Ақша-несие саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 21:14, дипломная работа

Описание

Осы дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша – несиелік саясаты бойынша негізгі бағыттары көрсетілген. Бірінші бөлімінде ақша – несиелік саясаттың концепциялық мақсатының теориясы қарастырылады, ақша-несиелік саясатындағы жаңа құбылысы – инфляциялық таргитерлеу қарастырылады. Ақшалық база және алтын валютті резервтердің мақсаттың көрсеткіштерінен ақырындап инфляция бойынша мақсаттың көрсеткіштеріне ауысуы, бұл ҚР Ұлттық банкімен көбірек сәйкес келеді, инфляцияны таргетирлеу принципінің жолына ауысуы қабылданған. Инфляциялық таргитерлеу жоспарына ауысуын дайындап Ұлттық Банк жылдан бастап ақша – несиелік саясаттың –жылдық горизонталды жоспарлауын бекітеді, яғни жылдан бастап «базалық инфляция индексі есептеледі және инфляцияны қарастырылуы жіберіледі.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3
1 АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ................5
1.1 Мемлекеттің ақша-несие саясатындағы даму бағыты...................................5
1.2 Валюталық саясат және валюталық бағамды реттеу теориясы...................12
1.3 Инфляция және инфляциялық таргетирлеу...................................................21
2 ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ – МЕМЛЕКЕТТІҢ АҚША-НЕСИЕЛІК САЯСАТЫНЫҢ АТҚАРУШЫСЫ ЖӘНЕ ТЕКСЕРУШІСІ ...................30
2.1 ҚР Ұлттық Банкінің қазіргі кезеңдегі ақша-несие саясаты........................30
2.2 Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу қатынастарының
қазіргі жағдайы.....................................................................................................54
3 ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ........................................................................................................62
3.1 ҚР Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының 2007-2009 жылдарға
арналған негізгі бағыттары.................................................................................62
3.2 ҚР Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының 2008-2009 жылдарға
арналған негізгі бағыттары.................................................................................75
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................91
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .............................................93

Работа состоит из  1 файл

Диплом каз Акша-несие саясаты.doc

— 967.50 Кб (Скачать документ)
">- «мұнайға жоғары баға» сценарийін іске асыру кезінде 2007 жылы 8,2%-9,2%, 2008 жылы  – 8,0%-9,0%, 2009 жылы  – 8,0%-9,0% шегінде.

ЖІӨ, мемлекеттік шығыстар және орта мерзімді жоспарда көзделген басқа да көрсеткіштер ұлғайту жағына қарай қайта қаралатын болса, инфляция болжамының да көтерілетіндігін айта кету қажет. Сонымен қатар валюта жоғары баға сценарийі көрсеткіштерінен қарқынды асып әкелінген және халықтың кірісі орта мерзімде жоспарда белгіленген көрсеткіштерден жоғары өскен жағдайда ақша ұсынысы инфляцияның мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізуге қажетті шектен шығып кетуі мүмкін. Бұл құжатта мұнайға қалыпты баға сценарийі үшін, негізінен 2007 жылға арналған ақша-кредит саясаты, оның ішінде ақша-кредит саясатын қатаңдату шаралары атап көрсетілген. Одан кейінгі жылдарға арналған шаралар 2007 жылдың нәтижелері бойынша нақтыланады. Мұнайға жоғары баға сценарийі іске асырылған жағдайда ақша-кредит саясатының шаралары одан да күшті қатаңданатын болады. Мұнайға қалыпты баға сценарийі іске асырылған жағдайда ақша-кредит саясатының 2007 жылға арналған шаралары. Ақша-кредит саясаты саласында 2007 жылы Ұлттық Банк өз қызметінде орташа жылдық инфляцияны төмен деңгейде ұстауға бағытталған ақша-кредит саясатын жүзеге асыруды басым бағыты ретінде айқындайды. Ақша-кредит операцияларын пайдаланудың тиімділігін арттыру және ақша нарығының ахуалына әсер ету үшін қолданылатын шараларды одан әрі күшейту, ақша-кредит саясаты құралдарының әр түрлері бойынша қойылымдарды келісу жөніндегі жұмыстар жалғаса береді. Сыйақының нарықтық қойылымдарына жасалатын қысқа мерзімді қойылымдардың реттеу ролін көтеру жөніндегі шаралар қойылымдар дәлізін тарылту (төменгі қойылым – депозиттерді тарту жөніндегі қойылым, жоғарғы қойылым – заемдар беру жөніндегі қойылым) арқылы жүргізіледі. Қайта қаржыландырудың ресми қойылымын қосқанда Ұлттық Банктің операциялары бойынша қойылымдар ақша нарығындағы ахуалға және инфляция деңгейіне қарай реттеледі. Екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі қысқа мерзімді ноталары мен депозиттері қаржы нарығындағы сыйақы қойылымдарын реттеудің, сондай-ақ банктердің артық өтімділігін жүйелеудің негізгі құралдары болып қала береді.  Қажет болған жағдайда қысқа мерзімді қисық кірістілікті қалыптастыру үшін ноталарды айналысқа шығару мерзімін ұзарту және көлемін ұлғайту мүмкіндігі қаралады, ол Ұлттық Банктің біраз шығындануын талап етеді. Ұлттық Банк бұл мүмкіндікті зерттеп, қаржы нарығындағы ахуалға қарай тиісті шешім қабылдайды. Осы жұмыс шеңберінде Ұлттық Банк қисық кірістіліктің қалыптасу мәселелерін шешу жөнінде Қаржы министрлігімен бірге жүргізілетін жұмысты үйлестіруді күшейту қажет деп санайды. Бұл проблеманың Ұлттық Банкке теріс ықпалы ашық нарықта операциялар жүргізу мүмкіндіктерінің шектелуінен және ақша-кредит саясаты құралдарының негізгі макрокөрсеткіштерге әсер етуінің әлсіреуінен көрінеді. Банк жүйесінің артық өтімділігі мәселелерінің өткірлігі сақталған жағдайда Ұлттық Банк ақша-кредит саясатын қатаңдата береді. Банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін банктік заемдарды беру механизмі, репо операциялары және қайта есепке алу операциялары жетілдіріледі, атап айтқанда кепіл құралдарының тізбесін кеңейту жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар өтімділікті беру құралдарын (қайта қаржыландыру заемдары және вексельдерді қайта есепке алу секілді) пайдаланудың тиімділігін күшейту мақсатында олардың мерзімдерін бірегейлендіру мүмкіндігі қарастырылады. Инфляцияны төмендету үшін шектеулі ақша-кредит саясатын жүргізумен қатар, әсіресе, жиынтық сұранысты дамытудың, өсуін шектеудің бюджеті бөлігінде, бюджет саясатын қатаңдандыру, сондай-ақ отандық өндірушілер тарапынан тауарлар мен көрсетілетін қызметтер ұсыныстарын ынталандыру қажет. Инфляциялық үдерістерге қысымды азайту мақсатында бюджет саясатын қатаңдату бюджет шығыстарының, оның ішінде инвестициялық шығыстардың өсуін шектеу, мемлекеттің мұнайдан түскен кірістерді кепілдік берілген трансферт түрінде пайдалануын шектеу, сондай-ақ салық ауыртпалығын сақтау саясатынан бас тарту бағытында жүргізілуі қажет. Экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының мониторингі бойынша қаржылық емес корпорациялар секторының, қалыптасқан экономикалық конъюнктураның және кәсіпорындардың қаржылық ахуалының даму үрдістерін және бағыттарын бағалауды қалыптастыруға, сондай-ақ проценттік, валюталық саясатты айқындау, ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін белгілеу, қаржы тұрақтылығы туралы есептерді жасау кезінде Ұлттық Банк қызметіндегі мониторинг нәтижелерін іс жүзінде пайдалануды кеңейтуге бағытталған жұмыстар жалғаса береді. Ұлттық Банк теңгенің еркін айырбас бағамы режимін ұстанатын болады, яғни теңгенің ішкі валюта нарығындағы шетел валютасына қатысты номиналды бағамының динамикасы осы шетел валютасына деген сұраныс пен ұсынысқа қарай белгіленеді. Ұлттық Банк теңге бағамының ауытқуына бағдарлар немесе дәліздер жасамайды. Ұлттық Банк ішкі валюта нарығындағы өзінің қатысуын қысқартуға ниетті. Ұлттық Банк валюта нарығындағы операцияларды, негізінен, Ұлттық қор үшін жүзеге асыратын болады, өйткені, Ұлттық Банк Ұлттық қордың активтерін айырбастау және қайта айырбастаудың жаңа ережесіне сәйкес Ұлттық қор үшін Ұлттық Банктің халықаралық резервтерінен шетел валютасын сатумен бірге ішкі нарықтағы шетел валютасын да сатып ала алады. Валюталық реттеу және валюталық бақылау саласында. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР Заңына сәйкес 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап күрделі операциялар бойынша пайдаланылып жүрген шектеулердің күші толығымен жойылады. Сол сәттен бастап ағымдағы және күрделі операциялар бойынша валюталық шектеулер болмаған жағдайда теңгенің айырбасталуы толық қамтамасыз етілетін болады. Валюталық шектеулердің болмауы капиталдың әкелінуінің жоғары деңгейдегі жұмылдырылуын білдіреді, ол валюталық және қаржы нарықтарындағы ахуалдың тұрақсыздануына әлуетті қауіп тудыруы мүмкін. Мұндай жағдайларда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі капиталдың қозғалысымен байланысты валюталық операциялардың мониторингін күшейтеді, сыртқы экономикалық операциялар және ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздеріне талдау жасау бойынша ақпарат базасын жетілдіру жұмыстарын жалғастыра береді. Төлем жүйелері саласында Қазақстан экономикасының әр түрлі субъектілері арасында төлемдер мен аударымдарды жүргізудің қауіпсіз және уақтылы болуын қамтамасыз ететін жоғары технологиялық деңгейде төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне одан әрі қолдау көрсету жұмысы жалғастырылады. Бұл жұмыс сондай-ақ қызмет көрсететін операторларды және төлем жүйесінің пайдаланушыларын бақылау және қадағалау жүйелерінен тұратын болады. Сонымен қатар орта мерзімді перспективада төлем жүйелерін дамыту шеңберінде Ұлттық Банк Төлем карточкаларының ұлттық жүйесін одан әрі дамытуға, Қазақстан Республикасының «Электронды Үкімет» жүйесін құру шеңберінде «Төлем шлюзін» жасауға, сондай-ақ төлем жүйелері үшін жаңа Резервтік орталық құруға ерекше көңіл бөлетін болады. Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету саласында Ұлттық Банк өз қызметін ҚҚА-мен тығыз үйлестіретін болады. Бұл ретте Қаржы тұрақтылығы туралы есепті одан әрі жетілдіру жұмыстарын жүргізетін болады. Ұлттық Банк пен ҚҚА-нің алдымыздағы кезеңдегі міндеттерінің бірі – қаржы тұрақтылығы индикаторларының жүйесін қалыптастыру, қаржы жүйесінің тұрақтылығына теріс әсер етуі мүмкін жағдайларды анықтау және алдын алу. Дағдарыс жағдайларының дамуын болдырмайтын құралдар әзірленеді. Талдау жұмыстарының нәтижелерін бұқара халықтың тұрақты түрде пайдалануын қамтамасыз ету Қазақстанның қаржы жүйесіне деген сенімді күшейтуге себебін тигізетін осы жұмыстардың маңызды бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес еліміздің банк секторының сыртқы борышын басқарудың тиімділігін арттыру қаржы секторын реттеудегі негізгі бағыттардың бірі болады. Қаржы тұрақтылығына төнген қауіпті уақтылы анықтау жөніндегі өзара іс-қимылдардың және жұмыстарды ұйымдастырудың сапалық деңгейін арттыру, сондай-ақ қаржылық қатынастар субъектілерінің тәуекелдерін халықаралық практикаға сәйкес реттеу жөніндегі үйлестірілген саясатты жүргізу үшін Ұлттық Банк ҚҚА және Үкіметпен бірлесіп 2007 жылы Қаржы тұрақтылығы жөнінде меморандум әзірлеп, қол қоятын болады. Ол құжат қаржы тұрақтылығы үшін тәуекелдерді реттеу бөлігінде органдардың құзыретін, ақпараттық өзара іс-қимыл жасау рәсімін, қаржы тұрақтылығы мәселелері бойынша тұрақты консультациялар жүргізу тәртібін, реттеуші іс-қимылдардың келісілген шараларын іске асырудың жолдары мен қағидаттарын реттейтін болады.

8 кесте

Ақша-кредит саясатының негізгі көрсеткіштерінің 2007-2009 жылдарға арналған болжамы («капиталдың қалыпты әкелінуі жағдайындағы мұнайға қалыпты баға»сценарийі)

  

2006

2007

2008

2009

1

2

3

4

5

Инфляция (кезеңде орташа алғанда), %

8,6

6,2-7,2

6,0-7,0

6,0-7,0

Қайта қаржыландырудың ресми қойылымсы,%

9,0

8,0

7,5

7,5

Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері, млрд. АҚШ доллары

19,1

21,3

23,2

25,2

өзгеріс %-бен

170,4

11,3

8,9

8,7

Ақшабазасы, млрд. теңге

1501

1828

2221

2468

өзгеріс %-бен

126,5

21,8

21,5

11,1

Ақшамассасы, млрд. теңге

3716

5046

6439

7753

өзгеріс %-бен

79,9

35,8

27,6

20,4

8 кестенің жалғасы

 

 

 

 

1

2

3

4

5

Резиденттердің депозиттері, млрд. теңге

3115

4272

5464

6574

Банктердің экономикаға беретін кредиттері, млрд. теңге

4736

6161

7766

9647

Экономиканы монетизациялау деңгейі, %

38,1

42,5

45,9

46,9

 

9 кесте

Ақша-кредит саясатының негізгі көрсеткіштерінің 2007-2009 жылдарға арналған болжамы («капиталдың көп әкелінуі жағдайындағы мұнайға қалыпты баға»сценарийі)

 

2006

2007

2008

2009

Инфляция (кезеңде орташа алғанда), %

8,6

7,3-8,3

6,9-7,9

6,9-7,9

Қайта қаржыландырудың ресми қойылымсы,%

9,0

9,0

8,5

8,5

Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері, млрд. АҚШ доллары

19,1

24,1

28,1

32,1

өзгеріс %-бен

170,4

26,2

16,6

14,2

Ақшабазасы, млрд. теңге

1501

2129

2683

3293

өзгеріс %-бен

126,5

41,8

26,0

22,7

Ақшамассасы, млрд. теңге

3716

5375

7040

8877

өзгеріс %-бен

79,9

44,7

31,0

26,1

Резиденттердің депозиттері, млрд. теңге

3115

4528

5901

7460

Банктердің экономикаға беретін кредиттері, млрд. теңге

4736

6682

8914

11153

Экономиканы монетизациялау деңгейі, %

38,1

44,5

48,4

51,3

 

10 кесте

Ақша-кредит саясатының негізгі көрсеткіштерінің 2007-2009 жылдарға арналған болжамы («мұнайға жоғары баға»сценарийі)

 

2006

2007

2008

2009

Инфляция (кезеңде орташа алғанда), %

8,6

8,2-9,2

8,0-9,0

8,0-9,0

Қайта қаржыландырудың ресми қойылымсы,%

9,0

9,7

9,5

9,5

Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері, млрд. АҚШ доллары

19,1

25,4

31,8

37,7

өзгеріс %-бен

170,4

33,0

25,3

18,4

10 кестенің жалғасы

 

 

 

 

1

2

3

4

5

Ақшабазасы, млрд. теңге

1501

2295

3190

4170

өзгеріс %-бен

126,5

 52,8

39,0

30,7

Ақшамассасы, млрд. теңге

3716

5636

7850

10249

өзгеріс %-бен

79,9

51,7

39,3

30,6

Резиденттердің депозиттері, млрд. теңге

3115

4700

6552

8662

Банктердің экономикаға беретін кредиттері, млрд. теңге

4736

7151

10033

13062

Экономиканы монетизациялау деңгейі, %

38,1

46,6

54,0

59,2


 

3.2 ҚР Ұлттық Банкінің ақша-нисие саясатының 2008-2009 жылдарға арналған негізгі бағыттары

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қалыптасып отырған практикада жыл сайын алдағы 3 жылға ақша-кредит саясатының негізгі бағыттарын әзірлейді, оларда инфляция бойынша мақсаттық бағдарлар, сондай-ақ ақша-кредит саясатының оларға қол жеткізу жөніндегі шаралары айқындалады. Орта мерзімді кезеңге арналған саясаттың стратегиялық бағыттарын айқындау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі саясатының болжамдылығын арттырады және қаржы нарығы қатысушылары үшін оны дамыту бағытындағы айқындалмаушылық дәрежесін төмендетеді. 2007 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алдында тұрған міндеттерді орындау әлемдік қаржы нарығына және тиісінше ішкі экономиканың даму перспективаларына қатысты көмескілік дәрежесінің жоғары болуына байланысты күрделі болды. Әлемдік қаржы нарығындағы ахуалдың одан әрі нашарлауы тәуекелінің жоғарыболуы жағдайында ірі дамыған елдердің орталық банктері ахуалды тұрақтандыру үшін өзінің банк жүйелеріне көмек көрсете бастады. 2007 жылы Қазақстан Республикасындағы жылдық инфляция (өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда желтоқсанда) 18,8% (соңғы 7 жылдағы ең жоғары деңгей) болды. Ағымдағы кезеңінің ерекшелігі инфляциялық қысымның күшеюі және қаржы нарығындағы ахуалдық нашарлауы жағдайында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алдында және басқа да орталық банктердің алдында белгілі бір таңдау туындауында болды. Басқа жағынан алғанда бағаның тұрақтылығына қол жеткізуді, ал басқа жағынан алғанда қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, экономиканың одан әрі өсуіне арналған жағдайды сақтау қажет. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы жағдайларда екі жылға алға, яғни Ақша-кредит саясатыны. 2008-2009 жылдарға арналған негізгі бағыттарын әзірлеу жөнінде шешім қабылдады. Бұл ретте негізгі мақсатты іске асырумен қатар банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешеніне ерекше назар аударылды. Айқындалмаушылықтың төмендеуіне қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің үш жылдық кезеңге арналған Ақша-кредит саясатының негізгі бағыттарын әзірлеу практикасына қайтып оралуға ниеті бар.

Қазақстан экономикасының соңғы жылдардағы дамуының кейбір ерекшеліктері. Әлемдік экономикадағы қаржылық сілкініс Қазақстан Республикасы экономикасының сыртқы тәуекелдерге тәуелді екенін көрсетті. Экономика дамуының соңғы бірнеше жылдар бойы қалыптасқан түбегейлі ерекшеліктері осалдықтың негізгі факторларының бірі болды. Шикізат салаларының кірістері, банктердің сырттан қарыз алуы, мемлекеттік шығыстардың өсуі экономиканың «қызып кетуіне» және жиынтық сұраныстың өсуіне ықпал етуін жалғастырды. Сұраныс белсенді өсіп отырған жағдайда инфрақұрылым қызметі мен жылжымайтын мүлікке деген сұранысты тез қанағаттандыруға экономиканың объективтік мүмкіндігінің болмауы жағдайында  инвестициялауға арналған құралдардың шектелуі жылжымайтын мүлік нарығының «қызып кетуіне» және құрылыс және басқа да қызмет көрсету секторындағы кірістіліктің артуына алып келді. Жылжымайтын мүлік нарығы инвестициялар үшін неғұрлым тартымды болды. Қазақстан Республикасы экономикасының қаржы секторының соңғы жылдардағы өсуі де банк жүйесіндегі тәуекелдердің айтарлықтай жинақталуына қабаттас болды. Теңгенің нығаюы, Қазақстан Республикасының тәуелсіз кредиттік рейтингінің және отандық банктердің рейтингінің көтерілуі, банк секторының инвестициялық тартымдылығы Қазақстан банктерінің капиталдың сыртқы нарықтарына үстемдік жасауына мүмкіндік жасады. Сыртқы қарыз алудың өсуі және кредиттеу көлемінің ұлғаю қарқынының өсуі несие портфелінің сәйкес сапасымен қамтамасыз етілгеніне қарамастан, банктердің активтері сапасының нашарлауының әлеуетті тәуекелі бағаланған жоқ. Банктердің құрылыс саласын және жылжымайтын мүлік нарығын басымдықпен кредиттеуі, бір жағынан, жылжымайтын мүлік нарығындағы бағалардың одан әрі көтерілуіне және банк секторының кредиттік тәуекелдерге ұшырауының күшеюі себепші болды. Екінші жағынан, құрылыс секторы іс жүзінде банктердің қаржыландыруына толық тәуелді болды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі бірнеше жылдар бойы банк жүйесінде туындайтын тәуекелдерді барынша төмендету жөнінде шаралар қабылдады. Атап айтқанда, несие портфелінің сапасын реттеу, ең төменгі резервтік талаптардың тетігін жетілдіру жөнінде шаралар қабылданды, кредиттік тәуекелді неғұрлым барабар бағалауға, провизияларды қалыптастыруға және қаржы ұйымдарының капиталын ұлғайтуға бағытталған жаңа талаптар әзірленді, шетелден қарыз алуға шектеулер енгізілді. Сонымен қатар әлемдік қаржы нарықтарында туындаған проблемалар банк жүйесінің жинақталған тәуекелдерінің пайда болуына және ұлттық экономиканың сыртқы

қаржы күйзелістеріне осалдығының күшеюіне алып келді. Сырттан қаржыландыру ресурстық базаны толықтырудың маңызды көздері болып табылатын Қазақстан банктері ағымдағы өтімділіктің жетіспеуі проблемасына ұшырады. Банктік қаржыландырудың  төмендеуі бірінші кезекте құрылыс көлемінің қысқаруына, сондай-ақ басқа салалардағы белсенділіктің төмендеуіне алып келді.Тәуекелді қайта бағалау, қаржы жүйесіндегі қорландыруға қатысты қиындық Standard & Poor’s және Fitch халықаралық рейтинг агенттіктерінің  Қазақстан Республикасының тәуелсіз кредиттік рейтингін, сондай-ақ бірқатар отандық банктердің рейтингтерін төмендетуіне алып келді. Соған қарамастан экономиканың өсу қарқыны 2007 жылдың аяғына дейін бәсеңдемеді.

2007 жылғы макроэкономикалық даму өлшемдері.Әлемдік қаржы және тауар нарықтарының дамуы.Әлемдік экономика 2007 жылдық бірінші жартыжылдығында жоғары қарқынмен дамыды. ХВҚ-ның бағалауы бойынша оның өсу қарқыны осы кезеңде жылдық көрсетумен 5% жуық болды. Осы өсудің жартысы Қытайдың, Үндістанның және Ресейдің экономикаларының дамуына келді. Сонымен қатар, әлемдік қаржы нарығы 2007 жылдың бірінші жартыжылдығында қойылымлардың біртіндеп шамалы өсуімен сипатталды. Осындай өсудің себебі инфляция деңгейінің артуы нәтижесінде кейбір дамыған елдердің орталық банктерінің ақша-кредит саясатын қатаңдатуы болды. Еуропа орталық банкі бір жылдың ішінде базалық пайыздың қойылымны екі рет көтерді – наурызда 3,75% деңгейге дейін және маусымда 4% дейін. Жапония банкі қойылымны 2007 жылғы ақпанда 0,5% деңгейге дейін көтерді. ФРЖ-ның базалық қойылымсы 2007 жылғы қыркүйекке дейін 5,25% деңгейде қалды. Валюта нарықтарында АҚШ долларының әлсіреуімен, еуроның, фунт стерлингтің нығаюымен және Қытай юанінің баяу нығаюымен сипатталған 2006 жылғы трендтер жалғасты.

2007 жылдың екінші жартыжылдығында дамыған экономикалардың өсу қарқыны төмендеді. Еуропа мен Жапониядағы өсудің бәсеңдеуі ұлттық валюталардың нығаюымен және инвестициялар ағынының төмендеуімен байланысты болды. АҚШ-та өсудің бәсеңдеуіне «sub-prime» ипотека дағдарысы және нәтижесінде тұтынушылық сенімділіктің құлдырауы себепші болды. Бұл ретте 2007 жылғы тамызда АҚШ-та 2007 жылды. басында туындаған ипотекалық заемдар нарығындағы дағдарыс жергіліктіден ғаламдыққа ауысты. Нәтижесінде қаржы нарықтарындағы құбылмалылық артты. АҚШ-ғы «sub-prime» ипотека нарығының құлдырауы, сондай-ақ тәуекелдер және түпкілікті шығындар туралы екіұштылық әлемдік қаржы нарықтарындағы өтімділіктің келесі дағдарысына алып келді. Тәуекелдердің өсуі портфельдік инвесторлар капиталды дамушы нарықтардан шығаруға алып келді. Нәтижесінде дамушы нарықтардың көпшілігі үшін сыртқы нарықтарға жол түгелдей дерлік жабылды.

Бірқатар орталық банктер, атап айтқанда АҚШ Федералдық резервтік жүйесі,

Еуропа орталық банкі өз елдеріндегі банк жүйелерінің өтімділігін қолдау үшін кредит басымдылығын жүргізу арқылы туындаған дағдарысқа жауап қатты. Осы жағдайларда әлемдік нарықтардағы пайыздық қойылымлардың құбылуы күшейді. 3 айлық долларлық депозиттер бойынша Либор қойылымсы 2007 жылғы шілденің аяғындағы жағдай бойынша 5,36%-дан 2007 жылғы 7 қыркүйекте өзінің 2007 жылғы ең жоғары мәні 5,73%-ға жетті. Еуропа орталық банкі тарапынан 2007 жылғы желтоқсанда өтімділік құйылғаннан кейін Либор қойылымсы 4,73% дейін төмендеді (2007 жылғы 28 желтоқсандағы жағдай бойынша). Тұтастай алғанда, әлемдік экономика негізгі көзі әлемдік қаржы нарықтарындағы құбылмалылық болып табылатын жоғары айқындалмаушылық кезеңіне кірді. Соңғы айларда жағдайдың тұрақтануына қарамастан, ірі банктер бағалы қағаздарға инвестицияланған, сенімділігі төмен ипотекалық заемдарға байланысты активтерді есептен шығаруын жалғастыруда. Әлемнің жетекші елдерінің (АҚШ, Еуроаймақ, Ұлыбритания, Канада және Швейцария) орталық банктері 2007 жылғы желтоқсанда өтімділік дағдарысынан шығу үшін күштерін біріктіретіндігі туралы жариялады. Әлемдік экономика қаржы нарығындағы тұрақсыздықпен қатар тауар нарықтарындағы бағалардың айтарлықтай өсуі проблемасына ұшырады. Мұнай өндірудің резервтік қуаттарының шектелуі, оған негізінен қарқынды дамып келе жатқан және геосаяси тәуекелдері ұлғайып отырған елдер тарапынан сұраныстың тұрақты өсуі жағдайында 2007 жылдың басынан бері мұнай бағасының тұрақты өсу үрдісі байқалды. Мәселен, жыл басымен салыстырғанда 2007 жылғы желтоқсанда Brent сұрыпты мұнайдың орташа бағасы ХВҚ-ның деректері бойынша 46,8% өсіп, бір баррель үшін 91,45 АҚШ долл. құрады. 2007 жылы негізгі металдар мен азық-түлік өнімдерінің бағаларының да өсуі жалғасты. Мәселен, азық-түлік және өнеркәсіп тауарлары кіретін, отынға жатпайтын биржалық тауарлар бағаларының индексі ХВҚ-ның есебі бойынша 2007 жылғы 9 айда 6,1% өсті. Бұл ретте метал бағаларының индексі 1,5%, ал азық-түлік бағаларының индексі 18,2% өсті. Негізгі дәнді дақыл өндіруші елдердегі өнімнің төмен болуы, өсімдік шикізатымен жасалатын отынның (биоэтанол) балама түрлерінің әлемдік өндірісінің өсуі әлемдік нарықтағы тиісті тауарларға деген ұсыныс көлемінің қысқаруына алып келді, бұл олардың бағаларының өсуіне әкеп соқты. Мәселен, ХВҚ деректері бойынша бидайдың әлемдік бағасы (Канада) 2007 жылы 2 есе өсті, АҚШ ауылшаруашылық департаментінің деректері бойынша күнбағыс майының бағасы 2007 жылғы қаңтар-қарашада 91,9% өсті.

Әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы теріс үрдістер салдарынан әлемнің көптеген елдерінде инфляция өсті. Мәселен, АҚШ-та жылдық инфляция (соңғы 12 айда) 2006 жылғы желтоқсандағы 2,5%-дан 2007 жылғы қарашада 4,3%-ға дейін, Еуроаймақ елдерінде 1,9%-дан 3,1%-ға дейін, оның ішінде Германияда 1,4%-дан 3,1%-ға дейін өсті.

Информация о работе Ақша-несие саясаты