Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 21:03, реферат
Құқық дегеніміз — мемлекет белгілеген немесе санкциялаған жал-пыға бірдей міндетті мінез-құлық ережелерінің (нормаларының) жүйесі, олар арқылы қоғам мен жеке тулғалардың аса маңызды мүдделері жүзеге асырылады.Құқықты анықтаудың нормативтік және кең ауқымды амал-тәсілдері бар.
Құқық дегеніміз — мемлекет
белгілеген немесе санкциялаған жал-пыға
бірдей міндетті мінез-құлық ережелерінің
(нормаларының) жүйесі, олар арқылы қоғам
мен жеке тулғалардың аса маңызды мүдделері
жүзеге асырылады.Құқықты анықтаудың
нормативтік және кең ауқымды амал-тәсілдері
бар.
Нормативтік амал-тәсілдер тұрғысынан
құқықты анықтағанда аса маңызды белгілер
ретінде мыналар ерекшеленеді: құқық нормала-рының
мемлекеттік-ерікті, нормативтік, шартты
анықталған және биліктік сипаттары.
Кең ауқымды амал-тәсілдер тұрғысынан
құқықты анықтаған кезде аса маңызды белгілер
ретінде мыналар ерекшеленеді: міндетті
мінез-құлық ережелерінің өзара пайдалылығы,
олардың әділдігі; құқықтық қатынастарға
құқық ұғымына әлі шартты түрде бекітілмеген
нормаларды енгізу, қолдану; құқық пен
заңдарды бөлу.
Құқық қоғамдық қатынастарды реттеу мен
тәртіпке келтіруде маңызды рөл атқарады.
Құқық қағидаттары — оның мән-маңызын
айқындайтын және білдіретін негізгі
бастаулар. Құқықтың негізгі қағидаттарына:
құқық теңдігі, құқықтар мен міндеттердің
бірлігі, гуманизм, әлеуметтік әділеттілік,
демократизм жатады.
Құқық функциясы дегеніміз қоғамдық қатынастарға
құқықтың ықпал етуінің негізгі бағыттары.
Құқық; функциялары ішінара ішкі және
сыртқы болып екіге бөлінеді. Ішкі (жалпы)
функцияларға мыналар жатады: саяси-экономикалық,
әлеуметтік, тәрбиелік. Сыртқыларға (заңдық)
мыналар жатады: реттеуші және қорғаушы.
Құқықтың реттеушілік функциясы арқылы
мінез-құлық ережелері белгіленеді және
олардың жүзеге асырылуы үйлестіріледі.
Құқықтың қорғаушылық функциялары аса
маңызды қоғамдық қатынастарды қорғауға
(сақтауға) бағытталады. Қорғаушылық функциялары
негізінде ең алдымен мінез-құлықтық рұқсат
етілмейтін ережелер жатады корпоративтік
нормалар, әдет-ғұрыптар, құқық нормалары
және мінез-құлықтың басқа да ережелері
ерекшеленеді. Морал нормалары дегеніміз
— ізгілік пен зұлымдық, әділет пен әділетсіздік,
ар-ождан және т.б. тұрғысынан алып қарағанда
қоғамда қалыптасқан мінез-құлық ережелері.
Корпоратмвтік нормалар дегеніміз — мемлекеттік
емес ұйымдар қабылдаған шешімдерде, ережелерде
және басқа құжаттарда белгіленген мінез-құлық
ережелері. Әдет-ғұрыптар — тұрғындардың
етене тұрмыстық сұраныстары болып келетін
және көп рет қайталануы себепті қалыптасып
кеткен мінез-құлық ережелері. Құқық нормаларын
барлық басқа әлеуметтік нормалардан
мыналар ерекшелейді: нормативтік құқықтық
акт түріндегі шартты анықтылықтығы; мемлекеттің
мәжбүр етушілік күшімен қамтамасыз етілген
әлеуметтік қатынастардың барлық субъектілері
үшін жалпыға бірдей міндеттілік; мінез-құлықты
құқықтылық немесе құқықсыздық тұрғысынан,
заңдылық немесе заңсыздық тұрғысынан
бағалау.
1 Құқықтық реттеу заңдық жүйе арқылы жүзеге
асырылатын қоғам-дық қатынастарға нәтижелі
түрде құқыктық ықпал етуді білдіреді
құқықтық реттеу әдістері бірыңғай сапалы
қоғамдық қатынастарды реттеуді жүзеге
асыратын амал-тәсілдер ретінде ерекшеленеді.
Құқықтық реттеудің негізгі әдістеріне
мыналар жатады:
1) императивтік (авторитарлық, өзара қатынасты
берік ұстау, билік пен бағыныштылық),
мұны пайдаланған кезде бір тараптан билік
жүргізуші субъект регінде мемлекет, екінші
тараптан — оның ерік-жігерін орындауға
міндетті құқықтың басқа субъектілері
әрекет етеді;
2) диспозициялық (автономиялық, үйлестірушілік,
тепе-теңдік), мұны пайдаланған кезде өзара
клісім негізінде субъектілер өз қалаулары
бойынша қққықтар мен міндетгерді белгілейді,
өзгертеді және тоқтатады. Құқықдың бастаулары
деп материалдық тұрғыда қоғам өмірінің
материалдық жағдайлары, ғылыми тұрғыда—
осы уақытқа дейін сақталып келген, заңдық
нормалардан тұратын тарихи құжаттар
ұғынылады. Шартты-заңдық тұрғыда бұл
құқық нормаларын білдірудің сыртқы формасы.
Құқық нармалары регінде: құқықтық әдет-ғұрыптар,
заңдық прецедент, нормалық келісім-шарт,
нормативтік құқықтық актілер ерекшеленеді.
Құқықтық әдет-ғұрып дегеніміз — мемлекетпен
рұқсат етілген және қамтамасыз өтілген
әдет-ғұрыптар. Заңдық процедент — мемлекеттің
нақтылы мәселе бойынша, осыған ұқсас
мәселелер бойынша одан кейінгі шешімдер
үшін үлгі болған және құқық нормасы ретінде
мойындалған шешімі. Нормативтік келісім-шарт
нормативтік құқықтық актілердің ерекше
бір түрі, ол екі жақтың келісімге келуі
нәтижесінде құқықтық норма мазмұнына
ие болады. Нормативтік құқықтық акт—
құкық нормалары мазмұнына ие, тиісті
мемлекеттік органның құжаты. Нормативтік
құқықтық актілер заңдылықты және заңға
бағынышты болып ішінара екіге бөлінеді.
Құқық мемлекет сияқты, қоғам дамуының
белгілі бір кезеңдегі өнімі болып табылады.
Жалпыға бірдей міндетті әлеуметтік нормалардың
пайда болуы белгілі бір әлеуметтік топ
үшін нысандарға мүлік ету және пайдалану
мүмкіндігін қамтамасыз ету қажеттілігімен
байланысты. Осылардың көмегі арқылы аталған
әлеуметтік толтың сұраныстары қанағаттандырылып,
мүдделері жүзеге асырылады. Құқықтың
дамуы мемлекеттің дамуымен тығыз байланысты:
мемлекет белгілі бір кезеңде аса маңызды
әлеуметтік нормаларды, оларды құқықтық
нормаларға айналдыра отырып, қамтамасыз
етеді, сонымен бірге құқықтың және нормаларын
аныктау бойынша жұмыс жүргізеді.
Информация о работе Қоғам мен мемлекет алдындағы міндеттеме және жауапкершілік