Қазақстан Республикасындағы инфляцияға қарсы саясатты талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 17:17, реферат

Описание

Инфляция проблемасы экономикалық ғылымда маңызды орын алады оның көрсеткіштері мен әлеуметтік – экономикалық салдарлары елдің және бүкіл әлемдік шаруашылықтың экономикалық қауіпсіздігін бағалауда күрделі рөл атқарады. Қазіргі замандағы жағдайларда осы мәселенің өзектілігі инфляцияның дамуының мәнін, тереңдетілген себептерін және оның ерекшеліктері мен антиинфляциялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау қажеттілігімен анықталады.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:

І. Инфляция: мәні, себептері, түрлері және салдары
1.1. Инфляцияның мәні және пайда болу себептері
1.2. Инфляцияның түрлері мен айқындалу формалары
1.3. Инфляцияның салдары және оған қарсы саясат

ІІ. Қазақстан Республикасындағы инфляцияға қарсы саясатты талдау
2.1. Қазақстанның нарықтық қатынастарға көшудегі
инфляциялық процестердің ерекшеліктері. Қазақстандағы гиперинфляцияны тұрақтандыру саясаты
2.3. Қазіргі жағдайдағы инфляция және оған қарсы шаралар

ІІІ. Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Мазмұны.docx

— 33.72 Кб (Скачать документ)

                                         Мазмұны:

 

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі  бөлім:

 

І. Инфляция: мәні, себептері, түрлері және салдары  
1.1. Инфляцияның мәні және пайда болу себептері  
1.2. Инфляцияның түрлері мен айқындалу формалары  
1.3. Инфляцияның салдары және оған қарсы саясат  
 
ІІ. Қазақстан Республикасындағы инфляцияға қарсы саясатты талдау  
2.1. Қазақстанның нарықтық қатынастарға көшудегі  
инфляциялық процестердің ерекшеліктері. Қазақстандағы гиперинфляцияны тұрақтандыру саясаты 
2.3. Қазіргі жағдайдағы инфляция және оған қарсы шаралар 
 
ІІІ. Қорытынды 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.Кіріспе.

Инфляция проблемасы экономикалық ғылымда маңызды орын алады оның көрсеткіштері мен әлеуметтік –  экономикалық салдарлары елдің және бүкіл әлемдік шаруашылықтың  экономикалық қауіпсіздігін бағалауда  күрделі рөл атқарады. Қазіргі замандағы жағдайларда осы мәселенің өзектілігі инфляцияның дамуының мәнін, тереңдетілген себептерін және оның ерекшеліктері мен антиинфляциялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау қажеттілігімен анықталады. Дүниежүзінде ХХғ. екінші жартысында инфляция болмаған елдер тіпті жоқ. Егер 30-шы жылдары негізгі проблема жұмыссыздық болса, одан кейін негізгі проблема инфляция болды. Инфляцияның жылдық темпілері әлемдік экономикада 2,9%-дан 50-ші жылдары, 11%-ға дейін 80-ші жылдары өсті. Қазақстандағы макроэкономикалық құбылыстардың ерекшеліктеріне келсек, бұл «стандартты емес» нарықтық құрылым. Қазіргі замандағы инфляцияға бірқатар айырмашылықтар тән: егер бұрын инфляция локальді сипатта болса, ал қазір- күнделікті, барлық орамды;егер бұрын үлкен және кіші кезеңді қамтыса, атап айтқанда кезеңдік сипатта болса, ал қазір- хроникалық; қазіргі замандағы инфляция ақшалай ғана емес, сонымен бірге ақшалай емес факторлардың да әсерінде тұрады. Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көп уақыт бойы қолданылып келе жатыр. «Инфляция» термині АҚШ-та 1861-1865жж. азамат соғысы тұсында, екі жыл ішінде доллардың 60% - ға сатып алу қабілетінің төмендеуі кезінде қолданыла бастады. Инфляция дегеніміз не? Инфляция – бұл бағаның жалпы деңгейінің өсуі .  Ал инфляцияның жалпы анықтамасы – бұл елде айналымдағы қағаз ақша көлемінің тым көбейіп кетіп, оның ақша тауары (алтын) жөнінде құнсыздануына ұласуы және соның салдарынан тауар бағасының өсуі. Қазіргі кезде қолданылып келе жатқан анықтама – бұл ұсыныс пен сұраныс арасындағы дисбаланс және бағаның өсуіне байланысты басқа да ұлттық шаруашылық пропорциялар бұзылуы нәтижесі. Жаңа қоғамда инфляцияда көрінетін байланыс қиындады: қағаз ақшаның алтынға тәуелдігі мүлдем үзілген; ақша айналымының дәстүрлі заңы бұзылған және инфляция жаңа халықаралық сипатта қалыптасуда. Бұның бір себебі мынада: көп елдер инвестицияны ынталандыру және экономиканы емдеу құралы ретінде ақша шығару қарқынын көтереді. Сондықтан инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қағаз ақшаны шектен көп шығаруымен байланысты, бұл эмиссия ішкі айналым қажеттілігін де асып кетті. Нәтижесінде ақша құнсызданады, баға өседі, сондықтан барлық шаруашылық пропорциялар бұзылады. Инфляция – қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктен туындайтын бағаның өсуі ретінде анықталады. Ақша массасының өсуі ірі масштабқа жеткенде инфляцияның басты факторлары ақша массасындағы өзгеріс болып табылады.Инфляция – бұл күрделі де, көпфакторлы құбылыс; ал қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады. Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеде. 
 
         Инфляцияның экономикалық - әлеуметтік салдарлары және антиинфляциялық саясат.

Инфляцияның салдары өте  күрделі де көп қырлы. Қарқыны  баяу инфляция баға деңгейі мен пайда  нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдайдың (конъюнктураның) уақытша  жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне  айналады, қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды. Инфляция қоғамда ақшадан қашу белсенділігін арттырады, бұл процесс қарқынды да, ұлғаймалы түрде жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай қор жинау мүддесі жойылады, ақша-несие жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды тауарға тікелей айырбастау (бартер) туындап кеңейеді. Баға деңгейінің қарқынды өсуі фискал (қазына) жүйесіне де теріс әсер етеді, экономнкада «Танзи-Оливер әсері» деп аталатын нәтиже қалыптасады. Бұл әсерді XX ғасырдың 70-жылдары Латын Америкасы экономистері ашып зерттеген еді. Инфляция салықтан түскен табысты (түсімді) құнсыздандырады. Мысалы, егер салықтар жылдың үшінші ширегінде (кварталында) есептеліп осы жылдың төртінші ширегінде төленген болса, онда гиперинфляция жағдайында бюджетке түскен түсімдер құнсызданады, яғни бюджет түсімінің нақты мөлшері азаяды. Инфляция жағдайында тұрғындардың қолында сақталған ақша қоры құнсызданады, несие беруші мекемелер мен банктер шығын шегеді. Экономиканың интеграциялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның бір елден екінші елге ауысуына мүмкіндік береді, бұл халықаралық валюта және төлем қатынастарын қиындатады.

Антиинфляциялық саясат. Антиинфляциялық саясаттың мақсаты инфляцияны басқарушылық етіп, ал оның деңгейін едәуір бірқалыпты етіп жасау. Ол үшін ақшалай – несиелік, бюджеттік, салықтық әдістері, кірістер саласындағы іс-шаралар, сондай-ақ тұрақтандырудың әртүрлі бағдарламалары қолданылады.

Инфляциямен күресудің әдістері тура және жанама болуы мүмкін. 
1) жанама әдістер: а) оларды орталық банктің басқаруы арқылы ақшаның жалпы салмағын реттеу; ә) оларды орталық банктердің басқаруы арқылы коммерциялық банктердің несиелік және есептілік пайыздарын реттеу;

б) коммерциялық банктердің міндетті қорлары, орталық банктердің ашық базарда құнды қағаздармен операциялары.

2) Тура әдістер: а) мемлекеттің несиелерді және сонымен бірге ақшалай салмақты тура және тікелей реттеуі; ә) бағаларды мемлекеттік реттеу; б) жалақыны мемлекеттік (кәсіподақтармен келісу бойынша) реттеу; в) сыртқы сауданы, капиталды әкелу мен әкету және валюта бағамын мемлекеттік реттеу.Антиинфляциялық саясаттың бірнеше жіктеулері бар. Мысалы, ортодоксальды және гетеродоксольды.

1. Ортодоксальды нұсқасы экономикаға мемлекет жағынан аз араласудың классикалық емес тұжырымдамасына негізделген. Бюджеттің теңгерілу және айналымда ақшалай салмақтың өсу темпін ұстап тұру проблемаларын шешуде оның қызмет саласын шектеуді ұсынады. 
2. Гетеродоксальды нұсқа экономикалық үрдістердің барысына аса белсенді мемлекеттік араласуды көздейді, соның ішінде: баға мен жалақының өсімін уақытша тоқтатып тастау; кәсіпкерлікті және халықтың жинақтарын ынталандыру жөніндегі шаралар, ең алдымен салықтық ауртпалықтарды төмендету арқылы; нарықтық инфрақұрылымды дамыту және өмірге маңызды салалар мен өндірістерді қолдау; сыртқы сауда мен валюталық операцияларды реттеу. Құнсызданудың (инфляцияның) жағымсыз әлеуметтік және экономикалық салдары көптеген елдер үкіметтерін белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етеді. Бұл жерде экономистер ең алдымен мына сұрақтың жауабын табуға ұмтылады: күрделі де тегеурінді іс-шаралар арқылы инфляцияны жою керек пе, әлде инфляция жағдайына икемделген дұрыс па? Бұл екі ұшты мәселе әртүрлі елдерде ерекше жағдайларға байланысты шешіледі екен. Мысалы, АҚШ-та және Англияда инфляциямен күресу мәселесі мемлекет деңгейіне көтеріліп қойылады. Басқа бірталай елдерде инфляцияға икемделу іс-шаралары жүргізіліп, тіпті арнайы бағдарламалар да жасалады (табыстарды индексациялау және т.б.) . 
Инфляцияға карсы саясатты сипаттағанда, екі әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші әдістеме шеңберінде (оны осы күнгі Кейнс теориясының өкілдері зерттейді) белсенді бюджет саясаты жүргізіледі - сұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де қысқарады. Бұл экономикада дағдарыс жағдайын қалыптастырып, жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін. Ол қоғам үшін инфляцияны тежеудің құны болады. Құлдырау жағдайында бюджет саясаты сұранымды кеңейтуге бағытталады. Егер сұраньм жеткіліксіз болса, онда мемлекеттің инвестиция бағдарламасы іске қосылады және шығындар артады, салықтар төмендетіледі. Ең алдымен табысы төмен нарық субъектілеріне салынатын салық қысқартылады. Бұл бірден нәтиже береді: сұраным тез өседі, ол өндіріске ықпал жасайды, жалпы экономикалық өсу басталады. Бірақ 60-70 жылдары дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, сұранымды бюджет арқылы ынталандыру инфляцияны күшейтуі мүмкін екен. Сонымен бірге бюджет шығындарының артуы бюджет тапшылығын қалыптастырады және салық пен шығын арқылы экономиканы реттеудің мүмкіншілігі қысқарады. Екінші әдістемені жана классикалық бағыттағы экономистер ұсынады. Олар бірінші орынға ақша-несие арқылы реттеу әдісін кояды. Бұл әдіс экономика жағдайына жанама түрде икемді ықпал жасайды. Бұл саясатты үкіметке тікелей бағынбайтын Орталық банк жүргізеді. Орталық банк айналымдағы ақша көлемін өзгертсді және қарыз пайызы (процент) кесімін реттейді, сонымен экономикаға ықпал жасайды. Басқаша айтқанда, мемлекет сұранымды шектеу мақсатында инфляцияға қарсы іс-шаралар жүргізуі қажет. Жаңа классикалық экономистердің айтуынша өндірістің өсуіп ынталандыру және жұмыссыздықты қысқарту саясаты инфляцияны асқындырады, инфляция бақылаудан шығып кетеді. Инфляция осы күнгі нарықтық экономиканың табиғатына сай келеді, инфляция жағдайларын (бюджет тапшылығы, монополия, қағаз ақша, т.б.) толық жою мүкін емес. Осыған байланысты инфляцияны толық жою мүмкін еместігі өзінен-өзі және алдын ала белгілі. Сондықтан да көп елдерде ипфляцияны жою емес, оны бағындыру, қарқынын баяулатып, реттеу мақсаты қойылған. Батыс елдерінде жинақталған тәжірибе көрсеткендей, инфляцияға қарсы ұзақ және қысқа мерзімдік іс-шаралар саясатын қолдану кажет. Бұл шаралар жиынтығын келесі схема түрінде сипаттауға болады. Мемлекеттің ұзақ мерзімдік саясаты, біріншіден, халықтың инфляциялық үрейін жою мақсатын көздейді. Ол үшін кез келген үкімет инфляцияға қарсы саясатты үздіксіз де тұрақты түрде жүргізіп, тұрғындардың сенімін орнықтыруға тырысады. Үкімет өзінің белсенді іс-шаралары негізінде (өндірісті ынталандыру, монополиямен күрсу, т.б.) нарықтың тиімді кызмет атқаруына жағдай жасайды. Үкіметтің мұндай саясаты тұтынушылардың сана сезіміне қажетті әсер жасап, олардың дұрыс шешім қабылдауын қамтамасыз етеді. 
         Екіншіден, салықтарды арттырып, бірақ мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы бюджет тапшылығын реттеу іс шаралары жүргізіледі. Бюджет тапшылығын Орталық банк несиесімен қаржыландыру инфляцияны асқындырады.

Үшіншіден, ақша айналымын  реттеу іс шаралары, нақты айтқанда, жылдық ақша көлемінің өсуіне шек  қою, бұл инфляцияның өсуін қадағалауға мүмкіндік береді.

Төртіншіден, сыртқы факторлардың әсерін әлсірету. Жеке алғанда, бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін сырттан  алынған қысқа мерзімдік қарыздардың  экономикаға жасайтын инфляциялық  ықпалын әлсірету. Бұл өте күрделі және өзекті мәселе. Сондықтан оны арнайы түрде жеке зерттеп, қарастыру қажет болады. Қысқа мерзімдік саясат инфляция қарқынын уақытша төмендетуге бағытталады. Бұл мақсатта мемлекет өз иелігіндегі меншік бөлігін жекешелендіріп, бюджетке қосымша түсім түсірсді; қосымша өнім өндіретін кәсіпорындарға әртүрлі жеңілдіктср береді; акцияларды сату арқылы инфляциялық сұранымды қысқартады; көлемді импорт арқылы да ұсынымның өсуін, бағаның тұрақтануын қамтамасыз етеді. Күнделікті сұранымды қысқарту аркылы да инфляцияға қарсы әсер етуге болады. Ол үшін салымдарға төленетін процент кесімдерін арттыруға болады. Сонда қор сақтау нормасы артады, ал тұтыну шығындары қысқарады. Инфляцияға қарсы саясаттық байланысты инфляциямен күресу шығындары туралы мәселе туындайды. Инфляцияға қарсы күрес жұмыссыздықты арттырып, өндіріс көлемін қысқартуы мүмкін. Мамандардың есептеуінше, инфляцияны 1%-ке төмендету үшін жұмыссыздықты оның табиғи деңгейінен 2%- ке арттыру қажет болады екен, бірақ бұл жағдайда ЖҰӨ-нің көлемі оңтайлы деңгейінен 4%-ке төмен калыптасады. Инфляцияны ауыздықтау үшін көптеген елдер үкіметтсрі 60-шы жылдардан бастап табыс пен бағаны реттеу саясатын жүргізген еді. Бұл саясат негізінен табысты шектеуге бағытталған. Саясат инфляциямен күресудің нарықтық емес, әкімшілік әдісіне жақын болғандықтан, қойылған мақсатқа әрқашан жеткізе бермеген. АҚШ тәжірибесі көрсеткендей, табысты тежеу саясаты, түптеп келгенде, ұзақ мерзімде тұрақты нәтиже бермеген. 1971-1974 жылдары АҚШ үкіметі жалақы мен баға деңгейін тікелей реттеу тәртібін қолданған екен. 70-жылдардың соңында табыс пен бағаны тікелей реттеу тәртібі жойылып, оның орнына орындауға міндетті емес үкіметтің ұсынысы ретінде сақталған болатын. Ал 80-жылдардың басында президент Р. Рейганның әкімшілігі бұл мәселемен айналысатын мемлекет мекемелерін таратып жіберген.

І. Инфляция: мәні, себептері, түрлері және салдары  
 1.1. Инфляцияның мәні және пайда болу себептері

Инфляцияның  мәні -   ол  тауарлар  мен  көрсетілген  қызметтің  бағасының  өсуі   және    тауар  тапшылығы    мен   қызмет   сапасының   төмендеуі   салдарынан  ақшаның  құнсыздануы,  оның   сатып  алу  мүмкіндігінің  құлдырауы.  Инфляция-  қоғамдық  ұдайы   өндірістегі  диспропорцияның  көрінісі.  Ол мемлекеттің  табысы мен шығынның   үйлеспеуі  салдарынан   кездесетін   кез  келген  экономикалық  формацияға  тән   құбылыс.  Инфляция  ұлттық   табысты   экономиканың  салдары  арасында,  коммерциялық   құрылымдар, халықтың   топтары мен    мемлекеттің  және  шаруашылық  субъектілері арасында  қайта бөлуге  тірейді. Инфляция  адамзат  тарихында    жаңа  құбылыс  емес.  Оның   бай  тарихы   бар.  1775-1783  жылдары  Солтүстік  Америкада  тәуелсіздік  үшін  болған  соғыс   доллардың   құнсыздануына   әкеліп    соқтырды.  Франция  1789-1794 жылдары  революция  кезінде  өндірілген   қағаз  ассигнаттар 7  жылда  883 есе  құнсызданды. Алғашқы  рет   “инфляция”  деген  ұғым  ақша   айналымына   қатысты  АҚШ- та  Азамат  соғысы  кезінде  (1851-1865ж.ж.) орасан  зор  гривналар  ақша  орнына  қолданылған  күміс  кесек  450млн  доллар  шығарылуына байланысты  қолданыла   бастады,  ал   оның    төлем  қабіліеті   2  жылдың  ішінде  60  процентке  дейін  төмендеді. Қоғамдық   ұдайы   өндірістің   пропорциясын   стихиялық   реттеу,   соның  ішінде    ақшаның  қазына  жинау   құралы  қызметі  механизмін   атқару  кезеңінде   қалыптасқан  айналым  саласында,  алтын  монометаллизм  жағдайында  инфляцияның   созылмалы   ауру    ретінде   дамуына   кедергі  жасалды.  Еркін  бәсеке  кезеңіндегі   капитализм    жағдайында     инфляцияны   соғыс,  дағдарыстар,   стихиялық  апаттар   кезінде  болатын  несие  ақшаларының  алтынға  айырбасталуының   тоқтатуы  кезде  пайда  болды.  Капитализмнің   жалпы  дағадарысы кезінде  инфляция   жалпы  созылмалы  сатып  алып, маңызды  әлеуметтік- экономикалық  проблемалардың  біріне  айналады. Енді   инфляция  дегеніміз не,  осы   сөздің   басын  ашып алайық.  Инфляция  латын  сөзінен  алғанда  inflatio- көтерілу, ісу- қағаз  ақшаның    құнсыздануына  байланысты   болатын   әлеуметтік-  экономикалық   құбылыстар   жиынтығы,   басқаша  айтқанда   айналыстағы   ақша    өнімдері   мөлшерінің  тауарлар   бағаларының     қосындысынан  артып  кетіп,   осының   нәтижесінде   тауарлармен   қамтамасыз  етілмеген   ақшаның  пайда   болуы  инфляцияны  білдіреді. 
          Инфляция  жұмысшылардың    тұрмыс  жағдайына    зардаптың   ықпалын  тигізеді.   Себебі  тауар   бағасы  бірнеше  есе    өседі,  ал   мемлекет  жалақыны   бұрыңғы  дәрежесінен    арттырмауға   тырысады.  Ақшаның   құнсыздануы  халықтың  әл- ауқатының   дәрежесіне   әкеп  соқтырады. Инфляциядан   өндірісте  біраз   зардап   шегеді.  Инфляцияның   деңгейінің      көтерілуіне   байланысты   еңбекке деген  ынта  да   бұзылады.   Инфляция  тауар   тапшылығының   басты   себебі   бола   тұрып   тауар  мен  азық- түлікті  белгіленген   норма  бойынша   бөлуге   мәжбүр  етеді.  
        Инфляция  кешенді    себептердің   негізінде   пайда   болады    және  оның   маңыздылары  болып  мыналар   саналады: мемлекеттік  бюджеттің  тапшылығы,  оны  азайту   мақсатында  мемлекеттік   бағалы  қағаздар   немесе     жай   қағаз   ақшалар    шығарылады.  Тұтыну   игіліктерінің   көбеюіне    айналмайтын,  адамзат  еңбегінің   мақсатынсыз   шығындарына  жол   беретін    мемлекеттің   өндірістік  емес    шығындары,  әсіресе    әскери  шығындар.  Сұранымды    ұсынымнан  алшақтататын    тауар   тапшылығы    және   соның    негізінде   бағаның   өсуі,   бірқатар    өндірушілердің    аз   өнімдеріне,   олардың   тұтыну   сапасын    арттырмай- ақ    жоғары   баға  қою    және  негізінен   қымбат   тұратын  өнім   шығаруға   мүмкіндік   беретін   монополиялық  үстемдік    жағдайы,  жалақының  өсуінің   еңбек  өнімділігінің   өсуінен    алшақтауы  және   басқа   себептер.  Бұл   себептер  мемлекетттік    бюджеттің   тапшылығының   тұрақты   ұдайы   өндірілуіне  және  жиі- жиі  артық    ақша   эмиссиясына ,  эмиссия- айналысқа   ақша   және   бағалы   қағаздар     шығару  жағдай  жасайды.         
Шет  ел   мамандары   инфляцияның    өту   қарқынына   байланысты   үш   түрге  бөледі:

а)баяу  немесе   сұлама  инфляция;

б)қарқынды   инфляция;

в)ұшқыр  инфляция.

Баяу  инфляция  кезінде   баға  жай   өседі,  жылына  10 %- тен   аз,   ақша   негізінде  өз    құнын    сақтап   қалады. Мұндай  кезде    халықта  да,  мемлекетте  төтенше  жағдай  да   тап  болмайды. Қарқынды   инфляция  кезінде    баға  жылына  10-20-дан  200%-ке  дейін  өседі.  Соның   салдарынан  жалақы   өсіп, ол    бағаның   одан әрі    өсуіне   әкеп  соқтырады. Біздің   елде   болып  жатқан   ақшаның   құнсыздануы  инфляцияның    осы  түріне  жатады.  Ал   ұшқыр   инфляция  кезінде  ақшаның   саны  мен  баға  астрономиялық   қарқынмен  1000%- тен  жоғары.  Баға   мен  жалақының   арасы   алшақтап,  бай   адамдардың  да   тұрмыс  тіршілігі  қиындай  бастайды. 
          Шет   ел   нарықта  болатын  инфляциялық   тепе- теңдік  формаларына   байланысты  ашық  және  басылыңқы   деп  бөледі.  Еркін   баға   белгілеу  экономикасына   тән   ашық  инфляция   бағаның   тауарлар  мен   қызметтерге  созылмалы   артуы  түрінде   көрінеді. Ашық   инфляция   кейбір   тауар  нарығындағы  бағаның   оқтын- оқтын  төмендеуімен  немесе   оның  өсуінің   байлауымен  сыйыса  береді,   ал   ол  ашық   инфляцияның   нарық   механизмін  едәуір  бұрмалағанымен  әйтсе де  оны   толық  бүлдіре   алмайтынын  көрсетеді. Жасырын  инфляция   деп   аталатын   басылыңқы    инфляция  реттелмелі  бағалар  қолданылатын   экономикаға  тән,  ол  тауар   тапшылығына,   өнімнің   сапасының  нашарлауында,  амалсыздан   ақша  жинақтауда,  астыртын   экономикада    бартерлік  айырбастың   дамуында  көрінеді. Басылыңқы  инфляция,  ақшаның  жалпылама    төлем  қабілеті   бар  құрал   және   тауарлар   мен  қызметттерді  бөлу  өлшемі  қызметін  атқара  алмаған  жағдайда  тауар  бағасын    сұраным  мен  ұсынымның    тепе-  теңдік  бағасынан   төмен  ұстап  отыруды  мемлекетпен  қолдау  нәтижесінде  пайда  болады.  Бұндай  жағдай  ұзақ  уақыттан бері  біздің    экономикамызға   тән  болып  отыр. Басылыңқы   инфляция    өнім    сапасының    төмендеуімен,   ақшаның   амалсыз  жиналуымен,  астыртын  экономиканың , бартерлік  келісімнің  дамуымен көрінеді. Басылыңқы   инфляция   мемлекет  тауар   бағасын    сұраным  мен  ұсыным    тепе- теңдігі   бағасынан    төмендеуін  қолдау  әсерінен  туады,  онда   ақшалар   жалпы   төлем  құралы  және  тауарларды  бөлу   өлшемі   ретінде   қызметін  атқарудан   қалады.  Егер  біздің    осы   уақытқа  дейінгі     экономиканы  алсақ,   онда  ол   ұзаққ  жылдар  бойы   басылыңқы  инфляция  жағдайында  болды. Және  болашақ  экономика  үшін  бұл   қауіпті   емес,  одан   әлі  де  болса   құтылуға  болады. Шетелдік    экономистер   сұраным   мен  ұсынымға    байланысты   екі  типке  бөледі:

а)сұраным   инфляциясы;

б)өндіріс  шығындарының  өсуінің    немесе  жиынтық  ұсынымның  азаюының  нәтижесінде  болатын  инфляция (ұсыным  инфляциясы). 
Сұраным  инфляциясының  мәнін   бір  сөзбен  былай   деп  сипаттауға  болады: “Тым көп   ақшалар  тым  аз   тауарларды  аулайды”. Сұраным   инфляциясы   нарықтық  байланыстарды    монополизм мен   әкімшілдік-  әміршілдік    басқару   жүйесінің   ұзақ  үстемдігі   болған   жағдайда  да   орын  алады.  Мысал  ретінде  біздің  экономиканы  алсақ,   онда   ұзақ  жылдар  бойы   жасанды  түрде  төмен  жұмыссыздық  деңгейі  сақталады.   Оған  табыссыз    жұмыс  орнын,  ең  көп  еңбек  шығынын   қажет  ететін    өндірісті  сақтау  арқылы  қол жетті.  Ал  жалақының   еңбексіз   табылған    табысқа   айналуы,  оны  сұраным  инфляциясына  айналдырады, бағаны  өсіреді. Ұсыным  инфляциясы    ұсыным мен    шығындарды  өзгерту  нәтижесінде  болуы  мүмкін. Ұсыным  инфляциясының  екі  түрі  бар: 
а)жалақының  өсуі  әсерінен  болатын  инфляция

б)ұсыным  экономикасы   механизмінің   бұзылуы  нәтижесінде  пайда   болатын   инфляция.

Инфляцияның  сипаты    қоғамдық  ұдайы   өндірісті    дамыту  барысында  елеулі  түрде      өзгереді.  Осыған  байланысты   инфляцияны   кейбір  елдерде    орын  алатын   жергілікті  инфляция,  барлық  елдерді  қамтитын  бүкіл  әлемдік   инфляция,  елде  бір   ішкі  экономикалық   факторлардың  әсерінен  болатын   индуцироланған  инфляция,  мөлшерден   тыс   несие  инфляция,  сыртқы   себептерден   туындайтын  сырттан  әкелінген  және  сыртқа   шығарылатын  инфляция,  инфляциялық   процестің   бірқалыптылығы  еместігінен байланысты  болатын  сатылы  инфляция  деп  ерекшелейді. Инфляция  балансталған,  тепе- теңдікті   болуы  мүмкін,  яғни  бағаның  өсуі   баяу  және  ол   барлық     тауарлар мен қызметтерге  бірдей  өседі.  Мұндай   жағдайда    бағаның  жылдық   өсуіне  сәйкес   ставка  проценті   көбейеді,  бұл  бағалардың   тұрақтануы  кезеңіндегі    экономикалық  ахуалды   білдіреді.

 

 

ІІІ. Қорытынды

Информацияның жеке жағдайлары тарихта орын алғанына қарамастан инфляция жаңа экономикалық фактор болып табылады. Инфляция – бұл көп факторлы үрдіс, және монетаристердің көзқарасы  бойынша инфляция – таза ақшалай құбылыс. Инфляция айтарлықтай дәрежеде сол немесе басқа елдің экономикалық дамуының нақты кезеңдерінің ерекшеліктерімен анықталады. Экономикасы әлсіз дамыған елерде инфляциялық үрдіс кірістерге бюджеттік шығыстардың күрт жоғарлауымен болатын артық ақшалай эмиссияның анықтаушы әсерінде тұрады. Дамыған елдерде айналымда жүрген ақшалай салмақ орталық банктердің қатаң бақылауыда болады. Сондықтан ақшалай салмақтың айналым арналарының ернеулеуі болмайды. 
Қазақстанда инфляцияның пайда болуына келесі себептер себепші болды: қоғамдық өндірістің терең деформациясы мен диспропорциясы; экономиканың құрылымдық ауытқуы; тауар өнімдерін өндірушілердің монополизмі; милитаризацияланған экономика; мемлекеттік бюджеттің ақшасын тиімсіз пайдалану. Қазақстандағы инфляциялық тетіктердің іс-қимылы мемлекеттік қаржыландырылумен және жеңілдік несиелендірумен ынталандырылды. Бағаны либерализациялау және өндірісті қысқарту кезінде осыған ерген жалақыны көтеру сұраныс инфляциясының өндірістің шығындар инфляциясына қайта өсуіне әкелді. Ақшалай жүйенің бұзылуы және елде қаржы шиеленісуін құру; айырбас үрдістерінің табиғилануы; ұлттық өнімді бөлудегі нақты өзгерістер; халықтың мүліктік қабаттасуының күшеюі; инвестициялардың қысқаруы; тауарлар мен қызмет көрсетулерге бағалардың әркелкі өсуі инфляцияның салдарлары болып табылады. 
Экономикалық өсімнің антиинфляциялық стратегиясы инфляцияны реттеуге бағытталған кезең – кезең бойынша шараларды өткізуді талап етеді. Инфляцияның негізгі факторларын ұстап тұру үшін «мақсат ағашын» салу қажет. Инвестициялық үрдісті жандандыру арқылы инвестиция дағдарысын жеңу бірінші кезектегі антиинфляциялық шаралар болып табылады. Әлемді тәжірибе нақты кепілдіктер мен инвестициялық қауіпті сақтандыру арқасында жеке сектордың капиталын барынша тарту мүмкіндігі туралы куәландырады. Барлық деңгейдегі бюджеттерді сауықтыру және Қазақстанда бюджеттік дағдарыстың көрінуінің өзіндік нысандарын меңгеру. Антиинфляциялық стратегияда маңызды орын алады, оның ішінде: еркін көлемде қаржыландыру; бюджеттік қаражатты мақсатсыз пайдалану; мемлекеттік бюджеттің орындалуына әлсіз бақылау. Инфляцияны ұстау үшін бизнесті әлсіретпеуге тиіс ғылыми негізделген салық саясаты қажет «шағын» бизнесті қолдауға бағытталған шаралар керек. Тауарлық өндіріс жағдайларында барлық шаруашылық байланыстар ақшамен жүргізіледі. Сондықтан антиинфляциялық саясат ақша эмиссиясын және оның айналым жылдамдығын реттеуді көздейді. Қазақстанның банктік жүйесін санациялау мен реструктуризациялау антиинфляциялық саясаттың және экономикалық өсу стратегиясының маңызды бағыты болып табылады. Баға мен жалақыны реттеу – көпфакторлы антиинфляциялық стратегияның құрамалы бөлігі. Инфляциялық үрдісті реттеу үшін, сондай-ақ оның сыртқы факторларын бейтараптандыру қажет. Осылайша инфляцияның әлсіруіне әлемдік теория мен практикада жинақталған қаражаттың бүкіл арсеналдарын онымен күресуге әрекет жасағанда ғана, сондай-ақ оны Қазақстанның жағдайларына үнемі дағдыландыра отырып қол жеткізуге болады. 
 
Қолданылған әдебиеттер:

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы инфляцияға қарсы саясатты талдау