Азаматтардың меншік құқығы ұғымы, оның түрлері мен туындау негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 10:50, реферат

Описание

Анализ ( грекше – analisis) тура аударғанда зерттеп жатқан объектіні бөлшектеп қарау. Анализге қарама-қайшы ұғым, ол «синтез» (грекше – synthesis) – зерттеп жатқан объектіні жинақтап қарастыру.

Содержание

Бақылау жұмысы

Тақырыбы; Экономикалық талдаудың пәні және міндеттері, объектісі және мазмұны, көлденең, тікелей және трендтік талдау әдістері.

1 Мазмұны 1

2 Кіріспе 2

3 1.Экономикалық талдаудың пәні және міндеттері, объектісі және мазмұны

3-6

4 2.Көлденең, тікелей және трендтік талдау әдістері.

7

5 3.Факторлық талдау әдісі.

8-9

4.Қаржылық талдаудың коэффициенттер әдісі

10

6 Қорытынды 11

7 Қолданылған әдебиеттер тізімі 12

Работа состоит из  1 файл

Экономикалық талдаудың пәні және міндеттері.docx

— 29.57 Кб (Скачать документ)

Экономикалық талдау процессінде резервтерді анықтау  үшін жоспардың ішкі бөлімшелерде, біртектес кәсіпорындарда орындалғанын салыстырып, отандық және шетелдік ілгері тәжірбиелерді барынша толық пайдалану және зерттеу жолымен жүргізіледі.

Алтыншы міндет –  басқару шешімдерінің оптимальдылығын  түсіндіру мен зерттеу. Басқару  иерархиясының барлық баспалдақтарында шаруашылық қызметтің сәттілігі тікелей түрде басқару деңгейіне, уақытылы қабылданған басқару шешімдеріне тәуелді. Басқару шешімін дұрыс қабылдау, оның рационалдылығын және тиімділігін тек алдын ала жасалған экономикалық талдау негізіне сүйеніп жасауға болады.

 

2.Көлденең, тікелей  және трендтік талдау әдістері.

Көлденең (уақытша) талдау – есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсольюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға   мүмкіндік береді.

Тікелей (құрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы, яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар.

Тікелей және көлденең талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады. Сондықтан да есептік бухгалтерлік үлгі құрылымы секілді оның жеке көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын  кестелерді жиі жасайды.

Трендтік талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендтік талдау әрбір есеп позицисын бір қатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, ал одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.

3.Факторлық талдау  әдісі.

Факторлық талдау –  бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде – тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол – кері (синтез) болуы мүмкін.

Жоғарыда көрсетілген  әдістермен қатар, қаржылық жағдайды талдауда экономикалық, сондай-ақ экономикалық және математтиканың статистиканың  дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Белгілі бір экономикалық ғылым шегінде жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану кәсіпорынның қаржылық жағдайына терең талдау жасауға және шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, жағдайын жақсартуға байланысты ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік береді.

Айта кеткен жөн, кәсіпорынның қаржылық жағдйына талдау жүргізудің дәйектілігі жөніндегі басылып шығарылған әдістемелік зерттеулердегі авторлардың ұсыныстары оқырмандардың назарын аударады.

Жалпы редакциясын  В.И. Стражева басқарған, Беларусь Республикасының  Мемлекеттік экономикалық университетінің  авторлар ұжымы кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды алдымен оның активтері  мен пассивтерін талдаудан бастау ұсынылады, содан кейін кәсіпорынның төлеу қабілеті мен қаржылық тұрақтылығын, сондай-ақ активтердің қайтарымдылығын  талдауға және оның қаржы жағдайын қысқа мерзімді болжауға кеңес беріледі.

О. В. Ефимов өзінің «Қаржылық  жағдайды қалай талдау керек» деген  еңбегінде талдау әдістемесін, әрбір шаруашылық жүргізушінің маңызды міндетінің бірі болып табылатын және де кәсіпорынның төлеу қабілеті мен өтімділігіне қосымша баға беруге мүмкіндік беретін мүліктік массаның құрылымын бағалаудан бастайды.

И. М. Лоханина мен  З. К. Золкина алдымен есеп беруді құрастырудың сапасын тексереді, содан  кейін оны оқуды жүргізіп, соның негізінде кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалайды, одан кейін кәсіпорынның мүліктік жағдайына және оның қалыптасу көздеріне, қаржылық дербестігіне және талдау қабілеттілігіне тереңдетілген талдау жасайды.

Кәсіпорының қаржы жағдайын талдаудың соңғы (ерекше) әдістемесін А. Д. Шеремет пен Р. С. Сайфулин ұсынады. Ол талдаудың келесі бөліктерінен тұрады: қаржылық жағдайдың жалпы бағасы және есепті кезеңдегі оның өзгерісі; кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау; баланс өтімділігін талдау; кәсіпорынның іскерлік белсенділігін және төлеу қабілеттілігін талдау.

Қаржылық жағдайды және оның есепті кезеңдегі өзгерісін  салыстырмалы аналитикалық баланс-нетто  бойынша бағалау, сондай-ақ қаржылық тұрақтылықтың абсольюттік көрсеткіштерін талдау, олардың ойынша, кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың басқа бөліктерін дамытуға тиісті оның негізгі бастапқы пунктін құрайды. Баланс өтімділігін талдау, тұрақтылықты талдаудан туындап, ағымдағы төлеу қабілеттілігін бағалап, болашақтағы төлем қабілеті мен қаржылық тепе-теңдіктің сақталу мүмкіндігі туралы қорытынды жасауға тиіс.

Қорыта айтқанда, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдауда аудиторлық түрлі әдістер мен  тәсілдерді қолдануға еркі бар. Оларды ұтымды пайдаланып, осы талдауды жүргізудің дәйектілігіне байланысты дұрыс әдісті таңдай отырып, аудитор қаржылық жағдайға терең, жан-жақты әрі кешенді талдау жүргізе алады, сондай-ақ объективті және анық баға береді, қаржылық тұрақтылықтың нығаюы мен кәсіпорынның табыстылығының өсуі жөнінде ұсыныстар дайындайды.

 

4.Қаржылық талдаудың  коэффициенттер әдісі

Қаржылық талдаудың  нарықтық экономика жағдайындағы көбірек  таралған әдісі әр түрлі қаржылық коэффиценттерді пайдалану болып табылады.

Коэффиценттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу  кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффиценттерді есептеу баланстың  жеке баптарының арасында болатын өзара  байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.

Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффиценттерді талдаудың  пайдалылығы оларды дұрыс түсіндіруге  байланысты болады. Бұл – қатынастарды талдаудың ең қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуының  ішкі және сыртқы факторларын білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы  экономикалық жағдайлар, кәсіпорын  басшылығының саясаты және басқалалар. Қатынастарды үлкен байыптылықпен  талдау қажет, өйткені тек бір ғана фактор алымына да, бөліміне де әсер етуі мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі өткен кезеңдегі, теориялық дәлелденген салалық қатынаспен салыстырылады. Қатынасты талдау болашаққа бейімделуі тиіс.

Қатынасты талдаудың  рөлін асыра бағалаудың да қажеті жоқ, себебі олардың әмбебап мәні болмайды және диагностика үшін индикатор болып табылмайды. Әлдеқайда тереңдетілген талдау, қатынас негізінде жасалған шешімдерді әрқашан қолдай бермейді, себебі олардың деңгейіне келесілер әсер етеді, жекелеген кәсіпорындардың ерекшеліктері орташа салалық мәліметтер. Сондай-ақ, өткен жылдардағы нақты қол жеткізілген деңгейдің қолайсыз болуы немесе оның сол өтен жылдар жағдайы үшін қолайлы болып, бірақ қазіргі және болашақтағы жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуі әсер етеді.

Қаржылық талдауды салыстырмалы көрсеткіштер негізінде  жүргізудің шетелдік тәжірибесін механикалық  түрде көшіріп алу, көп жағдайда тиімсіз, себебі бұл жағдайда бәздің кәсіпорындардың өз ерекшеліктеріне назар аударылмайды. Нәтижесінде бір көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы туралы берілген кеңестер кейбір кезде расталмайды. Дегенмен, қаржылық жағдайды талдау барысында салыстырмалы көрсеткіштерді зерттеу қажет болады, себебі ол болып жатқан жағдайларды түсінуге және де оларды тек ағымдағыы мезетте ғана емес, сонымен қатар болашақта да дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Әлдеқайда кең таралған және зерттелген көрсеткіштерге мыналар жатады: өтімділік, қаржылық тұрақтылық, табыстылық және іскерлік белсенділік.

Салыстырмалы  (кеңістік) талдау – бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып табылады.

 

 

 

Қорытынды.

Экономикалық талдаудың  пәні объективті және субъективті факторлардың әсерінен пайда болатын шаруашылық процестер мен оның соңғы нәтижелері деп айттық. Енді объективті сыртқы факторларды алып қарастырайық.

Олар шаруашылық қызметке тұрақты әсер етіп, экономикалық заңдылықтардың ықпалын көрсетеді. Экономикалық талдау процесінде көп жағдайда, мысалы, баға факторының әсерімен соқтығысуға тура келеді - баға, тариф, мөлшерлемелердің өзгеруімен. Нарықтық жағдайларда баға белгілеу - өте қиын, сұрапыл процесс.

Дайын өнімдерге, тауарларға, жүк тасымалдау тарифтеріне және қызмет көрсету мөлшерлемелеріне баға қалыптасуы нарық заңдарының талаптарына сәйкес белгіленеді.

 Баға, тариф, мөлшерлемелер  - әрқашан бірқалыпты шамалар емес, олар өзгеріп отырады.

Егер шикізаттарға, материалдарға, жартылай өнімдерге, дайын  өнімдерге, тауарларға бағалар өзгерсе, ол өзгерістер өнеркәсіптік, құрлыстық, ауылшаруашылық, сауда және басқа да кәсіпорындардың, барлық көрсеткіштеріне ықпал етеді (әсіресе қаржылық).

 Өнеркәсіптік  кәсіпорындарда жалпы, тауарлы, өткізу және таза өнім көрсеткіштері, өзіндік құн және таза табыс көрсеткіштері өзгереді; тауар кәсіпорындарында – көтерме және бөлшек тауар айналымдарының, өткізу жеңілдіктерінің деңгейінің, пайда және айналым шығындарының көрсеткіштері.

 Талдау процесінде  баға, тариф, мөлшерлеме өзгерулері  күрделі экономикалық есептеулерді тудырады

 

Қолданылған әдбиеттер  тізімі:

1. Баканов М.И., Шеремет  А.Д. Теория экономического анализа:  Учебник. - М.: Финансы и статистика, 2001-416с.

2. Басовский Л.Е.  Теория экономического анализа:  Учеб. пособие. – М.: Инфра-М, 2001-222с.

3. Савицкая Г.В.  Анализ хозяйственной деятельности  предприятия: Учебник:М.: ИНФРА-М, 2002. – 336с.

4. Дүйсембаев К.Ш.  Анализ финансовый отчетности: Учебник.  – Алматы: Экономика, 2009, 366с.

5. Дүйсембаев К.Ш.  Аудит и анализ в системе  управления финансами: теория  и методология. – Алматы: Экономика, 2000.-294с.

6. Дүйсембаев К.Ш.  Анализ финансового положения  предприятия: Учебное пособие.  – Алматы: Экономика, 2005.- 128с.

7. Любушин Н.П., Лещева  В.Б., Дьякова В.Г., Анализ финансово-экономической  деятельности предприятия: Учеб. Пособие для вузов/Под ред. проф. Н.П. Любушина. – М.: ЮНИТА-ДАНА, 2001. -471с.

8. Шеремет А.Д., Сайфулин  Р.С., Негашев Е.В. Методика финансового  анализа. – М.:   Инфра –   М, 2002.-208с.

9. Журавлев В.В., Савруков  Н.Т. Анализ хозяйственно –  финансовой деятельности предприятия.  Конспект лекций. – СПб.: Политехника, 2001.-127с.

10. Методика анализа  показателей эффективности производства: Уч.пос., изд. 2-ое доп. и перераб./ Под ред. проф. Э.А. Маркарьяна. – Ростов н/д: Издательский центр «МарТ», 2001. -208с.

11. Любушин Н.П., Лещева  А.Б., Сучков Е.А. Теория экономического  анализа: Учебно- методический комплекс. – М.: Экономист, 2004.-480с.

12. Герасименко Г.П.  и др. Управленческий, финансовый  и инвестиционный анализ: Практикум.  – Ростов н/Д: Издательский центр «МарТ», 2002.160с.

13. Бачаров В.В.  Финансовый анализ. – СПб: Питер, 2005.-240с.

14. Дроздова Н.В., Дроздов  В.В. Экономический анализ. Практикум.  – СПб: Питер, 2006. -240с.

15. Анализ финансово-хозяйственной  деятельности: Учебно- методическое пособие/ под.ред. И.А. Налетова, М.: ИНФРА-М, 2006.-124с.

16. Анализ и диагностика  финансово-хозяйственной деятельности  предприятия/Под ред. Т.Б. Бердникова М.: ИНФРА-М, 2007. – 212с.

17. Финансовый анализ: Учебное пособие/ Под.ред. Е.А. Ефремова. – Томск: ТУСУР

Информация о работе Азаматтардың меншік құқығы ұғымы, оның түрлері мен туындау негіздері