Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2011 в 17:08, реферат

Описание

Министрліктер мемлекеттік басқарманың тиісті саласына басшылықты жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары болып саналады. Министрліктердің құқықтық мәртебесі заңға тәуелді актілердегі қызмет салаларын реттеуші түрлі заңдарда бекітілген. Министрліктер ҚР Президентінің бұйрығымен құрылады, қайта құрылады және тартылады. Министрлер ҚР Президентінің бұйрығымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. Министрлердің орынбасарлары Премьер-Министрдің ұсынысы бойынша үкіметпен тағайындалады.

Работа состоит из  1 файл

грэ.docx

— 53.77 Кб (Скачать документ)

   Министрліктер мемлекеттік басқарманың тиісті саласына басшылықты жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары болып саналады. Министрліктердің құқықтық мәртебесі заңға тәуелді актілердегі қызмет салаларын реттеуші түрлі заңдарда бекітілген. Министрліктер ҚР Президентінің бұйрығымен құрылады, қайта құрылады және тартылады. Министрлер ҚР Президентінің бұйрығымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. Министрлердің орынбасарлары Премьер-Министрдің ұсынысы бойынша үкіметпен тағайындалады. Сонымен қатар министрліктерде министрдің бұйрығымен орындау үшін, шешімдерді қабылдай алатын консультациялық, үйлестіруші және кеңесші алқа бөлімшелері құрылады. Министрліктің құрылымында министрлік қызметіне тапсырылған салаларды тікелей басқаруды жүзеге асыратын департаменттер, басқармалар, комитеттер құрылады. Министрліктер, екі жақты бағынатын өңірлік бөлімшелерге ие: тігінен тиісті министрлікке бағынатын және көлденеңнен жергілік әкімшілікке бағынатын (мысалы, білім бөлімдері, қаржы бөлімдері және т.б). Министрліктер оларға тапсырылған басқару салалардың жағдайына және одан әрі дамуы үшін, ғылыми – техникалық ілгерілеуі үшін, осы саланың барлық өнімдеріне деген мемлекет мұқтаждығының толық қанағаттануына жауап береді. Министрліктер тапсырылған салаларға басшылық етеді, оларға берілген құқық шегіндегі барлық мәселелерді шешуге өкілетті, өз қызметтерінде салааралық мәселелерді шешу және жобаларды әзірлеу үшін басқа да министрлік және ведомстволармен байланысты және өз ара қарым-қатынастарды жүзеге асыруға шақырады. Министрліктер өз құзыретінің шегінде жоғары тұрған мемлекеттік үкімет органдарының және басқармаларының заңдарын және басқа да шешімдерін, Президент қаулыларын орындау мақсатында және соның негізінде актілерді шығарады. Министрліктердің актілері бұйрық, нұсқаулық, қаулы түрінде шығарылады.  

  1. Ішкі істер министрлігі. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi сақтау, қылмысқа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес, есiрткi мен қару-жарақ айналымын бақылауды қамтамасыз ету, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау, мемлекеттік саясатты қалыптастыру және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру, сондай-ақ халықтың көші-қоны саласындағы, сондай-ақ босқындардың мәселелері бойынша мемлекеттік басқару болып табылады. 
    Iшкi iстер министрi - Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов
 
     
  1. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі индустрия және елді индустриялық-инновациялық, ғылыми-техникалық дамыту, тау-кен металлургиялық кешен, машина жасау, химия, фармацевтика, жеңіл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдары өндірісі, инвестицияларды мемлекеттік қолдау, салалық бағыттылығына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі және химия өнімінің қауіпсіздігі; арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және оларды тарату, экспорттық бақылау; техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету; электр энергетикасы; көмірсутегі шикізатын қоспағанда, минералдық ресурстар; мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын ұдайы өндіру, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану, жер қойнауын пайдалануды қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары мен емдік балшық бөлігінде мемлекеттік басқару; көмір өнеркәсібі; атом энергетикасын пайдалану, жаңартылған энергия көздерін пайдалануды қолдау, энергия үнемдеу саласында басшылық етуді, сондай-ақ оның құзыретіне жатқызылған қызмет саласында мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді (бұдан әрі - реттелетін салалар) жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.   Индустрия және жаңа технологиялар министрі - Әсет Өрентайұлы Исекешев
 
  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Мыналар Министрліктің өз қызметі саласындағы негізгі міндеттері болып табылады: денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы мен білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу; заңнамаға сәйкес азаматтардың мемлекет кепілдік берген көлем шегінде тегін медициналық көмек алуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру; халықты және денсаулық сақтау ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және саналы дәрілік заттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.  
    Денсаулық сақтау министрi - Салидат Зекенқызы Қайырбекова.
 
  1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының бірыңғай жүйесін басқаратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.   
    Сыртқы істер министрі - Ержан Хозеұлы Қазыханов.
 
  1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі мемлекеттік реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте мәдениет, ішкі саяси тұрақтылық, этносаралық және конфессияаралық келісім, азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл, тілдерді дамыту, мемлекеттік рәміздер салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.  
    Мәдениет министрі - Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед.
 
  1. Білім және ғылым министрлігі басшылықты және заңнамада көзделген шекте білім, ғылым, балаларды қорғау және жастар саясаты салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Министрліктің негізгі міндеттері білім, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясаты саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру, білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, ғылыми зерттеулер ұйымдастыруды жетілдіру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. Министрліктің мынадай ведомстволары: Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті, Ғылым комитеті, Балалардың құқықтарын қорғау комитеті және ведомстволық бағынысты ұйымдары бар.   
    Білім және ғылым министрі - Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов.
 
  1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін әскери-саяси және әскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.  
    Қорғаныс министрі - Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков.
 
  1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану және қоғамның экологиялық орнықты дамуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы.   
    Қоршаған ортаны қорғау министрлі - Нұрғали Сәдуақасұлы Әшімов.
 
  1. Ауыл  шаруашылығы министрлігі. Министрліктің реттелетін саладағы негізгі міндеттері мыналар болып табылады: мемлекеттің аграрлық және өңірлік саясатын, реттелетін салалардағы стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобаларды қалыптастыру; бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы тауары өндірісін құрудың негіздерін жасау, Қазақстан Республикасының азық-түліктік қауіпсіздігі мен жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету; агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық-консультациялық қамтамасыз ету; реттелетін салаларда салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру; өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдардың қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру; өз құзыреті шегінде Министрлікке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.   
    Ауыл шаруашылығы министрi - Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков.
 
  1. Қазақстан Республикасының  Көлiк және коммуникациялар  министрлiгi көлiктiк, коммуникациялық кешенде басшылықты, сондай-ақ заңдарда көзделген шектерде салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.   
    Көлiк және коммуникация министрi - Берік Сайлауұлы Камалиев.
 
  1. Еңбек және халықты әлеуметтiк  қорғау министрi. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi: 1) еңбек, еңбек қауiпсiздігі және оны қорғау саласында: мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функцияларды, еңбек қауiпсiздігі мен оны қорғауды қамтамасыз ету бағдарламаларын әзiрлеу; 2) жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегі нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу, халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын әзiрлеу,жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты болжау, мүдделi органдармен бiрлесiп еңбек рыногындағы сұранысқа сәйкес кадрлар даярлаудағы қажеттілiктердi айқындау; 4) Әлеуметтiк әрiптестiк саласында әріптестiк жүйесiн реттеу жөнiнде ұсыныстар дайындау; 4-1) мүгедектердi әлеуметтік қорғау және оңалту саласындағы кешендi бағдарламаларды әзiрлеу; 4-2) әлеуметтiк сақтандыру саласында әлеуметтiк сақтандыру мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге қатысу және олар бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзірлеу; 5) зейнетақымен қамсыздандыру саласында халықты зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге қатысу және олар бойынша нормативтік құқықтық кесiмдердi әзiрлеу.   
    Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi - Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова
 
  1. Қаржы министрілігі. Министрліктің негізгі міндеттері салық, кеден және бюджет саясатының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу республикалық бюджетті және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттерді, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есебі негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын атқару жөнінде бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен мемлекеттік қаржылық статистиканы жасау бюджеттік есептілікті жасау, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстау мен аударудың және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеудің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының салық саясатын іске асыруға қатысу, өз құзыреті шегінде экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, этил спирті мен алкоголь өнімдерінің өндірісі мен айналымын, темекі бұйымдарының өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу, кеден ісі, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу, бюджеттік кредит беру, республикалық мемлекеттік меншікке иелік ету, үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет алдындағы борышты басқару, ішкі қаржылық бақылау мен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) банкроттау рәсімдерінің жүргізілуін бақылау, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеу, аудиторлық қызмет саласындағы реттеу және аудиторлық пен кәсіби ұйымдардың қызметін бақылау, меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізу, заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында қаржы мониторингін жүзеге асыру болып табылады.   
    Қаржы министрі - Болат Бидахметұлы Жәмішев.
 
  1. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі мұнай-газ, мұнай-химия өнеркәсібі, көмірсутек шикізатын тасымалдау салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды, басқару процесін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Министрліктің өз қызметі саласындағы негізгі міндеттері: 1) мұнай-газ, мұнай-химия өнеркәсібі, көмірсутек шикізатын тасымалдау салаларындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу; 2) мұнай-газ, мұнай-химия өнеркәсібі, көмірсутек шикізатын тасымалдау және магистралдық құбыржол көлігі салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру; 3) көмірсутек шикізаты бөлігінде отын-энергетика кешенін дамытуды қамтамасыз ету; 4) көмірсутек ресурстарын, оның ішінде Каспий теңізі қайраңының қазақстандық бөлігінде бірлескен игеру мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; 5) ілеспе газды қоса алғанда, көмірсутек ресурстарын молайтуды және оларды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету; 6) өнімді бөлу туралы келісімдерден туындайтын өкілетті органның құзыреттерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету болып табылады.   
    Мұнай және газ министрі - Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев.
 
  1. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгiнің стратегиялық мақсаттарға қол жеткiзуге және стратегиялық жоспарлау және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын қалыптастыру; өңірлік даму; халықаралық экономикалық және қаржы қатынастары, оның ішінде халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу; сыртқы сауда қызметін реттеу және дамыту; ішкі сауданы реттеу және дамыту; жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау; инвестициялар және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік; экономиканың секторларында мемлекеттік активтерді басқару; мемлекеттік басқару жүйесін дамыту; жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.  
    ҚР Экономикалық даму және сауда министрі - Қайрат Нематұлы Келімбетов.
 
  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі өз құзыреті шегінде мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.   
    ҚР Әдiлет министрi - Рашид Төлеутайұлы Түсіпбеков.
 
  1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы салааралық үйлестіру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою мемлекеттік жүйесін құруды және одан әрі дамытуды қамтамасыз ету, өрттің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.  
    Төтенше жағдайлар министрі - Владимир Карпович Божко.
 
 
  1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туристік қызмет, ойын бизнесі, дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.  
    Туризм және спорт министрі - Талғат Амангелдіұлы Ермегияев.
 
  1. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі байланыс саласындағы және ақпараттандыру, ақпарат, мұрағат ісі мен құжаттама салаларындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Ақпарат және мұрағат комитеті, Байланыс және ақпараттандыру комитеті. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 1) байланыс саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу және іске асыру, байланыс саласындағы қызметтерді ұсынатын немесе оларды пайдаланатын адамдардың қызметін мемлекеттік бақылау, үйлестіру және реттеу; 2) ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу және іске асыру және қызметті мемлекеттік реттеу; 3) почта байланысы саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу және іске асыру, почта операторларының қызметін мемлекеттік бақылау, үйлестіру және реттеу; 4) ақпарат, мұрағат ісі мен құжаттама саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу және іске асыру және қызметті мемлекеттік реттеу; 5) табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда телекоммуникация мен почта байланысының жалпы қолжетімді қызметтері саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу және іске асыру әрі мемлекеттік реттеу және бақылау; 6) ақпарат, мұрағат ісі мен құжаттама салаларындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыру.   
    Байланыс және ақпарат министрі - Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев.                                 

Информация о работе Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдары