Қазақстанның депозит нарығы мәселелері және даму перспективалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 14:01, курсовая работа

Описание

Бұл мақсатқа жету үшін келесідей мәселелерді жолға қойдым.
1.депозит нарығының маңызын ашу
2.депозит нарығының елімізде дамыту үшін алғышарттар белгілеу
Курсық жұмысым бойынша алдыма қойған міндетім депозит нарығының еліміздегі қалыптасқан жағдайын ашып көрсету.
Осыған байланысты курсық жұмысымның құрылымы төрт бөлімнен тұрады.
1.Депозит нарығының мәні, депозит нарығың мағынасы мен рөлі.
2.Депозиттік операциялар түрлері
3.Қаржы нарығындағы депозит нарығының рөлі мен орны
4.Қазақстанда депозит нарығының қызмет етуінің ерекшеліктері мен
депозит нарығын дамыту жолдары.

Работа состоит из  1 файл

KURSAVOI.docx

— 48.42 Кб (Скачать документ)

есептегі қаржы;

басқа банктердің корреспонденттік есеп шоттарындағы банктің қаржысы.

        2) Жинақтаушы  салымдар. Бұл салымдар халықпен  жасалатын операцияларды кең  тараған және кішігірім салым  үшін арналған. Сұрағанға дейінгі  салымдардан тек ақшаны төлеу  және алу тәсілдері, пайызды  есептеу кезеңдері бойынша айырмашылығы  бар. Кейде оларға пайыздар  бойынша салықтық жеңілдіктер  беріледі.

Қазақстан банктері ұсынып отырған жинақтаушы депозиттердің  негізгі түрлеріне жинақтаушы кітапшалар, депозиттік есепшоттар жатады.

Жинақтаушы кітапшалардағы есепшоттар пайыздық пайда әкелетін және оны бірден алуға болатын  салым болып табылады.

Қазақстанның депозит  нарығында мынадай жинақтаушы депозиттердің  түрлері ұсынылады:

мерзімді жинақтаушы салымдар, ол бойынша мерзім қойылады және сол  мерзім көлемінде салым алынбайды, осы салым бойынша ең жоғары пайыздық пайда түседі;

мерзімді жинақтаушы салымдар қосымша жарнасымен, ол бойынша салымды  сақтау мерзім көлемінде қосымша  жарна төлеп тұруға болады, осылай салымның көлемі өседі;

жинақтаушы салым қосымша  жарнамен. Бұл есепшотқа үнемі  белгілі бір кезекпен келісім  бойынша анықталған сома төленіп  тұрады және сома бойынша пайыздық төлемдер белгілі бір кезеңде  төленеді;

ағымдағы жинақтаушы салымдар. Ол салымдарда ақша еркін түсіп, еркін  алынады. Олар көбіне пайызсыз және зейнетақы, стипендия, жәрдемақы төлеуге пайдаланылады;

ұтыстық, ақшалы заттай ұтыстық. Үнемі өтіп тұратын лотереядан болатын  ұтыстар;

сыйақылар (премиялар).

3) Мерзімдік салымдар- бұл  нақтыланып белгіленген мерзімге  салынған депозиттер, егер ол  мерзімінен бұрын жабылатын болса  оған айыппұл салынады, оған төленетін  пайыздық сыйақы салым мерзіміне  және көлеміне байланысты. Салым  мерзімі бір айдан бес жылға  дейін, кейде одан да ұзақ  мерзімге созылады. Банктер салымның  осы түріне үлкен қызығушылық  танытады, себебі оның сомасы  тұрақты және ұзақ мерзімді  операцияларда қолдана алады.  Ал салымшыларды одан жоғары  пайыздық пайда табуы қызықтырады. 

           Бұл несие шарты бойынша белгілі көлемде алғашқы жарна төлену керек. Егер осы жарнаны депозит ретінде қабылдаса, онда екі жақты пайда болар еді. Банктен депозиті бар тұлғаға пайызы төмен қызмет көрсету сияқты шараларды қолдану ыңғайлы.

          Қазақстан Республикасында 2000 жылдан кері жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру қоры жұмыс істейді. Соңғы кезде осы қордың сақтандыру сомасын 400 мың теңгеден 600 мың теңгеге дейін өсіруді қарастыруда. Көптеген қаржыгерлердің ойлары әр түрлі болуда. Біреулері дұрыс деп санаса, біреулері қарсы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.Қазақстанда депозит нарығының қызмет етуінің ерекшеліктері

           Қазақстанның депозит нарығының құрылымын институттар тұрғысынан және нарықтың қаржылық құралдары тұрғысынан да көрсетуге болады.

            Институционалдық құрылым – қадағалаудың  реттеуші органдары және шаруашылық  субъектлердің байланысы болып  табылады.

          Депозит нарығының қаржылық институттары  болып өз қызметтерін жүзеге  асыру мақсатында салымдар тартатын  ұйымдар болып табылады.

          Қазақстан Республикасы Ұлттық  Банкі Қазақстан Республикасы  несие жүйесінің жоғарғы буыны  ретінде коммерциялық банктер  және мамандандырылған қаржы  мекемелерінің қызметін реттейді.

       Банктерде тұрғындардың жинағының өсуі, өзіндік тұрақтылық және сенімділік кепілі болып табылатын олардың несиелік қабілеттілігі мен өт  імділігін арта түсіретін маңызды факторлардың бірі болып табылады.

       Қазақстан Республикасында 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке тұ лғалардың салымдарын сақтандыру жүйесі қызмет етуде. Оның орталық органы болып Қазақстанның жеке тұлғаларының салымдарына кепіл беру (сақтандыру) қоры табылады. Ол Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының қаулысына сәйкес екінші деңгейлі банктердің салымшыларының қызығушылығын қорғау мақсатында акционерлік қоғам формасында құрылған. Бұл жүйеге келесі бағыттар бойынша белгілі талаптарға сай коммерциялық банктер жатады. Олар:

халықаралық стандарттарға  өту бойынша  бағдарламаларға  енгізілген;

банктің меншікті капитал  мөлшері бекітілген нормативтерге  сәйкестігі;

қорға өтініш беру уақытына дейін 3 ай ішінде пруденциялық нормативтердің сақталуы;

берілген сұрақ бойынша  Ұлттық банктің ұсынысының болуы (ұсыныс құпия құжат болып табылады және қорға міндетті түрде жіберіледі);

Ұлттық банктің тізіміндегі  халықаралық аудиторлық ұйым мен  бекітілген соңғы жылғы банктің  жылдық қаржылық есеп беру.

Банктің өтініш беруінен кейін  қор Ұлттық банктің ұсынысы негізінде  банктің берген құжаттарын есепке ала  отырып жүйеге енгізу мүмкіндігін талдайды. Қор басқармасының шешімі өтініш берген күнен бастап 1ай мерзімінде қабылдануы тиіс.  

       Еліміздегі қалыптасқан банктердің депозиттік операциялары қазіргі таңда даму үстінде өзімізге белгілі депозит банктердің негізгі ресурс көзі болып табылады. Бұл ресурстардың көбеюі, қосымша несиелік ресурстардың көбеюін қалыптастырады.

            4.1.Депозит нарығын дамыту жолдары

           Депозиттік операциялардың дамуна әсер ететін бірден – бір көрсеткіш, бұл халықтың сенімділік дәрежесін арттыру үшін банктер өз алдына осы бағытта арнайы стартегиялар қабылдау қажет Шетел тәжірибесіне жүгінсек , банктер туралы қарапайым халық толық ақпаратқа ие. Олардың балансын, тартылған қаражаттар көлемін , сыйақы мөлшерін толық бөледі. Ал біздің елде кейбір банктерден басқа банктер өз балансын жарияламайды. Қазіргі таңда кезкелген ел тұрғынынан депозит туралы сұрасақ және қай банкке сенімділігін сұрасақ жауап бере алмайды. Сондықтан осы проблеманы жою үшін банк арнайы маркетингтік зерттеу жүргізіп, үнемі призентациялар, бұқаралық ақпарат құралдары мен сұқпат өткізіп, баспа беттеріне жариялау керек. Ашық ақпарат бар жерде сенімділік те бар.

          Елде депозиттік операциялардың дамуына кедергі жасайтын тағы бір көрсеткіш халықтың әлеуметтік жағдайы. Онсыз да бір айлықтан екінші жалақыға өз шығындарын зорға өтеп отырған халық депозит салуды ойламайды да. Бұл тұрғыдан мемлекеттің және банктердің стратегиясын дамыту қажет. Мемлекет тарапынан айлық көлемін өзгерту, әлеуметтік көмек тағыда басқа. Кемшіліктері бар, бірақ депозиттік операциялардың дамуына ондай көп кедергісін тигізіп жатқан жоқ. Идеалды модельді қазіргі таңда құру өте күделі. Өйткені, қор аз депозиттер, бірақ көп халықпен жұмыс істеуі керек немесе үлкен салымдармен, аз халықпен жұмыс істеуі керек. Оларды бір орталыққа теңестіру өте күрделі. Б.Жамшиевтің айтуынша «Кішігірім депозиттермен, көп халықпен жұмыс істеу оңтайлы нұсқалардың бірі болып табылады».

Болашақта кепілдендіру қорының  дамуы халықаралақ ең жақсы тәжірибе негізінде болады. Банктердің еріксіз  жабылу кезінде тезарада салымдарды қайтару, жүйенің қызмет атқару тәуекелін  минимализациялау, сақтандырылатын  депозиттерінің түрін көбейту.

 

                                               

 

 

 

 

 

                                                   ҚОРЫТЫНДЫ

Дамыған депозит нарығы –  кез келген мемлекеттің, оның ішінде Қазақстанның да ұлттық экономикалық жүйесінің элементі. Сонымен бірге  ол нарықтық механизмнің аса маңызды құрылымдық элементі болып табылады.

Экономикасы дамыған елдерде  депозит  нарығы субьектілерінің  алатын орны ерекше. Себебі, тарихи маманданған  депозит институттарының алғашқы  мекемелері қарыз капиталы нарығындағы  кейбір сұрыптардың қанағаттандыру мақсатында пайда болды.

Кез келген мемлекеттің депозит  нарығының даму деңгейі, менің ойымша, сол елдің нарықтық экономикада  қаншалықты тұрақтап тұра алатыны көрсетеді. Елдің депозит  қаншалықты дамыған  деңгейде болса, со ел соншалықты сенімділікпен  нарықтық экономиканың соқпақтарына төтеп  бере отырып, сол нарықта өмір сүре алады.

Жалпы қорытындылайтын болсақ, курстық жұмыстың бірінші бөлімі толығымен  депозит  нарығының  құрамдас бөліктеріне, соның ішінде депозит нарығының мәні, депозит  нарығының мағынасына көңіл бөлінген.

Курстық жұмыстың екінші бөлімінде  бірінші бөлімде депозиттік операциялардың түрлеріне көңіл бөлінген.

Үшінші бөлім –Қаржы нарығындағы  депозит нарығының алатын орны.

Төртінші қортындылаушы  бөлімде- Қазақстан депозит нарығының  жағдайымен оны дамыту жолдары карастырылған

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                            Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1.  «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы» ҚР-сы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы, 1995 жылғы 30 наурыздағы, №2155;
  2. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» ҚР-сы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы, 1995 ж. 31 тамыздағы №2444;
  3. «ҚР бағалы қағаздар нарығы туралы» заңының ресми мәтіні. Алматы: «Жеті Жарғы», 2004 – 4 б.
  4. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-шi басылым, - Алматы: ИздатМаркет, 2004. – 272 б.
  5. Виноградова Т. Н.  Банковские операции: Учеб.для сред. проф. образования. - Ростов н/Д: Феникс, 2001. -378 с.
  6. Қалғұлова Р.Ж. «Екінші деңгейлі банктегі бухгалтерлік есеп» Алматы 2005 ж.
  7. Миржакыпова С.Т. “Банковский учет в РК” Часть1 г.Алматы, Экономика 2002г.
  8. Көшенова Б.А. Бағалы қағаздар нарығы: Оқу құралы.- Алматы: Экономика, 1999
  9. «Банки Казахстана» журналы №10 2005 жыл
  10. «Қаржы қаражат» журналы №2 2005 жыл
  11. Депозит нарығы  //  Банки Казахстана  - 2007 жыл.  №9-2бет
  12. Депозит  нарығы  //  Банки Казахстана  - 2006 жыл.  №11-4бет  
  13. Депозит  нарығы  //  Банки Казахстана  - 2005 жыл.  №10-16бет
  14. Депозит  нарығы  //  Банки Казахстана  - 2005 жыл.  №12-6 бет  

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ  ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ С.АМАНЖОЛОВ  АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК  УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

Экономика және бизнес факультеті «Қаржы және есеп» кафедрасы «Ақша, несие, банктер» пәні бойынша 

                                               КУРС ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Қазақстанның депозит нарығы мәселелері және даму перспективалар

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: «Қаржы» мамандығының 1курс студенті Мусаканова С.А

Тексерген: «Қаржы және есеп»  кафедрасының аға   оқытушысы, э.ғ.к. Конуспаев Р.Қ. 

 

 

Өскемен, 2012

 

 

 

 Жоспар:

 Кіріспе

  1.Депозит нарығының мәні, депозит нарығың мағынасы мен рөлі.........5    

 2.Депозиттік операциялар түрлері.....................................................................7

  3.Қаржы нарығындағы  депозит нарығының рөлі мен  орны.......................15

  4.Қазақстанда депозит нарығының қызмет етуінің ерекшеліктері...........18

  4.1 Депозит нарығын дамыту жолдары...........................................................19

  Қорытынды

  Қолданылған  әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстанның депозит нарығы мәселелері және даму перспективалар