Қазақстан Республикасы Конститутциясы құқығы пәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 10:45, реферат

Описание

ҚР Конституциясының 64-бабына сәйкес Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асыратын атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Кез келген мемлекетте Үкімет атқарушы биліктің жоғары алқалық органы болып табылады.

Содержание

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі – атқарушы биліктің жоғары алқалық органы.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметін құру, оның құрамы және өкілеттік мерзімі.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметінің құзыреті.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметінің актілері.

Работа состоит из  1 файл

9.doc

— 58.00 Кб (Скачать документ)

 

4. Қазақстан Республикасының Үкіметінің актілері.

Қазақстан Республикасының  Үкіметі өз өкілеттіктерін актілер  шығару арқылы іске асырады. Үкіметтің актілері қаулылар мен өкімдер болып табылады. Қаулы түрінде нормативтік сипаты бар Үкімет шешімдері шығарылады. Үкіметтің нормативтік қаулылары Республика Конституциясының, заңдарының, Президент актьілерінің және басқа нормативтік құқытық актілердің негізінде шығарылады.

Сондай-ақ Үкімет жеке қаулылар да шығара алады. Жедел және ағымдағы мәселелер бойынша Премьер-Министрдің өкімдері шығарылады.

Үкімет қаулылары мен  Республика Премьер-Министрі өкімдерінің  Республиканың бүкіл аумағында, мемлекеттік биліктің барлық органдары, лауазымды тұлғалары, қоғамдық бірлестіктер, азаматтар үшін міндетті күші болады.

Қаулылар мен өкімдерге  Премьер-Министр қол қояды.

Қаулылардың күшін Республика Президенті мен Үкімет жоя алады. Өкімдердің күшін Президент, Үкімет және Премьер-Министр жоя алады.   

Қазақстан Республикасының Үкіметі, біріншіден, Парламент пен Президент  жүзеге асыратын заң шығарушылық  процеске қатынасады; екіншіден, өз хұзыретінің  шеңберінде шешімдер қабылдайды; үшіншіден, министрліктер мен ведомстволардың қызметін бақылайды; төртіншіден, атқарушы биліктің жергілікті органдарының қызметін бақылайды.

Үкіметте заң шығарушылық бастама  құқығы болады. Ол өзінің хұзыретіне кіретін  барлық мәселелер бойынша заң  жобаларын жасап, оларды Мәжілістің қарауына енгізуге хақылы.

Үкіметтің Парламентке енгізетін  заң жобалары міндетті түрде үкіметтің  отырысында талқыланады. Заң жобасы сол құжатты жасаушылардың, сарапшылардың  міндетті түрде қатысуымен талқыланады. Заң жобасын қараудың нәтижелері бойынша Үкіметтің шешімі қабылданады, содан кейін мұнымен бірге заң жобасын Парламент Мәжілісіне жіберуге болады. Үкімет заң жобаларын Мәжіліске өздігінен ғана ұсынбайды, Парламент Мәжілісіне заң жобасын енгізу жөніндегі Президенттің тапсырмаларын да орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланатын әдебиеттер:

1.«Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы». С.К.Амандықова. Астана, 2001 жыл.

2.«Қазақстан Республикасының конституциялық  құқығы». Ғ.Сапарғалиев. Алматы, 2004  жыл.

3.«Қазақстан Республикасының Конституциясы»  Астана 2007 жыл.

4.«Салыстырмалы құқықтану негздері  »Табанов. Алматы, 2003 ж.


Информация о работе Қазақстан Республикасы Конститутциясы құқығы пәні