Қазақстан 1960 ж. екінші жартысы мен 1980 жылдар – бірінші жартысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 04:35, курсовая работа

Описание

Н.С.Хрущев Қазақстанды сынақ алаңы сияқты пайдаланып, көптеген тың тәжірибелерді, оның ішінде келешегі жоқ тәжірибелерді сынақтан өткізіп байқап көрді. Гидропоникалық әдіспен өсімдік өсіру, жүгері егу т.б. осы сияқты тәжірибелер Қазақстан шаруашылықтарында байқаудан өтті. Оның айтуымен республиканың оңтүстіктегі аудандары көршілес республикаларға берілді, өлкелер құрылды.

Работа состоит из  1 файл

955_tarih-13-3.doc

— 86.00 Кб (Скачать документ)

      1964-1985 жылдары мал шаруашылығы құлдырады: 4,2 млн. – ірі қара; 55 млн.-қой-ешкі; 5,1 млн. – шошқа өлім – жітімге ұшырады. Ауыл шаруашылық кәсіпорындар солақай саясаттың кесірінен көптеген шығынға батып отырды.  

1986 жылы еліміздегі  барлық ауылшарушылық кәсіпорындар, шаруашылықтар өздерінің қаржысынан айырылып, несиемен ғана жұмыс ітей бастады.  

70-жылдары республиканың  бірқатар ауылшаруашылық қызметкелер  шаруашылық жүргіздің қалыптасқан  құрылымын өзгертуге әрекеттенді, И.М. Худенко сондай адамдардың бірі болатын. 

Алматы облысының  Еңбекші қазақ ауданындағы «Іле» және «Ақши» совхоздарының директоры И.М. Худенко шаруашылықты басқарудың құрылымын өзгертуге бағытталған бірқатар шаралар қолданып, еркін еңбек ету жүйесін енгізеді, фермерлер усадьбаларын дамытуға әрекеттенді. Бюрократиялық жүйенің кесірінен И.М. Худенко қуғындалып, ақырында бас бостандығынан айырылады. Түрмеге түсіп, сонда қайтыс болады. 

Колхоздардың  дербестігін жоюға бағытталған  қадамның бірі – ауыл шаруашылығын мамандыру, кооперациялау және агро-өнеркәсіптік интеграциялау туралы КОКП ОК-нің 1976 жылғы шешімі болды. Оның негізінде колхоздар мен совхоздарды механикаландырылған агро-өнеркәсіптік бірлестіктерді күштеп біріктіру жұргізілді.  

1982 жылы мамыр  айында КОКП ОК-нің пленумы  болып өтті. Онда Азық-түлік программасы  қабылданды және агро-өнеркәсіптік кешеннің тиімділігінің жеткіліксіз дәрежеді екендігін мойындауға мәжбур болды. Пленум азық-түлік проблемасын шешудін бірден-бір мүмкін жолы интесивтілігі басым өсу факторларына көшу деп тапты.  

Алайда Азық-түлік  бағдарламасы мен ауылшаруашылық өндірісінің қулдырауын тоқтатуға бағытталған өзге де әрекеттер айтарлықтай нәтиже бермеді. Өйткені бағдарлама басқарудың ескірген жүйесі аясында жасалды және шаруалардың түбегейлі мүдделерін, ауыл еңбеккерлерінің экономикалық мүдделерін қозғаусыз қалдырды. Колхоздар мен совхоздардың шаруашылық дербестігі бұрынғысынша жоғарыдан реттелді. Осының салдарынан ауыл шаруашылығындағы жағдайдың дағдарыстық сипаттары көбейе түсті. 80-жылдардың орта шенінде іс жүзінде барлық жерде тамақ өнімдерімен шектеулі қамтамасыз ету жүйесі енгізілді. Село тұрғындарының еңбегі бағаланбай, олар қалаларға, басқа жақтарға көшіп кетуге мәжбүр болды. Жүздеген қаңырап қалған кішігірім ауылдар пайда болды.  

Экологиялық жағдай 

Ұлы Отан соғысынан  кейінгі жылдарда КСРО-да экологиялық жағдай күрделі проблемалардың біріне айналды. Бұл проблемадан Қазақстан да тыс қалған жоқ. Әлем тарихында «қырғи қабақ соғыс» («холодная война») соғыс аталған империалистік мемлекеттер мен социалистік мемлекеттер арасындағы жанталаса қарулану бәсекесі XX ғасырдың 2-ші жартасында дүниені шарпыды. Бұл бәсекеде басты орында АҚШ пен КСРО тұрды. Ең алдымен бұл екі мемлекет ядролық қарудың ошағына айналды.  

Қазақстан КСРО қорғаныс кешенінің ең ірі ядролық  полигоны болды. Қазақстан жеріне осы  және тағы басқа әскери қару-жарақ кешендерін салу барасында ешкімнің мүддесі ескерілмеді. Қазақстанда ең ірі Семей полигоны болды. Семей, Павлодар, Қарағанды облыстары түйіскен жерде орналасқан бұл полигон 8372 км2 жерді қамтыды. 1949 жылы 29 тамызда Семей полигонда алғаш рет ядролық қаруды сынады. Семей полигонда барлығы 500-ге жуық ядролық сынақ өткізілді. Ол кезде полигонның халыққа, қоршаған ортаға деген зияны туралы еш нәрсе айтылмады. Полигонда өткізілген әрбір сынақтың адам өміріне келтіретін зияны өте көп болды. Адамдар арасында түрлі аурулар көбейді. өмірге келетін сәбилердін кемтар болып тууы жиіледі. Жер қыртыстары жарамсыз болып қалды.  

1969 – 1970 жылдары Маңғыстау  жерінде жер астында ядролық қару үш рет сыналды. Бұл сынақ халықтан жасырын түрде өткізілді.  

70 жылдардан  бастап Қазақстандағы тағы бір  экологиялық апатты аймақ Арал теңізі болды. Ең алдымен өндіргіш күштерді орналастыруда жіберілген стратегиялық қателік басты себептердің бірі болды. Сырдария, Амудария өзеңдері суларын мақта, күріш дақылдарын өсіруге қисапсыз пайдалануы Арал теңізінің тартылуын тездетті. Қазіргі уақытта Балқаш көлінің де экологиялық жағдайы проблемаға айналып отыр.

Информация о работе Қазақстан 1960 ж. екінші жартысы мен 1980 жылдар – бірінші жартысы