Қазақстан Республикасының Президенті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 13:44, реферат

Описание

Қазақстан Республикасының Президенті — Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшысы және республиканың атқарушы өкімет билігінің біртүтас жүйесін басқарушысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға; сондай-ақ республика азаматтарының құқығы мен бостандықтарының,Конституциясы мен заңдарының сақталуына кепіл болады; ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1990 жылы 01 сәуірде
1990 жылы 20 қарашада
1991 жылы 25 тамызда
1991 жылы 16 қазанда
1991 жылы 10 желтоқсанда
1991 жылы 16 желтоқсанда
1993 жылы 28 қаңтарда
1993 жылы 10 желтоқсанда
1993 жылы 10 желтоқсанда
1995 жылы 30 тамызда
1995 жылы 26 желтоқсанда
1996 жылы 11 наурызда
1998 жылы 7 қазанда
1999 жылы 10 қаңтарда
2005 жылы 4 желтоқсанда
Қорытынды бөлім

Работа состоит из  1 файл

Президент.docx

— 40.51 Кб (Скачать документ)
    1. Жоспар
    1. Кіріспе

 

    1. Негізгі бөлім

 

    1. 1990 жылы 01 сәуірде 
    2. 1990 жылы 20 қарашада
    3. 1991 жылы 25 тамызда
    4. 1991 жылы 16 қазанда
    5. 1991 жылы 10 желтоқсанда
    6. 1991 жылы 16 желтоқсанда
    7. 1993 жылы 28 қаңтарда
    8. 1993 жылы 10 желтоқсанда
    9. 1993 жылы 10 желтоқсанда
    10. 1995 жылы 30 тамызда
    11. 1995 жылы 26 желтоқсанда
    12. 1996 жылы 11 наурызда
    13. 1998 жылы 7 қазанда
    14. 1999 жылы 10 қаңтарда
    15. 2005 жылы 4 желтоқсанда

 

    1. Қорытынды бөлім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының  Президенті — Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшысы және республиканың атқарушы өкімет билігінің біртүтас жүйесін басқарушысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға; сондай-ақ республика азаматтарының құқығы мен бостандықтарының,Конституциясы мен заңдарының сақталуына кепіл болады; ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады.

1990 жылы 01 сәуірде


"Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі Заңы) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақ КСРЗаңы[1] қабылданды.

Осыған орай Қазақ КСР Конституциясы Президенттің мәртебесі мен өкілеттігі алғаш рет айқындалған "Қазақ КСР Президенті" жаңа тарауымен толықтырылды.

Қабылданған Заңга сәйкес Қазақ КСР Президенті Қазақ КСР басшысы болып табылды. Қазақ КСР-інің отыз бес жасқа толған және алпыс бес жастан аспаған, Қазақ КСР аумағында кемінде он жыл түрақты түрған, қазақ және орыс тілдерін білетін азаматыҚазақ КСР Президенті болып сайлана алды. Бір адам қатарынан екі мерзімнен артық Қазақ КСР Президенті бола алмады.

Қазақ КСР Президентін Қазақ КСР-інің азаматтары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлады. Қазақ КСР Президенті бір мезгілде [[Қазақ КСР немесе Халық депутаттары жергілікті кеңесінің халық депутаты бола алмады.

Қазақ КСР Президентінің мынадай өкілеттіктері айқындалды: республика аумағында түратын азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, Қазақ КСР Конституциясы мен зандарының сақталуына кепіл болады; республиканың суверенитетін, қауіпсіздігін, аумақтық түтастығын қорғау жөнінде қажетті шаралар қолданады; одақтық шарттың сақталуын қамтамасыз етеді; елдің ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының өкілі болып табылады; Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының КСРО Федерациясы Кеңесіндегі өкілі болып табылады; Қазақ КСР жоғары мемлекеттік билік пен басқару органдарын өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді; республикадағы жағдай туралы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінежыл сайын баяндама жасайды және Қазақ КСР-інің ішкі саяси және сыртқы саяси қызметінің неғұрлым маңызды мәселелері туралы дүркін-дүркін хабарлап отырады; Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы, Қазақ КСРХалықтық бақылау комитетінің төрағасы, Қазақ КСР Жоғарғы Сотының төрағасы, Қазақ КСР Бас мемлекеттік арбитры қызметіне кандидатураларды үсынады; аталған лауазымды адамдарды, Қазақ КСР Жоғарғы Сотының төрағасынан басқаларын міндеттерінен босату туралы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне үсыныс енгізеді; Қазақ КСРМинистрлер Кеңесін орнынан түсіру туралы не оның орнынан түсуін қабылдау туралы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің алдына мәселе қояды; Қазақ КСР МинистрлерКеңесі Төрағасының келісуі бойынша Қазақ КСР Үкіметінің мүшелерін қызметінен босатады және оларды тағайындайды, кейіннен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бекітуіне үсынады;

Қазақ КСР Президенті жанында Қазақ КСР Президентінің Кеңесі жұмыс істеді, оның міндеті Қазақ КСР-нің ішкі саяси және сыртқы саяси қызметінің негізгі бағыттарын жүзеге асыру жөніндегі шараларды әзірлеу, республиканың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылды. Презндент Кеңесінің мүшелерін [Қазақ КСР ПрезидентҚазақ КСР Президенті тағайындайды. Президент Кеңесінің құрамына Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы лауазымы бойынша кіреді. Президент Кеңесінің мәжілістерінеҚазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы қатысуға құқылы. Қазақ КСР Президентінің ешкім тимеу құқығы бар. Президент Қазақ КСР Конституциясын бұзған ретте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР Конституциялық қадағалау комитетінің қорытындысын ескере отырып, Қазақ КСР халық депутаттары жалпы санының кемінде үштен екі даусымен Қазақ КСР Президентіне сенімсіздік білдіреді және оны орнынан түсіру туралы халықтық дауыс беру (референдум) өткізу жөнінде мәселе қояды. Осы заңмен Қазақ КСР Президентінің Орынбасары Қазақ КСР Президентінің уәкілдік беруі бойынша оның жекелеген функцияларын орындайды және Президент жоқ кезде немесе Президенттің міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндігі болмаған ретте оның қызметін атқарады. Егер Қазақ КСР Президенті нендей бір себептермен өзінің міндеттерін одан әрі атқара алмайтын болса, Қазақ КСР-інің жаңаПрезиденті сайланғанға дейін оның өкілеттігі Қазақ КСР Президентінің Орынбасарына, ал егер бұл мүмкін болмаса — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасына ауысады. Бүл орайда Қазақ КСР-інің жаңа Президентін сайлау үш ай мерзім ішінде өткізілуге тиіс. Қазақ КСР-інің бірінші Президенті мен оның Орынбасарын [[Қазақ КСР]] Жоғарғы Кеңесі алты жыл мерзімге сайлайтындығы белгіленді.

1990 ж. 20 қарашада қабылданған "Қазақ КСР-нда мемлекеттік билік пен басқару қүрылымдарын жетілдіру және Қазақ КСР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға сәйкес Қазақ КСРПрезиденті Қазақ КСР жоғары атқарушы және өкімші билік басшысы болып табылатындығы; Қазақ КСР Президентінің үсынысымен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі сайлаған Қазақ КСР Вице-президенті лауазымы құрылды; Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Қазақ КСР Министрлер Кабинеті болып қайта құрылды. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Президиумы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы, Қазақ КСРМинистрлер Кеңесінің Төрағасының бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары лауазымдары таратылды. Заң Қазақ КСРПремьер-министрі мен Қазақ КСР мемлекеттік, шаруашылық, әлеуметтік және мәдени құрылыстың негізгі бағыттары жөніндегі мемлекеттік кеңесшілер қызметтері құрылды.

Қазақ КСР Министрлер Кабинетін Қазақ КСР Президенті Қазақ КСР Премьер-министрі, министрлері, Қазақ КСР мемлекеттік комитеттер төрағалары құрамында құрылды. Қазақ КСР Президенті Қазақ КСР Министрлер Кабинеті қүрамынаҚазақ КСРмемлекеттік кеңесшілерін, Қазақ КСР-дің басқа да органдары мен үйымдарының басшыларын енгізуге құқықты болды. Қазақ КСР Премьер-министрі мен Министрлер Кабинетінің құрамын Қазақ КСР Президентінің үсынысы бойынша Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі бекітті. Қазақ КСР Президенті мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Аппараттары Қазақ КСР Президентінің Аппараты болып біріктірілді. Қазақ КСР Президент Кеңесі таратылды. Қазақ КСР Президенті жанынан консультативті-кеңестік орган — Республика Кеңесі құрылды. Республика Кеңесінің құрамына Қазақ КСР Вице-президенті, Қазақ КСР Премьер-министрі, облыстар мен Алматы қалалық Халық депутаттары кеңесінің, сондай-ақ Қазақ КСР Президенті тағайында- ған өзге де түлғалар лауазымдары бойынша кіреді. Қазақ КСР-да халықтық бақылау органдары таратылды. Қазақ КСР мемлекеттік билік пен басқару органдарының құрылымындағы атадған өзгертулердің қабылдануына байланысты сәйкес өзгертулер мен толықтырулар Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі Заңына) енгізілді.

1991 жылы 25 тамызда "Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі Заңына) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақ КСР Заңы қабылданды. Президентінің қүзіретіне қосымша өкілетгіктер жатқызылды: Қазақ КСР Президенті қажет болған жағдайда Қазақ КСР аумаіында орналасқан одақтық баіъшыстағы үйымдарды, кәсіпорындарды бірінші басшыларын тағайындайды және оларды қызметген босатады; Қазақ КСР Қауіпсіздік кеңесін басқарады, Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерін тағайьшдайды; егер одақгық органдардьщ шешімдері Қазақ КСР зандарына және жоғары атқарушы өкімет актілеріне қайшы келетін болса, олардың орындалуын тоқтата тұрады; Қазақ КСР аумағында орналасқан барлық ішкі әскерлерге басшылықгы жүзеге асырады. Қазақ КСР Президентінің өкілеттігі конституциялық рәсімдер сақтала отырып, ол отставкаға шыққан жағдайда, сондай-ақ өзге де себептермен өз өкілеттігін жүзеге асыруы мүмкін болмаған реттерде тоқтатылады. Соңғы жағдайда Қазақ КСР Президентінің өз міндеттерін жүзеге асыруы мүмкін еместігі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен белгіленеді.

Қазақ КСР Президенті сайланғанға дейін оның өкілеттігі,Қазақ КСР Конституциясының 14-3 бабының 3-бөлігінің 8, 10 және 13- тармақтарында көзделгендерді қоспағанда, (облыстар мен Алматы қалалық Халық депутаттары кеңесі төрағаларын қызметтерінен мезгілінен бүрын босату; Қазақ КСР министрліктерін, мемлекеттік комитеттері мен басқа да мемлекеттік басқару органдарын қүру және тарату; сондай-ақ Қазақ КСР заңдарына қол қою процедурасы) Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Қазақ КСР вице- президентіне, ал егер бүл мүмкін болмаса — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасына беріледі.

1991 жылы 16 қазанда


"Қазақ КСР Президентін сайлау туралы" Қазақ КСР Заңы қабылданды. Заңның 1 бабына сәйкес Қазақ КСР Президентін Қазақ КСР азаматтары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды. Қазақ КСР Президенті болып Қазақ КСР отыз бес жасқа толған және алпыс бес жастан аспаған, Қазақ КСР аумағында кемінде он жыл түрақты түрған, қазақ және орыс тілдерін меңгерген азаматы сайлана алды. Бір адам қатарынан екі мерзімнен артық Қазақ КСР Президенті бола алмады. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Қазақ КСР Президентін сайлау1991 ж. 1 желтоқсанына белгіленді. Сайлау қорытындысын шығарғаннан кейін Қазақ КСР-інің тұңғыш жалпы халық сайлаған Президенті Н. Ә. Назарбаев болды.

1991 жылы 10 желтоқсанда


"Қазақ Кеңестік Социалистік  Республи- касының атауын өзгерту  туралы" Қазақ КСР Заңымен Қазақ КСР Қазақстан Республикасы болып қайта аталды. ҚР Жоғарғы Кеңесі "Қазақстан Республикасы Президентінің қызметке кірісуі туралы" қаулы қабылдады, оған сәйкес Н. Ә. На- зарбаев 1991 ж. 10 желтоқсаннан бастап ҚР Президенті қызметіне кірісті деп есептелді.

1991 жылы 16 желтоқсанда


ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" ҚР Конституциялық заңына қол қойды, заң бойынша ҚР Президентінің мәртебесіне және республиканың мемлекеттік билік органдарының барлық жүйесіне айтарлықтай өзгертулер енгізілді. Осы Заңға сәйкес ҚР-да мемлекеттік билік органдары оның заң шығарушы, атқарушы және сот болып бөлінулері қағидасынан келіп қүрылды. Республика халқының атынан сөйлеу құқығы ҚР Жоғарғы Кеңесі мен ҚРПрезидентіне берілді. Заң шығару билігін ҚР Жоғарғы Кеңесі жүзеге асырды. ҚР мен оның атқарушы билік органдарының басшысы Президент болып табылды. Сот билігі ҚР Жо- ғарғы Соты мен Жоғары төрелік сотына берілді. Конституцияны соттық қорғау жоғары органы ҚР Конституциялық Соты болып табылды.

1993 жылы 28 қаңтарда


Жоғарғы Кеңес сессиясында Қазақстан  Республикасының Конституциясы   қабылданды, онда алғаш рет "Президент" жеке тарауы берілді. Конституцияның 75 бабына сәйкес ҚР Президенті мемлекеттің басшысы болып табылды және республиканың атқарушы өкімет билігінің біртүтас жүйесін басқарды, сондай-ақ республика азаматтарының құқығы мен бостандықтарының,Конституциясы мен заңдарының сақталуына кепіл болды. Президент өкілеттігінің мерзімі белгіленді —5 жыл, сондай-ақ бір адам қатарынан екі мерзімнен астам уақыт Президент бола алмайтындығы айтылды. Конституцияда ҚР Президентінің мынадай өкілеттіктері айқындалды: Республиканың мемлекеттік егемендігін, конституциялық қүрылысын қорғау, қауіпсіздігін, аумақтық түтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қолданады; ҚР заңдарына қол қояды; Жоғарғы Кеңес келісімімен ҚР Премьер-Министрін, Премьер-Министрінің орынбасарларын, сыртқы істер, қорғаныс, қаржы, ішкі істер министрлерін, ҚР ҮҚК төрағасы мен дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларын қызметке тағайындайды; Министрлер Кабинетінің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады; Премьер-Министрдің үсынуымен Министрлер Кабинетінің қүрамын белгілейді, министрліктерді, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволарды қүрады және таратады; Қауіпсіздік Кеңесін және өзге де кеңесші-ақылдастық алқалар қүрады; мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді; Ұлтгық валютаның қолданылу тәртібін, мерзімі мен шарттарын белгілейді; Жоғарғы Кеңеспен ақылдасқаннан кейін референдум өткізу туралы шешім қабылдайды; халықаралық қатынастарда ҚР өкілі болып табылады; келіссөздер жүргізеді және ҚР халықаралық шарттарына қол қояды, Республика жасасқан шарттар мен ол қабылдаған міндеттемелердің сақталуын қамтамасыз етеді; өзінің жанында тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және өзге де өкілдерінің сенім грамоталары мен кері шақырып алу грамоталарын қабылдайды; ҚР Жоғарғы Кеңесіне ҚР Конституциялық Соты, Жоғарғы Соты, Жоғары Төрелік Соты Төрағасы мен судьяларының, Бас Прокурорының, Ұлттық Банкісі Төраға- сының кандидатураларын ұсынады; Жоғарғы Кеңеске оларды міндеттерінен босату туралы үсыныс жасайды; мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайту жөнінде шаралар қолданады және ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады; ҚР мемлекеттік марапаттарымен марапаттайды, ҚР жоғары дипломатиялық дәрежелері мен әскери атақтарын, құрметті және арнаулы атақтарын береді; заңға сәйкес ҚР азаматтығы, саяси баспана беру мәселелерін шешеді; азаматтарға кешірім беруді жүзеге асырады; заңға сәйкес тек қана азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және конституциялық қүрылысты қорғау үшін уақытша шара ретінде төтенше жағдай енгізеді; ҚР Конституциясы мен зандарына сәйкес басқа да өкілеттікті жүзеге асырады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының Президенті