Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның құрамдас элементтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 20:01, курсовая работа

Описание

Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті дамыту мәселелерінің бірі - өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді.

Содержание

1.1.Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару.
1.2.Кәсіпкерлік қызметті дамыту.
1.3. Шағын бизнестің мазмұны.
1.4. Қазақстанда шағын бизнестің қалыптасуы мен дамуы.

Работа состоит из  1 файл

10.Шағын және орта бизнес субъектілерінің қызмет тиімділігін талдау.doc

— 170.00 Кб (Скачать документ)

           Тұрақты  экономикалық  жүйеде  кәсіпкерлік:  динамикалық  түрде  дамуы  мүмкін,  тұтынушылардың  сұранысының  өзгеруіне бейімделеді,  бәсекелес  нарықтық  қатынастарға  ықпал  етеді,  экономиканың  құрылымдық  қайта  құрылуына әсер  етеді,  жаңа  жұмыс  орындарын  ашады,  жаңа  кәсіпкерлік  топ  пен  меншік  иелерінің  құрылуына  жағдай  жасайды,  елдің  жалпы  ұлттық  өнімінде  үлкен  үлеске  ие  бола  алады,  мемлекеттік  бюджетке  үлкен  қаржы  сомаларын  береді.

            Заңдық  құжаттарда  көрсетілгендей,  кәсіпкерлік  -  өзінің,  қарызға  алынған  және  де  басқа  мүліктері  мен  құралдар  есебінен  қызметке  қатысушы  тұлғалардың  бәріне  бірдей  жақсы  нәтиже  мен  табыс  әкелетін  ынталы  шаруашылық  немесе  басқадай  қызмет  түрі.

          Кәсіпкерлік  қызмет  субъектілері  болып  заңды  тұлғалар,  Қазақстан  және  басқа  елдердің  азаматтары,  шетелдік  заңды  тұлғалар  табылады.  Кәсіпкерлер  өз  ынтасы  бойынша  өз  иелігіндегі  мүліктерді  пайдалану  бойынша  барлық  шешімдер  мен  іс - әрекеттерді  жүзеге  асыруға  құқығы бар.  Кәсіпкерлер қызметінің  өрісі,  заңға  қайшылық  етпесе,  шектелмейді.  Республикада  кәсіпкерлік  құрылымдар  құрылған.  Олар:  Кәсіпкерлер  Конгресі,  Қазақстан өнеркәсіпшілігі  мен  кәсіпкерлерінің  Одағы,  т.б.  Кәсіпкерлер  азаматтармен,  олардың  еңбігін  қолдану  шарт  бекіте  алады.  Бұл  кезде  оларды  сәйкес  еңбек  жағдайымен,  еңбек  ақысымен  қамтамасыз  етуі  тиіс,  сонымен  қатар  басқа  әлеуметтік – экономикалық   кепілдіктер  ұсынуы  қажет.

          Кәсіпкердің  мемлекетпен  арадағы  қатынасы  да  белгіленген. Мемлекеттік басқару  органдары  кәсіпкерлермен  экономикалық  әсер  ету  механизмінің  әр  түрлі  тұтқаларын  қолдана  отырып  қатынасқа  түседі.  Ол  тұтқалар мыналар:

-         салық  және  қаржылық – несиелік  саясат,  соның  ішінде  экономикалық  санкция ( салық  мөлшемелері,  несие  бойынша  пайыз,  т.б. )  шаралары;

-         баға  белгілеу  саясатын  реттеу;

-         монополияға қарсы  заңдылық;

-         мемлекеттік  мүлік  және  резерв  жүйесі,  лицензия,  лизинг;

-         сыртқы  сауда  және  валюта  саясаты;

-         мемлекеттік  тапсырыстар;

-         ғылыми – техникалық,  экономикалық  және  әлеуметтік  бағдарламалар.

-         Республика  кәсіпкерлерінің  бар  көңілі  мен  энергиясы  белгілі  бір  нақты  нәтижелерге  бағытталуы  тиіс.  Олар  мынадай  сипатты  белгілерге  ие  болады:

-         шешімдерді  өз  бетімен  қабылдау;

-         жаңалықтарға  икемді болу;

-         бизнеске  белсенді  қатысу;

-         жаңалықтарды  батыл  енгізу.

           Қазақстан  Республикасы  Президентінің  19  жылғы  14  маусымындағы  «Кәсіпкерлік  қызмет  бостандығына  мемлекеттік  кепілдіктерді  іске  асыру  жөніндегі  қосымша  шаралар  туралы»  Жарлығында  кәсіпкерлік  қызметте  мемлекеттік  кепілдіктерді  қолдау  мен  қорғауды  қамтамасыз  ету,  мемлекеттік  органдардың  лауазым  иелерінің  жеке  кәсіпкерлер  мен  заңды  тұлғалардың  қызметіне  негізсіз  араласу  фактілерін  болғызбау  мақсаты  көзделген.

       Кәсіпкерліктің  орын  алар  жері – ең  алдымен  кәсіпорын.  Қазіргі  өтпелі  нарық  қоғамында  өнеркәсіп  ошақтарын  оңалту,  демеу  және  қаржылай  сауықтыру  үрдісі  жүргізілуде.  Ендігі  кезде  тұралаған  кәсіпорындарды  банкроттыққа  ұшырату,  яғни  оның  дерменсіздігін  белгілеп, таратуға  негіз  салу  маңызды.

Кәсіпкерлікті  ұйымдастырудың  ең  қарапайым  формасы – ол  жеке  іскерлік.  Бұл  жағдайда  кәсіпкер  жеке  тұлға  ретінде  кәсіпорынның  мәртебесін  иеленбей – ақ ,  өздігінен  іс – қимыл  жасайды.  Жеке  кәсіпкерліктің  тағы  бір  түрі – жеке  кәсіпорын,  фирма.  Бизнестің  мұндай  формасында  мекеме  құру  құқы  кез  келген  азаматта бар.   Бұл  үшін  жеке  кәсіпорынды  тіркеуден  өткізіп,  заңды  тұлға  мәртебесін  алады.  

 

1.3 Шағын бизнестің  мазмұны.

       Экономиканың  тұрақты  болуы  және  оның  бәсекелік  сипатын  қалыптастырудың  басты  күштерінің  бірі  кәсіпкерлікті  жетілдіру  болып  табылады.  Жалпы  кәсіпкерлікті  дамыту  үшін  бірнеше  шарттар  орындалуы  қажет:

-         кәсіпкерлік  субъектінің  белгілі  бір  дәрежеде  еркіндігі  мен  құқығы  болуы  қажет.  Ол – шарушылық  қызметінің  бағытын  таңдау,  өндірістік,  сауда  бағдарламаларын  анықтау,  қаржы  көзін  таңдау,  өнімдерді  тасымалдау,  өнімге  баға  белгілеу,  табысты  өз  мұқтажына  жұмсау;

-         кәсіпкерлік  қабылданатын  шешімдерге,  одан  туындайтын  нәтижелерге  тәуеклдікті  қажет  етеді.  Қабылдаған  шешімдерге  деген  жауапкершілік  болмайтын  болса,  ол  кәсіпкерліктің де  болғаны;

-         кәсіпкерлік қызметттің  белгілі  коммерциялық  табысқа  жетуге  бағдар  ұстауы,  экономикада  қажетті  нарықтық  құрылым  орнатумен  байланысты.  Яғни  кәсіпкерлік  дамуы  үшін  оның  құқықтық  базасы,  әлеуметтік – экономикалық  шарттары  қалануы  керек.

           Төртінші  шарт  жоғарыда  аталған  шарттардан  туындайды.  Еркін кәсіпкерлік  меншіктің  әр  түрлі  формада,  түрде,  типте  болуын  қалайды.

           Кәсіпкерлік  -  қызметтің  ерекше  бір  түрі  ғана  емес.  Бұл  тағы  да  бір  белгілі  стиль  және  тәртіптің  типі,  жинақтап айтсақ:  үлкен  бастама,  дәстүрден  тыс  шешімдерді  іздестіру,  тәуекелге  бару,  іскерлік  қызметтің  орын  алар  жері  ең  алдымен  кәсіпорын.

             Кәсіпкерлікті  ұйымдастырудың  ең  қарапайым  формасы – ол  жеке  іскерлік.  Бұл  жағдайда  кәсіпкер  жеке  тлға  ретінде  өздігінен  іс – қимыл  жасайды.  Жеке  кәсіпкерліктің тағы  бір  түрі – жеке  кәсіпорын,  фирма.  Бизнестің  мұндай  формасында  мекеме  құру  құқы  кез  келген  азамата  бар.  Бұл   үшін  ол  жеке  кәсіпорынды  тіркеуден  өткізіп,  заңды  тұлға  мәртебесін  алуы  керек.

          Монополизм  нарықтағы  еркін  бәсекелістіктің  мүмкіндігін  жоя  отырып,  экономикалық  өрлеуге  кері  әсерін  тигізетіні  белгілі,  яғни  капитал  мен  өндірістің  жиынтығын  құрайтын  монополизмнің  бойында  қай  кезде  де тоқырау  қаупі  бар.  Оған  қарсы  тұра  алатын  бірден  бір  фактор – ол  әлемдік  тәжірибеде  кең  етек  алған,  біздің  елімізде  де  енді  дамып  келе  жатқан  шағын  бизнес.  Жалпы  өркениетті  елдердің  қай  қайсысын  алсақ  та  өздерінің  экономикалық  және  әлеуметтік  мәселелерін  шешуде  шағын  кәсіпкерлікке  арқа  сүйейді.  Себебі  шағын  бизнес  халықтың  әл – ауқатын  арттырумен   қатар,  қосымша  жұмыс  орындарының  ашылуына  да  себебін  тигізеді.  Бұл  жағдайды  төмендегі  кестенің  көрсеткіштерінен  айқын  байқауға  болады.

 

Шағын  бизнеске  қатысушылардың  жалпы  жұмысқа  қамтылғандар  санындағы   

                                                        әр  елдегі  үлесі.

      Ел  аты

    Үлесі

    Ел аты

       Үлесі

Италия

      80% 

   Румыния

        27%

Ұлыбритания

      76%

  Венгрия

        24%

Жапония

     73%

  Словакия

        23%

Бельгия

     72%

  Польша

        23%

Франция

     69%

  Ресей

        10%

Германия

    64%

  Беларусь

          6%

АҚШ

    53%

Хорватия

        22%

          

           Кәсіпкерлік  сектор  нарықтық  бәсекелестіктің  өзгеруіне  өте  сезімтал.  Сонымен  қатар  экономикадағы  бәсекелік  сипатта  қолдай  отырып,  орта  топтың  қалыптасуының  негізін  қалайды.  Осындай  әлеуметтік  базаны  дамытпастан  нарықтық  реформаларға  жоғары  баға  беру  мүмкін  емес.  Бұл  сипаттаманың  әділдігін  экономиканың  қолдаушы  күші  болған  шағын бизнесті  кең  бағытта  шет  елдердің  тәжірибесі  айғақтайды.  Мысалы,  АҚШ – та   жалпы  өнімнің  40  пайызы  және  еңбекке  қабілеті  халықтың  елу  үш  пайызы  оның  үлесіне  тиеді.  Ірі  корпорацияларға  қарағанда  шағын  кәсіпорындар  технологиялық  жаңалықтарды  анағұрлым  көп  игереді.  Мұндай  кәсіпорындар  тауарларды  экспортқа  шығаруға  мүмкіншілік  бар.  Олардың  үлесіне:  Германия,  Италия,  Жапония  сияқты  елдерде  тауар  экспортының  қырық  пайызы  жуығы  тиеселі  екен.

           Кесте  деректері  дәлелдеп  отырғандай,  шағын  бизнес  өркениетті  елдерде  әлеуметтік  мәселелерді  шешудің  басты  күші  болып  отырып,  тұрақтылықтың  кепіліне  айналуда.  Экономикалық  және  статистикалық  мәліметтер  бойынша  шағын  бизнес  субъектілерінің  рөлі  тіпті  дамыған елдерде  артқаны  байқалады.  Шағын  бизнес субъектілерінің  санын  арттырып,  оларға  көмек  көрсете  отырып,  мемлекет  экономикалық ,  әлеуметтік,  әсіресе  жұмыспен  қамту  мәселесін  шешеді.  Әдетте,  шағын  бизнестің  дамуынан  келесі  мәселелер  шешімін  табады:

    - қоғамдық   қа жеткіліктітерді толық қанағаттандыратын

      бәсекелестік және нарықтық қатынастардың қалыптасуы:

-         тауар  ассортиментінің кеңеюі , қызмет  көрсетуді жетілдіру

оныңсапасының жоғарлауы.

-         экономикалық  қурылымдық қайта құруға ықпалы:

-         өндіріс пен қызмет көрсетудің  нақты тұтынушыларға

    бейімделуі:

-         жеке қаражаттың өндірісті дамытуға  жұмсалуы:

-         қосымша жұмыс орындарының пайда болуы,жұмыссыздық

деңгейінің төмендеуі:

-         адамның шығармашылық мүмкіндігін тиімді пайдалану:

-         еңбекке қоғамның жекелеген кейбір топтарын тарту:

-         жерді , шикізат қорынжәне ірі өндіріс қалдықтарын

пайдалану:

-мемлекеттен тиімділігі және  табысы аз кәсіпорындарды

сатып  алуы немесе қолға алуы.

Шағын бизнестің  осындай , басқа  да экономикаллық және

әлеуметтік функциялары шағын бизнесті  дамыту мәселесін

маңызды мемлекеттік  міндеттер қатарына  жатқызуға

және  экономикалыны  рефермолаудың ажырамас  бөлігі деп  қарастыруғанегіз береді.

Шағын  және орта кәсіпорындардың  ірі ұйымдармен тиімді  ынрымақтастық құруы келешегі зор бағыт.Шағын кәсіпорындар

ғылыми техникалық  жетістіктерді қабылдауға анағұрлым

қабілетті,  нарықтағы  сұраныс  өзгерісіне  оңай  бейімделеді.  Сондай-ақ  ірі  кәсіпорындарға  тауарлар  жеткізу  мен  қызмет  көрсету  құқығы  үшін  өзара  бәсекеге  барады,  мұның  өзі  олардың  тұрақты  табыстарына  кепілдік  береді.  Олар  ірі  кәсіпорындардың  орнықты-

лығын  және  өндірістік  әртараптандырылуын  қамтамасыз  етіп,  монополистік  бағытқа  қарсы  әрекет  етеді.  Шағын  бизнес  нарықта  консалтингтік,  брокерлік,  маклерлік,  делдалдық,  жарнама,  қолдан-

балы  зерттеу  жұмыстары  бойынша  қызмет  көрсетумен  қамтама-

сыз  етіліп,  белсенді  рөл  атқарады.

         Соңғы  уақытта  дамыған  нарықтық  экономикасы  бар  мемлекеттерде  шағын  бизнестің  дамуы  үлкен  орын  алып  отыр.  Егер  1950  жылдары  АҚШ-та  орташа  шамамен  жыл  сайын  130  мың  фирма  тіркелсе,  60  жылдары – 220  мың,  ал  70  жылдары – 350 мың,  ал90  жылдары  жыл  сайын  600 мың  фирмаға  дейін  орташа  шамамен  тіркелген.  Бқұбылыстың  себебі  шағын  бизнестің  дамып  отырған  қоғамдық  тұтынушылықты  дер  кезінде  қанағаттандыра  алу  қабілетімен,  ғылыми  техникалық  прогресс  барысында  өндірістік  құрал-жабдықтардың  жетілділігімен  және  аралас  э әр  түрлі  меншік  формаларының  біркелкі  мүмкіндігімен  түсіндіріледі.  Шағын  бизнес –

Шешім  қабылдау    мен  оны  жүзеге  асырудағы  еркіндік,  іскерлік,  нәтижелерге  толық  экономикалық  және  құқықтық  жауапкершілік,  сондай-ақ  шығармашылық  ынта  және  жігермен  сипатталады.

          Нарықтық  экономиканың  субъктісі  ретінде  шағын  бизнестің  артықшылықтары  мен  кемшіліктері  де  бар.  Шетелдік  және  отандық  шағын  бизнестің  сипатын  зерттей  келе,  келесі  артықшылықтарды  атап  өткен  жөн:

           -жергілікті  жерде  шаруашылықты  жүргізу  жағдайына  тез  бейімделу;

           -шағын  бизнес  субъктілерінің  іс-әрекет  жасаудағы  тәуелсіздігі;

           -шешімдер  қабылдауда  және  оны  іске  асыруда  бейімділік  пен  оперативтік;

           -салыстырмалы  түрдегі  аз шығындар,  әсіресе  басқаруға  жұмсалатын;

           -жеке  тұлғаның  өз  идеяларын  іске  асырудағы  зор  мүмкіндіктері,  кәсіпкерліктің  дамуы;

           -қорға  деген  аз  сұраныс,  өнімге  және  өндіріске  өзгерістерді  тез  енгізу  мүмкіндігі;

           -капитал  айналымының  жоғары  болуы.

           Халықаралық  еңбек  бюросының  баяндамасына  шағын  және  орта  кәсіпорындардың  бірқатар  бәсекелестік  артықшылықтары  аталған. Бір  қызметкерге  шаққандағы  қажетті  қор  мөлшерінің  аз  болуы,  шағын  кәсіпорындар  жергілікті  еңбек  және  материалдық  ресурстарды  ірі  кәсіпорындарға  қарағанда  кеңінен  қолданады.  Табысқа  жету  жолында  жеке  ынтаның  басым  болуы,  кәсіпорын  жұмысына  да  үлкен  әсер  етеді.  Шағын  бизнес  субъектілері  жергілікті  нарықтағы  сұранысты  өте  жақсы  біледі,  кей  кезде  нақты  тұтынушының  тапсырысы  бойынша  тауар  шығарады,  кәсіпқой  мамандарды  даярлайды.  Кейбір  мемлекеттерде  тауар  өндірісі,  қызмет  көрсету  деңгейі  бойынша  шағын  бизнес  алдыңғы  орында  тұрады.

Информация о работе Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның құрамдас элементтері