Экономикалық талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 20:35, реферат

Описание

Экономикалық талдау басқару шешімдерін қабылдайтын ғылыми база болып табылады. Оны негіздеу үшін потенциалды мәселелерді, қаржылық және өндірістік тәуекелділікті көрсету және болжау, шаруашылық субъектінің табыс пен тәуекелділік дәрежесіне қабылданатын шешімдердің әсерін анықтап, шаруашылық қзмет нәтижесіне талдау жүргізу қажет.

Работа состоит из  1 файл

КІРІСПЕ.docx

— 57.48 Кб (Скачать документ)

Айналымның  жылдамдауы нәтижесінде айналым  қаражатының заттық элементтері  босайды, шикізат, материалдар, отын қорлары  мен аяқталмаған өндірісті істеу  аз қажет болады, демек, бұрын осы  қорлармен іске салынған ақша ресурстары босап шығады. Босаған ақша ресурстары кәсіпорынның ең өтімді активтерін арттырады, нәтижесінде оның төлем қабілеті бекіп, қаржылық жағдайы жақсарады.

Біздің  кәсіпорында бұл көрсеткіштің деңгейі  жыл басында – 2,32 рет, жыл соңында  –3,34 рет болды.

Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның ағымдағы активтердің пайдалану тиімділігінің  артқанын көрсетеді. Егер жыл басында  кәсіпорында активтердің әрбір  ақша бірлігі 2 теңге 32тиынал жыл соңында 3 теңге 34 тиын келтірді.

5.Материалдық айналым қаражатының  айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның талдау кезіндегі шығындары мен қорларының айналым санын көрсетеді, яғни олардың сатылу жылдамдығын сипаттайды. Толықтай алғанда бұл коэффициенттің мәні жоғары болған сайын, осы аз өтімді бапта соғұрлым азырақ қаражат байланады, кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақтанып, айналым капиталында көбірек өтімді құрылым болады. Және керісінше, басқадай жағдайда тауардың шамадан тыс жиналып қорлануы, кәсіпорынның іскерлік белсенділігіне кері әсер етеді.

Өндірістік  қорлар (материалдар) оларды дайындау (сатып алу) құны бойын-ша есептелетіндіктен, қорлардың айналымдылық коэффициентін  есептеу үшін сатудан түскен табыс  емес, сатылған өнімнің өзіндік құны пайдаланылады.

Онда  есептеу мына формуламен іске асырылады:

          К = S / З

Мұнда: К - материалдық айналым құралдарының айналымдылық          

коэффициенті;

S - сатылған өнімнің толық өзіндік құны;

З - өндірістік материалдық қорлар.

Неғұрлым  айналымдылық көрсеткіші жоғары болған сайын, соғұрлым қорлар тезірек ақшалай  қаражатқа айналады. Оның төмендеуі  салыстырмалы түрде өндірістік қорлар мен аяқталмаған өндірістің ұлғайғанын немесе дайын өнімге деген сұраныстың бәсендегенін көрсетеді.

Біздің  кәсіпорынымызда сатылған өнімнің  өндірістік өзіндік құны негізінде  есептелген материалдық айналым  құралдарының айналымдылық коэффициенті жыл басында  – 6,52 рет; жыл соңында  – 6,65 рет болды.

6. Дебиторлық борыштың айналымдылық  коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі дебиторлық борыштың шамасына қатынасымен анықталады:

К = Д / Д

Мұнда:  К - дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;

              Д - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;

              Д - дебиторлық борыш.

Дебиторлық  борыштың айналымдылық коэффициенті дебиторлық борыш-тың сапасы мен көлемін  бағалау үшін пайдаланылып, кәсіпорын  берген ком-мерциялық несиенің ұлғайғанын немесе төмендегенін көрсетеді. 

Біздің  кәсіпорынымызда дебиторлық борыштың айналымдылық коэффи-циенті жыл басында  – 3,98 рет; жыл соңында – 7,93 рет  болды.

7.Кредиторлық борыштың айналымдылық  коэффициенті. Ол өнімді сату-дан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі кредиторлық борыштың  шамасына қаты-насымен анықталады:

К = Д /К

Мұнда:  К - кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;

              Д - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;

              К - кредиторлық борыштың кезеңдегі орташа шамасы.

Біздің  кәсіпорынымызда дебиторлық борыштың айналымдылық коэф-фициенті жыл басында – 8,23 рет; жыл соңында – 9,01 рет болды.

 

 

 

  1.  Кәсіпкерлік тәуекелі және шаруашылық субъектісінің банкроттық талдауы

 

Банкроттық  жағдайдың пайда болу мүмкіндігін  алдын ала көрсетіп және оны болдырмауда  қаржылық ағымдардың талдауы маңызды әдіс болып   табылады. Ол несие алудың мақсатқа сәйкестігін бағалау, қаржы қаражаттарының  қажетті   көлемдерін  және  мерзімдер бағалау міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.

Қаржы  қаражаттарының  қозғалысын  немесе кар ағымдарын талдауда көрсеткіштердің 4 тобы қарастырылған:     

-   кірістер; 

-   шығындар (немесе «төлемдер»);

-   олардың айырмасы («сальдо», «баланс»);              

- нақты  бар болуы («өспелі нәтижелі  сальдо», топтастырылған    «сальдо»),  шоттағы бар қаражаттарға  сәйкес.

Егер  болашақта 4-көрсеткіш («еспелі нәтижелі сальдо») теріс болса, онда ол қарыздың пайда болуын көрсетеді. Егер бұл  қарыздарды жабатын мүмкіндік болмаса, ал кредиторлар оларды сот арқылы талап етсе, ол банкротқа немесе форс-мажордық жағдайға алып келуі  мүмкін. Демек банкроттықтың бірінші  белгісі, ол - соңғы көрсеткіштің теріс болуы.

Банкроттықтың келесі белгісі сыпайылау, ол тіпті өркендеген кәсіпорынның да «несиелік қақпанға» тусу мүмкіндігімен байланысты. Бұндай жағдайда қарыз қаражаттарды алу көлемі қарыз қаражаттарды қайтару көлеміне тең немесе кем. Ол қарыздар алынғаннан кейін бірден кәсіпорынды дамыту үшін жұмсалмағанын білдіреді, ал олардың төлемі оның тиімділігін төмендетеді, яғни өз қаражаттарының «жуылып» кетуі нәти-жесінде шығынды қызметке және банкроттыққа алып кедеді.

Банкроттықтың ықтималдығын бағалаудың бұл әдісі  елдерде кеңінен қолданылады. Мысалы, Германияда қаржылық ағымдардың талдауы  кәсіпорынның төлем қабілеті жоқтығын анықтау үшін заңды түрде қолданылады.

Төлем қабілетсіздік  қаупі, қарыздарды төлеу уақыты кез-келген  кезде  қолма-қол төлем міндеттемесін орындай алмаған жағдайда болады. Төлем қабілетсіздікті анықтау алынатын және шығатын төлемдер негізінде жасалады.

Төлем  қабілетсіздік қаупі болашаққа  бағытталған, сондықтан белгісіздік мәселесіне қарсы тұрады. Табы тар мен шығыстардың көптеген көлемдері, қаржылық болашағы нақты жағдайға байланысты екенін көрсетеді

Қаржылық  ағымдарды талдау әдісінің артықшылығы  есептеудің қарапайымдылығы, алынған  нәтижелердің көрнектілігі, басқару  шешімдерін қабылдау үшін қежетті ақпараттылығында болып отыр. Бұл әдістің кемшіліктері де бар: қажетті деңгейдегі дөлдікті қажет ететін ақша қаражаттардың  түсу көлемін, ұзақ мерзімді болашақтағы  төлемдердің көлемін, сонымен қатар  кәсіпорындағы аналитикалық есептің  қажетті мәліметтерін жоспарлау  өте қиын.

Түсуі мен  шығуы жоспарланған, өтімді қаражаттардың  барлығы кірістірілген қаржылық жоспар, бағалаудың барабар құралы болып табылады. Банкроттықтың алдын  алып, кәсіпорынның төлем қабілетін  қалпына келтіру үшін, кәсіпорын  келесідей батыл әрекет жасауға  мәжбүр болады:

а)  қозғалмайтын мүліктің бір бөлігін сату;

ә) басы  артық тауарлы-материалдық  қорлардан  құтылу;

б)  жарғылық капиталды өсіру;

в)  айналым  қаражаттарын толтыру  үшін ұзақ мерзімді ссудалар мен заемдарды алу;

г)  шығындарды қысқарту бағдарламасын жасау және жүзеге асыру;

ғ) активтерді басқаруды жақсарту;

д)  қайтарылмайтын   немесе   қайтарылатын   негізде  әр түрлі деңгейдегі бюджеттерден, салалық және салааралық бюджеттен тыс қорлардан мемлекеттік қаржылық көмек алу.

Банкроттықты  болдырмауға бағытталған жұмыстың басқа жайы маркетингтік саясатты дұрыс  жүргізу болып табылады.

Үшінші  бағыт - капиталдың тез айналымын қамтамасыз ету. Кәсіпорынның аз табыс алатынының ең басты себебінің бірі, ол оның қаржыларының үлкен сомасының қозғалыссыз жататындығы. Құралдар көп қолданылмайды, шикізаттың қоры тым көп, ғимараттардың шамадан тыс көп болуы т.б. Бұның барлығы әрекетсіз капитал болып табылады. Кейде капиталдың 2/3 бөлігі доғарылып қалып, барлық тапсырыстар қалған бір белігіне жүктеледі. Баға өскенде ғана болмаса, тауарды ұстап тұрудың ешқандай қажеті жоқ. Ғимараттар немесе құралдардың құндылығы олардың бағасына емес, пайдаланылуына байланысты. Бизнестің мәні айырбастау болып табылады. Пайда нормасы жоғары бағаға емес, сату жылдамдығына байланысты, сондықтан бағаны көтеру банкроттыққа әкеледі, ал капиталдың айналымдылығының ең жоғары жылдам-дығы банкроттықган сақтайды.

Бұл ұсыныстар  банкроттықты болдырмайтын жұмыстарға жалпы бағыт береді. Шаруашылық қызметтің  негізгі көрсеткіштерінің өсу деңгейінің тұрақтылығын Қамтамасыз ету үшін және қаржылық дағдарыс жағдайынан шығу үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартуға бағдарлама жасап шығару керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Талдау  ұғымы кең көлемде кішкентай  бөлшектерге бөлінген және олардың  байланыстарының әртүрлілігіне  қарамастан табиғат құбылыстары  мен заттарын танудың тәсілі ретінде  қарастырылады. экономикалық құбылыстар мен процестерді макродеңгейде  зерттейтін жалпытеориялық экономикалық талдау мен бөлек кәсіпорындардың  экономикасын зерттеу үшін қолданылатын шаруашылық қызмет талдауы – микродеңгейдегі  нақты-экономикалық талдауын айыра  білу керек. Егер, жалпытеориялық экономикалық талдаудың ғылыми тұрғыдағы дамуы  алдыңғы ғасыр экономистерінің  еңбектерінде көрініс тапса, ал шаруашылық қызмет талдауы ғылым ретінде  салыстырмалы түрде жақын арада  көрініс тапты. Шаруашылық қызметтің экономикалық талдауы қоғамдық ғылымдардың дифференциациялануы нәтижесінде пайда болды. Экономикалық талдау кәсіпорын қызметінің әртүрлі бағыттары, сала, халықаралық байланыстар бойынша жүргізіледі. Экономикалық талдау әртүрлі бағыттар мен белгілерге байланысты жіктеледі: салалық, уақытты, кеңістік, жүйедегі басқару функцияларына байланысты, қызмет аймағына байланысты, статистикалық мәліметтерді іріктеуге байланысты. Экономикалық талдау келесі түрлергі бөлінеді: қаржылық-экономикалық, әлеуметтік-экономикалық, экономикалық-статистикалық, экономикалық-экологиялық, маркетингтік, салыстырмаплы факторлық, диагностикалық және маржиналдық. Кәсіпорынның шаруашылылық қызметінің барлық құбылыстары мен процесстері арақатынаста, өзара тәуекелділікте және шарттылықта болады. Олардың біреуі тікелей өзара байланысты, басқалары – жанама. Әр құбылысты себеп және нәтиже ретінде қарастыруға болады. Әр нәтижелі көрсеткіш көп санды және әр түрлі факторларға тәуелді болады. Факторлық талдау ретінде факторлардың нәтижелі көрсеткіштер көлеміне әсерін өлшеу мен  кешенді және жүйелі зерттеудің әдіснамасы түсініледі. Детерминантталған факторлық талдау  ретінде  факторлардың әсерін зерттеу әдіснамасы түсініледі, нәтижелі көрсеткішпен байланысы функционалды болады, яғни көрсеткіш факторлардың қосындысының  жеке немесе алгебралық туындысы ретінде көрінуі мүмкін. Стохастикалық талдау фактоларды зерттеу әдіснамасы ретінде нәтижелі көрсеткіштер олардың байланысы функционалдыдан қарағанда толық емес ықтималды (корреляциялы) болады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Басовский Л.Е. Теория экономического анализа: Учебное пособие – Москва: ИНФРА, 2005
  2. Басовский Л.Е. Экономический анализ (комплексный экономический анализ хозяйственной деятельности): УП – Москва: ИНФРА-М, 2005
  3. Шеремет А.Д. Теория экон. анализа: учебник – Москва: ИНФРА-М, 2003
  4. Савицкая Г.В. Анализ хоз. деятельн.: УП – Москва: ИНФРА-М, 2005
  5. Управленческий анализ. С.А. Бороненкова УП – Москва: ФиС, 2004
  6. Чернов Т.П. Экономический анализ: Торговля, общее питание, тур. бизнес: УП для вузов. Под ред. М.И. Баканова – Москва, 2003

 

 


Информация о работе Экономикалық талдау