Ақша теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2011 в 22:19, реферат

Описание

Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген елдегi ақша айналысың ұйымдастыру ақша жүйесi болып табылады. Қазақстан Республикасында ақша жүйесi 1995 жылы 30 наурыздағы “Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi туралы” Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысының ұйымдастыру негiзiн және формаларын белгiлейдi, онда ресми ақша бiрлiгi, ақша белгiлерiнiң эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртiбi, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртiптерi қамтылады. Ал мұның алдында тұнғыш рет 1993 жылы ұлттық валютамыз теңгенi айналысқа шығарып, оны 1999 жылы еркiн айналымға жiбердiк. Бүгiнгi таңда ұлттық валютамыз күннен-күнге нығайып, елiмiздiң тұрақты экономикалық өсуiне даңғыл жол ашуда.

Содержание

Кiрiспе
І-тарау. Ақшаның мәнi, қызметтерi және ақша айналысы
Ақшаның шығу тегi
Ақшаның экономикалық мәнi және ақшаның қызметтерi
Ақша айналысының жалпы сипаттамасы

ІІ-тарау. Ақша теориясының дамуы және ақша жүйесi
Ақша теориясының дамуы және олардың айналысы:
а) Ақшаның металдық теориясы
б) Ақшаның номиналистiк теориясы
в) Ақшаның сандық теориясы
Ақша жүйесi жөнiнде түсiнiк, элементтерi мен
түрлерi
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Ақша теориясы.doc

— 189.00 Кб (Скачать документ)

      Сонымен, ақшаның iшкi мазмұны бағалы металдың N мөлшерiне берiлген құжат ретiнде  бiртiндеп иелерiнiң эмиссиялық орталыққа, оның iшiнде мемлекетке деген сенiмi ауысады. Үкiметке деген сенiмсiздiк, соғыстар және басқа да форс-мажорлық жағдайлар классикалық алтын стандартына қайта келуiне әкеледi. Нақты экономика тұрғысынан қарағанда қарапайым тауар болса да алтын ерекше орында тұрады.

      Қазiргi кезде алтынның негiзгi экономикалық қызметiнiң мәнi, оның капиталды инфляциядан сақтау құралы ретiнде қызмет етуiмен, несие алуды қамтамасыз ету құралы болуымен және маңызды өнеркәсiптiк шикiзат болып қала беруiмен сипатталады.

      Металдың  ақша ретiнде қызмет етуiмен барып, одан бiрте – бiрте монеталар пайда бола бастады.  Көпестер классының бөлiнуiмен алғашқы монеталар пайда болды. Олардың пайда болуы ақшаның қалыптасуындағы соңғы кезеңдi сипаттайды.

      Монета  – ол формасы, сыртқы пiшiнi, салмақтық құрамы заңмен бекiтiлген металдан жасалған ақша белгiсi.

      Монета  бет жағы – аверс, келесi жағы –  реверс, кесiндiсi – гурт болып ажыратылады.

      Егер  монетаның номиналды құны құрамындағы  металдың құнына сәйкес келсе, онда бұл  толық құнды ақшалар. Толық құнды  еместерi биллонды ақшалар деп аталады.

      Монеталық ақша айналысы тарихында мынадай  түсiнiктемелер бар:

      Биметализм  – жалпыға бiрдей эквивалент ролiн екi немесе одан да көп металл атқарады, яғни айналыста алтын және күмiс монеталар пайдаланылады.

      Монометализм  – жалпыға бiрдей эквивалент ретiнде бiр ғана металл түрi ( алтын, күмiс, т.б.) қолданылатын ақша жүйесi.

      Осылай, б.э. дейiн III – II ғ. римде мыс монометаллизмi, Ресейде 1843-1852 ж.ж. аралығында – күмiс  монометаллизмi 1897 ж. II Николай патша  тұсында енгiзiлдi.

      Түрiкше “акче” сөзi, қазақша “ақша” , яғни “ақ” сөзiнен күмiс монетаның түсiне қарап шыққан. 
 
 

б) Ақшаның  номиалистiк теориясы.

      Меркантелистердiң  металлизмге қарсы iс әрекетiнен  ақшаның номиналистiк теориясы пайда  бболды.  Тауар өндiрiсi мен айналымының  өсуiне байланысты металл монеталарды вексель, банкнот түрiндегi несиелiк айланыс құралдарына жартылай ауыстыру бiртiндеп орын алды. Ақшалар мен бағалы металдардың арасындағы iшкi байланыстарды жоққа шығара отырып,  номиналистер құн белгiлерiнiң жүру құқығын негiздедi, ол үшiн олардың металдық құрамын белгiледi.

      Номинализмнiң  негiзгi ережесi мынадай:

  • Ақша идеалды есеп бiрлiгi болып саналады және олардың көмегiмен тауарлардың айырбас құны анықталады;
  • Бұл бiрлiк ешқандай да iшкi құнға ие емес;

    Сонымен номиналаистер аұшаның құндық жаратылысын толық жоққа шығара отырып,  оларды техникалық айырбас құралы ретiнде қарастырады.  Адам Смиттiң айтуынша,  ақша – бұл айырбас процесiн жеңiлдететiн техникалық дөңгелек, айырбас және сауда құралы.  Ол ақшаның құны екi жақты мәнге ие дп санайды:

  • Қандай-да бiр заттың пайдалылығын көрсетедi;
  • Басқа тауарды сатып алу мүмкiндiгi,

     XIX ғ. аяғында және XX ғ. басында саяси экономияда номинализм үстемдiк ете бастады. Бiрақ бұрынғы номинализмнен айырмашылығы оның объектiсiне қағаз ақшалар жатады.

      Номинализмнiң  мәнi немiс экономисi Кнаптың (“Государсвенная  теория денег” , 1905 ж.) еңбегiнде жақсы  берiлген. Оның негiзгi ережелерi төменгiдей  құрылған:

  • Ақша – құқықтық тәртiптiң өнiмi, мемлекеттiк билiктiң туындысы;
  • Ақша мемлекеттiк  хартальдiк төлем құралы, яғни ол мемлекеттiң төлем күшiмен жасалған төлем белгiлерi болып табылады;
  • Ақшаның негiзгi қызметi – төлем құралы.

     1929 – 1933 жж. Кономикалық дағдарыс  тұсында номинализм әрi қарай  дами түстi.  Сөйтiп, Дж.М. Кейнс  (1930ж. “Трактат о денгах”) алтын ақшаларды “жабайылық сарқыншағы” , “арбаның бесiншi дөңгелегi” деп хабарлайды.  Ол идеалды ақшаларға қоғамның өркендеуiн үнемi қамтамасыз етiп отыратын қағаз ақшаларды жатқызды. Кнапп теориясының жеңiсi деп қарастырды. Кейнс барлық өркениеттi ақшалар қарапайым түрiнде қалып, кнапптық партализм толық жүзеге асты деп санады.

     Ақшаның номиналистiк теориясы жағында американ экономиксi П. Самуэльсон да болды.  Ол ақшалар өткен уақытта ғана тауармен байланыста болса, ал алдағы уақытта ақшалар шартты белгiге айналуда деп сендiредi. “Тауар ақшалардың дәуiрiн қағаз ақшалар алмастырды. Қағаз ақшалар ақшаның мәнiн, iшкi табиғатын ашады. Ақша дегенiмiз ол жасанды әлеуметтiк шарттылық”

     Қағаз ақшалардың пайда болуы металл айналысының  объективтi заңдылықтары мен капитализм тұсындағы тауарлы өндiрiстiң дамуымен сипатталатын ақша айналымына деген қосымша қажеттiлiктерiмен байланысты.

     Бiрақ  қағаз ақшаның шығу тарихы б.ғ.д. I ғ. тән, яғни ол кездегi терiден жасалған ақшаларға байланысты. Бұл уақытта  Қытайда ақ бұғы терiсiнен жасалған ақшалар пайда болды. Ақ бұғылардың барлығы император меншiгiнде болған.

     Нағыз қағаз ақшалардың пайда болуы  Шынғысханның немересi Хубила ханмен байланыстырылады.

     XVII ғ. алдындағы капиталистiк тауарлы  өндiрiстiң дамуымен қағаз ақшаның  қолданылуы өрiс ала бастады.  Қағаз ақшалар 1690 жылы Солтүстiк Американың Британиялық отар елдерiнде, 1716 ж. Францияда, 1795 ж. АҚШ-та,  1762 ж. Австралияда пайда болды. Ресейде алғашқы қағаз ақшалар 1769 ж. II Екатерина тұсында пайда болды.

     Сырттай қарағанда,  қағаз блгiлерi мемлекет тарапынан жасалынған – толық құнды ақшаның орнын алмастырушылар тәрiздi әсер етедi деген ой туады.  Шыында олар металл ақшаның номиналды құнының нақты құнынан ауытқуынан көбеюi есесiнен пайда болды.

     Металл  ақшадан қағаз ақшаға ауысу себептерi:

  1. Металл ақша айналысы өте қымбат болып келедi және капитализмнiң дамуымен мүмкiн емес, себебi қымбат металдарды өндiру айналыс құралдарына деген шаруашылықтың қажеттiлiгiнен әлдеқайда төмен;
  2. Монеталардың тозуы және бүлiнуi;
  3. Мемлекеттiк билiк пен жалған монеталарды жасаушылардың монеталарды бұзуы;
  4. Мемлекет шығындарын қағаз ақшаларды жабу үшiн шығарады.

     Осыған  байланысты, К. Маркс атап көрсеткендей: “өзiнiң айналыстағы делдалы ретiнде  алтын әр түрлi өзгерiстерге ұшырады, тiптi жай ғана бiр жапырақ қағазға дейiн жұқарды.

     Қағаз ақшалар ақшаның номиналдық құрамының  нақты құрамынан бiртiндеп бөлiнуi нәтижесiнде пайда болған құн  белгiсiнiң ақырғы формасы.

     Қағаз ақша мемлекеттiң өз шығындарын табу үшiн шығарылатын, әдетте металға  айырбасталмайтын, ерiксiз номиналға  ие ақша белгiсi. 

     Қағаз ақшалар толық құнсыз болып келедi, себебi, өзiнiң дербес құны жоқ. Оларды шығаруға кеткен шығындар өте аз. Заңды  төлем құралы болып тұрған кезде  ғана олар өздерiнiң сатып алу  қабiлетiн сақтай алады.

     Егер  “нағыз” ақшалар айналыста өзiнiң  меншiктi құнының арқасында жүрсе, ал қағаз ақшалар айналыс процесiнде нарықтық құнға ие болады. Мемлекет сол елдiң көлемiнде ғана оларға ерiксiз өзiндiк құн белгiлейдi. Осылайша , Қазақстанда 1993 жылы ең iрi капюрда 100 теңге, 1994 жылы 200 және 500 теңгелiк капюрлар шығарылған болатын.

     Ақшалар ешқашанда алтынға ауыстырылаған. Бiрақ кейбiр жағдайларда мемлекет айналысқа шығарылған қағаз ақшаларды  толық номиналдық бағасы бойынша  алтынға ауыстырған кездерi болған.

     Қағаз ақшалардың өзiнiң меншiктi құны болмағандықтан да , олар айналыс саласындағы ақшаның қызметтерiн толық құнды ақшалардың қызметтерi арқылы атқарады.

     Қағаз ақшалардың меншiктi құндарының болмауына  байланысты олар өздерiнiң жаратылысына қарай тұрақсыз және құнсыздануға икемдi келедi. Ақшаның құнсыздануы әр түрлi себептерге байланысты болады: бюджет тапшылығын, әскери және басқа да өндiрiстiк емес шығындарды жабуға артық ақшалардың шығарылуы; пассивтiк төлем балансының салдарынан алтынға дүниежүзiлiк ақша ретiнде сұраныстын ұлғаюы; еңбек өнiмдiлiгiнiң төмендеуi және тауар массасының қысқаруы, т.б.

     Мұның бәрi бағаның өсуiне әкелiп соғады. Жалпы алғанда қағаз ақшалардың құнсыздануы бұл тұрақсыз экономикаға  тән нәрсе.

     Қағаз ақшалар әрдайым көмекшi сипатқа  ие. Қағаз ақшалардың дербес түрде  ұзақ уақыт бойында айналуы мүмкiн емес, сондықтан да олармен қатар несиелiк ақшалар жүредi.

     Несиелiк  ақшалар – бұл  несие негiзiнде алтынның орнына келген құнның қағаздай белгiсi. Несие ақшалар несие берушi мен несие алушы арасындағы қарыз капиталының қозғалысын көрсетедi және “төлем құралы формасы ретiнде өмiр сүрудiң меншiктi формасын алады”.

     Несие ақшалардың негiзгi түрлерiне: вексель, банкнота, чек, несие карточкалары жатады. 

в)  Ақшаның  сандық теориясы.

      Айналыстағы ақшаның саны К. Маркстiң ашқан  ақша айналысының заңымен реттеледi. Айналысқа қажеттi ақша саны – айналыстағы ақша саны мен сатуға арналған тауарлар массасы және атауы бiр ақша бiрлiктерiнiң айналыс жылдамдығы арасындағы белгiлi бiр сәйкестiктiң болуын талап етедi.  Айналысқа қажеттi ақша санының формуласы төмендегiдей:

      Монетаристер  деп аталатын,  ағылшын классикалық  экономика мектебiнiң ғалымдары, келесiдей тепе-теңдiктi белгiледi:

PY = TV+DV1

мұндағы:  P – бағаның жалпы деңгейi;

                Y - өндiрiс көлемi;

                T – ақша белгiлерiнiң саны;

                D – депозиттер;

                V және V1 – ақшаның және депозиттiң айалыс жылдамдығы.

      1929 ж. ұлы депрессиядан кейiн ақшаның  сандық теориясы өзiнiң күшiн  жоғалта бастады, себебi кейнсиандық  теория ақша массасын емес, нақты  экономиканы басқаруға көп көңiл бөлдi.

      Соңғы он жылдықта етек ала бастаған инфляциялық  процестер ағылшын, американ экономистерiн  монетаризмге деген жаңа қызығушылықтарын тудырды, себебi қазiргi кездегi монетаризм ақша массасы мен өндiрiс көлемiнiң  өзгерiсi арасындағы байланысты анықтауға ұмтылуда. Монетаристер ақшаны реттеу және күтiлген өзгерiстердi анықтау үшiн қажеттi мерзiмдер арасында пайда болуы мүмкiн үзiлiстердi ескере отырып, ақша массасын бiрқалыпты және ұдайы реттеудiң өсу қарқынының “алтын” ережесiн ұсына бастад.

      Ақшаның төлем құралы ретiнде қызмет етуi айналысқа қажеттi ақшаның жалпы  көлемiн қысқартады. Бұл, қарыз мiндеттемелерiнiң  көп бөлiгi қарыз талаптары мен  мiндеттемелерiн өзара есептеу  арқылы жабу жолымен түсiндiрiледi.  Сөйтiп, несиенiң даму дәрежесi ақша санына керi әсер етедi: неғұрлым тауарлардың көп бөлiгi несиеге сатылса; соғұрлым айналыс үшiн ақшаның аз саны қажет етiледi.  Оған қоса мынаны ұмытпаған жөн: айналыстан алынған ақшаның белгiлi бiр саны шаруашылықтағы және халықтың қолындағы  тұрақты ақша резервiн қалыптастырады.  Осының нәтижесiнде,  айналыстағы ақша санын анықтайтын заң келесi түрдегi формуламен анықталады: 

     Ас = Тб.с. – Нт.б.с. + Тс – От.м.с. / А + АР 

    Ас –     төлем құралы  және айналыс құралы ретiнде қажеттi ақша саны;

      Тб.с. –    тауар бағасының сомасы;

      Нт.б.с. – несиеге сатылған тауар бағасының сомасы,

      Тс –      қарыз және басқа мiндеттемелер бойынша төлем сомасы;

      Өт.м.с. -  өзара есептескен талаптар мен мiндеттемелер сомасы;

      АР  –     ақша резервтерi;

    А –  ақшаның төлем және айналыс құралдары ретiндегi айналымының орташа саны.

     Теңдiкте  көрсетiлгендей экономикадағы ақша массасының айналуы мүмкiн себептердiң  бiрi ретiндегi тауарлар бағаларының  едәуiр аз төленбеген төлемi болып  табылады.

Информация о работе Ақша теориясы