Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 19:22, курсовая работа

Описание

Бүкіл әлемде көптеген кәсіпкерлер бизнес үшін қажетті мүліктерді меншікке емес, жалға алғанды жөн көреді. Жалгерлік, бірінші кезекте кепіл есебімен (кепілдік, тапсырыс) несиелеу элементтері, дамыған нарық қатынасына тән әр түрлі қаржылық механизмдер және қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар кездесетін келешекті қаржыландырудың арнайы қосымша көзі ретінде енгізіледі.

Содержание

І. Кіріспе....................................................................................................................1
ІІ. Негізгі бөлім
1. Лизинг туралы жалпы түсінік
1.1. Лизингтің шығу тегі...........................................................................................2
1.2. Лизингтің операциялардың негізгі түрлері......................................................3
2. Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесі
2.1. Лизингтік операциялар есебі.............................................................................6
2.2. Лизингтік келісімшарт......................................................................................14

3. Қазақстан Республикасындағы лизингтің сыртқы жағдайы
3.1. Қазақстан Республикасындағы лизингтің даму жолдары.............................15
3.2. Лизингтік қызметтер нарығының сегменттері...............................................15
3.3. Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері.............................................20

ІІІ. Қорытынды.........................................................................................................21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................................................22

Работа состоит из  1 файл

Лизингтік операциялар есебі.doc

— 193.50 Кб (Скачать документ)

    Онымен біздің ойымызша, шағын кәсіпкерлер сегментімен лизингтік қатынастар орнатудың міндетті шарттарының бірі перспективті жобаларды таңдаудың тиімді механизмінің болуы. Осы жерде ең алдымен осы механизмнің міндеттері мен параметрлерін анықтау керек. Яғни, бір жағынан өмірлік қабілеттілігі жоқ жобаларға жол бермеуді, ал екінші жағынан өте қатаң талаптар қою арқылы барлық жобалардың тым қатты сұрыпталуын болдырмауды ескеру қажет. Бұл жерде лизингтік компанияның лизингтік келісімшарттарды бекіту үшін қаралатын жобалар санын тәуекелділіктерді жоғарылатпай көбейтуге, яғни көрсетілген екі талапты біріктіруге мүмкіндіктері болуы қажет.

    Осындай тығырықтан шығудың бір жолы біздің ойымызша, лизингтік қатынастарға әртүрлі ұйымдарды тарту арқылы қаржыландырудың көптеген схемаларын құру. Бүгінгі таңда, лизингтік қатынастарға гарант ретінде мемлекеттік органдарды немесе өмірлік қабілеттілігі неғұрлым жоғары жеткізушілерді тартудың өте үлкен потенциалы бар. Себебі, қазіргі кезде мемлекет экономиканың кейбір нақты салаларын дамытуға үлкен қызығушылық танытып отыр.

    Сонымен бірге, лизингтік компаниялар құрылғыларды тиімді басқаруды ұйымдастыру арқылы өз тәуекелділіктерін төмендете алады. Яғни, лизингтік компания өз қасиетіне тән емес қызметтерді де өзіне жартылай алуы мүмкін. Ол үшін лизингтік компания лизингтік келісімді бекіту үшін қажетті көптеген экономикалық және қаржылық ақпараттарға талдау жүргізу жұмыстарын өзі атқаруы қажет. Себебі, біз жоғарыда айтып кеткеніміздей, көптеген шағын кәсіпорындарда осындай ақпараттарды беру үшін біліктілігі жоғары мамандар аз немесе мүлдем жоқ. Бірақ осындай схема бойынша әрбір жобаны таңдау лизингтік компания үшін де қымбатқа түсетіні белгілі. Сондықтан лизингтік компания өз шығындарын азайту үшін халық шаруашылығының перспективті салалары мен бағыттарын үнемі қадағалап отыру қажет. Содан кейін ол белгілі бір жеткізушіні таңдайды және сол құрылғыларды пайдалану арқылы өндірісті жүргізудің, дамытудың барысын есептейді. Осындай жұмыстар атқарылғаннан кейін лизингтік компания перспективтілігін толық белгілі бір құрылғыларды лизингке беру үшін конкурс жариялауы керек. Лизингтік қатынастар механизмін жетілдірудің бұндай жолын лизингтік компаниялардың қосымша қызметтерін дамыту стратегиясы деп те атауға болады. Бұл жағдайда лизингтік процесті шартты түрде үш кезеңге бөліп қарастыруға болады.

    1-кезең дайындық жұмыстарын жүргізу, яғни шағын кәсіпорындар үшін перспективті құрылғыларды таңдау және талдау кезеңі. Осы дайындық кезеңінде лизингтік компаниялар өте көп жұмыстар атқаруы қажет. Ол үшін ең алдымен құрылғыларды өндірушілерден немесе т.б. көздерден шағын кәсіпорындар мен әр түрлі құрылғылар үшін перспективті нарықтар туралы ақпараттар жинақтау қажет. Осы жинақталған ақпараттардың ішінен белгілі бір белгілерге сүйене отырып құрылғылар таңдалады. Содан кейін таңдалған құрылғыларды лизингке беру бойынша схемалар құрастырылады. Бұл жағдайда тәуекелділіктерді басқару, қаржыландыру көздерін оптимизациялау сияқты факторлар да ескерілуі қажет. Осы кезеңнің негізгі мақсаты лизингке алынған құрылғылар есебінен өндірілетін өнімдер немесе көрсетілетін қызметтерге деген төлем қабілеттілігі бар сұраныс мөлшерін бағалау. Міне осында болжам жасау кезіндегі жіберілген қателер қаржылық шығындар әкелуі мүмкін.

    Егер осындай бағалау білікті түрде жүргізілсе, онда нарықтан өз орнын тапқан лизингке берілген құрылғылар есебінен отандық нарық өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтерге тола бастайды, яғни тауарларды немесе қызметтерді сату және өткізу процестері жылдамдатылады.

    Әрине, бұндай қызмет (қосымша қызметтер көрсету) лизингтік компанияның міндетіне жатпайтындығы белгілі. Сондықтан осындай сұрақтарды шешу үшін басқа ұйымдардың қызметтеріне сүйену қажет болады. Бұл жерде көптеген жұмыстарды жеткізушілердің өздері орындауы да мүмкін. Себебі, олар өз құрылғыларының нарығымен, оның болашағымен, өздерінің потенциалды клиенттерімен неғұрлым жақсы таныс.

    Сондықтан олар лизингтік компаниялар үшін мейлінше толық ақпараттар бере алады. Осы механизмге лизингтік компаниялар мен құрылғыны сатушылар немесе өндірушілердің бір-біріне жақындасуы да үлкен қозғау салуы мүмкін. Осындай схеманың негізінде лизингтік компанияның құрылғыларды сатушылармен қарым-қатынастарын дұрыс ұйымдастыру идеясы жатыр. Бірлесіп жұмыс істеу өз атынан болмаса да жарнамалау ұсыну мүмкіндіктерін тудырады.

    Осындай механизмді пайдалану кезінде лизингтік компанияға төмендегідей сипаттамаларға жауап беретін құрылғылармен жұмыс істеу неғұрлым тиімді деп ойлаймыз:

    - құрылғының стандарттылығы;

    - құрылғыны өндіріс процесінде бірнеше рет қайталап пайдалану мүмкіндігі, яғни құрылғының құны ол пайдалануға енгізілгеннен кейін тез төмендемеуі қажет;

    - құрылғының өтімділігі.

    Осындай сипаттамалардың барлығы мүліктік тәуекелділіктерді төмендетуге және құрылғының белгілі бір түрін бағалау процедурасын арзандатуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, белгілі бір сұранысқа ие құрылғылар түріне нарықтық бағалардың, яғни, транспорттық, техникалық қызмет көрсету бағаларының тарифтерінің өзгеруі сияқты факторлардың да әсер ететіндігі ескерілуі керек.

    Сонымен, осы кезеңде жүргізілетін жұмыстарды жүйелеу үшін лизингтік компанияларда лизингке берілуі мүмкін әртүрлі құрылғылардың түрлері бойынша мәліметтер жүйесі болуы қажет. Сонымен бірге құрылғыларды сатып алу-сату туралы бекітілетін келісімдерде көрсетілген шарттарды дұрыс бағалау, құрылғылардың номенклатурасы туралы тиімді шешімдер қабылдау және лизингтік компания үшін оның тиімді шарттарын жақсарту мүмкіндіктерін қарастыру қажет. Осындай жұмыстар толық орындалғаннан кейін лизингтік қатынастарды жүзеге асырудың екінші кезеңі басталады.

    II-кезеңді лизингке алушыларды таңдау кезеңі деп те атауға болады. Осы кезеңде лизингтік компанияның алдында лизингке алушылар үшін осы жобаның мүмкіндіктері туралы ақпараттарды тарату, жарнамалау міндеттері тұрады. Себебі, лизинг біздің отандық нарық үшін қаржыландыру құралы ретінде әліде болса кең түрде мәлім емес. Сондықтан лизингтік компания жарнамалау жұмыстарын жүргізу кезінде осы құралдың экономикалық мәніне ерекше көңіл аудармай, керісінше өзіндік бизнесті жүргізу үшін құрылғыларды пайдалану мүмкіндіктеріне мән беруі керек. Яғни біздің айтайын дегеніміз, жарнамалау кезінде лизингтің барлық заңдылықтарын егжей-тегжейіне дейін көрсетудің қажеттілігі жоқ.

    Содан кейін лизингке алушылардан өтініштер жинақталынады. Өтініштер жинақталып болғаннан кейін лизингтік компания клиенттің экономикалық қызметіне төлем қабілеттілігі тұрғысынан талдау және бағалау жүргізіледі.

    Бірақ осы кезеңнің өзіндік ерекшеліктерінің бірі, егер лизингке берілетін құрылғының өтімділігі шын мәнінде өте жоғары болса және жобаның инвестициялық тартымдылығы нақты дәлелденсе, онда потенциалды клиенттер санын көбейтуге және осы сегментте лизингтік қызметтерге деген сұранысты кеңейтуге мүмкіндіктер туғызады. Осы кезеңдегі соңғы қадам неғұрлым перспективті клиенттерді таңдау. Таңдау әртүрлі белгілер негізінде жүргізілуі мүмкін. Мысалы ондай белгілерге маңыздылығының біртіндеп төмендеп отыруына байланысты мыналарды жатқызуға болады.

    - ұсынылатын лизингтік төлемдер саны ( лизингтік маржа);

    - кәсіпорынның ағымдық экономикалық жағдайы;

    - кепіл немесе кепілдемелердің т.б. түрлерінің пайдалануы;

    - персоналдың тәжірибесі мен біліктілігі және т.б.

    Перспективті клиенттер анықталғаннан кейін лизингтің құны бекітіледі және сәйкесінше лизингтік келісімшарт толтырылады да лизинг объектісі лизинг алушыға пайдалануға береді. Міне осындай жұмыстар нақты атқарылғаннан кейін III-кезең басталады. Бұл кезең міндеттемелердің орындалу кезеңі немесе лизингтік процестің соңғы кезеңі деп те аталады. Негізінен лизингтік процесті ұйымдастыру бойынша негізгі жұмыстар алғашқы екі кезеңде жасалады немесе егер олар дұрыс жасалынса, онда үшінші кезеңде кездейсоқ қиыншылықтар пайда болмайды. Лизингке алушы өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда алғашқы екі кезеңде жасалынған жұмыстарды қайта қарау туралы қажеттіліктер туады. Лизингке алушы өз міндеттемелерін орындалмаған жағдайда лизингтік компания лизингке берілген құрылғыларды конфискациялауға кіріседі. Әдетте, бұл кезеңде лизингтік операциялар бухгалтерлік есеп пен қорытынды есепте көрсетіледі, лизингтік компанияға лизингтік төлемдерді төлеу іске асырылады және лизинг мерзімі аяқталғаннан кейін мүлікті одан әрі қарай пайдалану бойынша қатынастар анықталады.

    Сонымен, осындай схема белгілі бір құрылғылар үшін жетістікпен іске асырылған жағдайда лизингтік компанияларда осы құрылғыларды басқа региондарға ұсыну арқылы нарықты кеңейту мүмкіндіктері туады.

       

3.3. Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері

       

    Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері. Лизингтің кеңінен таралуының басты себебі – оның қарапайым несиелерден мынадай артықшылықтарының болуына байланысты:

    - лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ, ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады. Бұл былай: лизингтік мәміле жасалған мерзім бойына лизинг объектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да, лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды (нақтырақ айтқанда, несиелік тәуекел бұл сол құрал-жабдықты жалға алуды жалғастыратын басқа кәсіпорын іздестіруге кетеді);

    - лизинг 100 %-ға дейін несиелеуді ұсынады, яғни кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсіптік өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді;

    - кәсіпорынға мүлікті несиеге сатып алғаннан, лизинг бойынша алған қолайлы, себебі, бұл жерде ол мүлік кепіл ретінде болады.

    - құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына байланысты, өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып, мүлікке салынатын салықты жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады;

    - несие берушінің көзқарасымен қарағанда, несиенің мақсатты пайдалануына ешқандай да қадағалау болмайды.

    Лизинг операцияларына тән кемшіліктер мыналар:

    - жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарылауынан (әсіресе

инфляциядан) ештеңе ұтпайды;

    - ұйымдастырудың күрделілігі;

    - лизинг құны несиеге қарағанда жоғары, бірақ та ескірген құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің басында болатынын ұмытпау қажет, сондықтан да ол осындай шығынның орнын толтыру үшін комиссияны көбірек алуға тырысады. 
 
 

ІІІ. Қорытынды 

    Қорыта айтқанда, лизингтік компаниялардың қосымша қызметтер атқаруын дамыту механизмі арқылы біз лизингтік қатынастарды жетілдіруге ешқандай ерекше жаңалық енгізген жоқпыз. Бірақ, біз лизингті өмірлік қабілеттілігі неғұрлым жоғары қаржыландыру құралы ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін ерекшеліктердің бірі ретінде лизингтік келісімді бекіту үшін лизингтік компаниядан басталу керектігін құптаймыз. Себебі, бұл жағдай лизингтік қызметтің осы сегментін дамытуға кедергі жасайтын негізгі мәселені шешуге көмектеседі.

    Әсіресе, шағын кәсіпорындар біліктілердің жеткіліксіздіктерінен жобаның инвестициялық мүмкіндіктерін тиімді бағалай алмайды, бұл жағдай олар үшін жоғары тәуекелділікті тудырады. Сондықтан да лизингтік компания инвестициялық жобаларды таңдау және бағалау процестеріне неғұрлым белсенді түрде қатысуы қажет деген тұжырым жасауға болады. Яғни, олар шағын кәсіпорындарының тәуекелділіктерінің біраз бөлігін өздеріне алуы немесе мүмкіндіктері болған жағдайларда басқаларға беруі қажет. Бұл жерде біздің көзқарасымыз бойынша, тәуекелділікті құрылғыны жеткізушіге берген неғұрлым тиімді, себебі ол өз құрылғыларының нарығымен неғұрлым толық таныс және сонымен қатар, «тәуекелділікті, оны неғұрлым тиімді басқаратын тұлғаларға беру керек» деген қағиданы ескерсек, онда жеткізушілер тәуекелділікті басқаруды лизингтік келісімге қатысушы басқа тұлғаларға қарағанда неғұрлым тиімді атқара алады. Ал, осындай қосымша қызметтерді лизингтік компаниялардың өзіне алуы шағын кәсіпорындар тұрғысынан лизингтік қызметтерге деген сұранысты жоғарылату арқылы орны жабылады.

    Лизингтік операциялар кезінде, яғни құрылғылар мен жеткізушілерді таңдау кезеңінде келісімді қаржыландыруға қатысатын банктер немесе тәуекелділіктердің белгілі бір бөліктерін өздеріне алатын сақтандыру компаниялары сияқты басқа қатысушылар да тартылуы мүмкін. Сонымен, лизингтің көмегімен жасалатын қаржыландыру нақты жағдайларға және келісімге қатысушы тұлғаларға тікелей байланысты болады.

    Лизингке алушылардың келесі бір типі орта және ірі кәсіпорындар болып табылады. Осы екі топты бір сегментке біріктіру себебіміз, олардың лизингтік қызметтерге деген сұраныстарының ұқсастықтарында. Айырмашылықтары тек қана қаржыландыру мөлшерінде болуы мүмкін. Нарықтың осы секторында жұмыс істеу лизингтік компаниялардан өте көп мөлшердегі қаржылық ресурстарды және арнайы қаржылық схемаларды құруға қабілеттіліктері бар біліктіліктері жоғары мамандарды талап етеді. Осы сегменттерге лизингтік қатынастарды орнатудың неғұрлым перспективті механизмдерінің бірі біздің ойымызша, лизингтік холдингті дамыту болып табылады.

    Сонымен, лизингтік қызметтер нарығын жоғарыда көрсеткендей белгілі бір белгілері бойынша сегменттерге бөліп қарастыру лизингтік қатынастар механизмін жетілдіруге мүмкіндіктер береді.

                              

      Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

1. “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы” Қазақстан Республикасының Заңы (26.06.2002 ж.).

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесі