Саясаттану ғылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 13:52, реферат

Описание

Саясаттану сөзі ("политология") гректін, «политика" және "логос" деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.
Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардын, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі.

Работа состоит из  1 файл

Саясаттану ғылымы.doc

— 478.00 Кб (Скачать документ)

6. Премьер-Министрдің  Канцеляриясы бір ай мерзім  ішінде ведомстволық ақпараттық  жүйелердің идентификациялық нөмірлерді (ЖИН және БИН) пайдалануға  толығымен көшуге дайын болмауының себебін анықтасын және  лауазымды тұлғаларды жазалау бойынша ұсыныстар берсін.  

7. Осы Хаттаманың орындалуына  бақылау жасау төмендегі органдарға  жүктелсін:  

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Канцеляриясы. 
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  
К. Масимов 
Мемлекеттік органдардың тізімі  
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі  
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 

4. Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігі 
5. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі  
6. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі  
7. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі  
8. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі  
9. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі 
10. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі  
11. Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технологиялар министрлігі 
12. Қазақстан Республикасының статистика бойынша агенттігі  
13. Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару бойынша агенттігі  
14. Ұлттық Банк  
15. Ұлттық қауіпсіздік комитеті  
Қатысқандар: (тізім бойынша) 
(Масимов, Жәмішев, Әбдіқалықова, Жұмағалиев, Таджияков, Бекетаев)

арлық салаларында алуан түрлі әдістермен қатаң жүзеге асырылуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОППОЗИЦИЯНЫ ТҮСІНУ ҮШІН БИЛІК ЖАҒДАЙ ЖАСАУ КЕРЕК»  
 
«Оппозиция, кез-келген қоғамда, тіпті монархиялық тоталитарлық жүйелердің көкесін көрсетіп отырған қоғамда да бар. Ал оның қалай топталуы әр мемлекетте әр түрлі» дейді оппозиционер саясаткер Әміржан Қосанов. Оның пікірінше, Қазақстанда идеялық жағынан да, ұйымдық жағынан да билікке балама болатын шынайы оппозиция бар.  
 
Бірақ ол Қазақстанда оппозиция туралы дұрыс көзқарас болмай тұрғанын айтады. «Тырнақ астынан кір іздейтін кейбір басылымдар оппозиция туралы тек біржақты түсінік таратады. Жақсылығымызды көрмейді. Билік дұрыс жағдай жасамағандықтан көптеген азаматтар жиырма жылдан бері оппозицияны әлі де түсінбей келеді» дейді «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының бас хатшысы Әміржан Қосанов.

"Бүгінгі Қазақстан оппозициясы: шынайы балама ма, жоқ виртуальды жоба ма" атты дөңгелек үстел. Алматы, 30 қыркүйек 2010 жыл

 
– Оппозиция кез-келген елдегі демократиялық  қоғамның нышаны болғанымен, қазіргі  Қазақстанда олай емес. Егер оппозицияны  жаныштау жөнінде Гиннесс рекордтар  кітабы болғанда Қазақстан онда лайықты  орын табар еді, - дейді Әміржан  Қосанов.  
 
«Оппозицияны түсініп, іштей қолдайтындар көп. Алайда олар пікірлерін ашық білдіруден қорқады. Өйткені не өзі, не туған-туыстары қудалауға ұшырайды» дегенді айтады оппозициялық саясаткер.  
 
МАРАТ ШИБҰТОВ: «ПАРТИЯЛАРДЫҢ БІРІГУІ ҚАТЕЛІК БОЛДЫ» 
 
Бас қосуда көтерілген тақырыптың бірі оппозициялық ұйымдардың қателігі жөнінде болды. Шекара аралық әріптестік қауымдастығының төрағасы Марат Шибұтов «Азат» пен Социал-демократиялық партиялардың бірігуін ең басты қателік дейді. Сонымен қатар Марат Шибұтов оппозициялық партиялардың саяси бағдарламаларын сынға алды.  
 
– Барлық партиялардың саяси бағдарламалары өте әлсіз жасалған. Нақты атқаратын істері көрсетілмеген. Тек қана үндеулер. Партиялар адамға көмек көрсету үшін қажет десек, ондай делдалдың қажеті қанша. Өйткені қазір министрлер мен әкімдердің жеке блогтары бар. Халық өзі-ақ шағымдарын билікке жеткізе алады, – дейді Марат Шибұтов. 
 
Әйтсе де ол билікте тек қана бір партияның болуы саяси тұрғыдан дұрыс емес екенін мойындайды.

Барлық партиялардың саяси бағдарламалары өте әлсіз жасалған. Нақты атқаратын істері көрсетілмеген. Тек қана үндеулер.

 
– Өзбекстан парламентінде төрт партия және бір экологиялық қозғалыс бар. Ресей думасында төрт партия отыр. Бұл саяси партиялар күресінің  бар екенін көрсетеді, – дейді Марат Шибұтов. 
 
Оның пайымдауынша, партиялар арасындағы саяси күрестің болмауы оппозицияның әлсіздігін көрсетеді. 
 
Ал қарсы уәж айтқан оппозициялық партия өкілдері билік сахнасында бір партияның ғана болуы сайлаудың әділ өтпейтініне байланысты дегенді айтты.

 

 

 
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Конституциялық заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі тұрғысында тексеру туралы

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Төраға Ю.А.Хитрин, Кеңес мүшелері Қ.Ә.Әбішев, Қ.Ж.Балтабаев, С.Ф.Бычкова, А.Есенжанов, А.К.Котов, Қ.Ә.Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың: Қазақстан Республикасы Президентінің өкілі – Президент Әкімшілігі Мемлекеттік-құқық басқармасының бөлім меңгерушісі М.А.Пакирдиновтің, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Е.Ж.Жұмабаев пен Ж.Н.Әбдиевтің, Республика Орталық сайлау комиссиясының хатшысы В.К.Фоостың, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Б.К.Байқадамовтың, Республика Жоғарғы Сотының судьясы Л.Г.Полторабатьконың, Республика Бас прокурорының орынбасары А.Қ.Дауылбаевтың, Республика бірінші Әділет вице-министрі И.Д.Меркельдің, Азаматтық қоғамды одан әрі демократияландыру және дамыту жөніндегі ұсыныстарды талдап жасайтын тұрақты кеңестің өкілі П.В.Своиктің қатысуымен, өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің, “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Конституциялық заңды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі тұрғысында тексеру туралы өтінішін қарады.

Конституциялық іс жүргізу материалдарын  және сарапшылардың – Адам құқықтары  мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстан халықаралық бюросының директоры Е.А.Жовтистің және “Қазақстандағы Интерлигал” саяси-құқықтық зерттеулер қоғамдық қорының президенті С.М.Злотниковтың қорытындыларын зерделеп, баяндамашыны – Конституциялық Кеңестің мүшесі А.К.Котовты, өтініш субъектісі өкілінің және отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерін тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мынаны анықтады:

“Қазақстан Республикасындағы  сайлау туралы” Қазақстан Республикасының  Конституциялық заңына өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы” Конституциялық заңды Республика Парламенті 2004 жылғы 15 наурызда қабылдап, 2004 жылғы 24 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің қол қоюына берген.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы” конституциялық заң күші бар Жарлығының 17-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенті, жоғарыда аталған Конституциялық заңның Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау тұрғысында Конституциялық Кеңеске өтініш енгізген.

“Қазақстан Республикасындағы  сайлау туралы” Қазақстан Республикасының  Конституциялық заңына өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы” Конституциялық заңды Конституцияға сәйкестігі тұрғысында қарай отырып, Кеңес оның тұтастай және жекелеп алғанда:

“Қазақстан Республикасындағы  сайлау туралы” Конституциялық заңның, тіркелу уақытына қарай өтелмеген  немесе алып тасталмаған сотталғандық белгісі бойынша азаматтың сайлануға құқығын шектеуді белгілейтін, 4-бабының 4-тармағын жазу туралы 1-бабы 1) тармақшасының;

Конституциялық заңның 10-бабының  жаңа редакциясындағы аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының  құрылу принциптерін өзгерту туралы 1-бабы 4) тармақшасының;

“Электрондық сайлау жүйесінің” анықтамасы мен мақсаты (50-1-бап) және электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсету жөніндегі маманның дауыс  беруге арналған үй-жайда бола алатыны (50-3-баптың 2-тармағы) бөлігінде Конституциялық заңды 9-1-тараумен толықтыру туралы 1-бабы 39) тармақшасының;

Конституциялық Кеңестің, Қазақстан  Республикасының Конституциясынан келіп туындайтын, сайлау құқығы мәселелері бойынша нормативтік қаулыларында тұжырымдалған құқықтық позицияларын заң шығарушы ескеруінің;

“Қазақстан Республикасындағы  сайлау туралы” Қазақстан Республикасының  Конституциялық заңына өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы” Конституциялық заңды Қазақстан Республикасы Парламентінің  қабылдау тәртібінің конституциялылығын талдап шықты.

1. Конституцияның 33-бабы 2 және 3-тармақтарда Қазақстан Республикасының сайлау құқығының бастауларын бекітеді.  
2. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлау және оларға сайлану, сондай-ақ республикалық референдумға қатысу құқығын Конституцияның 33-бабының 2-тармағы Қазақстан Республикасының азаматтарына ғана береді.

Негізгі Заңның 33-бабының 3-тармағында, Республика азаматтарының ішінен кімнің және қандай себептермен сайлау корпусының құрамынан шығарылатыны, яғни, белсенді де, бәсең де сайлау құқықсубъектілігіне ие бола алмайтыны және сайлауда қатыспайтыны айтылған. “Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың, - делінген Конституцияның 33-бабының 3-тармағында, - сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ”.

Бұл конституциялық нормада белсенді сайлау құқығы (сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы) және бәсең сайлау құқығы (сайлану құқығы), сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар бастапқыдан-ақ оған ие бола алмайтын және сондықтан да Конституция бойынша ие емес құқықтық бірлік күйінде алынған. Азаматтардың субъективтік сайлау құқықтарының жекелеп алғанда шектелуіне жол берілмейтіндігі туралы Конституцияның 33-бабының 3-тармағында айтылмайды.

БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1966 жылғы 16 желтоқсанда қабылдап, оған Қазақстан  Республикасы 2003 жылғы 15 қарашада қосылған, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 25-бабы дауыс беру құқығын және сайлану құқығын негізсіз шектеуге тыйым салады. Пакт, мұндай шаралар мемлекеттердің халықаралық құқық бойынша өзге міндеттемелерімен сыйыспайтын болып табылмайтын және нәсілдік, реңдік, жыныстық, тілдік, діни және әлеуметтік шығу тегінің белгілері негізінде кемсітуге алып келмейтін болса, азаматтық және саяси құқықтардың, соның ішінде сайлау құқығының, негізделіп шектелуін жоққа шығармайды (Пактінің 4 және 5-баптары).

БҰҰ-ның 2003 жылғы 31 қазандағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы қатысушы-мемлекеттердің, өздерінің құқықтық жүйесінің конституциялық принциптеріне жауап беретін шамада, жария лауазымдарға, соның ішінде заң шығарушы органдарда, орналасу құқығынан айырудың рәсімін белгілеуін көздейді (Конвенцияның 30-бабының 2 және 7-тармақтары).

Қазақстан Республикасы, Конституцияға  сәйкес адам құқықтары мен бостандықтарын танып және оларға кепілдік бере отырып (12-баптың 1-тармағы), азаматтар құқықтарының негізделіп шектелуіне жол береді. Олар “конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін” (39-баптың 1-тармағы).

Конституциялық заңның, Қазақстан  Республикасының Президенттігіне, өкілді органдардың депутаттығына кандидат ретінде “тіркелу уақытына қарай сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам тіркеуге жатпайды” деген ережесі Конституцияның 39-бабының 1-тармағында аталған мақсатқа жауап береді және қандай да болсын белгі бойынша кемсітушілік сипатқа ие емес. Конституциялық заңның бұл ережесі кез келген деңгейдегі өкілді органға немесе Президент қызметіне сайлауда дауысқа түсуге ниет білдірген Республиканың барлық азаматына тең түрде таралады.

Сайлаушылардың қалған көпшілігіне  қарағанда, бәсең сайлау құқығын  жүзеге асыратын ел азаматтарына Конституцияның қоятын талабы анағұрлым жоғары, өйткені  оларға заң шығарушылық пен мемлекеттік  шешімдердің жүгін арқалауға  тура келеді. Тіркелу уақытына қарай кандидаттың өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығы болмауы туралы Конституциялық заңның нормасы, әркімнің бірінші конституциялық міндетінен – Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтаудан, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуден келіп шығады (Конституцияның 34-бабының 1-тармағы). Сотталғандықтың заңмен белгіленген тәртіппен алып тасталуы немесе өтелуі, азаматтың сайлануға құқығын іске асыруына кедергі келтірмеуі керек.

Конституциялық Кеңес, азаматтардың бәсең сайлау құқықсубъектілігін жүзеге асыруына қойылатын Конституциялық заңның жоғары талаптары конституциялық құндылықтарды қорғауға бағытталған  деп есептейді, бұл құндылықтардың мүддесін көздей отырып Негізгі Заң  азаматтардың құқықтарын шектеуге жол береді. Кеңес бұл талаптарды негізделген деп таниды. Адамның және азаматтың ешбір жағдайда да шектелмеуге тиіс құқықтары мен бостандықтары туралы баптардың толық тізбесіне Конституцияның 39-бабының 3-тармағы азаматтардың сайлау құқығын жатқызбайды. Конституциялық заңның Республика азаматтарының бәсең сайлау құқықсубъектілігіне қоятын талаптары олардың Конституция бойынша жалпыға бірдей белсенді құқығын шектемейді.

2. Конституциялық заңның 1-бабының  4) тармақшасына сай аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларын, әрбірі сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы саяси партиялардың ұсыныстары негізінде сайлау, мемлекет ісіне қоғамдық бірлестіктердің “заңсыз араласуына” және қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдардың қызметін жүктеуге тыйым салатын Конституцияның 5-бабының 2-тармағына қайшы келмейді. Бұл қоғамдық бірлестіктердің өкілдеріне сайлау комиссияларының жұмысына қатысуына Конституциялық заң нұсқама береді (10-баптың жаңа редакциясының 3-тармағы).

Информация о работе Саясаттану ғылымы