Тақырыбы: Саяси менеджменттің пәні және спецификасы
Шпаргалка, 24 Февраля 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание
Басқару – бізді қоршаған ортадағы әмбебап және қажетті элемент. Басқару сөзін кең көлемде алғанда – ол субъектінің объектіге әртүрлі амалдармен әсер етуі. Бұл ықпал етудің мақсаты объектінің жағдайын, іс-әрекетін және сапасын өзгерту болып табылады. Басқару деп көп жағдайда мақсатты бағытталған әрекеттерді атайды. Бұл тұрғыдан алғанда объект адамдар жағынан реттеліп отырылады. Басқарудың ықпалына біздің қоғамдағы құбылыстар түсуде. Соның ішінде біздің қарастырғалы отырғанымыз қоғамдағы басқару және де соның бір ғана түрі - саяси менеджмент.
Содержание
Саяси менеджмент анықтамасы және қалыптасуы.
Саяси менеджмент пәні және оның даму тарихы.
Работа состоит из 1 файл
саяси менеджмент тезис дарис.docx
— 126.14 Кб (Скачать документ)
- Саяси консалтингтің саяси менеджмент
тегі алатын орны.
«Саяси консалтинг»
ұғымы бізге батыс саяси
«Қазақстанның
саясаттанулық сөздігі» бойынша: «саяси
консалтинг – прагматикалық және
технологиялық түрде ықпал
Дәріс № 14
Тақырыбы: Саяси менеджменттің ұйымдастырылуы
Жоспар:
- Саяси менеджменттің менеджмент ғылымынан бөлінуі.
- Саяси менеджментті ұйымдастырудың түрлері.
- Саяси менеджменттің менеджмент ғылымынан бөлінуі.
Саяси менеджмент бүгін немесе кеше пайда болған емес. Ол ежелден бері келе жатқан басқарудың ерекше түрі. Тарихи фактілер де, тәжірибелер де осыны дәлелдейді. Барлық тарихи қоғамдарда ел басқарушылар өздерінің беделін көтеру, өздерінің ықпалдарын өсіру сияқты міндеттерді шешіп отырды. Ал қарсы топтар болса әркезде өздерінің көсемдеріне ықпал етудің тиімді жолдарын іздеп отырды. Дегенмен, саяси менеджмент тек қана қазіргі қоғамда кең көлемде қызмет етуде.
Адамзат тарихының барлық кезеңі адамдардың өздерінің өмірлерін жеңілдетуге тырысып келеді. Ал бұндай мақсатқа жақсы ұйымдастырылған басқару арқылы жету керек. Бұрынғы кездерде саяси менеджмент басқару өнері ретінде бағаланбай келді. Кеңес одағы кезінде, тіпті, тәуелсіздікке қол жеткізгеннің өзінде де “менеджмент” және “менеджер” деген жаңа ұғымдар көпшіліктің құлағына біртүрлі естілетін еді. Бұл сөздер Америка құрама штаттары мен Европа үшін ескі болғанымен, біз үшін жаңа көрінді. Сондықтан да әлі де болса жаңаның кейпін киюде. Саяси менеджменттің қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болғандықтан менеджменттің барлық тарихи даму кезеңін қарастыру керек. Бұл кезде, әрине, көп ғасырлардан бері қалыптасқан саяси менеджменттің негізін анықтауымыз қажет. Бұнда ұйымның құрылымы, басқару мен басқарушы арасындағы қарым-қатынас, мотивация мен жұмысты белсендендіру, жетекшілік, басқарудың түрлері және тағы да басқалары сияқты сұрақтар туындайды.
Ежелгі Грецияда
«менеджмент» сөзіне балама жоқ болды.
Оған жақын сөздердің бірі «master»,
яғни – «іздеу салушы, іздей алатын»,
бірақ басқара алатын емес. Грецияда
адамдарды басқару өнері
2.Саяси менеджментті
Президенттің 2007 жылғы жолдауында
көрсетілген әкімшілік
Сонымен жаңалықтың сыры неде? Бұл
сұраққа үкімет басшысының орынбасары
Аслан Мусин былай деп жауап
береді: «Әкімшілік реформаны жүргізу
мемлекеттік басқару
Дәріс № 15
Тақырыбы: Саяси менеджер мамандық ретінде
Жоспар:
- Саяси менеджер басқарудағы басты тұлға.
- Саяси менеджменттің этикалық мәселелері.
- Саяси менеджер басқарудағы басты тұлға.
Саяси менеджер деп басқару шешімдерін жасап жүзеге асыратын саладағы мамандарды атайды. Ол өзінің кәсіби деңгейін анықтайтын бірқатар қасиеттермен мінез-құлыққа ие болуы керек. Саяси менеджер – ол саяси салада өзінің қызметін жүзеге асыратын басқарушы. Кейбір ғалымдардың пайымдауынша тиімді саяси менеджер төмендегі кәсіби қасиеттерге ие болу керек:
- Біліктілік;
- Жауапкершілік;
- Тәуекелге бару;
- Жоғары жұмыс тиімділігі;
- Саяси ортаның талаптарына сай болу;
- Психологиялық-моралдық тұрақтылық;
- Шешім қабылдау жігері;
- Басқа шешімдер мен көзқарастарға, позицияларға, қағидаларға төзімді;
- Қайтпайтын;
- Келісімге келе алатын;
- Басқаруға терең араласу;
- Адамдармен ұжыммен тіл табысып қарым-қатынас ұйымдастыра білу және т.б.
Қазіргі таңда көптеген тиімді саяси менеджерлер ұстанатын және осыған қарап қызмет ететін бірқатар негізгі қағидалар бар. Олар:
- Жұмыс уақытын рационалды пайдалана білу;
- Басқару барысында басты назарды процеске емес ал, жұмыстың тиімділігі мен нәтижесіне мән беру қажет;
- Саяси менеджердің жұмысы оның әлсіз жақтарын көрсетпеу үшін, күшті қасиеттеріне негізделіп жасалуы керек;
- Күштің барлығы маңызды жетістіктер мен нәтижелер алып келетін салаларға бағытталуы қажет;
- Саяси басқару қызметінің бағытын таңдау барысында тиімді шешімдер қабылдау өте маңызды.
Саяси менеджер
үшін өздерінің кез келген шешімдерінің
әлеуметтік маңызы бар екендігін
түсіну өте маңызды. Кез келген саяси
менеджердің шешімі қалайда болса
адамдарға ықпал етеді. Ал жоғарғы
деңгейдегі саяси менеджерлердің шешімдері
азаматтарға кең көлемде
2.Саяси менеджменттің
Саяси менеджмент шеңберінде қарастырып отырған мәселелер негізінде этикалық қағидаларды ұстану өте маңызды саяси аспект болып табылады. Саяси менеджменттің негізгі этикалық мәселелеріне төмендегілер кіреді:
- Саяси мақсаттарды жүзеге асыруға көмектесетін амалдарды таңдау;
- Саяси технологтардың кеңес беретін саясаткерлеріне ұсынатын ақпараттар мен қызметтердің объективтілігі;
- Саяси кеңес беру агенстваларының арасында бәсекелес күресінің әдістері;
- Саяси технологтардың көзқарастарының саясаткерлердің мүддесімен сай келу дәрежесі;
- Адамдардың санасы мен бейсаналығына ықпал ететін әдістерді пайдалану дәрежесін анықтау.
Кез келген
саяси мақсат міндеттерді жүзеге
асыру барысында әдістерді
- Саяси технологтардың қызмет етіп отырған саясаткерлермен көзқарастары мен моралдық ұстанымдарының сай келмеуі, яғни қаржы табу мақсатында жағымсыз ақпараттар тарату;
- Психологиялық ықпал жасау, яғни адамдарды еріктеріне қарсы манипуляциялау, сайлау кезінде немесе белгілі бір адамның беделін өсіру кезінде көбірек жүзеге асырылады. Барлық адамдар жасырын ықпалда болады. Саяси менеджментте психологиялық тәсілдерді қолдану әркезде нәтиже беріп отырады. Сондықтан аталған амалдар кең таралған. Адамдарға психологиялық қысым көрсету морал мен этиканың барлық қағидаларына қарсы келеді;
Саяси салада этикалық қағидаларды сақтау қиын. Себебі, аталған қиғадалар қоғамда сыйлы әрі мойындалған. Сондықтан ол қағидаларды ескермеу барысында немесе бұзғанда жауапкершіктен бас тартуға болады. Дегенмен, этикалық қағидаларды ұстануға байланысты нақты бекітілген тәртіптер жоқ болса да, норма мен морал қоғаммен қорғалуда.
ҚОРЫТЫНДЫ
Саяси менеджмент басқару
жүесіндегі өте ауыр феномен.
Әсіресе, саяси менеджмент
Оқу
құралында біз басты назарды
саяси менеджменттің теориялық
негіздеріне, даму тарихына, түрлеріне
саяси PR мен өзара қатынасына
және мемлекттік-әкімшілік