Банк жүйесі және даму эволюциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2013 в 20:09, курсовая работа

Описание

Бұл саланың маңыздылығы әлемдік және отандық экономиканың тәжірибесі көрсетіп отырғандай, нарықтық экономикаға өту жағдайында банк жүйесіне көмек көрсету тұрақтандырылған экономикалық өсуге жетуге елеулі нәтижелер береді. Банк жүйесінің дамуы елдегі қаржы нарығының өркендеуіне және Ұлттық бнактің өз саясатын тұрақты қалыпта жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

Содержание

Кіріспе........................................................................................3
I. Банктердің пайда болуы мен дамуы
1.1 Алғашқы банктердің пайда болуы...................................4
1.2 Банктің мәні және оның қызмет ету аясы.......................7
II. Банк жүйесінің мәні, белгілері, типтері
2.1 Банктің экономикадағы рөлі.............................................10
2.2 Қазақстандағы банк жүйесінің даму тарихы...................13
2.3 Банк жүйесінің құрылымы және даму тарихы................15
III. Банк қызметін ұйымдастырудың негіздері
3.1 Банк типтері........................................................................21
3.2 Банк қызметіндегі тәуелділік............................................23
3.3 Банк ісіндегі бәсекелестік.................................................29
Қорытынды...............................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................33

Работа состоит из  1 файл

КУРСТЫ.doc

— 213.00 Кб (Скачать документ)

Банк өзіндік  ерекшеліктері бар кәсіпорын  ретінде материалдық өндіріс  саласындағы өнімдерден көп өзгешелігі бар өнімді өндіреді. Ол тек жай  ғана тауарды емес, ақша және төлем  құралдары түріндегі айрықша  тауарды өндіреді. Қолма-қол ақшаны шығару-бұл банк монополиясы, оны тек банк шығара алады.

Банктің қызмет көрсету саласындағы негізгі  өніміне заттай өндіріс, тұтыну заттары  емес, кредит ұсыну жатады. Әрі-беріден соң кредит қандай да бір соманы білдіріп қоймайды, ол ссудалық пайыз түріде пайда әкелетін пайыз түрінде капитал ретінде анықталады.

Банктің уақытша  пайдаланылмайтын, шоғырланған бос (еркін) ресурстарды ұдайы өндіріс  пайызында өнімді пайдаланады.

Банк өнеркәсіп  және сауда кәсіпорындарының өз өнімінің өзінді ерекшелігімен айрықшаланса да ол мекеме мен ұйымға қарағанда кәсіпорынға ұқсайды, өйткені оның қызметі үлкен деңгейде өндірушілік сипатымен алға шығады.

 Кредит ісі  - банк негізі, бұл оның негізгі  ісі болып табылады. Әрбірден  соң, ол шаруашылық жүргізуші  субъектілердің және жеке тұлғалардың төлем айналымын қолма-қол ақша формасында және қолма-қол ақшасыз формада реттейтін аса ірі кредит институты болып табылады.

Банктің мәні оның құрылымымен тығыз байланысты. Банкке өзіндік ерекшелігі бар кәсіпорын (институт) ретінде жұмыс істеріне мүмкіндік беретін құрылғыны оның құрылымы ретінде ұғуға болады. Бұл мағынада банк құрылғысы төрт міндетті блокты қамтиды. Банк бұл блоктарсыз банк ретінде болмайды әрі дамымайды:

  • банк капиталы сауда және өнеркәсіп капиталынан босаған өзіндік ерекшеліктері бар капитал ретінде, сондай-ақ қарыз формасында артықшылыққа ие капитал ретінде болады әрі ұдайы қозғалыста болады;
  • өз өнімінің сипатымен басқа кәсіпорындар мен институттардың қызметінен айрықшаланатын банк қызметі;
  • банк ісі мен банкті басқару саласында өзіндік ерекшелігі бар жұмыспен айналысатын адамдардың айрықша тобы;
  • банк техникасын, үй ғимаратын байланыс және коммуникация құралын, құрылғыларын, ішкі және сыртқы ақпаратын өндірістік материалдардың белгілі бір түрлерін қамтитын өндірісті блогы.

  Банктің өзіндік ерекшелігіне, оның негіздеріне және банк құрылымына жүргізілген талдаудың негізінде оны қолма-қол ақша формасындағы және қолма қол ақшасыз формадағы төлем айналымын реттеуді жүзеге асыратын кәсіпорын немесе ақша-кредит институты ретінде анықтауға болады.

Банк оның (банк) жүйесінің негізгі элементі болып  табылады. Бұл оның мынадай болуы  керектігін ұйғарады:

  • оған біртұтастың органикалық бөлігі болуға, жалпы ойын ережесі бойынша әрекет етуіне мүмкіндік беретін өзіне ғана тән өзгешелікке ие болуы керек;
  • бірыңғай заң аясында, қоғамның заң нормалары шегінде жұмыс істеуі қажет;
  • өзін-өзі реттеуге, банк жүйесінің басқа элементтеріне өзара әрекеттесуге икемді болуы керек;

Банк теориясының  маңызда мәселесіне оның қызмет ету  аясы туралы мәселе кіреді. Оны банк мәнін талдау барысында пайдаланылатын әдістемелік тәсілдемелердің  көмегімен анықтау керек. Банктің қызмет ету аясы – бұл басқа экономикалық институттарға қарағанда тек банктің өзіне ғана тән қызметі.

 

 

II. Банк жүйесінің мәні, белгілері, типтері;

2.1 Банктың экономикадағы ролі

Банктер несие жүйесiнiң  негiзгi буыны. Себебi банк мемлекетпен  кәсiпорындардың . Акционерлiк Қоғамның және шаруашылық субъектiлердiң халықтың бос ақшасын шоғырландырып iс  жәзiндегi капиталға айналдырады. Осы айтып өткен бағытына байланысты банк төлем есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. операцияны жәргiзедi.

Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі  ұрпаққа банктердің қашан пайда  болғаны туралы ғана емес, сондай ақ олардың қандай операцияларды орындағаны туралы да толық мәліметтер қалдырмаған.

Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банкттер капитализмнің  мануфактура тұсында және ең бастысы  Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуе) ХIV-ХV ғасырларда пайда  болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.

XVI-XVII ғасырларда Венецияда,  Генуеде, Миланда, Амстердамда,  Гамбургте, Нюркбергте саудагер клиентте арасында қолма қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру үшін Жиробанктер құрылды. Жиробанктер өздерінің клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы металдардан жасалан ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздеінің ос ақша қаражаттарын жиробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияарға ссудаға берді.

Ал кейбір мамандар банкті одан да ерте мерзімде феодализм тұсында, пайда болған деп атайды. Олар феодалдық  шаруашылық тұсында банктегі төлемдегі  делдалдық қызметінің қажеттілігінен пайда болғанын айтады /3/.

Дегенмен осы декектерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі мың жылдық тарихы бар екендігін айтуға болады.

Банк италян сөзiнен Bank –  орындық мағынада “Айырбас орындағы-Айырбас  орны” дегендi бiлдiредi. Бұл айырбас  орыны туарлармен сауда жасалатын  алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттермен қалалардың жекелеген тұлғалардың әртүрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі болмағандықтан, олардың сауда саттық барысында әртүрлі формадағы монетаар кедескен. Банктер пайда болар алдын ақша сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әртүрлі елдің ақшаларын айырбастуға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастады. Сөйтіп айырбастаушылар біртінде, банкирлерге айналды,

Біздің түсінігімізше  банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айырбас орындарының  болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол  уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығы ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі. Тарихшылардың пікірінше, б.э.д. 2300 жыл бұрын холдейлердің сауда компаниялары пайда болып, оар өздерінің тікелей қызметтерімен қатар, ссудалар берген. Олар б.э.д. IV ғасырда Ежелгі Грецияда да жасалған. Бір айта кететіні, ежелгі гректер салым қабылдай отырып, белгілі бір ақы төлеу арқылы ақшалар айырбасын жүргізіпи отырған.

Тарихшылардың пайымдауынша алғашқы банктік операцияларды жекелеген тұлғалар және қолында ақшалай қаражаттары бар шіркеу мекемелері жүргізген екен.

Шіркеулер құндылықтарды  сақтайтын ең сенімді орындар  болған. Сол уақыттары елгілі гректің  шіркеулері (Дельфа, Дело, Само, Эфсе) ақша сақтаумен айналысқан. Эфседегі Артемид шіркеуінде кіші Азия жағалауындағы елдердің салымдары, ал Дельфада Аполлон шіркеуіне барлық еуропалық Грецияның бос ақша қаражаттары шоғырланыпты.

Сөйтіп, алғашқы банктер  жинақталған ақша қаражаттарын қозғалыссыз  жатуға болмайтындығын, оарды уақытша пайдалануға беріп, пайда табу қажеттігін түсінеді.

Банктер несиелік оерациялар жүргізумен қатар, салым иелеріне біртіндеп  есеп айырысу қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктегі салым иелерінің  бір шотынан басқа бір шотқа  аудару арқылы жүргізіледі.

Есеп айырысуларды жеңілдету  мақсатында ежелгі банктер өздерінің  банктік билеттерін шығарды. Олар толық  құнды ақшалармен қатар айналыста  жүрді. Алғашы акционерлік банк Ағылшын  банкі 1964 жылы құрылып, үкіметтен банкнота шығаруға құқық алды.

Мұның өзі алғашқы бактердің капитализмнің мануфакиура жағдайында, банкирлер үйлері ретінде пайда блғанын куәландырады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушылардың болуы банктердің пайда болуының тек алғышарттарын ғана сипаттайды.

Анықтамалық басылымдарда банк «ірі несиелік мекеме» ретінде сипатталады. Несиелік істің даму денгейіне байланысты және несие берушілердің несиелік операциялары бір жүйеге айналдыру нәтижесінде жеке несие беруші өзінің несие беуін тоқтатады. Несие теке қана тұтыну мақсатына ғана берілмей, шаруашылық операциялардың қажеттілігін де қанағаттандыра бастайды. Несиелік мәмілелер жасаумен бірге несие беруші өзінің клиентінің тапсырмалары бойынша есеп айырысу және басқа да операцияларды жзеге асырады. Сөйтіп, банктер ақша шаруашылығының осы даму сатысына өте отырып, барлық операцияларды бірдей көрсететін бітұтас орталыққа айналды. Демек, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура сатысынан да бұрын яғни мемлекеттің құрылу кезеңінде пайда болған дегенге негіз бар. Мұндай қатынастардың құл иеленушілік қоғамында болғандықтан тарих куә.

Ежелгі Римде нормалары  болан, ол нормаларға сәйкес б.э.д. III ғ. айырбас ісіне мамандандырылған Римдік банкирлерде кумулияр деп  атады. Оларға несиелік операцияларды  жүргізуге рұқсат етілмеген. Тарихшылардың  айтуынша, Ежелгі Вавилон банктері тек қана несие беріп қана қоймай, сондай ақ жер бөлімшелерін сатып алу сату, және басқа да операцияларды орындаған. Жоғарыдағыларды ескере отырып біз банктердің жалпы операциялары мен қызметтерінің банктедің дамуына тоқталдық. Енді Қазақстанда банктердің дамуына кееті болсақ, Қазақстанда банк жүйесінің дамуы келесі кезеңдерден тұрды:

Бірінші кезең; 1917 ж.мен 1930 жылдар араығында патшалық Ресейден қалған банк жүйесін жаңадан қалыптастыру, бұл кезде әртүрлі меншіктегі банктер мен несие мекемелері қатар қызмет істеді.

Екінші кезең: 1930 жылдар мен 1987 жылдар аралығы елде КСРО Мемлекеттік  банкі әмбебеп қызмет атқарады, яғни ол мемлекеттің Орталық банкі  ретінде эмиссиялау және несие беру қызметімен қоса клиенттерге де қызмет көрсеті.

Үшінші кезең: 1988-1991 жылдар аралығында елде мемлекеттік мамандандырылған банктердің құрылуы, яғни КСРО мемлекеттік  банкі банктердің банкісі ретінде  эмиссиялық, ереже, нұсқау және тағы басқа  қызметтермен шұғылданып, ал маманданған  банктер экономиканың әртүрлі салаларына қызмет көрсетті. Сонымен бірге 1990 жылы басыда кооперативтік әне коммерциялық банктер де құрыла бастады.

 

 

 

2.2 Қазақстандағы банк жүйесінің даму тарихы

 

«Қазақстан  Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» республика Президентінің Жарлығында 1995 жылғы 31 тамыздағы заң күші бар жарлығындағы «Қазақстанда екі денгейлі банк жйесі бар» деліген. Ұлттық банк –мемлекеттің орталық банкі, ол банк жүйесінің жоғарғы (бірінші денгейіндегі) банк. Басқа банктердің барлығы банк жүйесінің төмегі (екінші) денгейіндегі банктер делінген.

Қазіргі кезде  Қазақстан Республикасында нарықтық банк жүйесінде әр түрлі меншік формасындағы банктер мен несие мекемелері қызмет істеуде. Олардың ішінде:

Мемлекеттік банк – үкімет қаулысымен құрылған екінші денгейлі банк, оның жарғылық қорының иеленушісі үкімет. Инвестициялық банк – негізінен тікелей және порфельдік инвестиция тартумен шұғылданатын екінші енгейлі банк. Шетелдер қатысушы банк - орналастырылған акцияларының үштен бiрiнен астамы:

Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны әділет органдарында (тіркеуші органдарда) (бұдан әрі - әділет органдары) банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкілетті органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) лицензиясы болуымен белгiленедi. Банкiнiң ресми мәртебесi жоқ бiрде-бiр заңды тұлға "банк" деп атала алмайды немесе өзiн банк қызметiмен айналысушы ретiнде сипаттай алмайды.

Банк басқармасы тұрған жер (почта бойынша мекен-жайы) банк тұрған жер деп танылады.

Коммерциялық  банктер – кәсіорындармен ұйымдарға, ондай ақ халыққа тікелей және жан жақты кешенді қызмет көрсеттін  банктер. Бұл олардың басқа арнаулы  несие мекемелерінен айырмашылығы. Ал банктік емес несие мекемелерінің банктерден өзгешелігі олар тек кейбір банктік операциялар жүргізумен және кейбір қызмет түрін көрсетумен шұғылданады. Коммерциялық банктердің негізгі мақсаты неғұрлым жоғарғы пайда табу.

Банктің жарғылық қоры оның міндеттемелерін қамтамасыз етіп, банктік опреациялар жүргізудің негізгі көзі олып саналады. Алғашқыда ол (мемлекеттік банкті қоспағанда) акция сату есебінен, немесе құрылтайшылардың жарнасы есебінен қалыптасады. Банктің құрылтайшылары мен акционерлері сатып алған акцияларына тек ақша төлеуге міндетті. Жабық акционерлік қоғам түріндегі банктің акциясын төлеуге оның несиеге алған, кепілге алған және басқа да тартылған қаражатты қолдануға болмайды. Банктің акциясы алғашқы нарықта барлық құрылтайыларға бірдей құнмен, яғни акцияның көрсетілген құнымен сатылады. Жаңадан құрылған банктің оның құрылтайы қаражаттарында жарияланған жарғылық қорының елу процентін акционерлері банк тіркеден өткен кезге дейін, ал тіркеуден өткен кезеңнен басап бір жыл ішінде түгел төлеуі қажет /10/.

Банк өзiнiң  жарғысы бар толық шаруашылық есеп және өзiн-өзi қаржыландыру негiзiнде қызмет жасайтын заңды тұлға болып табылады. Мемлекеттiк банк осы заң бойынша қызмет атқарып жоғарғы кеңесiне есеп бередi. ҚР заңына сай мемлекеттiк банк деп капиталы толығынан әкiмет иелiгiнде немесе акционерлiк капиталдың басым бөлiгi мемлекеттiк құрылтайшылардың акциясы болғанда есептеледi. Коммерциялық банктер ол өздерiнiң акционерлер жиналысында қабылданған жарғысы бойынша қызмет iстейдi. Екіншіден акцияның көрсетілген құнын өсіру жолымен. Банктің жоғары асқаушы органы акционерлердің жалпы жиналысы, оның ағымдағы қызметін банктің басқармасы жүргізеді. Банктің басқарушы қызметкерлері болып, қадағалау кеңесінің төрағасы және оның мүшелері, Басқарманың төрсағасы және оның орынбасарлары, банктің бас бухгалтері және оның орынбасарлары, банк бөлімшесінің бірінші басшысы және басбугалтері мен олардың орыбасарлары саналады. Банктің заңға сәйкес банктің Басқармасының төрағасы және оның орынбасарлары, банк бөлімшесінің бірінші басшысы және бас бухгалтері қызметке Ұлттық банктің келісімімен тағайындалады. әдетте оладың банк үйесіндегі: төраға мен бас бухгалтер үш жылдан кем емес, ал олардың орынбасарлары екі жылдан кем емес қызмет стажы болуы шарт. Осы айтылған қыметкерлер Ұлттық бактің келісімін үш айға дейін алмаса, өз міндеттерін әрі қарай орындауға құқы жоқ.

Информация о работе Банк жүйесі және даму эволюциясы