Қазақстан республикасында азаматтық қоғамды дамытудың тұжырымдамасын іске асыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 18:52, реферат

Описание

Өз бағдарламасына сәйкес «Нұр Отан» ХДП жаңа демократиялық кезеңде азаматтық қоғамның барлық институттарының белсенді дамуын жақтайды және Қазақстандағы азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын (бұдан әрі - Тұжырымдама) іске асыруға белсене қатынасады.
Тұжырымдама Демократиялық реформалардың жалпы ұлттық бағдарламасына және Қазақстанның әлемдегі барынша бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру стратегиясына сәйкес әзірленіп, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 шілдедегі Жарлығымен бекітілді.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Word (2).doc

— 59.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстан республикасында  азаматтық қоғамды дамытудың  тұжырымдамасын іске асыру 

 

 

 

 

 

Өз бағдарламасына сәйкес «Нұр Отан» ХДП жаңа демократиялық кезеңде азаматтық қоғамның барлық институттарының белсенді дамуын жақтайды және Қазақстандағы азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын (бұдан әрі - Тұжырымдама) іске асыруға белсене қатынасады.

Тұжырымдама Демократиялық реформалардың  жалпы ұлттық бағдарламасына және Қазақстанның әлемдегі барынша бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру стратегиясына сәйкес әзірленіп, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 шілдедегі Жарлығымен бекітілді.

Бұл Тұжырымдаманың мақсаты азаматтық  қоғам институттарын жан-жақты  дамытуға және адам құқықтары мен  адами өлшемдер саласындағы халықаралық шарттар мен пактілер шеңберінде халықаралық-құқықтық құралдарға сәйкес олардың мемлекетпен және бизнес секторымен  тең құқықтық әріптестігіне арналған заңнамалық, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдық-әдістемелік базаны одан әрі жетілдіру болып табылады.

 

Тұжырымдаманы іске асыру  үш кезеңге жоспарланған.

Бірінші кезең  – 2006–2008 жылдар.

Бұл кезеңде азаматтық  қоғамның даму институттары үшін қолайлы  жағдайлар жасау жоспарланады. Атап айтқанда бұл кезеңде:

азаматтық қоғам институттарын  одан әрі дамытуға бағытталған заң жобаларын әзірлеу;

мемлекеттік органдардың, бизнестің және азаматтық қоғам  институттарының ынтымақтастық  тетігін нығайту;

қоғамдық кеңестер түрінде  тұрақты жұмыс істейтін салалық  және өңірлік ынтымақтастық жүйелерін  қалыптастыру;

заң шығару жобалары, мемлекеттік салалық және өңірлік бағдарламаларды қалыптастыру т.б. жөніндегі жұмыс топтарын құру қажет.

 

Әзірлеушілердің пікірлері  бойынша бірінші кезеңде іске асырылатын іс-шаралар қоғамдық ұйымдар  санының өсуіне әкелуі тиіс.

Бұл жұмыста Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамды дамытудың тұжырымдамасын дәл осы бірінші кезеңде іске асырылуының жай-күйіне талдау жүргізіледі.

Талдау мақсаты –  тұжырымдаманың бірінші кезеңін  іске асырудың деңгейін айқындау.

Зерделенетін проблеманың  хронологиялық шеңберлері: 2006 жылғы 25 шілдеден бастап осы уақытқа дейін.

Тұжырымдамада азаматтық  қоғамды дамыту стратегиясы баяндалған, ал оның нақты іске асуы Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қыркүйектегі № 953 қаулысымен бекітілген Іс-шаралар  жоспарында көрініс тапқан.

Іс-шаралар жоспарын іске асыру үшін Үкіметтің барлық министрліктері мен ведомстволары және барлық деңгейдегі әкімдіктер, сондай-ақ ҮЕҰ қатыстырылған.

Іс-шаралар жоспарында мемлекеттік қаржыландыруға баса назар  аударылады.

 

Бүгінде Қазақстанда әртүрлі бағыттағы 5820 ҮЕҰ, 3340 қоғамдық қорлар, 1072 заңды тұлғалар қауымдастығы, 471 ұлттық-мәдени бірлестіктер, 3340 діни бірлестіктер, 40-тан астам конфессия мен деноминациялар, әртүрлі меншік нысанындағы 6646  БАҚ тіркелген және жұмыс істейді.

ҮЕҰ орнықты топтары  әртүрлі бағыттар бойынша ресімделді, олар: экологиялық - 6%; әскери-патриоттық – 4%; балалар және жастар - 14%; мәдениет және өнер - 8%; мүгедектерді қолдау бойынша  – 7%; ғылыми және білім беру - 8%; әйелдер  және гендерлік - 8%; сауықтыру-профилактикалық – 7%; қоғамдық бастамаларды қолдау - 10%; бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту - 2%; әлеуметтік қорғау – 9%; құқық қорғау – 7%; спорттық – 10%.

Сонымен қатар, мұндай бірлестіктердің  көпшілігі тек қағаз жүзінде  ғана бар, олар тек тіркелген ұйымдардың сандық көрсеткіштері статистикасын ғана жақсартады.

Бірақ бәрібір үкіметтік емес секторда барлығы шамамен 200 мың адам жұмыс  жасайды. Олардың 40 мыңы тұрақты негізде, 50 мыңға дейіні уақытша, ерікті (волонтерлік) негізде 100 мыңнан астам адам жұмыс істейді. ҮЕҰ-ның алуан түрлі қызметтерін 2 млн. таяу адам пайдаланады. 

 

Тұжырымдаманы іске асырудың бірінші  кезеңінде жоспарланған міндеттердің орындалуын жоққа шығаратын бірқатар қағидатты сәттер бар.

1. ҮЕҰ-ны дамыту ісінде олардың  қаржыландыру мәселесі айтарлықтай орын алады. Бүгінде тек Мәдениет және ақпарат министрлігі әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру үшін қаржы бөлуді жоспарлап отыр. Бұл туралы 2008 жылғы 31 қаңтарда Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» ХДП фракциясының жанындағы Мәслихаттармен және азаматтық қоғам институттарымен байланыс жөніндегі кеңес отырысында Мәжіліс депутаты А.С. Соловьева хабарлады.

Мәдениет және ақпарат министрі Е.Ертісбаев та Азаматтық қоғамдық дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі  мемлекеттік органдардың жұмысына риза емес, ол бұл туралы 2008 жылғы 31 қаңтарда осы Кеңесте айтты.

Қаржыландыру мемлекеттік  әлеуметтік тапсырысты іске асыру арқылы болжанады. Осыған байланысты ағымдағы жылы мемлекеттік  органдар тарапынан ҮЕҰ-ны қаржыландырудың  қиындығы туындады. Бүгінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мемлекеттік сатып алу туралы заң шеңберіне түсіп тұр.

Мемлекеттік сатып алу туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303-ІІІ ҚРЗ  қолданыстағы заңы ҮЕҰ-ны коммерциялық ұйымдар санатына жатқызады, бұл  ҮЕҰ қызметін, бастамасын айтарлықтай шектейді.

Әлеуметтік тапсырысты жоспарлы түрде  қаржыландыру туралы мәселені шешу үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс басқа  секторларға қатысты болатын  мемлекеттік сатып алу туралы заңның заңи құзыретіне жатпайтыны туралы жекелеген ережені қабылдау мүмкіндігін қарау қажет. Яғни, мемлекет өте көп тауарлар мен қызметтерді сатып алады, бірақ мемлекеттік тапсырыс осы заң реттейтін қызметтерге жатпауы тиіс немесе  ҮЕҰ-ны қолдау бойынша басқа да рәсімдерді әзірлеу қажет.

2. Ауыл ҮЕҰ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жөніндегі конкурстарға, сондай-ақ өз мақсаттарын іске асыруға қатысуының әлсіздігі байқалады.

3. Конкурстық құжаттама рәсімдерінің  қиындығымен байланысты үлкен  проблема бар.

4. Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі  іс-шаралар жоспарында барлық  өңірлерде әлеуметтік идеялар мен жобалардың жәрмеңкелерін өткізу көзделген, алайда оларды қаржылық қолдау түрінде олардың қисынды аяқталуына арналған мүмкіндіктер әзірленбеген. 

5. ҮЕҰ мен фискалдық  органдардың, сондай-ақ фискалдық органдардың меценаттармен өзара қатынастары үлкен проблема туғызып отыр. Қазақстанда қайрымдылықты салықтың реттеудің жай-күйі отандық бизнестің  азаматтық қоғам институтына қаражат салуын ынталандырмайды.

6. Әсіресе жергілікті жерлерде билікпен аффилирленген ҮЕҰ саны жетерлік, олар жергілікті билік органдарының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарын жеңіп алады.

 

 

 

Қазақстанда орнықты  және әрекетке қабілетті азаматтық  қоғамның қалыптасу процесі бүгінде  бірқатар кедергілерге кез болуда, олардың ішінде негізгілері мыналар:

Бірінші. Отандық азаматтық  қоғам институттарын дамыту олардың  мемлекетпен өзара қатынастары  әзірге тең құқылы әріптестік деңгейіне  жетпегендіктен елеулі қиындық туып жоқ. Үкіметтік емес секторды дамыту халықтың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қоғамдық институттардың қызметі көбіне мемлекеттік билік органдарымен тең емес бәсекелестік қатынастарға түсетінін көрсетіп отыр. Мұндай жағдайда азаматтық қоғам институттары жеңілетін ахуалда болатыны алдын ала белгілі, бұл Қазақстанда үкіметтік емес сектор мен мемлекет арасындағы әлеуметтік әріптестік қағидаттарының іске асырылуын күмәнді етеді. Бұл «САНДЖ» орталығының зерттеулерімен дәлелденеді. Оның деректері бойынша респонденттердің 36%-ы ҮЕҰ-ның мемлекеттік органдардың қандай да бір шешімдер қабылдауына әсерінің төмендігін және 8%-ы ҮЕҰ-ның шешімдер қабылдауға әсер етпейтінін атап өтеді.

Екінші. Әлеуметтік маңызды  және өзге де проблемаларды шешу кезінде  мемлекет пен қоғам арасындағы «кері  байланыс» тетігі әзірленбеген. Осының салдарынан азаматтардың көптеген қоғамдық маңызды мәселелерді талқылауға қатысуының шектелуі сақталады.

Азаматтық қоғамды орнату процесінде бір жағынан мемлекеттік  органдардың, екінші жағынан – саяси  партиялардың, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың, халықтың әртүрлі әлеуметтік жіктері мен топтарының күш біріктіруі қажет. Азаматтық процесте күтілетін әсер елдің қоғамдық-саяси өміріндегі барынша маңызды мәселелерді демократиялық әдістерімен бірлескен сектор аралық шешімдер арқылы ғана қол жеткізіледі.

Үшінші. Қазақстандықтардың қоғамдық-саяси белсенділігінің  төмендігі, олардың «жоғарыдан»  болатын бастамаларға сенушілігі сақталып отыр. Мұндай  жағдай, сірә бірінші  кезекте бүгінгі күні  қағидат  ретінде танылатын демократиялық құндылықтарды бұқара санасы қоғам алдында тұрған проблемаларды шешудің нақты құралы сияқты қабылдамауымен байланысты болып отыр. Таяуда болған әртүрлі деңгейде сайлаулар өткізуге қатысты халықтың саяси белсенділігінің азғана жоғарылауы уақытша сипатта болды.      

Сонымен Қазақстанда  бүгінгі таңда азаматтық қоғам  институттарын дамытуға кедергі  жасайтын бірқатар объективті факторлар  бар:

халықтың азаматтық  және құқықтық дамушылығының әлсіздігі. Әлеуметтік-экономикалық формациялардың барлық басқа да түрлері сияқты азаматтық қоғам да қоғам терең қабылдайтын белгілі бір идеалдар мен құндылықтардан тыс толыққанды өмір сүре алмайды;

азаматтардың басым  бөлігінің елде болып жатқан әлеуметтік-саяси  процестерден алшақтауы;

халықтың азаматтық  бастамаларын ілгерілетуге кедергі келтіретін шенеуніктердің белгілі бір бөлігінің сыбайлас жемқорлыққа бой алдыруы;

азаматтық қоғамның даму институттары туралы мәселені қолда  бар азаматтық заңнаманы барынша  тиімді пайдалана отырып,  оны  одан әрі жетілдіру тұрғысынан екпін беру. Азаматтық қоғам субъектілері азаматтық заңнаманың одан әрі жетілдіруін талап етеді, бұл әбден орынды. Бірақ, бұл ретте олар қазіргі кезде бекітілген және күшіне енген азаматтық заң жобаларының мүмкіндіктерін толық көлемде пайдаланбайды;

елдегі азаматтық қоғам институттарын одан әрі дамытуға бағытталып, жоспарланған  саяси жаңғырту серпінінің төмендігі.

 

Азаматтық қоғам институттарын  қалыптастыру процесі орнықсыз сипатта. Жаңа ұйымдардың пайда болуымен және олардың қызметінің жандануымен  қатар бірқатар ұйымдар әрекет қабілеттілігін жоғалтып немесе өзін-өзі тарату жағдайлары орын алып жатыр. Тіркелген ұйымдардың   шамамен 30% іс жүзінде жұмыс істемеуі осыны көрсетіп отыр. Бірінші мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды алу үшін ашылған жергілікті билікпен аффилирленген квази-ҮЕҰ-ның пайда болуы да осыны білдіреді.

 

Ұсынымдар:

Қазақстанда азаматтық қоғамды  дамыту тұжырымдамасын іске асыруды  жүйелі түрде үйлестіру қажет.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында  Азаматтық қоғамды дамытуды іске асыру жоспарының орындалуына нақты бақылау  жоқ.

Жоспарда ҮЕҰ-ның өкілеттіктерінің бір бөлігін мемлекеттік органдар тарапынан беру жүйесі жоқ.

Жоспарда алынатын ықтимал нәтижелер  жоқ, бұл тұжырымдық мақсатты нысанадан  алшақтауға әкелуі мүмкін.

ҮЕҰ мен билік қатынастарында өзара іс-қимылдың барынша «жоғары» моделіне: азаматтарды қорғау жөніндегі қызметтен Үкіметке көмекке өтуін белгілеу қажет.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс квотамен болуы тиіс. Бірінші кезеңде, әсіресе  ауылдық ҮЕҰ -ға тек қол жеткізуді  қамтамасыз ету үшін  ауыл және қала ҮЕҰ-ға квоталар белгілеу қажет. Бүгінде қалалық ҮЕҰ кадрлық қамтамасыз ету арқасында барлық тапсырыстарды жеңіп алады, конкурстық құжаттаманы ресімдеу жөніндегі тәжірибесі мен кәсіпқой қызметкерлері жоқ ауыл ҮЕҰ тапсырыссыз қалады.

Конкурстық құжаттамаға қойылатын құжаттамалық рәсімдерді айтарлықтай оңайлату қажет, себебі бүгінде бұл талаптарды көптеген ұйымдар орындай алмайды.

Жәрмеңкелердің рөлін арттыру  мақсатында жеңімпаз жобаларды қаржыландыру ұсынылады. Бұл жылы 2008 жылғы 27–28 наурызда әлеуметтік идеялар мен «Мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігі – күшті Қазақстан» атты жобалар Жәрмеңкесі шеңберінде жеңімпаз атанған кейбір жобаларды Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті қоры қаржыландыратын болады.

Мемлекеттік қаржыландыруға қосымша Қазақстандағы коммерциялық емес ұйымдардың орнықтылығын жақсартуға арналған құралдардың бірі ретінде корпоративтік қайрымдылықты ынталандыру қажет.

ҮЕҰ тарату рәсімін оңайлату, тиісті органдардың аффилирленген ҮЕҰ  табу жөнінде талдау жүргізуі қажет.


Информация о работе Қазақстан республикасында азаматтық қоғамды дамытудың тұжырымдамасын іске асыру