басым бағыттары ......................................................................................................11

Экономиканы салықтық-фискалдық реттеу және оның Қазақстан экономикасы үшін маңыздылығы ...........................................................11

2.2 Нарықтық экономикадағы ақша-несие саясаты және оның Қазақстан экономикасының дамуы үшін маңыздылы ..................................................18
2.3 Қазақстан Республикасының индустриялы-инновациялы саясаты .....24
Қорытынды....................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер..............................................................................33

Работа состоит из  1 файл

ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ.30.doc

— 298.00 Кб (Скачать документ)

     Экономиканың  тиімді дамуы үшін инфляцияның төменгі  деңгейін ұстап тұру және инфляцияның  мақсатты көрсеткіштерін қамтамасыз етуде  инфляцияны таргеттеудің ақша-несие саясатындағы орны ерекше. Инфляция таргеттеу саясаты арқылы экономика дамуында алдағы жылдарға негізгі экономикалық көрсеткіштер мен инфляцияның деңгейін жылдар бойынша белгілейді. Бұл саясатты жүзеге асыруды және толық қадағалап отыруды Ұлттық банк өзінің басты міндетіне айналдырады. Инфляцияны таргеттеу принципіне өту кезінде келесі негізгі қызметтер мен шаралар қолданыс табады:

  • Бағалы қағаздардың алғашқы және қайталама рыноктарының дамуына ықпал ету;
  • Ұлттық банктің бағалы қағаздар портфелін кеңейту;
  • Қаржы нарығының реттеуші құралы болып қайта қаржыландыру пайыз ресми мөлшерлемесін және Ұлттық банктің қысқа ноталарының өтімділігін реттеуші «РЕПО» операцияларын дамыту көзделген;
  • Ұлттық ақша бірлігінің тұрақты деңгейін қамтамасыз ету арқылы экономикада қызмет етуші тұлғаларға тиімді орта қалыптастыру және алдын ала көрсеткіштер арқылы олардың өз қызметтерін жоспарлауға жағдай жасау. 

     Қазақстанның  экономикалық дамуында жағымды тенденцияның сақталуы еліміздің Ұлттық банкінің ақша-несие саясатында жаңа режим  болып табылатын инфляциялық таргеттеуге өтуіне байланысты болып отыр. Қазіргі таңда инфляциялық таргеттеудің негізгі саясаттары мен құралдары, басты себептері мен әдістері қарастырылып бұл режимді Ұлттық банктің қолға алып іске асырып отырғандығын көре аламыз.  Елдің макроэкономиклық тұрақтылығы, қаржы секторының жедел әрі сапалы дамуы, соңғы жылдардағы сыртқы экономикалық жағдайлың жақсаруы Ұлттық банктің жаңа сапалы кезендік дамуына көшуіне себеп болды. Бұл банк стратегиясы ақша-несие саясатиын нақты жүргізуге, осы арқылы коммерциялық банктердің қызметтері мен активтілігін дамытуды және ақша айналысын тұрақтандыруды жолға қоюда.  Ұлттық банктің ақша-несие саясаты инфляцияны минимизациялауға бағытталуды, яғни тек қана ақша агрегаттары мен теңгенің бағамына тәуелді емес, экономикадағы тұрақсыз бағалар болып табылатын ауыл шаруашылығы бағалары, бензин және тұрғын-комуналдық бағаларды қатаң түрде реттеп отыру шаралары болып табылады. 

     Елімізде 2004 жылдан бастап Ұлттық банк ақша-несие  саясатын жүргізу кезінде есептеу  көрсеткіштерін базалық инфляцияның көрсеткіштері негізінде есептей бастады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Басқармасының қаулысына орай базалық инфляцияның есебі екі әдістеме бойынша жүргізіледі және оны Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігі есепке алып отырады. Базалық инфляция есебінің бірінші әдістемесіне сәйкес тұтыну бағалары индексінен (ТБИ) көкеністерге, жанармайға, жеміс-жидектерге және көмірге бағаны алып тастау, ал екінші әдістеме бойынша – ТБИ-ден бағаның ең жоғары өсуін көрсеткен 5 компонентті және бағаның неғұрлым төмендегенін көрсеткен 5 компонентті алып тастау көзделеді. Өткен 2004 жылғы қорытындылар бойынша осы екі әдісті пайдаланып инфляция деңгейін есептеп,  тиісті көрсеткіштерді салыстырғанда 1-ші әдіс бойынша 6,7% және 2-ші әдіс бойынша 5,9% болды. Бұл көрсеткіштер ақша-несие саясатының 2010-2011 жылдарға арналған негізгі бағыттарында негізі қаланған 2011 жылға арналған базалық инфляцияның болжамы осы жылы орташа алғанда 4-6%-ды құрайтынын ескере отырып, 2004 жылы инфляция деңгейі 6,7% болуына байланысты тұтастай алғанда болжанған деңгейден 0,7% шамалы асқандығын байқаймыз.

     Енді  еліміздегі ақша-несие саясатында таргеттеудің іске асқан жылдары бойынша келесі 1-ші кестеден еліміздегі ақша жиынын, ондағы қолма-қол ақшалардың өсу шамасын, ақша массасын және инфляцияның жылдық деңгейінің шамаларын және ақша-несие саясатының жүргізілуіндегі олардың іске асу нәтижелерін зерттей аламыз.   
 
 
 

       1-ші кестеден көретініміздей соңғы жылдардағы ақша агрегаттарының, ақша массасының өсу қарқыны жоғары болғанымен ақша-несие саясатының тиімді жүргізілуі нәтижесінде инфляцияның жылдық деңгейі 2003 және 2004 жылдары 7% деңгейінде тұрақты қалпын сақтауда. Ал биылғы жылғы 11 айдың деректері бойынша инфляция деңгейі ақша-несие саясатының болжаған және белгіленген шамасынан асып кетіп отыр. Қазір инфляция деңгейі шамамен 8% болып, 2005 жылы 4,9%-6,5% болады деп белгіленген инфляциялық таргеттеу көрсеткішінен асып кетіп отыр.

     Өйткені елімізде бұрыннан бері  жүргізіліп келе жатқан саясаттар нәтижесінде экономикаға берілген несиелердің тым артып кетуіне байланысты экономикалық толқуларға алып келе жатыр және елімізде шілде айынан бастап халықтың жалақыларының өсуі, әлемдік рынокта мұнай бағасының рекордтық нәтижеге жетуінен бүгінде инфляция деңгейі 11 айдың ішінде осындай нәтиже берді.  Сондықтан ендігі жерде Ұлттық банктің негізгі және басты міндеттерінің бірі инфляцияны таргеттеуде ең тиімді әдіс болып табылатын Ұлттық банктің қысқа мерзімді қойылымдарын енгізу болып табылады. Яғни, Ұлттық банк өзінің ақша-несие саясатын жүзеге асыруда «қайта қаржыландыру» пайыз қойылымын өсіру арқылы қатаң түрде ретеуді қолға алды.   
 
 
 

2.3 Қазақстан Республикасының индустриялы-инновациялы саясаты 

     Рыноктық  қатынаста бәсекенiң дамуымен экономикада  мемлекеттiң ролi төмендейдi. Бiрақ дамыған елдер тәжiрибесi бойынша тек қана нарықтық принциптер негiзiнде материалдық-техникалық базаның қалыптасуы мүмкiн емес. Елдегi инновациялық даму мемлекеттiң араласуынсыз оң нәтиже бермейдi, сондықтан инновация мен инвестиция мемлекеттiң реттеудiң объектiсi болып табылады. 

     Көптеген  дамушы елдер табиғи ресурстарға  бай бола тұра, тұрақты дамуға қол  жеткізе алмады. Қысқа мерзімде шикізат  экспорты бұл елдердің мемлекеттік  қазынасына табыс әкеліп, тұрғындардың әл-ауқатын көтереді. Алайда, уақыт өте келе жоғары табыс экономиканы құлдыратады, яғни мемлекетті шикізат экспортынан және оның әлемдік рыноктағы жағдайынан тәуелді етіп, шикізатты аз қажет ететін жаңа саланың дамуын ынталандырмайды және шикізаттың күндердің күнінде таусылатынын еске алсақ, бұл мәселенің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз.Дәл осы жағдайдан шығудың бiрақ жолы бар, ол - жоғары технологиялық өндірісті дамыту.

        Қазіргі таңда ел экномикасы  дамуының шешуші факторлары - ғылым  мен инновациялық технологиялар  екеніне күннен-күнге көз жеткізіп келеміз. Бүкіл әлемде озық технология мен техниканы насихаттайтын 1951 ж. Калифорнияда құрылған дүние жүзіндегі ең алғашқы технопарк – АҚШ-тағы “Силикон аңғарының” пайда болуына негіз болды. Өткен ғасырдың 80-жылдары технопарктер тек АҚШ, Еуропада ғана емес, Канада, Сингапур, Австралия, Бразилия, Индия, Қытай, Жапонияда да құрыла бастады.

       Жапондықтар жаңа өнімді ойлап  табу және оны жасап шығару  жылдамдығынан американдықтар мен  еуропалықтарды да басып озады.Жаңа  автокөлік Жапонияда 1 айдан кейін шықса, АҚШ-та –4, Еуропада 2 айдан кейін шығады.Жапондықтар үшін өнімнің сапасын қажетті деңгейге жеткізу үшін 4 ай жеткілікті, ал АҚШ-та бұл көрсеткіш- 11 ай .   

       Ал Қытайда жаңа техника мен  жоғары технологияны өндіріске  енгізумен 1950 ж. құрылған ҒТИП /ғылыми-техникалық индустриалды парктер/ айналысады.Онда технологиялық жетістіктер коммерциялық және өндірістік жағынан қарқынды жылдамдықпен игеріледі.ҒТИП қарамағына әр түрлі саладағы ғылыми орталықтар мен кәсіпорындар кіреді.ҒТИП олардың құрылуына жағдай жасайды, ғылыми зерттеулерін жүргізуге көмектеседі,ақпарат және қаржымен қамтамысыз етілуін қадағалайды,бір сөзбен айтқанда , кәсіпорынға “қолайлы орта” жасайды.Қытай экономикасына үлкен үлес қосып, инновацияны дамытып отырғанын ҒТИП құрамына кіретін кәсіпорын санының өсуінен байқаймыз.1991ж. –2587, 1992 ж. –9678, 1996 ж. –13722, 2000 ж. –20796.  

       Ал Корея Республикасының /Оңтүстік  Корея/ ғылым мен техниканы  соңғы 50 жылда өте қарқынды  дамытты. Екінші дүниежүзілік  соғыстан әлемдегі ең кедей елдердің бірі болып шығып, соғыстан кейінгі зерттеулердің басым бөлігін қорғаныс, ядролық және космостық салаларға бағыттады.Корея Республикасы ғылыми-техникалық саясатын өткен ғасырдың 60-жылдарының ортасында қолға алды. 1967 ж. басты міндеті ғылыми-техникалық саясатты жобалау және жүзеге асыру болып табылатын Ғылым және технология Министрлігі құрылды және Ғылым мен техниканы қолдау туралы Заң қабылдады. Осыдан кейінгі дамуы 5 жылдық кезеңдерге жоспарланған.

       Финляндия 1991 жылға дейін экспортының жартысын КСРО-ға жіберетін. КСРО тарап кеткеннен кейін және 90- жылдардағы экономикалық дағдарыс Финляндия экономикасына да жағымсыз әсер етті.Мысалы, жұмыссыздық деңгейі 1991 ж  3,5%-дан 1993 ж 20%-ға дейін өсіп кетті. Осы келеңсіз жағдайдан шығу үшін Финляндия Үкіметі 1991 ж жаңа экономикалық бағдарлама қабылдады.Оның міндеті- Финляндияны дамыған елдер қатарына қосу.Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатымен Үкімет ұлттық инновациялық жүйені құрды. Оның қызметін тікелей Финляндия Президенті қадағалайды. 

        1990 ж. бүкіл КСРО елдерінің  экономикасында жағымсыз жағдай  қалыптасты. Қазақстанда барлық  салалар дағдарысқа ұшырап, ғылымға  көңіл бөлінбеді, көптеген кәсіпорындар  жұмысын тоқтату, бөлшектену, тіпті  қайта құрылу сияқты құрылымдық  өзгерістерге ұшырады.Мұның бәрінің себебі – нарықтың қатал талабы болды.Тозған құрал-жабдық, шығыны көп икемсіз өндіріс, тиімсіз басқару, сын көтермес қаржылық жағдай және осы сынды мәселелер аяғына шырмауық болып оралды.

       Нарыққа көшу процесі аяқталғаннан кейінгі жылдарда экономиканың жанданып дамуы шикізат (газ, мұнай, металл) сатудан түскен валюталық түсімдерге тікелей байланысты болды. 2000-2002 жылдарда Қазақстанда экономикалық өсу байқалды. Бірақ бұл өсім шикізат сатудан түскен пайда есебінен, яғни “көз бояушылық” екенін түсінген ҚР Үкіметі қырағылық танытып, елдің индустриалды-инновациялық саясатын қолға алды. 2002 ж шілде айында ҚР Президенті Жарлығымен “Инновациялық қызмет" туралы Заң күшіне енді.

       Әрбір ел дүниежүзілік рынокта  өз орнын тауып, үлесінен айрылмауға тырысады. Бұл тікелей инновацияларға қатысты екені мәлім. ХХ ғасырдың 50-60 ж.ж дамыған елдер қолға алған негізгі мәселе де осы болатын. Алайда, мемлекет құқықтық-нормативтік негізін жасап, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырып немесе басқа қаржы ресурстарын жұмылдырып, бағыт бермесе, бұл саланың қарқынды дамуы да екіталай.

      Іс жүзінде ғылыми зерттеулер  мен инновациялық процестерді  мемлекеттік қолдаудың негізгі  кең тараған 3 әдісі бар.

      1. Ғылыми зерттеулерге мемлекеттің тікелей қатысуы;

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ірі  лабораториялар қалыптастыру, нәтижесін  ақысыз түрде көпшілікке ұсыну. Әдетт, бұл лабораториялар қорғаныс, энергетика, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы  мәселелерін шешумен айналысады;

      2. Қайтарымсыз негізде субсидиялар бөлу;

Мемлекеттік емес лабораторияларда іске асырылатын ғылыи зерттеу жұмыстарына қайтарымсыз  негізде мемлекеттік бюджеттен  қаржы бөлінеді.Негізгі қойылатын  шарт- зерттеулер барысы бойынша толық  есеп беру, алынған нәтижені ашық түрде жариялау

      3. Ғылыми-техникалық зерттеулер  мен тәжірибе жүргізуге инвестиция  бөлінген жеке бизнеске салық  жеңілдіктерін ұсыну. 

    Мемлекеттiк  қаржылық қолдау және инновациялық құрылымдарды құру үшiн оған көп мөлшерде қаржы  керек. Осы мәселе қазiр елiмiзде күрделi мәселенiң бiрi болып отыр, сондықтан қаржыландыру, сырттан инвестиция тартуға негiзделген Инвестициялық, Инновациялық қорлар, Даму банкi, экспорттық несиелер мен инвестицияны сақтандыру корпорациясы сияқты даму институттары құрылды.

     Бұл мәселенің шет елдерде қалай шешілетініне назар аударып көрелік.

    Жапонияда инновацияларға II дүниежүзілік соғыстан кейін көп көңіл бөліне бастады.Елде шағын және орта кәсіпорындар бүкіл  экономиканың негізін құрайды.  

    Инновациялар  саласындағы мемлекеттің 2 қызметін атауға болады 

                                                 Мемлекет

  
 

Құқықтық- нормативтік жағынан                             Бюджеттен немесе басқа  

қамтамасыз  етеді                                                     көздерден қаржыландырады 

     Ал  мемелекет инновациялық саясатты солар  арқылы жүргізеді. Шағын кәсіпорындар барлық кәсіпорындардың 99%-н құраса, олардың ЖҰӨ-дегі үлесі 52%- ды құрайды. Мемлекет саясатының шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлікті қолдауының мәні қажетті капитал салымы мен жұмыссыздық туралы деректерді сәйкестендіру болып табылады.

        Мемлекеттік деңгейде кәсіпорындарына мынандай қолдау көрсетеді:

   1. Мамандандырылған мемлекеттік мекемелер (шағын инновациялық кәсірорындарға кеңес беретін комисссиялар, кәсіпорындарды қолдайтын бас басқарма, регионалдық органдар, мемлекеттік даму корпорациясы, шағын инновациялық кәсіпорындар академиясы, шағын инновациялық кәсіпорындардың бүкіл жапондық регионалдық орталық комитеті) жаңадан құрылған шағын кәсіпорындарға көмек көрсетеді.

   2. Қаржылық кепіл беру мен. қаржылық көмек көрсету;

Оны 59 филиалы бар мемлекеттік қаржылық корпорация, 102 филиалы бар ұлттық қаржылық корпорация, 117 филиалы бар  сауда және өндірістік кооперацияның  Орталық банкі, шағын инновациялық кәсіпорындарға арналған кредиттерді сақтандыру ұйымдары жүзеге асырады.

       Шағын және орта бизнесті қолдаудың жапондық жүйесінің негізгі элементі ол құқықтық-нормативтік қамтамасыз ету болып табылады. Оған “Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау” туралы Заңнан бастап “Жаңа қызмет түрін енгізуде туындайтын төтенше жағдайлар” туралы Заңға дейін т.б. заңдар кешнін қамтиды.

Информация о работе Экономиканы мемлекеттік реттеу